Құқық | ҚЫЛМЫС ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Мазмұны
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ БОЙЫНША ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ--------------------------------------------------
1.1. Қылмыстың ұғымы және белгілері----------------------------------------
1.2. Қылмыстың түрлері-------------------------------------------------------------
1.3. Қылмыстың жиынтығы---------------------------------------------------------
ІІ. ҚЫЛМЫС ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ--------------------------------
2.1. Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы -----------------------
2.2. Қылмыс және қылмыс құрамының міндеттері---------------------------
2.3. Қылмыс құрамының түрлері-------------------------------------------------
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР---------------------------------------------------
І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫС ҰҒЫМЫ, ТҮСІНІГІ
1.1. Қылмыстың ұғымы және белгілері
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу — қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс - әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық зандарының негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926 жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде «қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет» деп көрсетіледі (1-бап). Бұл жерде кеңестік құрылысқа немесе құқық тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп жарияланды. КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық заңдардың негізінде «Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қыл-мыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады» делінген. Дәл осындай анықтама бұрынғы Одаққа кірген барлық республикалардың, онын ішінде 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қазақ КСР Қылмыстық кодексінде де (7-бап) берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданды. Осы Кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда «жазалау қатері мен тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады» делінген (9-бап). Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік, жазаланушылық қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылықпен атау қалыптасқан.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясында, осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.
1.2. Қылмыстың түрлері
Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмысты санаттауға іс - әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі немесе қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз болады. Қылмыстық заңда қылмысты санаттаудың үш түрлі көрінісі қалыптасқан. Ол біріншіден, іс - әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне қарап қылмысты төрт түрлі санатқа бөлу, екіншіден, қылмыстың объектісі бойынша санаттау. Осы белгі бойынша барлық қылмыстарды Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде бірнеше санатқа бөлініп, объектісінің маңыздылығына қарай бірінен соң бірі орын алған, мысалы адам өміріне қарсы, мемлекеттің егемендігіне, басқару тәртібіне, меншікке қарсы, әскери қылмыстар т.б. Үшіншіден, қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей қылмыстар, қоғамға қауіптілік сипаттарына қарай жай, күшейтілген (квалифированные), артықшылық берілген (привилегированные) болып бөлшектенеді. Мысалы: кісі өлтіру, ауырлатпайтын және жеңілдетпейтін жағдайда кісі өлтіру, жеңілдететін жағдайда жан күйзелу, қажетті қорғану шегінен асып кісі өлтіру бөліп бөлінеді.
Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде қылмысты санаттау туралы арнаулы норма енгізіліп, онда қылмыстар сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнін түріне байланысты былай көрсетілген:
- кішігірім
- ауырлығы орташа
- ауыр
- аса ауыр
Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес:
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет кішігірім қылмыс деп танылады.
Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.
1.3. Қылмыстың жиынтығы
Қылмыстық Кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады.
Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері осы Кодекстің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса әрбір жасалған қылмыс үшін осы Кодекстің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады (12-бап, 1-бөлігі).
Осы Кодекстің екі немесе одан да кеп баптарында көзделген қылмыстардың белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бір әрекеттің белгілері осы Кодекс бабының басқа әрекет үшін неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса, әрбір қылмыс үшін осы Кодекстің тиісті баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады (12-бап, 2-бөлігі).
Егер адам Қылмыстық кодекстің әртүрлі баптарында, ал жеке реттерде баптардың бөлігінде көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істесе, онын бірде біреуі үшін сотталмаса немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаса, онда оның іс-әрекетінде қылмыстың жиынтығы бар деп танылады. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстардың жиынтығында кінәлі түрде істелген іс-әрекетте екі немесе одан да көп қылмыстың құрамы болады. Кінәлінің істеген іс-әрекеті қыл-мыстық кодекстің Ерекше бөлімінде көрсетілген баптардың әр түрлі бөлігінің немесе бір баптың неше түрлі тармақшаларында көрсетілген қылмыс кұрамының белгілеріне сәйкес болуы керек. Сол сияқты адамның істеген біркелкі әрекетінің біреуі біткен қылмыс та, басқасы қылмысқа дайындалуды, оқталуды немесе қылмысқа катысуды түзетін болса, онда мұндай әрекетте қылмыстың жиынтығы болып табылады.
Қылмыстың жиынтығы болу үшін адам істеген іс-әрекеттің біреуі үшін де сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған болуы керек, осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 65,66, 67, 68, 69. 73, 76 - баптарында көрсетілген шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босап, қажетті корғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату; жәбірленушімен та-туласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; ескіру мерзімі өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; айыптау үкімінің ескіру мерзімі бойынша жазаны өтеуден босату, айыптау үкімінің-ескіру мерзімі бойынша жазаны өтеуден босату, рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықпен жазадан босату сияқты фактілер қылмыс жиынтығында орын алмауы керек.
Егер мұндай мәселелер болса, онда ондай іс-әрекетте қылмыстың жиынтығы болмайды. Заң әдебиетінде қылмыстың жиынтығы идеалдық, және нақты (реалды) болып екі түрге бөлінеді.
Қылмыстың идеалдық жиынтығы деп кінәлінің, бір іс-әрекетінен бірден қылмыстық заңның әр түрлі баптары, бір баптың әртүрлі бөліктері, тармақшалары бойынша сараланатын екі немесе одан да көп қылмыстардың істелуін айтамыз. Қылмыстың идеалдық жиынтығына Ш-ның іс-әрекеті мысал бола алады. Ш. өзінің танысы К-ның саяжайына келеді. Ш. К-нің саяжайда қатты мас болып, ұйықтап жатканын көріп, одан кек алу мақсаты-мен, есік, терезені сыртынан мықтап бекітіп, дәлізде түрған 10 литр бензинді саяжай ішіне шашып, от қояды. Өрттен саяжай өртеніп, ішіндегі К. ауыр жарақат алып 4 тәуліктен соң ауруханада қайтыс болады. Ш. бір әрекетпен (К-нің саяжайын өртеу арқылы) екі қылмыс істеді: 1) бөтеннің мүлкіне өрт жіберу арқылы қасақана құрту (87-бап, 2-белігі, «а» тармағы); 2) кісіні кек алу мақсатымен қасақана өлтіру (96-бап, 1-бөлігі).
Егер кінәлі адам бір әрекет арқылы бір мезгілде қылмыс істеуге оқталумен бірге екінші бір біткен қылмыстың құрамын орындаса бұл да қылмыстың идеалдық жиынтығы болады.
Мысалы У. төртінші қабаттағы пәтерінде тұрып жолда өтіп бара жатқан өзінің жек көретін танысы С-ны ауыр жаралау мақсатымен төртінші қабаттан С-ға қаратып жұдырыктай тас лактырады. Тас С-ға тимей Ж деген әйелге тиіп, оған ауыр дене жарақатын түсіреді. Осы мысалдан У-дың бір әрекетінен екі қылмыс жасағанын көріп отырмыз. Оның біріншісі С-ға ауыр дене жарақатын салуға оқталу, екіншісі Т-ға абайсызда ауыр дене жарақа-тын түсіру. Қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр түрлі бабына (баптың бөлімдеріне, баптың тармақшаларына) жататын қылмыс жасауын айтамыз. Қылмыстың жиынтығын идеалдық және нақты деп бөлудің теориялық та, практикалық та маңызы зор. Қылмыстың жиынтығының зияндылығы идеалдық жиынтыққа қарағанда қомақты болады, сол үшін де оған қатаңырақ жаза мөлшері белгіленеді. Оның үстіне Қылмыстық кодекстің 54-бабының, 1-бөлігінің «а» тармағына сәйкес қылмыстың нақты жиынтығында бұрын бір қылмыс істеген адамның жаңадан қылмыс істеуі, қылмыстардың қайталануы, жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады.
Қылмыстың жиынтығын нормалар бәсекелестігінен ажырата білу қажет. Нормалар бәсекелесі Қылмыстық кодекстің, Ерекше бөлімінің бірнеше баптарын бірдей қамтитын бір қылмыс арқылы көрініс табады. Нормалар бәсекелесінде сот Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарынан сол іс-әрекетке тән бір бапты ғана бөліп алып, іс-әрекетті сол бойынша саралайды. Жалпы және арнаулы нормалар бәсекелесі болғанда арнаулы норма қолданылады.
Егер арнаулы нормалар өзара бәсекеге түссе, онда жазаны жеңілдететін мән-жайларды көрсететін қылмыстық құқылық нормаға артықшылық беріледі.Егер белгілі бір және нақ сол әрекет осы Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстың жауаптылық осы Кодекстің ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды (12-бап, 3-бөлігі).
Яғни айтқанда, егер бір қылмысты іс-әрекет екінші бір қылмыстың міңдетті белгісі ретінде көрінсе, қылмыстың жиынтығы болмайды. Мысалы: қызмет өкілеттігін пайдаланып қиянат жасау жеке қылмыс (307-бап), ол сонымен бірге бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың тәсілі ретінде көрінуі де мүмкін (176-баптың 2- бөлігі, «в» тармағы), соңғы жағдайда барлық іс-әрекет бір қылмыс болып табылады да, қосымша 307-баппен саралануға жат-пайды
ІІ. ҚЫЛМЫС ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
2.1. Қылмыс құрамының түсінігі және оның маңызы
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген түсінікті ашпайды. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыстың кұрамы деп — қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір кылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін кылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан кұралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс кұрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс кұрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы
Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда бұл қылмыс құрамы болмайды. Егер адам бөтен адамның мүлкін абайсызда бүлдірсе немесе жойса онда кінәлінің әрекетінде басқа бір қылмыс құрамы болады. Себебі, бұл жерде 187-бапта көрсетілген кылмыстың басты белгісі қылмысты қасақаналықпен істеу жоқ. Әрбір қылмыс құрамының белгілері Ерекше бөлімдегі баптардың диспозициясында ғана емес, қылмыстық заңның Жалпы бөлімінде оның тиісті баптарында да айтылады. Ерекше бөлімнің, баптарының диспозицияларында әр түрлі қылмыстың көптеген белгілері аталып көрсетілген. Мүның өзінде диспозициялардың кылмыстың ерекшелігін анықтайтын және оны басқа қылмыстардан ажырататын соған тән белгілерінің тізбегін береді. Барлық қылмыстарға жалпылама ортак немесе нақты қылмыс топтарына тән белгілер Жалпы бөлімнің баптарында анықталады. Мысалы, бөтеннің мүлкін ұрлауды анықтайтын Қылмыстық кодекстің 175-бабының диспозициясында осы қылмыстық не субъектісі, не кінәнің нысаны аталмаған.
Бұл жалпылама белгілер Қылмыстық кодекстің 15 және 20-баптарында көрсетілген. Қылмыстық кодекстің 175-бабында ұрлықтың оған тән белгісі — басқа біреудің мүлкін жасырын түрде ұрлау ғана керсетілген. Осы белгі арқылы ұрлық тонаудан ерекшеленеді. Әрбір қылмыс істелген уақытында көптеген белгілермен сипатталады. Осы белгілердің барлығы да қылмыс кұрамына жатпайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады. Түрлік белгілер дегеніміз барлық қылмыстарға ортақ, олардын коғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекелеген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудін мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, кұжат т. б.) немесе ол ұрлыктың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы да болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі — оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы — тонау болады. Қылмыс кұрамы бір ғана қылмыстық құқықтык нормада — бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы, 314-бап —кызмет жөніндегі жалғандық.
Басқа жағдайларда Қылмыстық кодекстің бір бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылуы мүмкін. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген: баптың, бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі, ал екініші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген.
Ерекше бөлімнің баптарында әдетте аяқталған немесе орындаушының тікелей істеген қылмыстары көрсетіледі. Алдын ала қылмысты әрекеттерде немесе қылмысқа қатысушы адамдардың: ұйымдастырушы, айдап салушы, көмектесуші әрекеттеріне сол немесе басқа кылмыстың құрамының барлық белгілері болмайды. Мысалы, әйелді зорлауға оқталғанда онымен зорлап жыныстық қатынас жасау орындалмайды немесе кісі өлтіруге ақталғанда кылмыстың зардабы — адам өлімі жоқ. Бірақ та осы жағдайларда кінәлінің әрекеттерінде Ерекше бөлімдегі аталған баптарда көрсетілген қылмыстың .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?