Қылмыстық құқық | Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы

 Қылмыстық құқық | Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы

Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………3.
1-Тарау. Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы.......5.
§1. Қылмыс құрамының түсінігі және құрылымы.........................5.
§2.Қылмыс құрамының әлеуметтік сипаттамасы және оның қылмыс құрамдарын анықтаудағы ролі.........................................8.
§3. Қылмыс құрамы және қылмыстық заң.........................................13.
§4.Қылмыс және қылмыс құрамы ұғымдарының ара қатынасы.....17.
2- Тарау. Қылмыс құрамдарының белгілері және түрлері..............25.
§1.Қылмыстық заң бойынша қылмыс құрамдардың белгілері...25.
а) Қылмыс құрамдарының гинесологиялық және қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын белгілері.......................................................25.
ә) Анықталған және бағаланатын белгілер………………………...26.
б) Негативтік және позитивтік белгілер……………………………29.
в) Тұрақты және айнымалы белгілер……………………………….30.
§2. Қылмыстық құрамдардың түрлері……………………………...31.
3-тарау. Қылмыстық құрамның мазмұнын түсіну......................40.
Қорытынды……………………………………………………….45.
Пайдаланған әдебиеттер…………………………………………47.

КІРІСПЕ
Қылмыстық заң негізінен екі түрлі қызметті іске асыруға арналған десе болады, яғни біріншіден, қылмыс деп танылған әрекеттерді заң жүзінде жариялау арқылы халыққа ескерту, сақтандыру шараларын қолдану және екіншіден, ескерту шараларына қарамай қылмысты деп танылған әрекеттер жасалса, онда жауаптылық қолдануға арналған. Осы екінші қызметті іске асыру барысында кейбір қылмысты деп танылған әрекеттердің өз-ара ұқсас белгілері болуына байланысты оларды бір-бірінен ажырату және практикада да осындай ұқсас қылмыстарды ажырата отырып заң нормаларын қолдану мәселесінде қиындықтар туындайды. Мұндай кемшіліктер мен қате жұмыстар орын алмауы үшін, әр қылмысты сипаттайтын белгілерді толық түсініп қана қоймай, сонымен бірге заңда осы қылмыспен ұқсас қылмыстар бар екендігін біліп, олардың айырмашылықтары қандай белгілерде екендігін де білу қажет болып табылады. Бұл әрине өз кезегінде заң нормаларын сауатты қолдануды ғана емес, сонымен қатар заң бойынша дұрыс жұмыс істеуді, нәтижесінде «заңдылық» қағидасының сақталуына жол ашады деп түсінеміз. Бұл маңызды мәселе болып табылады, себебі Қазақстан Республикасы өзінің даму бағытының бір бағыты ретінде құқықтық мемлекетті орнатуды көздеп, елде құқықтық реформаларды 1990 жылдардың орта кезеңдерінен бастады және бұл реформаның негізгі бағыттары ретінде қылмыстық заң нормаларын да қайта қарап, оларды өмір шындығымен байланыстыруды және озық үлгідегі заңды қалыптастыруды, заң нормаларын гуманизациялауды көздеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы барлық заңдардың алдағы уақыттағы даму бағытын белгілеп, қылмыстық құқықтық саясаттың негізгі қағидалары ретінде ауыр емес қылмыстарды әкімшілік немесе азаматтық құқық бұзушылыққа ауыстыруды жалғастыру, ауыр емес және орташа ауыр экономикалық қылмыстар бойынша бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды азайтып, мүліктік сипатта жазалауды көбейту, өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту, қылмыскер кінәсін шын мойындаған жағдайда көтермелеу шараларын қолдануды барынша кеңейту белгіленген.
Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері орын алуда. Қылмыстық әрекеттер әсіресе жеке адамға, меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына қарсы қылмыстарда жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының статистикалық мәліметтері бойынша 1998 ж – 142100; 1999 ж – 139431; 2000 ж – 150790; 2001ж-152168; 2002ж-135151; 2003ж-118485; 2004ж-143550 қылмыс тіркелген. Бұл көрсеткіш елде қылмыстылық әлі де күрделі жағдайда қалып отырғанын көрсетеді.
Қылмыстық құқықтың зерттеу обьектісі қылмыс және жаза мәселесі болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстардың түрлерін, олардың жауаптылықты ауырлататын түрлерін анықтаумен айналысады. Бұл міндетті іске асыру үшін жекелеген қылмыстардың қылмыстылығын білдіретін белгілерді анықтау қажет болады, соған байланысты қылмыстық құқық құрам элементтері деген ұғымды қолданып, олардың қатарына қылмыстың обьектісі, обьективтік жағы, субьективтік жағы, сонымен қатар субьектісі деген қылмыстың мағынасын, түсінігін ашатын құралдарды жатқызады. Құрам элементтері деген ұғымның өзі де жалпы және кең ұғым ретінде бағаланады, себебі бұл элементтер оларды сипаттай алатын белгілердің жиынтығынан құралады. Осы белгілерді қолдана отырып, нақты қоғамға қауіпті әрекеттерді талдай отырып, қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын және оның құрылымын ашуға болады.
Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде нақты қылмыстарды анықтау, талдау үшін қажетті болып табылатын қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші, аяқталмаған, қатысушылықпен жасалған қылмыстардың түсінігі мен түрлері, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың түрлері тәрізді негізгі ұғымдар немесе негізгі ережелер қарастырылған. Бұл ережелерді меңгермей отырып жекелеген қылмыс түрлерін түсіну және оларды практикалық жұмыстарда қолдану мүмкін емес. Міне осы ережелердің қатарына Жалпы бөлімдегі қылмыс құрамының элементтері мен белгілеріне қатысты 14-18 баптардағы қылмыстық жауаптылық қолданылатын жасқа, 19-23 баптар аралығындағы кінәнің түсінігі мен оның нысандарына қатысты ережелерді жатқызуға болады. Осы ережелердің және қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға және оларға зиян келтіруге бағытталған іс-әрекеттерді қолдану арқылы нақты қылмыс түрлеріне қылмыстық құқықтық талдау жасауға болады.
Қылмыстық заңның Ерекше бөлімі осы заңның негізгі міндеттерін іске асыруға бағытталған нормалар жүйесінен құралады десе болады. Себебі онда негізінен қылмысты деп танылған әрекеттер топтық обьектісіне қарай тарауларға бөлініп, олардың түрлері мен жауаптылықты ауырлататын құрамдарының түрлері, сонымен қатар қылмыстың қауіптілік дәрежесі мен сипатына қарай тиісті жазалардың түрлері мен олардың көлемі белгіленген. Біз бұл қылмыстардың түсінігін немесе қауіптілігін анықтау үшін құрам элементтері деп аталатын құралдарды қолдана отырып, олардың қылмыстық сипатын толық анықтаймыз және осымен қатар оларды басқа қылмыстардан ажырата аламыз. Сондықтан осы бітіру жұмысы қылмыстық құқытың маңызды мәселесінің бірі болып саналатын, қылмыстың құрамы және оның қылмысты саралаудағы маңызына арналады.
1-Тарау. Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы.
§1. Қылмыс құрамының түсінігі және құрылымы
Қылмыс – жай әлеуметтік құбылыстың бір түрі ретінде ғана емес, ол сонымен бірге қылмысты сипаттай алатын және оның қауіптілігін көрсете алатын әлеуметтік саяси тұрғыдан қауіпті белгілермен элементтердің жиынтығы ретінде бағаланады. Қылмысты саралау үшін қылмыстық заңдағы жекелеген қылмыс түрлерінің қылмыстық құқықта белгіленген ерекшеліктерін немесе оларды өзге қылмыстардан ажырататын белгілер тобымен жақсы таныс болуы керек. Әрбір қылмысты білдіретін белгілер тобының жиынтығы арқылы ғана жеке қылмыс құрамдары өзге құрамдардан ажыратылады және нақтыланады. Әрине, әр қылмыс құрамының элементтерін сипаттайтын белгілер өзгелеріне ұқсамайтын тек осы құрамға ғана тән сипатта болады деп түсінуге болмайды. Қоғамдық құбылыстардың, процестердің кейде бір-біріне кейбір белгілері ұқсас болып келетіндігі тәрізді қылмыс құрамдары да кейбір құрам элементтерінің белгілері бойынша бір-бірімен жақын, ұқсас болып келеді. Қылмыстық заңның ерекше бөліміндегі қылмыстардың көпшілігі обьектісі, субъективтік жағы және субъектісі бойынша бірін-бірі қайталайтындай дәрежеде. Мұның себебі қылмыстық құқықтық ережелерге байланысты. Мысалы қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықты әдетте 16 жастан белгілейді және тек есі дұрыс адамдарға кінә артып, жауаптылық жүргізеді немесе қылмыстық Кодекс Ерекше бөлімінің тараулары қылмыс объектілері бойынша топтастырылған, сондай-ақ қылмыстың субъективтік жағы бойынша қылмыстық құқықта қасақаналық және абайсыздықтағы кінә нысандары белгіленген. Міне осындай ережелер қылмыс құрамдары белгілерінің көпшілік жағдайдағы ұқсастықты білдіруінің басты себебі болып табылады. Қылмыстық кодексте қылмыстың объективтік жағының белгілері бойынша да бірін-бірі қайталайтын құрамдар кездеседі. Мысалы, қорлау (130-бап), Өкімет өкілін қорлау (320-бап), Сотты құрметтемеу (342-бап), Әскери қызметшіге тіл тигізу (371-бап). Осындай ұқсастықтардың кездесуіне қарай сот – тергеу практикасында қылмысты саралауға байланысты қиындықтар туындайды. Қылмысты саралауды дұрыс жүргізудің осындай ұқсас қылмыс құралдарының өзара атқарылатын құрам элементтерін анық білуі қажет.
Қылмыс құрамы деген ұғым “құрам” деген сөздің қолданылуының әріпінен-ақ, оның белгілі-бір элементтерден, белгілерден құралып бір ұғымды білдіретінін көрсетеді. Демек бұл “қылмыс құрамы” деген атауда бірнеше құрамдас бөліктердің өмір сүретінін, ал қылмыстық жауаптылықты белгілеу немесе жасалған қылмыс оқиғасы бойынша айыпты деп тану үшін сол қылмыс оқиғасының белгілі болуы ғана емес, адамның негізді жауаптылығын ашып бере алатын белгілердің анықталуы қажет екенін білдіреді.
Қылмыстық құқықта қылмыс құрамдарының элементтері ретінде қылмыстың объектісі, қылмыстың объективтік жағы, қылмыстың субъективтік жағы және қылмыстың субъектісі аталады. Бұлардың әр қайсысының қылмыс оқиғасын зерттеуде, ол бойынша кінәлі адамның жауаптылығын белгілеуде өз ролі бар.
Қылмыстың объектісі ретінде қылмыстық заң бойынша қорғауға алынған қоғамдық қатынастардың, заңды мүдделердің, құқықтардың және құндылықтардың жиынтығы алынады деп түсіну керек. Кейбір әдебиеттерде қылмыс объектісі ретінде “қоғамдық қатынастар” деген ұғым алынып, ал қалған “заңды мүдделер, құқықтар мен құндылықтар” деген ұғымдар “қоғамдық қатынастар” деген ұғымға жатқызылады.
Қылмыстың объективтік жағы ретінде қылмыстың сыртқы бейнесін сипаттайтын белгілердің жиынтығы алынып, онда қылмыстық факт немесе оқиға ретінде балаларға болатын белгілер тобына сипаттама беріледі. Объективтік жақты қылмыстың жасалу оқиғасын білдіретін элемент ретінде түсінуді ұсыну, ол объективтік жақтың “қылмыстың сыртқы бейнесін сипаттайды” деген ұғымға байланысты. Яғни бұл құрам элементінде қылмыстың қоғамға қауіптілігін көзге көрсете алатын сыртқы белгілер қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, елеулі зардап, себепті байланыс, қауіпті құрал, тәсіл, жағдай тәрізді т.б. белгілер түгелденеді немесе осы бағыттағы материалдарды саралау жүргізуші субъект іздестіреді.
Қылмыстың субъективтік жағы ретінде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның психикалық сезімдерін білдіретін ішкі жағы белгілері алынады. Демек бұл құрам іс-әрекетіне, зардапқа, қылмыс тәсіліне, жағдайына деген психикалық қатынасы сонымен бірге қылмыстың жасалуына түрткі болған ішкі сезімдер ашылады. Яғни қылмыскер адамның қылмыстың объектісі мен объективтік жағының белгілеріне деген ми жұмысының шешімдері анықталуға жатады.
Қылмыс субъектісі ретінде қылмыстық жауаптылық жасына жеткен, есі дұрыс, кінәлі адам алынады. Қылмыстың құрамын негізінен субъективтік және объективтік бағыттардағы белгілерден құралатынын ескеріп, оның ұғымын осы екі бағыттағы белгілердің жиынтығы түрінде алу қисынды және өзге әдебиеттерде де осындай сипатта беріледі. Сонымен, қылмыс құрамы дегеніміз, қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қылмыс ретінде сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы болып табылады.1
Қылмыс құрамының элементтері өзара бір-бірімен байланысты ұғымдар. Мысалы, қылмыстың объективтік жағы мен субъективтік жағының ұғымы және оларды құрайтын белгілер бірін-бірі дәлелдеуші, анықтаушы роль атқара алады. Яғни қылмыстың объективтік жағы сыртқы бейнесін сипаттаса, ал субъективтік жақ ішкі бейнесін негіздейді. Бұл ұғымдар қылмыстық құқықта бір медальдің екі жағы іспеттес ұғымдар болып табылады. Яғни қылмыстың сыртқы жағы болмаса, оның ішкі жағы да болмайды.
Қылмыстың объектісі өзге құрам элементтерінің ішінен қылмыстың объективтік жағымен тығыз байланысты, өйткені кінәлі адамның жасаған қауіпті іс-әрекеті оның зардабы заңмен қорғалатын объектіге бағытталады. Ал қауіпті әрекеттің жасалуы заңмен қорғауға алынған объектінің бұзылғанын білдіреді.
Қылмыстың субъективтік жағының қылмыс объектісімен де байланысы бар. Бірақ бұл байланыста, яғни субъективтік жақ қылмыстың объективтік жағының белгілері арқылы қылмыс субъектісімен байланысатын тәрізді болып көрінеді. Өйткені қылмыскердің қауіпті іс-әрекетіне немесе зардапқа деген психикалық қатынастары іске асырылғанда объективтік жақтың белгілері көрініс алып, заңмен қорғалатын объектіге нұқсан келеді.
Қылмыстың субъектісі қылмыстың субъективтік жағымен тікелей байланысты. Себебі объективтік жақтың белгілеріне деген әртүрлі психикалық қатынастар және қылмысты әрекеттің орындалуына түрткі болған ішкі сезімдер, сонымен қатар әрекеттің мақсаты барлық кезде адам ойынан шығып жатады. Сондықтан қылмыскер адам болмаса қылмыстың субъективтік жағына, объективтік жағына қатысты белгілер орын алмайды.
Қылмыстық құрамның элементтері бірін-бірі толықтыратын ұғымдар болып табылады. Бұлай деуіміздің себебі ол, өмірде аталған элементтердің бірі немесе бірнешеуі көрініс алғанмен, бірақ кем дегенде біреуі болмаса, онда қылмыс құрамы да, қылмыс оқиғасы да жоқ деп танылады. Мысалы, заңмен қорғалатын объекті ретінде адамның өміріне, денсаулығына, меншігіне зиян келгенмен, бірақ ол зиянды келтірген адам болмаса қылмыстың субъектісі жоқ. Мұндай кезде заңмен қорғалатын мүддеге зиян келтіруші жануарлар немесе табиғаттың зілзала күштері болуы мүмкін. Сол сияқты қылмыстың объектісіне зиян келгенмен, ол зиянды келтірген адам бар болғанмен, бірақ ол адамда кем дегенде абайсыздық түріндегі кінәнің белгілері болмаса қылмыстың субъективтік жағы жоқ деп танылады. Мысалы, жазықсыз зиян келтіру. Сондықтан жасалған іс-әрекетті қылмыстық құрамының бар болуы қылмыстық жауаптылықтың негізін ғана емес, сонымен қатар қылмысты саралаудың құқықтық негізінде білдіреді. Бұл айтылып отырған ереже практикада мынандай жағдайда сақтала бермейді. Мысалы, қылмыстық іс қозғалғанда қылмыс фактісі немесе қылмыс оқиғасы (мұндай жағдайда фактіні немесе оқиғаны қылмыс емес, қылмысқа ұқсас оқиға, факт деп бағалаған дұрыс) бойынша қозғалады, бірақ қылмыс құрамының бұл оқиғада бар екендігі әлі белгісіз болуы мүмкін. Тергеу практикасында өрт оқиғасының орын алып қоғам және адам меншігіне елеулі зиян келгендігі немесе адамның қайтыс болуы бойынша да қылмыстық іс қозғалады. Бұл кездерде қылмыстық құрамның толық болуы талап етілмейді. Ал кейін адамға сезікті немесе айыпкер ретінде тану туралы қаулы шығарылғанда қылмыстық құрамының толық болуы талап етіледі. Жоғарыда айтып отырған қайтыс болған адам бойынша қылмыстық іс қозғалғанмен, бірақ алдын ала тергеу барысында оның өз ажалынан қайтыс болғандағы анықталып іс қысқартылуы мүмкін немесе болған өрт адамның кінәсінен емес табиғи күш әсерінен болуы мүмкін. Мұндай қылмыскер ұқсас уақиға немесе зардаптық орын алуы бойынша дереу қылмыстық іс қозғау, ол мемлекеттің құқық қорғау органдарын үнемі сергек болуды әрбір фактіні назарда ұстауды талап етуіне байланысты. Бір айта кететін жәйт, ол мұндай оқиғаларда қылмыстық құрамы бар екендігі әлі анық болмаса да, бірақ қылмысты саралау жүргізіледі. Бұлай деуіміздің себебі, ол қылмыстық іс қозғалғанда міндетті түрде Қылмыстық Кодексте белгілі бір баптары бойынша қозғалады.
§ 2. Қылмыс құрамының әлеуметтік сипаттамасы және оның қылмыс құрамдарын анықтаудағы ролі.
Қылмыс құрамы элементтерінің қылмыстық іс-әрекеттерге құқықтық талдау жасау кезінде кезектілікпен аталу тәртібі, ол таза құқықтық емес, әлеуметтік сипатына байланысты болып табылады. Әдетте қылмыс құрамының элементтері қылмыс объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы және субъектісі деген реттілікпен келтіріледі. Бірақ әдебиеттерде қылмыстың субъективтік жағы мен субъектісінің орнын ауыстырып, субъективтік жақты соңғы кезекте атайтын да бағыттар кездеседі.1
Құрам элементтерінің кезектілік тәртібін белгілеу мәселесі қылмыстық құқық қарастыратын зерттеу объектілерін әлеуметтік тұрғыдан талдауға алғанда ашылады.
Әлеуметтік тұрғыдан алғанда қылмыстың алғашқы белгісі қоғамдық қатынас болып табылады. Қоғамдық қатынас қылмыстың объектісі ретінде ғана емес, сол нақты қоғамдық қатынастың түрі немесе оның қоғамдағы ролі қылмыстың мазмұнын алуға да әсер ете алады.
Қоғамдық қатынастар жалпы социология тұрғысынан алғанда қоғамда ерекше орын алады. Себебі белгілі бір ортада қоғам бар деу үшін, ол жерде қоғамның қалыптасуын, дамуын білдіретін қоғам мүшелері арасындағы қоғамдық қатынастар өмір сүруі керек.
Қоғам мүшелері дегеніміз - өзінің биологиялық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатындағы емес, әлеуметтік құрамы бар адамдар арасында орын ала алады. Мысалы, жұмыс беруші мен жұмысшының, сатушы мен сатып алушының т.б.
Қоғамдық қатынастар жеке адамға тәуелсіз сипатта болады деп түсіну керек, өйткені әрбір жеке адамға келгенде қоғамдық қатынастар ол адамға дейін өмір сүрген құбылыс, жаңа адам тек оған қосылады. Қоғамдық қатынастар жеке адамға тәуелсіз өмір сүретіндіктен, адам оған тәуелді болып, ұжымдық өмірге бағынады. Түптеп келгенде адам дұрысырақ айтқанда қоғам мүшесі әртүрлі қатынастарға түсуге негіз беретін қоғамның құрамдас белгілерін сол қоғамға алады. Ол бір уақытта отбасы мүшесі, жұмысшы, партия мүшесі т.б. бола алады, және бұл белгілер бір адамның бойында бір-біріне қарсы бағытта болмай, олар өзара үндесіп жатуы керек.
Қоғамдық қатынастың келесі қызметі, олардың жиынтығы бүтін қоғамдық организм ретінде әлеуметтік-экономикалық және саяси формацияның түрін немесе сол қоғамның даму бағытын білдіре алады.
Сондықтан қоғамдық қатынастардың жиынтығы қоғамды білдіретін күш дейміз. Сонымен, адамның қоғам мүшесі ретінде қоғамдық қатынастардың қатысушысы болып табылатын жағдайы мынандай қорытынды жасауға әкеледі. Егер қоғамдық қатынастарды жеке адамдарда бар биологиялық құрамдарын да кеңірек алсақ, онда бұл әлеуметтік сапалар арасындағы қатынастар болып табылады. Бұл қоғамдық қатынастың құрамын, оның қоғамды қозғаудағы, қалыптастырудағы ролін ашудың ең қарапайым түрі. Өйткені қоғамдық қатынастардың қатысушылары ретінде адам ғана емес, мекеме, ұйымдар мемлекеттер де бола алады........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?