Мемлекеттік қызмет | ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері
Мазмұны
Кіріспе......................................................................3
I. Бөлім. ҚР Қаржы Министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі құзыреті............4
І.1. ҚР Қаржы Министрлігінің міндеттері, атқаратын функциялары және құқықтары.....................4
II Бөлім. ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері..............9
II.1 Салық комитеті.......................................................................................9
II.2. Қазынашылық комитетi......................................................................12
II.3. Қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу комитетi............15
II.4. Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитетi..................................18
II.5. Мемлекеттiк мүлік және жекешелендiру комитетi..........................19
II.6. Кедендiк бақылау комитетi................................................................22
Қорытынды............................................................................................................25
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................26
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы егемендігін алып, басқа да тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылып, терезесін теңестіру, жаңадан аяғына тік тұрып қадам басу, нарықтық экономикаға өту барысында біршама қиыншылықтардан өтуге тура келіп отыр. Бұл қиыншылықтар түрлі салалардан әрі түрлі деңгейде көрініс табуда.
Жалпы экономика саласы, мәдениет саласы, қорғаныс, спорт, денсаулық салалары болсын қазіргі заман талаптарына сай болу үшін біздің зайырлы мемлекетімізден көптеген өзгерістер мен толықтыруларды талап етуде. Мұндай өзгерістер мен толықтыруларға тоқтала кетсек оларға осы салаларды әрдайым тәртіпті де тұрақты дамыту үшін жетілген заңнаманың болуын, басқарушы мемлекеттік органдардың және сонда қызмет етуші мемлекеттік қызметкерлердің, яғни біліктілігі жоғары, халықаралық стандарттарға жауап беретін, бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандардың болуын, т. с. с. жатқызуға болады.
Солардың ішінде төменде қарастырылатын курстық жұмысымның негізгі мәселесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және оның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны туралы болмақ. Мұнда жалпы Министрліктің алға қойылған мақсаттарға жетудегі атқаратын қызметтері, соған сәйкес алатын орны, оның реттейтін салалары және т.б. өзекті мәселелер қарастырылады.
Қаржы саласы мемлекеттің өмір сүруін қамтамасыз етуші бюджет саласындағы жүзеге асырылатын тұлғалар арасындағы қаржылық қатынастарды уақытылы, мерзімді әрі толық жүргізілуін қамтамасыз етуші, қаржыны бөлуші, реттеуші және бақылаушы экономикалық категория болып қарастырылады. Сол себепті осындай маңызды да әрі жауапты функцияларды атқарушы ерекше орган, яғни Қаржы министрлігінің құзыреттілігі, атқаратын міндеттері мен функциялары біршама күрделі.
Бұл жұмыс екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде Министрліктің құзыреті, ал келесі бөлімде оның мамандандырылған комитеттерінің құзыреттері қарастырылған.
Мақсатым тақырыбымды жан – жақты қарастырып, соңғы ақпараттарға сүйене отырып, Министрліктің түрлі салалардағы органдар жүйесіндегі орнын анықтау болып табылады.
ҚР Қаржы министрлігі, оның мемлекеттік басқару органы ретіндегі құзыреті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте оның құзыретіне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi туралы ережe сәйкес жүзеге асырады. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар:
Қазынашылық комитеті;
Кедендiк бақылау комитетi;
Салық комитетi;
Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетi;
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс комитеті;
Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi.
ҚР Қаржы министрлігінің міндеттері, атқаратын функциялары
Негiзгі мiндеттерi: мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу, темекi өнiмдерiнiң, этил спирті мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсiмi, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, мемлекеттiк меншiктi басқару, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілік және аудит саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету;
Мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы, бюджеттік есепке алу, кедендiк, салықтық бақылау, iшкi қаржылық бақылау және мемлекеттiк сатып алу, темекi өнiмдерiнің, этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен оның айналымын мемлекеттiк реттеу, банкроттық (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкердi таратудың соттан тыс рәсiмi, мемлекеттiк меншікті басқару, дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерi, бухгалтерлiк есеп, қаржылық есептілiк және аудит саласындағы салааралық үйлестiру мен әдiстемелiк басшылық жасау болып табылады.
Министрлiктiң функциялары мен құқықтары
Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функцияларды:
тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет, бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы заңдардың жобаларын әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын әзiрлеуге қатысуды;
мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын, негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердi әзiрлеуге қатысуды;
бюджетке түсiмдердi болжауға және мемлекеттiк бюджетке кiрiс түсiмдерi саласында мемлекеттік саясат мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысуды;
заңнама қолдану практикасына талдауды, оны жетілдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындауды, өз құзыретi шегiнде нормативтік құқықтық кесiмдердің жобаларын әзiрлеудi және дайындауды (немесе қабылдауды);
өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк, салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етудi;
2) мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функцияларды:
республикалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етудi және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуына қызмет көрсетудi;
түсiмдердiң жиынтық жоспарын бекiту мен оған өзгерiстер енгізiлуiн және республикалық бюджеттi қаржыландыруды қамтамасыз етудi;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнен қарыз алуды, пайдалануды, тiркеудi, өтеудi және қызмет көрсетудi, бағалы қағаздарды ұйымдастыру рыногiне олар шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатудың жүзеге асырылуын, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi;
ұтымды үкiметтiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттік борыштың басқарылуын қамтамасыз етудi;
келiссөздер жүргiзудi, Қазақстан Республикасының Үкiметi қарыздарының шарттарына қол қоюды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарын шығаруды, мемлекеттiк емес қарыздары бойынша мемлекеттік кепiлдiктер берудi ұйымдастыруды;
мемлекеттiк кепiлдiктермен тартылған үкiметтік қарыздар, мемлекеттiк емес қарыздардың және жергiлiктi атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық сараптама жүргiзудi;
республикалық бюджетте көзделген және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне сәйкес инвестициялық жобаларға, мемлекеттiк бағдарламаларға және өзге де iс-шараларға кредит берудi;
үкіметтiк сыртқы қарыздар туралы келiсiмдердi бекiтуге қажеттi құжаттарды дайындауды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша конкурстық негiзде үкiметтік қарыздарға мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес қарыздарға және кейіннен үкiметтік қарыз алуға байланысты гранттарға қызмет көрсету үшiн екiншi деңгейдегi банктердi, бастапқы дилерлердi, лид-менеджерлердi және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөнiндегi басқа да әрiптестердi iрiктеудi;
уәкiлеттi банк-агенттермен бiрлесіп республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты өндiрiп алу жөнiнде түпкi қарыз алушылармен жұмыстарды ұйымдастыруды және жүргiзудi;
түпкі қарыз алушылар мен екiншi деңгейдегi банктердiң үкiметтік қарыздардың қаражатын және Қазақстан Республикасы Үкiметінің бiрлесiп қаржыландыру үлесiн республикалық бюджетке қайтару туралы iшкi кредит келiсiмдердiң жобаларын дайындауды;
республикалық бюджет қаражаты есебiнен бюджеттiк кредиттердiң берiлуiн, қызмет көрсетілуiн және мақсатты пайдаланылуын бақылауды, олардың есебiн, мониторингі мен қайтарылуын қамтамасыз етудi;
республикалық бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды;
бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі есептіліктi жасауды, сондай-ақ мемлекеттік қаржы және меншiк бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы және пайдаланылуы туралы статистикалық есептердi жасауды;
бюджет есебiнiң жүргiзiлуiн қамтамасыз етудi;
бюджет жүйесiнде бюджеттiк және бухгалтерлiк есеп пен есептiлiктi дамытуды және жетілдiрудi;
қаржылық бақылау мәселелерi бойынша есептілiк нысандарын, оны жасау мен берудiң тәртiбiн әзiрлеудi;
бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы, оның iшiнде өз құзыретi шегінде аудиторлық қызметтi лицензиялау саласындағы функцияларды орындауды;
мемлекеттік сатып алу процесiн үйлестiрудi және мемлекеттiк сатып алудың ұйымдастырылуы мен өткiзiлуiн, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етудi;
салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмдерiн және бюджетке түсетiн өзге де түсiмдердi, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдардың толық және уақытылы аударылуын, шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетiн түсiмдер бөлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Қорына аударылуын қамтамасыз етудi;
этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсi мен айналымының мемлекеттік реттелуiн және салықтық бақылауды қамтамасыз етудi;
республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы жөнiндегі есеп пен есептіліктің атқарылуы, жүргізiлуi, олардың атқарылуына баға беру, гранттардың, мемлекет активтерiнiң, мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың, мемлекеттiк мекемелердiң иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаның пайдаланылуы бөлiгiнде мемлекеттік қаржылық бақылау объектiлерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес келуiн тексерудi қамтамасыз етудi;
республикалық бюджеттiң түсiмдерi мен оны қаржыландырудың жиынтық жоспарларын бекіту және оларға өзгерiстер енгiзу, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерiне рұқсаттар беру, мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу, мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру жоспарларын жасаудың дұрыстығын мемлекеттік бақылауды және бекiтілуiн қамтамасыз етудi;
Қазақстан Республикасында кеден iсінің басшылығын жүзеге асыруды және Қазақстан Республикасының кеден және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген өзге де заңнамасының сақталуын қамтамасыз етудi;
банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiн (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекеттiк бақылауды, соттан тыс рәсiмде дәрменсiз борышкердi таратуды, сондай-ақ дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану жөнiндегi іс-шараларды қамтамасыз етудi;
мемлекеттік меншіктi басқару және жекешелендiру жүйесiн ұйымдастыруды;
мемлекеттiк кiрiстер бойынша мемлекеттік есептілік алымының нысандары мен әдiстерiн жетiлдiрудi;
өз құзыретi шегiнде жұмылдыру жұмыстары мен мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз етудi;
Министрлiк ведомстволарының мiндеттерi мен функцияларының орындалуын үйлестіру мен қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
Министрлiктiң:
мемлекеттiк органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Министрлiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажеттi ақпараттарды сұратуға және алуға;
өз құзыретi шегінде барлық мемлекеттiк органдардың, өзге де ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi шығаруға;
Министрлiктiң қарамағындағы комитеттер мен мемлекеттiк ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де кесiмдердi жоюға немесе тоқтата тұруға;
акционерлiк қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық меншiктегi басқа да мүлiкке иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ заңнамалық кесiмдермен және Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген жағдайларда билiк етуге;
Министрлiктiң қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтарып алуды және қаржыландыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге;
жергілікті атқарушы органдардан облыстың, Астана және Алматы қалаларының бекiтілген бюджетi туралы жиынтық деректер мен олардың атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден - шығыстар сметаларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептердi алуға;
республикалық және жергілікті бюджеттердiң атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамаларының талаптарының бұзылу себептерiне баға, сондай-ақ бекiтiлген республикалық бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) тиiмділiгi мен орындылығына баға беруге;
Министрлiктiң құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқығы бар.
ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері
Салық комитеті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретi шегiнде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, мiндеттi зейнетақы жарналарының және Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету саласындағы iске асырушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттің басты мiндеттерi мыналар болып табылады:
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң толық түсуiн, мiндетті зейнетақы жарналарының және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету;
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексiнде) белгiленген тәртiпте салық бақылауын жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң, темекi өнiмдерiнiң, мұнай өнiмдерінің жекелеген түрлерiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету;
Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру.
Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамаларына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Салық комитетi туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауымен мөрi және мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегі бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қазынашылық органдарында бюджеттік шоттары және Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексiнде, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда қарастырылған жағдайларда өзге де шоттары бар. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитеттің функциялары мен құқықтары.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?