Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары

 Тарих | Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары

Мазмұны
I. Кіріспе:
Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары.
II. Негізгі бөлім:
I. Қола дәуіріндегі шаруашылық, мал өсіру мен егіншіліктің дамуы.
II. Кен кәсібі, металлургия
III. Қоныстар мен тұрғын үйлер
IV. Қоғамдық қатынастар
III. Қорытынды:

Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары
Дәуірдің ерекшеліктері; Неолит дәуірінде-ақ бола бастаған шаруашылық өзгерістері нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықта малшылық-егіншілік экономикасы мен жоғары дамыған металлургия қалыптасты. Өндіруші тұрпаттағы экономикаға көшу Қазақстан территориясындағы бүкіл жағдайды түбірінен өзгертті. Қоныстарын жиі өзгертетін, жігерлі, пысық малшы тайпалар ұлан-байтақ және қуатты бірлестіктер құрды; бұлардың қалыптасуында соғыс қақтығыстары едәуір роль атқарды. Қару енді жабайы хайуандарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың қақтығыстарында да жиі пыйдаланылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Археологиялық материалдар бойынша, андроновтық тұрпатты ескерткіштер қалдырған далалық малшы-егінші тайпалардың мәдени ортақтығы жақсы мәлім. Барлық жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан ұлан-байтақ территорияға тараған бұл тайпалар неолит дәуіріндегі тайпалық ала-құлалықтың орнына айқын мәдени біркелкілікті көрсетті.
Қола дәуіріндегі қоғам прогресі екі факторға байланысты. Олардың бірі — жаңа дәуірді белгілеген фактор — палеометалдардың өндірістік жолмен игерілуі болды. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасын Қазақстан тайпалары қола заттар жасау ісін меңгерді.
Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың басында-ақ Поволжьенін, Приуральенің, Қазақстан мен Алтайдың далалық тайпаларында комплексті малшылық-егіншілік шаруашылығы қалыптасады. Ал біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал өсіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың аяғында — I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне — көшпелі мал шаруашылығына көшеді.
Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энгельс ең бірінші ірі қоамдық еңбек бөлінісі деп аталады. Батыс Азия мен Шығыс Европаның далалық аймағында бақташы тайпаларының бөлініп шығуы, шынында, біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында болды деуге келеді, алайда әр қилы табиғи ортадағы дамудың әр түрлі қарқынын еске алу керек.
Алғашқы экономиканың қайта құрылуына бәрінен бұрын табиғи-климаттық өзгерістер себепші болды. Мәселен, қола дәуірінде ұзаққа созылған салқын - ылғал кезеңнің орнына климаттың жылылық пен қуаңшылыққа қарай бірте-бірте өзгеруінің мың жылдан асатын дәуірі келді, сөйтіп, ксеротермиялық минимум дәуірі басталды. Қуаңшылық дәуірінде өзендердің суы тартылды, жайылмадағы. алаңқайлар бірте-бірте құрғады, көлдердің су деңгейі төмендеді, түптеп келгенде, Солтүстік жартышардағы құрылықтардың жалпы ылғалдылығы азайды. Климаттың жедел құрғауына байланысты Шығыс Европамен Батыс Азиядағы далалық тайпалардың шаруашылығы мен тұрмысында болған өзгерістерді археологиялық деректер де: растайды. Батыс және Орталық Қазақстанның ұзақ уақыттық; қоныстарында су жетістірудің жаңа әдісі — құдық қазу шығару. Егер Қазақстанның солтүстік аудандарының тұрғындары мен Батыс Сібірдің орманды және тайгалы аймақтарының тайпа-лары энеолит пен әуелгі қола дәуірінде шаруашылық және мәдениет жағынан бір-біріне көп ұқсас болса, кейін климат өзгергенде бұл ұқсастық жойылады. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Орталық Қазақстандағы сияқты бұл аудандарда да малшылық – егіншілік шаруашылығы өрістеп, мал шаруашылығы басым болды.
Оңтүстік Сібірде Нарым өлкесінің тайгалы-батпақты аудандарына дейін бұл аймақтың халқына тән емес ежелгі мал шаруашылығының шаруашылық дәстүрлерінің кең таралуына және Қазақстанның далалық тайпалары мәдениеті ықпалының күшеюіне, сірә, сол жоғарыдағы табиғи-климаттық құбылыстар себеп болса керек.
Халықтың қоғамдық құрылысы мен семьялық-некелік қатынастарында мәнді-мәнді өзгерістер болды.
Қола дәуіріндегі экономиканың басты-басты екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металлургияның тез дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамда еркектер ролінің күшеюіне және түптеп келгенде, аналық ру орнына аталық ру (патриархат) болуына жет-кізді.
Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты болды. Жеке семьялар оқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
ШАРУАШЫЛЫҚ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Мал өсіру мен егіншіліктің дамуы. Тағы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Қолға үйретілген және қолда өсірілген жануарлар аңшылық сәтсіз болған күнде, әсіреее, қыста, тамақ қоры болуын қамтамасыз етті. Тағы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде басталды. Аралдың солтүстік төңірегіндегі, Қазақстанның батыс, орталық және шығыс аудандарыңдағы неолиттік тұрақтарда тағы жануарлардың сүйектерімен қатар қолға үйретілген сиырдың, жылқының, қойдың және, сірә, ешкінің сүйектері табылды. Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген-жануарлардың саны көбейді, малдың түрлері де көбейді. Нақ осы заманда мал өсірудің дамуы негізінде, Ф. Энгельс атап айтқандай, «бақташы тайпалар басқа варварлар көпшілігінен бөлініп шықты — мұнын, өзі ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлінісі болды». Қола дәуірі шаруашылық формасы ретіндегі мал-өсірудің үздіксіз дамыған уақыты.
Қола дәуірінің әуелгі кезеңіндегі қоныстарда жиналған сүйек материал бұл уақытта Қазақстан территориясындағы адамның негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру болды деуге мүмкіндік береді. Малдың көбі ірі қара болды; оны жаю үшін жайылмадағы шалғын пайдаланылды. Қой мен жылқы аз болды. Кәрі малдар мен әр жылғы төл қысқа ет дайындауға арналды, ал төлдің бір бөлегі өсімге қалдырылды.
Үй маңында мал бағудан бірте-бірте жайлауда мал бағу шықты. Малды жайлауда баққанда бақташылар малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға жылжи келіп отырды. Малдың құрамында ұсақ малдың (қой-ешкінің) және жылқының үлесі көбейді. Мәселен, Атасу қонысынан табылған сүйектердің дені жылқының сүйегі болып шықты.
Дамыған қола дәуірінде жылқы жегімге ғана емес, міну өмірге де қолдананылды. Мұны Степняктағы Айдаболдағы, Тастыбұтақтагы қоныстарда табылған, сүйектен жасалған жұмсақ уыздықтардың айшықтары дәлелдейді. Жылқыны көлік ретінде пайдалану даладағы және биік таудағы жайылымдарды игеру мумкіншілігін молайтты. Орталық Қазақстанның далаларында түйе қолға үйретілді. Ақсу-Аюлы II көшендерінің бірін қазғанда ботаның сүйегі шықты. Алексеевка қонысында да түйенің кейбір сүйектері табылды.
Ежелгі замандағы мал шаруашылығы экстенсивті шаруашылық болды. Жайылымдарды игеріп көлемін кеңейту, төзімді, тебінге жарайтын ( қыста қар астынан аяғымен шөп аршып алуға және ұзақ жер жүруге қабілетті) жылқы, қой сияқты мал түрлерін өсіріп, өндіру малдың көбеюіне жеткізді. Қола дәуірі-нің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын форма алды.
Сірә, ол кезде Қазақстанның кең-байтақ территориясындағы халықтың бәрі бірдей шаруашылықтың осы жаңа формаларына көше қоймаған болу керек. Мәселен, соңғы қола дәуіріндегі Шығыс Қазақстандағы (Трушниково, Мало-Қрасноярка), Батыс Қазақстандағы (Алексеевка) және Солтүстік Қазақстандағы (Явленка I) қоныстарда малдың дені әлі де ірі қара болған;
Қазақстан территориясында мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Қола дәуірінің тайпалардың шаруашылығында мал өсіру мен егін салу бірін-бірі толықтырып, өзара байланысты болды. Мәселен, Усть-Парым конысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма практар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Ол уақыттағы адам кездейсоқ, ұсақ егістен өзендердің жайылмаларындағы шағын алқаптарға үнемі егін егуге көшті.
Әуелгі қола дәуірінің қоныстарында тастан және бұғы мүйізінен жасалған теселер табылды. Жер қонсытатын таяқтармен және мүйіз теселермен салыстырғаида тас кетпендер өнімдірек (болды, өйткені, бұлармен жерді жақсырақ қопсытуға болатын. Тастан астық үгітетін құралдар да: астық түйгіштер, тоқпақшалар, түйгіштер, келілер, келісаптар жасалды. Егін жинауда алғашқы кезде, сірә, қола пышақтар пайдаланылған болса керек, ал соңғы қола дәуірінде бітімі әр түрлі қола және мыс орақтар, қола шалғылар пайдаланылды (Шағалалы қонысы), Олар, сондай-ақ, қысқа Мал үшін пішен дайындауда, қамыс дайындауда қолданылған болуы мүмкін.
Неғұрлым жетілген құралдардың пайда болуына байланысты егіс те біраз өсті. Негізінде бидай, қара бидай, тары егілді.
Мұнымен бірге, кейбір қоныстардың шаруашылық ұраларын толтырған қабатында тұз құстарының — қаз бен сұр тырнаның сүйектері (Қанай), шортанның, бекіренің сүйектері мен қабыршақтары табылды, Балық тормен аулаған; мұны табылған қыш және тас жүкшелерден аңғаруға болады. Алайда қода дәуірінде аң аулау мен балық аулау өзінің бұрынғы маңызынан айрыла-ды. Тағы хайуандардың (елік, марал, солтүстік бұғысы, арқар, қабан, құндыз, ақ қоян, түлкі) сүйектерінің үлесі әуелгі қола дәуірінің қоныстарында 3,6%, соңғы қола дәуірінде Шығыс Қазақстанның қоныстарында 4 процентке дейін (Трушниково), ал Солтүстік Қазақстанның қоныстарында 1 процентке дейін (Алексеевка) болады.
Қазақстан территориясында тараған аудандарының бәрінде қола дәуірі мәдениетінің даму сатыларын сипаттайтын материал шаруашылық тұрпатының .........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?