Экономика | ҚР ғы және шетелдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрамы
Мазмұны
КІРІСПЕ
Ι-ТАРАУ. Кәсіпкерліктің теориялық негізі
1.1 Кәсіпкерлікке анықтама және оның экономикадағы мәні
1.2 Кәсіпкерліктің түрлері, олардың өзара қатынастары және бизнеске қатысудағы өзгешеліктері
ΙΙ-ТАРАУ. Қазақстандағы «Қазпочта» акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметіне талдау
2.1 «Қазпочта» акционерлік қоғамына технико-экономикалық талдау
2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғамының кәсіпкерлік қызметінің даму жағдайы
ΙΙΙ-ТАРАУ. Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметін дамыту жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кәсіпкер дегеніміз кім? Кәсіпкерлікке не жатады? Кәсіпкердің бағы неде? Осы және басқа да осындай сұрақтар күн сайын көбейіп , бұл процеске деген ынтаны әлем деңгейінде күшейтуде. Жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере отырып, кәсіпкерлік туралы көзқарастың мыңдаған жылдар бойы өндіргіш күштің дамуымен меншік қатынастарымен, ғылыми-техникалық прогрестің және қоғамдағы өндірісті ұйымдастырудың түріне, оның шоғырлану дәрежесіне қарай өзгеріп тұратынын атап өту қажет. Әсіресе нарықтық несие мен ақша айналымының әсері айтарлықтай.
Кәсіпкерлік қызметке талдау жасау – оның жалпы экономикалық ойпікір сияқты ұзақ тарихы мен терең тамыры барын көрсетеді. Орта ғасырларда «кәсіпкер» деген термин, одан да бұрынғы «антрапренер» («антрапренер» - француз сөзі «делдалдық» дегенді білдіреді) екі мағынада қолданылды - түрлі мереке мен музыкалық көріністі ұйымдастырушы және ірі өндірістік немесе құрылыс жобаларын басқарушы. Көне тарих пен орта ғасыр ғылымдарында кәсіпкерлік туралы оның индустриялық кезіне дейін қалай аталатынына қарамастан, ерекше ой-пікір болған. Алайда батыстың экономикалық теориясында «кәсіпкерлік» мәселелеріне назар аудару XVIII ғасырдан басталды. Оны атақты ғалымдар Р.Кантилонаның, А.Тюргоның, Ф.Кенэнің, А.Смиттің, Ж.Сэйдің есімдерімен байланыстырады. «Кәсіпкерлік» терминінің атасы белгілі ағылшын экономисті Ричард Кантильон (XVIIғас.басы). Ол «кәсіпкер» деп нарық жағдайында әрекет жасаған адамды айтқан.
Әлеуметтік – экономикалық құбылыс ретінде кәсіпкерлік көптеген қоғамдық қатынастарды қамтиды. Мұның айталық, заң – құқылық, психологиялық, тарихи жақтары бар. Бірақ кәсіпкерліктің тамыры адам қызметінің экономикалық жағдайларында жатыр. Кәсіпкерлік қатынастарды қараудың алғашқы нүктесі- олардың субъектісі мен объектісін анықтау. Кәсіпкерліктің субъектісіне экономикалық қызметке қатысушы түрлі мүшелер, алдымен жеке-дара индивидтер, адамдар жатады. Олар бұл сапада жеке-дара өндірісті ұйымдастырудан көрінеді. Мұндай кәсіпкердің жұмысы өзінің еңбек шығындарына немесе жалдамалы еңбекті қолдануға негізделеді. Соңғы жағдайда кәсіпкер жалдаушы болады.
Кәсіпкерлік қызметті бір топ адамдар жүргізуі мүмкін, оларды байланыстырушы – міндетті шарттар мен экономикалық мүдде. Мұндай кәсіпкерліктің түрі – ұжымдық, коллективтік деп аталады. Ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі - әртүрлі ассоциациялар: акционерлік қоғамдар, кооперативтер және т.б. Жеке-дара кәсіпкерлерге қарағанда партнерлік бірлестіктермен ірі көлемдегі мәселелерді шеше алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы ерекше айтқан жөн. Өйткені мемлекет кәсіпорындарының ұжымы өзінен өзі кәсіпкерлікті ңсубъектісі бола алмайды. Бірақ егер қайта құрылыс болып, бұрынғы ұжымның орнына жаңа , айталық арендаторлар ұйымы құрылса, онда соңғылары ұжымдық кәсіпкерліктің субъектісі болады.
Кейбір жағдайларда кәсіпкерліктің субъектісіне мемлекеттік, оның тиісті органдарын жатқызады. Бірақ нарықтық экономиканың жалпы ережесі бойынша мемлекет бизнесті ұйымдастырудың жолын белгілеп, оны бақылап отырып кәсіпкерлік субъектісі бола алмайды. Осыдан келіп кәсіпкерлік қызмет түрінің иерархиясы шығады:! мемлекеттік (жоспарлы кездегіден өзгеше нарықтық экономикадағы роліне байланысты), ұжымдық, жеке-дара.
Кәсіпкерліктің потенциалдық мүмкіндіктерін толық бағалау үшін олардың субъектілерін номиналды және реалды деп бөлудің маңызы ерекше. Номиналдыға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы жатады. Нарықты экономика елдерінде әрбіреуінің бұған құқығы бар. Алайда мұны жүзеге асыру қоғам мүшесінің бәрінің қолынан келмейді.Сондықтан кәсіпкерліктің шын, реалды субъектісі – бұған деген алғы шарттары бар, ең бастысы – капитал иемдену құқысы барлар. Міне осы адамдар экономиканың кәсіпкерлік секторын құрып, дамыта алады.
Кәсіпкерліктің объектісі – адамның белгілі қызметі. Мұның ерекшелігі неде? Кәсіпкерліктің соңғы нәтижесі - өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет. Бірақ, ең бастысы - әр кәсіпкер оның тек өзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне осы себептен кәсіпкерлердің ең басты мақсаты өз кәсіпорнының пайданы көп келтіруі немесе шығындарын барынша азайту. Ал кәсіпкердің табысы көбіне оның істі ұйымдастыруына тікелей байланысты. Қызметінің бастапқы кезінде кәсіпкер қатаң бәсеке жағдайында нарықтан шығып қалмас үшін өндіріс факторларын комбинациялаудың жаңа жолдарын іздейді, яғни бұл кәсіпкер ісінің ең басты мәселесі.
Сонымен кәсіпкерлік – жаңа мүмкіндіктерді іздеу, жаңа технологияны пайдалану, апиталды жұмсаудың тың салаларын іздеу, ескі ойлау шеңберінен шығу. Былайша айтқанда, өндірістің жаңа түрін ашып дамыту, қызметтер мен тауарлардың жаңа түрлерін шығару мақсатында ұйымдастыру құрылымдарын өзгерту, жаңарту және өркендету туралы болып отыр. Мұндай өзгерістердің түрлері әралуан – жаңа кәсіпорындар ашу немесе ескіні қайта құру, байланыстардың жаңа түрлерін жасау немесе ескілерін жою, модификациялау және т.б.
Барынша көп табыс келтіру – кәсіпкерлік жұмыстың қозғаушы факторы. Көп жағдайларда тек осы тұрғыдан ғана іс ұйымдастырылып, одан ары кеңейтіледі. Бірақ нарық жағдайында белгілі бір өзгерістер өне бойы болып тұрады. Кәсіпкерлер көбіне бұл өзгерістердің басталуын күтпейді, тек соңынан ғана оларға тиісінше көңіл аударады. Жоғарыда көрсеткендей олар өздеріне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтар енгізеді. Жаңалық процесінің мұраты – пайда табу. Нарыққа жаңа тауар шығарған немесе ресурс үнемдейтін, экономикалық тиімді технология ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және жағдайға творчестволықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
Кәсіпкерлікке тән тағы бір сипат-шаруашылық жүргізудегі тәуекелге бел бууы. Іске кіріскенде алғашқыда болашақ бұлдыр, оны болжап білу қиын. Жаңа идеялар мен жобаларды пайдаланғанда бастапқыда қауіпқатері көп, ал оларды өне бойы экономикалық жағынан есептеуге мүмкін емес.
Шаруашылық қауіп – қатердің, тәуекелді ңнегізінде мүмкін болатын және шын шығындар мен нәтижелердің ара қатынасы жатады. Егер өндірілген тауарлар бағасы жұмсалған шығындарды қайтармаса, онда кәсіпкер өз қызметін тиімді ұйымдастыра алмағаны, әлде күткен конъюнктура жайсыз болғаны.
Өндіріс факторларын комбинациялауды тұрақты бақылау кәсіпкерді өне бойы қауырт жағдайда ұстайды, ал мұндай психологиялық жай өндірістің басқа мүшелерінде тарайды. Сонымен, нақты кәсіпкерлік қызметтің шеңберіне шаруашылық белсенділіктің жаңа мүмкіндіктерін іздеу, пайдалылықты анықтау, өндірісті ұлғайтудың қаржылық және басқа ресурстарын қамтамасыз ету, жұмысшыларды жалдау, өкіметпен, жабдықтаушымен, клиенттермен қарым-қатынастар енеді. Әрине осы жұмыстардың бәрін бір адамның атқаруы міндетті емес. Бірақ кәсіпкерді линзамен салыстыру орынды: ол басқалардың энергиясын көбейтеді. Тәуелсіздік және ұйымдастырудағы новаторлық-кәсіпкерліктің мәні осында: біреуі оған өмір берсе, екіншісі – тағдырын анықтайды.
Кәсіпкерліктің мәнін толық түсіну үшін оны меншік қатынастарын жүзеге асырудың бір түрі деп қарау керек. Кәсіпкер меншік иесі ме? Бұл сұраққа жауап беру үшін меншік иесінің қызметін шаруашылық субъектісінің қызметінен айыра білу шарт. Өткен ғасырдың өзінде –ақ меншіктегі капиталдан қызмет атқаратын капитал бөлінді. Осыған қарап өндіріс құрал-жабдықтарны меншік объектісі ретінде иемденумен оларды шаруашылық объектісі ретінде иемденуі, тиісінше меншік иесі қызметін шаруашылық субъектісі қызметінен айыра білу керек. Субъектінің өндіріс құрал-жабдықтарын меншік және шаруашылық объектісі ретінде иемдену жеке-дара кәсіпкерлік деп түсіндіріледі. Шешім қабылдау процесі капитал иесіне түгел тәуелді. Алайда әдетте шешім қабылдау капитал иесінен капиталды басқарушыға ауысып отырады. Бұл өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемдену. Оның иелері жеке адам, топ немесе ұжым болулары мүмкін. Олар белгілі жағдайлар негізінде кәсіпкерге айналады - өздерінің шаруашылық жұмысы нәтижелерінде экономикалық жауапкершілікпен қарайтын оқшауланған тауар өндірушілер. Бұл тенденция, бағыт акционерлік қоғамдардың пайда болуымен байланысты күшейтеді. Жеке кәсіпорындарда бұрынғысынша меншік иесі кәсіпкер. Бір-ақ қазіргі кәсіпкерлік кооперативтік болып, ұйымдастыру, техникалық басқару меншік иесінен оның толық қанды өкілі – менеджерге ауысуымен сипатталады. Сонымен, кәсіпкер өндіріс құрал-жабдығын меншіктенуші болмай-ақ шаруашылық өкілі ретінде оларды иемдене алады. Кәсіпкер қызмет істейтін меншіктің иесі ретінде шаруашылық субъектісі болып оқшауланады. Ол оған шаруашылық жұмысын өз бетімен жүргізуге жағдай жасайды, өз есебінен кәсіпорынды ашып, өндіріс құрал-жабдықтарын тиімді пайдалануға, оны жұмыс күшімен қосудың жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Демек, кәсіпкер мен меншік иесі арасында айтарлықтай қатты байланыс жоқ. Кәсіпкерлік қызметтің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарын шаруашылық объектісі ретінде иемденуде және табыс алу мақсатында өндіріс факторларын тиімді пайдалану.

Кәсіпкерліктің формаларын ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-экономикалық деп бөлуге болады.
Ұйымдық-құқықтыққа – серіктестік, шаруашылық қоғам, кооператив жатады.
СЕРІКТЕСТІК – белгілі бір порция бойынша өз капиталдарын еңбек ресурстарны жұмылдырып және кәсіпорынның пайдасынан өз үлесін алып, тұруға келісім жасап, осы кәсіпорынның иесіне айналатын бірнеше кәсіпкерлердің бірлестігі.
КООПЕРАТИВ – жалға алған немесе олардың пайдалануына берілген мүліктерді пайдаланатын, тауар , өнім өндіру , әр түрлі жұмыстар орындау және қызмет көрсету шаруашылығымен айналысу мақсатымен кооперативке мүше ретінде ерікті түрде бірлескен адамдар тобы. Олар өндірісті дербес, өзін-өзі басқару және қаржыландыру принципіне сәйкес ұйымдастырылады.
Ұйымдық-экономикалық формаға мыналарды жатқызуға болады: концерн, синдикат, қауымдастық, картель, қаржылық-өндірістік топтар.
Енді осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталатын болсақ:
КОНЦЕРН – қатысу жүйесі арқылы мүдде ортақтығы, жеке жөніндегі шарттары, патенттік-лицензиялық келісімдері, қаржылануы, шығысы өндірістік ынтымақтастығы бойынша бір-бірімен байланысты жеке кәсіпорын бірлестігі.
СИНДИКАТ – несие беру немесе облигациялық займды ұйымдастыруға қатысушы банктер тобы.
ҚАУЫМДАСТЫҚ – бірлескен қызметі заңмен реттелетін, өз мақсаты белгілі бір жалпы мүдделерді іске асыруға көмектесу деп санайтын жеке адамдардан тұратын ұйым.
КАРТЕЛЬ – қандай да бір тауар немесе қызмет көрсетудің жеткізілуін бақылайтын компанияның шағын тобы.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік ерекшелігі, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?