Экономика | Қаржыны басқаруды және қаржы менеджменті
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Қаржыны басқару ұғымы
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердін қаржысын басқару
3. Мемлекеттін қаржысын басқару
4. Қаржыны басқарудын автоматтандырылған жүйесі
5. Қаржы менеджментінің мазмұны және міндеттері
6. Бәсекелестік қабілетті қамтамасыз етудегі қаржы менеджментінің ролі
7. Қаржы менеджменті және маркетингтік саясаттың өзара байланысы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы зандардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.
Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше төсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың кемегімен жүзеге асырады.
Отандық экономикалық теорияда және тәжірибе жүзінде кәсіпорын қызметін стратегиялық басқару мәселелері әлі де болса жеткіліксіз қарастырылып келеді. Мұның басты себебі – еліміздегі экономикалық бетбұрыстардың басталуына дейін стратегиялық басқару мемлекеттің өз қолында болып келді. Мемлекет өзінің экономикалық саясаты шеңберінде елдің дамуы мен келешегінің стратегиясын қалыптастырып, салалар мен кәсіпорындардың өзекті стратегиялық мақсаттарын анықтап келді. Алайда, нарықтық қатынастардың қалыптасуы және дамуы бәрін де өз орнына қойды. Қазіргі таңда кәсіпорындардың өміршеңдігі, табыстылығы, бәсекелестікке жарамдылығы өз қолдарында, яғни олардың өз қаржылық және шаруашылық жағдайын нығайту кәсіпорынның қаржы менеджментінің стратегиялық міндеті балып табылады.
Жалпылай айтқанда қаржы менеджменті дегеніміз – бұл кәсіпорынның табыс табудың және өндірісті дамытудың стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті ақша ағындарын қамтамасыз етумен, қаражаттар мен ақша қорларын қалыптастырумен және қолданумен байланысты кәсіпорындардың басқару қызметі болып табылады.
1. Қаржыны басқару ұғымы
Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.
Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі кезқарасты айқындайды. Заңы заңдарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімдслетін қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін өзірлеген кезде экономикалық және заңи зандардың талаптарын, откен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық өдістер мен қаржыны басқарудың антоматтандырылған жүйесін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы псрспектиізалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі.
Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару субъектілері қаржыга мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мсн нысандарын пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді боледі: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық, ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шсшімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген шсшімдер қабылдауды қамтамасыз стеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беругс негізделсді.
Қазақстанның шаруашылық практикасында пайдаланылатын термин.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл — жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.
Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің — қаржы органдарының, салық комитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппаратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.
Қаржымық реттеу — бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік (сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, соньшен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен зандылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бақылау. қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы көрсеткіштермен салыстыруға, қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқындауға, шаруашылықты неғүрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудьщ объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржы қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын олардың сфераларына сәйкес объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлык, ұйымдық қүрлымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.
Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды кәсіпорындардың, ұйымдардың және мскемелердің қаржы бөлімдсрі мен службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың қаржы бөлімдері мсн басқармалары жүзеге асырып отырады.
Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының — реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға кешкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.
Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвенциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту бодды және т.б. Осы және басқа себептерге байланысты қаржының рөлі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады.
Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.
Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір бөлігі, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең адцымен бұл толып жатқан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету жөніндегі операцияларға қатысты.
Екіншіден, түсімдерді уақтылы алуға жеткілікті бақылау жасамау.
Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіндегі икемділікті бөлугс бақылауды жолға қояры сөзсіз.
Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің кемшіліктері.
Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік банктің пайызсыз кредиттері, сондай-ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келді. Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде пайдалануга болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мсн инфляция жағдайында занды екенін мойындауға тура келеді.
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердін каржысын басқару
Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, ссріктсстіктердің қаржы департаменті (басқармаларъі) мен бөлімдері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерімен қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.
Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістср мсн шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзсгс асырады, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тимді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллсктуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме ісксрлік белсөнділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (акциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (окілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган - басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне — қаржы бөліміне, топқа, секторға жстекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлср — шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.
Қаржы бөлімінің құрылымы (3.1 сызбаны қараңыз) әдетте болжамды талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарына негізделеді.
Қаржы-өтім бөлімдері бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі, кассалық сияқты топтарға бөлінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:
табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және рснтабедділікті арттыру;
өндіріс, күрделі қаржылар, жаңа техниканы өндіру жәнс басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?