Педагогика | Педагогикалық процес

 Педагогика | Педагогикалық процес

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . 3
І тарау. Педагогикалық процесті жүзеге асырудың теориялық негіздері
1.1. Педагогикалық жүйенің құрылымы . . . . 6
1.2. Біртұтас педагогикалық процестің мәні . . . 14
1.3. Педагогикалық процесті ұйымдастыру шарттары . 22
ІІ тарау. Бастауыш білім беретін мектепте мұғалімнің педагогикалық процесті ұйымдастыруды жүзеге асыруы
2.1. Педагогикалық процесті басқарудағы мұғалімнің
даярлығы . . . . . . . . .
2.2. Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу процесін ұйымдастырудағы ерекшелігі. . . . . . . . 45

Қорытынды . . . . . . . . . 52
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . 54


ІІ тарау. Бастауыш білім беретін мектепте мұғалімнің педагогикалық процесті ұйымдастыруды жүзеге асыруы
2.1. Педагогикалық процесті басқарудағы мұғалімнің даярлығы
Кезінде К.Д.Ушинский тәжірибенің жинақталуының нашар болуына көңіл аударып, әрбір жаңа мұғалімді даярлаудағы процеске қатысты мұғалім өзінің шәкіртін қалай оқытса, олар жас ұрпақты солай оқытады деп есептеді.
Мектепте педагогикалық процестегі мұғалімнің ұйымдастыру-шылық іс-әрекетінің қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқанын білу мақсатында, біз зерттеу жұмысын жүргізіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне мынадай сауалдар қойдық:
1. Сабақ беру барысында қандай оқыту технологияларын қолданасыз?
2. Оқу жылында жоғары нәтижеге жеткен оқушыларыңыздың санын көрсетсеңіз.
3. Оқытатын сыныптағы оқушыларыңыздың сабақ үлгерімі мен білім деңгейін мазмұндасаңыз.
4. Қиын (білім деңгейі төмен) балалармсен атқаратын жұмысыңыздың негізгі түрі.
5. Тәртібі нашар, оқымай келетін оқушымен жасайтын жұмысыңыздың түрі (педагогикалық ситуация).
6. Мұғалімге қажетті деп тапқан қабілеттерді атасаңыз.
7. Мұғалімге қажетті сапалардың негізгілері.
Сауалнамамызды тұрғылықты жердегі мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінен алдық, оның нәтижесі мынадай болды: сұралған 100% мұғалімнің 30% сұрақтарға жауап беруден бас тартты, 50% тәжірибесіндегі шеберлігі жөнінде түсінік берді, 20% бастауыш сынып мұғалімдері, олар толық болмаса да жауап берді. Бұл жерде мұғалімдердің жоғары білімі, мамандығына сай білімдері бар, ұзақ уақыт өтілі бар мұғалімдер толық жауап берді және де “Жоғары оқу орнының жастарды білімдендіру процесіне сіз қандай өзгерістер енгізер едіңіз?” деген сұраққа: “Көбірек теориялық емес, пракатикалық тұрғыда оқытылса”- деген жауап алынды. Ал, жауаптан бас тартқандар тәжірибесі жоқ және жас мамандар болып табылды. “Тәртібі нашар, оқымай келетін оқушымен жасайтын жұмысыңыздың түрі (педагогикалық ситуация)” деген сұраққа: “Сабақтан кейін алып қалып, қосымша сабақ өтемін, жеке жұмыс ұйымдастырамын немесе мадақтаймын.” - деп жауап жазды. Ілуде-біреулері ғана “не себептен оқымайды, неліктен тәртібі нашар екенін анықтаймын, психологиялық көмек беремін” деп жауап береді. “Мұғалімге қажет деп тапқан қабілеттерді атаңыз” деген сұраққа кәбісі “ұйымдастырушылық, коммуникативтік, танымдық, дидактикалық” деп жауап берді. “Қиын, білім деңгейі төмен балалармен атқаратын жұмысыңыздың негізгі түрлері” - деген сұраққа “Ештеңе жасамаймын, қосымша сабаққа шақырамын немесе қабілетсіз балаға сабақ қонбайды” - деген жауаптар айтқандар болды.
Психология-педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда /Ф.Н.Гоноболин, В.Н.Кузьмина, И.В.Страхов, В.А.Сластенин, А.И.Щербаков т.б./ педагогикалық қабілеттің бірнешеуін келтірген.
1. Дидактикалық қабілет – мұғалімнің оқушыға оқу материалдарын жеткізу қабілеті, оқушының білім дәрежесін, іскерлігін дағдысын дұрыс анықтай білу, өз пәніне қызығушылығын арттыру, таным белсенділігі мен ойын дамыту.
2. Академиялық қабілет – мұғалім қабілетінің пән саласына (математика, физика, химия, биология, тарих т.б., бастауыш сыныпта барлық пән бойынша) сәйкестігі. Ондай мұғалім өз пәнін ғылым дамуына сай біледі, өз бетімен қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
3. Перцептивті қабілет – оқушының ішкі дүниесін тани білу. қабілетті мұғалім оқушылардың сабақ үстіндегі психикалық жағдайын (ренішін, сабаққа қаншалықты әзір, әзір емес екенін т.б.) бірден байқайды.
4. Сөйлеу (экспрессивті) қабілеті – тіл арқылы өз ойын, ішкі сезімін нақты, түсінікте етіп жеткізе білуі. Бұл мұғалім үшін өте маңызды қабілет ерекшелігі.
5. Ұйымдастырушылық қабілеті – сабақты тыңдауға, білімді қабылдауға оқушыларды әзірлей білуі, ұжымды дұрыс басқарып, ұйымдастыра білуі, оқу мен тәрбиені дұрыс ұштастыру міндеттерін де оқушыларға бағыт беру, рухтандыру ісіне басшылық беру, ата-аналармен жұмыс істей білу, сынып ұжымын оқушыларға педагогикалық ықпалды құралға айналдыру. Мұғалім өз жұмысын ұйымдастыра білу.
6. Коммуникативті қабілет – оқушылармен қалыпты, дұрыс қарым-қатынас жасай білу, педагогикалық әдептілікті жетілдіру.
7. Конструктивті қабілет – оқу және тәрбие міндеттерін шешудің тиімді жолдарын іздестіру, оқу және тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерінің мазмұнын анықтау, өз ісіне саналықпен, жауапкершілікпен, ойлылықпен қарап, педагогикалық тапқырлық таныту.
8. Қолданбалы қабілет – мұғалім өз мамандығына қатынасы жоқ спорт, оймен келетін – шахмат, тоғыз құмалақ, дойбы, көркем өнер, бейнелеу өнер туындыларын білетіндігімен оқушыларды қызықтырып, оларға қатынасуы арқылы өз дегеніне жетуге, баланы жан-жақты дамыту ісіне үлесін қосуы тиіс.
Педагогикалық шеберліктің негізгі элементі – педагогикалық қызмет қабілеттері болып табылады. Олар педагогикалық қызметтің табысты болуына көмектесетін психикалық процестің өту ерекшелігін көрсетеді. Педагогикалық қабілеттер анализі бірнеше зерттеулерде көрсетілген.
Бізге мұғалім өз ісінің шебері ретінде түзілмейтін жетекші қабілеттерді алып қою маңызды болады. Егер барлық жүргізушіні біріктіретін атқарушы қабілеттер туралы айтар болсақ, онда Н.В.Кузьминнің нақтырақ анықтағанын көреміз: бұл қалыптасып келе жатқан тұлғаға, өсіп келе жатқан адамға, объектке деген сезімталдық болып табылады. Аталған авторлардың зерттеулеріне сүйеніп, педагогикалық қызметке тұлғаның келесі алты жетекші қабілеттерін бөліп көрсетуге болады:
• жақсылық ойлау, қарым-қатынас жасағыштық;
• перцептивті қабілеттер - кәсіби көрегендік, эмпатия, педагогикалық интуиция;
• тұлға динамизмі - логикалық сендіру мен валеологиялық әсерге қабілеттілік;
• әсерлену тұрақтылығы - өз-өзін ұстау қабілеттілігі;
• оптимистік болжамдау;
• креативтілік – шығармашылыққа қабілеттілік.
Педагогикалық қызметтегі қабілеттілікті кәсіби оқытудың қаншалықты тез жүріп жатқанынан, педагогтің қаншалықты педагогикалық қызметтегі әдіс-тәсілдерді терең және берік игергенінен анықтауға болады.
Шамасы, өз қабілеттерін тексеруді қатынас жолдан, яғни қарым-қатынас қабілеттерінен бастау керек. Мұндай қабілетті кез келген адам игереді, бірақ ол әртүрлі болып қолданылады. Мұғалімнің қатынас жолының төменгі деңгейі кәсіби қызмет ортасын бұзады, оқушылармен қарым-қатынаста кедергі тудыруы мүмкін.
Педагогикалық мәселені шешудің барлық фазасынан өткеннен кейін әдіс-тәсілдер жүйесі шығады. Әдісті таңдауда педагог-шеберлер қаламайтын ситуациялардың өзінде де туындау себептерін іздеу өте маңызды, өйткені олардың әрбір шешімі өз қызметін үндестіруге, өзін-өзі тәрбиелеуге жасалған қадам болып табылады.
Қоғамымыз қазіргі таңда төмендегідей мұғалім моделін белгілеп отыр. Мұғалім моделі (мектеп мұғалімі үшін):
• ізденімпаз ғалым;
• нәзік психолог;
• жан-жақты шебер;
• тынымсыз еңбеккер;
• сұлулықпен сусындаған эстет;
• терең қазыналы білімпаз;
• кез-келген ортаның ұйытқысы;
• рухани бай гуманист;
• адамгершілік пен патриотизмнің жаршысы;
• идеал адамның мүсіншісі.
Мұғалім мамандығы – педагогтік іскерлік, білім шеңбері жинақталып, мұғалімнің жеке басының қасиет-сапаларын айқындайды. Мұғалімнің жеке басын сипаттайтын қасиеттер: кәсіби бағыттылығы, ғылыми көзқарасы, идеялық сенімі, саяси-қоғамдық азаматтық белсенділігі, адамгершілік-гуманистік бағыттылығы.
Әдебиеттердегі педагогикалық басқару бағытындағы барлық мәселелер анықтала, нақтылы бір басқару объектілері – балаларға, білім беретін мекемелер мен мектептерді басқаруға, мектеп ішіндегі басқаруға, мектеп директоры мен оқу істерін, меңгерушінің басқару іс-әрекеттері, танымдық іс-әрекеттерді басқару, тәрбие, педагогикалық процесті басқару, педагогикалық еңбек пен оқушылардың оқу еңбегін ғылыми ұйымдастыру, оқу жұмысын ұйымдастыру, жеке тұлғаны қалыптастыру төңіректерінде шоғырланған.
Бұл бағыт мектептану деп аталды және негізінде өзінің мазмұны жағынан аз ғана өзгеріске ұшырады, оның ең басты объектісі ретінде Н.И.Соцердотов пен Н.В.Черпинский ”Әкімшілік пен халыққа білім беру мекемелерінің ұстаздар мен оқушылардың жұмыстарына тікелей және қосымша әсер ету процесі” деп анықтайды.
Оқу жұмысын басқаруды әкімшілік ұстаздар жағынан басқару ретінде А.А.Орлов қарастырады, ол директорға саяси-педагогикалық басқаруды, дидактикалықты – завучке, әдістемелікті - әдістемелік секцияларға қалдырады. Бұндай жоғарыдан төменге вертикалдық сызықта бағыныштылықта мұғалім ешқандайда рөл атқармайды, оған тек “командалық мәліметтер” ғана беріледі.
”Ұстаздар – оқушылар” жүйесі “мұғалім – оқушы” қосалқы жүйе ретінде анықталады. Жеке және көптеген қатынасушылар арасындағы сандық айырмашылық әдіснамалық және педагогикалық тұрғыда өте маңызды.
Бірақта егер мектеп тануға арналған жұмыстарда әкімшілік-басқару іс-әрекеттері мұқият зерттелсе, онда орта буындағы “мектеп әкімшілігі- мұғалім – оқушы” жүйенің рөлі туралы мәселе жеткіліксіз өңделген болып қалады, дегенменде қазірдің өзінде мұғалім қызметінің өзіндік ерекшелігінің өте күрделілігі белгілі, оның Рөлі кибернетикалық аспектіде орындалған оқыту процесін басқаруға арналған зерттеулердің Дәлелдеуінше “оқушыларға білім берумен” шектелмейді.
Көрсетілген жұмыстарда, басқа да сондай жұмыстардағыдай, дәлелденген мұғалім іс-әрекетінің оңай еместігі туралы анықтап қарағанда негізді қорытынды жасалынады. Оқыту бағдарламасын жасағанда бір мұғалімнің бір ғана оқушымен жеке дара іс-әрекеттері ғана ескеріледі. Сонымен бұнда, бір бөлмеде бірнеше ондаған оқушылардың жұмыс істеу мүмкіншіліктері мен олардың әрбірінің әрекеттерінің бір-бірінен тәуелсіз екендіктері мүлдем ескерілмейлі. Сондықтан көрсетілген жұмыстардың авторлары жеке дара формасын ең тиімді оқыту формасы деп есептеді. Бұндай жұмыстардың әдіснамалық дұрыс еместігі, кеңестік және басқа да шет елдердің әдебиеттерінде бірнеше пункттер бойынша өте қатты сынға алынады.
Біріншіден, кибернетикалық тұрғыда білімді меңгеру мәселесі тек қана мазмұнды меңгерумен шектеледі, танымдық іс-әрекеттер құралдары, оқушылардың іс-әрекеттері сияқты онша маңызды болмай қалады.
Екіншіден, “мұғалім – оқушы” схемасы бойынша социалистік мектептің негізгі идеясы ұжымшылдықты қалыптастыруды жүзеге асыру мүмкіншілігін оқыту жоққа шығарады. Ал қоғам жағдайында әрбір азаматтың білім сапасының әлеуметтік маңызы болады.
Үшіншіден, бұндай жағдайда меңгерілетін материалдардың мазмұндары программаланады, программаларды барлық Пәндер бойынша барлық оқыту сатысында жасауға болады, онда мұғалім оқытатын машина жанындағы тексеруші қосымша рөлін атқаратын болады. Әрине бұл көрсетілген жағдайда, оқыту процесі барысында жеке тұлғаны қалыптастыру мәселесі мүлдем болмайтындай алынып тасталынады. Оқыту тек қана білім берудің құралы ретінде ғана болады, ал тәрбие жұмысы толығымен оқудан тыс уақыттары аймағына шығады. Бұндай оқу және оқудан тыс уақыттар қызметін талқылаудың қисынды соңы арнайы тәрбиешілер институтын енгізуге әкелді, бұл тіпті оқушылардың қызығушылықтары тұрғысында, олардың жеке тұлға болып қалыптасу тұрғысында да, олардың уақыттарын дұрыс ұйымдастыру жағынан, басқада айқын экономикалық мәселелерді айтпағанда да қанақаттанғысыз.
М.Л.Захаров пен В.А.Сухомлинский басқа бағыттағы зерттеулерді мұқият талдағанда, мектепті басқару мәселесінің басқа бағыттары ашылып, мұғалім педагогикалық процесті басқармайынша, жалпы мектепті нәтижелі басқару мүмкін болмайтындығына көзімізді жеткізді.
Мұғалімнің іс-әрекеті оқушылардың іс-әрекетіне тікелей әсері, мұғалімнің жұмыстағы кемшіліктері оқушыларды дайындаудағы кемшіліктерге әкеледі. Бұндай қорытынды мұғалім іс-әрекеттеріне байланысты жұмыстарды және тағы басқа бағыттарды зерттеу негізінде жасалады.
Педагог-шеберлер осыны ұсынып, балалардың қажеттіліктеріне сүйеніп, өз қызметінің логикасын құрды. Ш.А.Амонашвили өз қызметінің бағдарламасын бала бағдарламасына жақындатуға ұмтылады.
Мұғалімнің уақытына ықпал жасайтын факторлар: сабақ мөлшері, сыныптар, педстаж, білім дєрежесі, жасы, сабаққа дайындалу мөлшері т.б. жағдайлар жете зерттелуі шарт.
Педагогикалық зерттеулер нәтижесі бойынша төмендегідей мысалдарды келтіруге болады.
Жүз мұғалімнің уақытына жасалған зерттеу мынаны көрсетеді:
- 23 мұғалімнің сабақ кестесі уақытын үнемді пайдалануға кедергі жасайды;
- тамақты ұқыпсыз ішеді, 3-4 реттен кем тамақтанады;
- 70 мұғалім спортпен шұғылданбайды;
- 74 мұғалімінң пайдаланатын бос күндері жоқ;
- өнімсіз жұмсалатын уақыт жетісіне 6,5-7,5 сағатқа жетеді;
- әсіресе сабақта уақыт өте тиімсіз пайдаланылады.
Көптеген байқаулардың қорытындысында пайдалы жұмсалған уақыт тек қана 60-70%, шебер деген мұғалімдердің де уақыты осы шамада жұмсалатыны айқындалып отыр. Себебі көбіне әр сабақта жеке оқушыдан сұрақ сабақтың үштен бір бөлігін алады.
Сабақ уақытының тиімді іске асырылмайтындығы біріншіден, оқыту әдістерін дұрыс таңдай білмегендіктен, екіншіден, мұғалім сөзінің кедейлігі, шұбарлығы, әсерінің жоқтығы, мәнерлеп айта алмауы, көрнекті құралдарды және техникалық құралдарыды қолдану жолын білмеуі сияқты кемшіліктердің әсерлерінен. үшіншіден, М.Д.Штумаяның зерттеуі бойынша, 100 мұғалімнің 53-і ғана таңдаған әдісінің не себептен алынғанын дәлелдей алған. Төртіншіден, талдау мынаны көрсетеді: хронометраж бойынша оқу-еңбек режимінің тіптен орындалмауы. Орта есеппен, бір сабақтың 3-4 минуты бос кететіні анықталды. Мұғалімнің кешігіп келуі, қоңыраудың ерте соғылуы, артық жүріс, бос сөздің орын алуы, т.б.
Ал сынып жетекшілік жұмысқа, кейбір зерттеулердің материалы бойынша, жетісіне 5 сағат, ал кейде 14 сағат кететінін анықтаған.
Мұғалімнің уақыт мөлшерін анықтауда оның сабаққа және басқа оқу-тәрбие жұмыстарына жұмсайтын уақытын ұйымдастыра білуі - ЕҒТҰ (НОТ) принципі болады. Осының ішінде негізгі буын сабаққа дайындық және тәрбие болуы керек.
Сабақта мектептің негізгі жұмысы жас ұрпақтарды өмірге дайындау жүзеге асады және мұғалімнің дайындық деңгейі осыған сай болуы керек. Мектеп жұмысын жетілдіру дегеніміз – бұл ең алдымен мұғалім даярлығын одан әрі жетілдіру деген сіз. Мектептегі педагогикалық (оқу-тәрбие) процесінде міндетті түрде мұғалім мен оқушы іс-әрекеті субъектісі болуна байланысты, мұғалім іс-әрекетінің объектісі оқушы емес, педагогикалық процесс деп есептеуіміз керек. Мұндай көзқарастың қажеттілігі мұғалім іс-әрекетін оптимизациялауға тек оқу процесіне бағыттаумен ғана жетуге болмайды және егер оқушының іс-әрекеті назардан тыс қалса, педагогикалық еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру мүмкін болмайды.
Тек педагогикалық істің негізін терең білу ғана мұғалімге басты мәселені көруге мүмкіндік туғызатыны белгілі. Л.М.Фридман “Пути разработки педагогических теорий и их основные параметры” еңбегінде “Педагогикалық теория дегеніміз педагогикалық сан алуан құбылыстар жиынтығын зерттейтін, бейнелейтін және түсіндіретін білімдер жүйесі. Мұндай теория, оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесін (дәлірек айтқанда, осы теорияға сәйкес келетін оқыту мен тәрбиелеудің жақтарын), тек сол практикаға қатысты ғана емес, оны зерттеу нәтижесінде пайда болған теорияны алдын ала болжауға мүмкіндік береді” - деп сипаттайды. Сонымен, педагогикалық теория мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жасаудың негізі ретінде қарастырылған.
Мұғалім еңбегінің мәдениетін көтеру, оның кәсіби шеберлігін жетілдіру, мұғалімнің педагогика ғылымының тілін меңгеру деңгейімен, болашақ мұғалімдерді дайындаудың мазмұны мен әдістемесінде танымдық ақпараттың нақтылы және терең айқындалуына тікелей тәуелді. Бұл көрсетілген құбылыстың мәні және оның басқалармен өзара байланыстылығы туралы біздің түсінігіміз толық болған сайын, оның дамуына бір бағытты ықпал ету мүмкіншілігі соғұрлым айқындала түседі.
Мұғалімінің педагогикалық іс-әрекетке даярлығы оның білім, іскерлігі мен қабілетінің практикалық жүзеге асырылуы негізіндегі күнделікті сабаққа дайындығын қамтиды. Оның даярлығы бастауыш сынып оқушыларында білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыруда, тәрбиелік дәрежесін арттыруда ең жоғары нәтижеге жетуге бағытталуы тиіс.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбекке баулу пәніндегі Өзіне-өзі қызмет ету еңбегі бойынша сабаққа дайындалуы ретінде сабақтың конспектісін көрейік.
Сабақтың тақырыбы: Матамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік
сақтау ережесі. Қажетті құрал саймандар. Көктеп тігу.
Сабақтың мақсаты: а) қауіпсіздік сақтау ережесімен таныстыру.
ә) матамен жұмыс істеу кезіндегі құрал-
сайманмен таныстыру, инені сабақтау
тәсілін үйрету.
Сабақтың өтілу әдісі: Әңгімелесу, түсіндіру, жаттығу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: Қауіпсіздік сақтау ережесінің оқулықтағы
суреттері. Инені сабақтау тәсілінің суреті,
көктеп тігу элементтерінің суреттері (плакат).
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
2. Жаңа сабақтың мазмұны.
Балалар матамен жұмыс жасағанда ең қажетті құрал жабдықтарға – тұрмыстық қайшы, ине, жіп, оймақ керек.
- Балалар, қайшы бізге не үшін қажет?
Қайшылар маталарды, жіптерді қию үшін қажет.
- Балалар, қайшылар, инелер әртүрлі болып келеді.
Біздерге қажеттісі тұрмыстық қайшы, тігін инесі болып саналады. Инелер іс машинасының (тігін машинасының инесі, қол инесі және тебен инесі болып бөлінеді. Қол инесінің ішіндегі көзі үлкен онша жіңішке емес орталау ине болғаны дұрыс.
- Балалар оймақ біздерге не үшін қажет?
- Оймақ тігін тіккенде, кесте тіккенде қолданылады.
Оймақты басбармақпен кейінгі саусаққа киген дұрыс.
Оймақ саусағыңды жарақаттандырудан сақтайды.
Балалар тұрмыста іс тігу үшін тігін жіптері, кесте тігу үшін кесте жіптері қолданылады. Кестелік жіптердің түстері әртүрлі болып келеді, көбінесе мақта жібі, жібек жіптері көп қолданылады. Балалар қайшымен, инемен, түйреуіштермен жұмыс істегенде сақ болу керек. Жұмыс соңында құралдар өз орнында болуы шарт. Жіптер жуан, жіңішке болып ине көзіне қарай жіп түрлері таңдалып алуы тиіс.
Жұмыс кезінде ине сабағының ұзындығын өлшеп алғанымыз дұрыс. Ине сабағын барлық уақытта 15-20 см аспауы керек. Ине сабағы ұзын болса жіп түйіліп, шалынып қалынуы мүмкін, қысқа болса жіпті қайта сабақтауға тура келеді.
Сондықтан жіпті қажетті ұзындықта анықтай білу керек. Жіп ұшын қайшымен қию керек, тіспен үзуге болмайды.
Қауіпсіздік ережесі.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?