Экономика | ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АТҚАРАТЫН РӨЛІ

 Экономика | ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АТҚАРАТЫН РӨЛІ

Мазмұны

Кіріспе

І. Тарау.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ.
1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі
1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы әдістері, аудиторлық бақылау
1.3.Қазақстандағы қаржылық бақылауды ұйымдастыру .

II.Тарау. ҚАРЖЫ ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
2.1Қаржы және бюджеттік құқық негіздері
2.2.Салық ұғымы,жүйесі түрлері
2.3.Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу

III.Тарау.ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
3.1.Қаржы нарығының жалпы түсінігі
3.2.Бағалы қағаздар нарығының механизімі,эмитенттері , кәіби мамандары, басқа қатысушылар мен қалыптасуы.
3.3.Өнеркәсіп қаржысы, міндеттері , кәсіпорындағы қаржы қатынастары,

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1. Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ
БАҚЫЛАУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі, жіктелуі
Қаржылық бақылау — қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрықшалық қызмет.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі. Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың брлуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған.Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады.Қаржылық бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді.Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын құрғанда; оларды білікті мамандармен толықтырғанда; бұл органдардың құқықтары реттелмегенде шындыққа айналады.
Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырлады.Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады.Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды.
Бақылау функциясы — қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі.Басқа жағынан, қаржылық бақылаудың нәтижелілігі қаржылық жоспарлауда, оперативті басқаруда пайдаланады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі – оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді: эконмикалық заңдадың талабының сақталуы; жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның атқарылуы (бюджеттік бақылау); шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа заңи тұлғалардың еңбек, материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және оларды тиімді пайдалану.Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін.Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі, ал кейде мүмкін болмайды, өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1) қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2) қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресустарға қаражаттарды жұмылдытудың уақыттылғы мен толымдылығын тексеру;
3) сееп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру;
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
А) бақылаудың реттілігі, жаппайлылығы, әмбебаптығы;
Б) бақылаудың првентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
С) әрекеттілік, нақтылық, жариялылық – бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
Д) бақылаудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық);
Е) бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі;
Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзге асырудың деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро немесе макро деңгейде жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекет етіуін бақылау.Оның міндеттері мыналар болып табылады:
1.Ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын қалыптастырып тиімді пайдалану процестерін қамтамасыз ету;
2. Қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің сай келуін бақылау;
3. Қаржы ресустарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен аймақтардың қаржы ресурстарына деген қажетттілігін оңтайлы түрде және саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік-мәдени сфераларының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында оларды салалар мен аумуқтар бойынша бөлудің алшақтықтарын анықтап, жою және басқалары;
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары (сметалары), аумақтық, салалық тұрғыда олардың атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады.Әр түрлі қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың және есептердің бірқатар өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасалады.
Билікті заң шығарушы органдар мен басқарудың мемлекеттік органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
1. Кәсіпорындардың қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;
2. шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамасыз ету;
3. Қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
4. Ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу;
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы шаруашылық қызметі бұл деңгейде бақылаудың объектісі, ал қаржылық көрсеткіштер (табыс, пайда, өзіндік құн, аударымдар, салықтар және басқалары) оның предметі болып табылады.Қаржылық бақылауды кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары жүзеге асырады.Бұл мақсатқа тәуелсіз аудиторлық ұйымдар да тартылады.
Қаржылық бақылау жүргізу тәсілдеріне, уақытына, субъектілеріне қарай жіктеледі.Осыларға байланысты қаржылық бақылау мынадай үш бағыт бойынша: түрлері, формалары, оны іске асыру әдістері бойынша бөлінеді.Субъектілерге (органдарға немесе бақылауды жүзеге асыршы ұйымдарға) байланысты қаржылық бақылаудың мына түрлері ажыратылды.


Қаржылық бақылау

Мемлекеттік бақылау Қоғамдық бақылау

Жалпы мемлекеттік бақылау Ведомствалық бақылау
Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақ, жастар ұйымдарының, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорт, шығармашылық, ардагерлер ұйымдарының, әртүрлі қорлардың бақылауы


Парламент(депудаттық) бақылауы
Ішкі шаруашылық бақылау
Аудиторлық бақылау

Жалпы мемлекттік бақылау ведомствалық бағыныштылығы мен меншік формасына байланыссыз кез келген объектіге жасалынады.Оны мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады.
Барлық өкілді органдар өздерінің сессияларында тиісті бюджеттің жобасын, оның орындалуын қарап, қаржы бақылауын іске асырады.Өкілді органдар жоспарлы-бюджеттік және салалық тұрақты комиссиялары маңызды бақылау қызметін атқарады.Олар сессия басталмас бұрын бюджеттің жобасы мен оның орындалуы жөнінде есепті қарайды.
Үкімет, жергілікті әкімшіліктердің аппараты, өкілетті органдар өздеріне бағынышты органдардың бақылаушылық қызметіне бағыт берумен қатар, өздері де бақылау қызметін атқарады.
Республика үкіметі мемлекеттік бюджеттің құралып, орындалуын бақылайды, мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асырады.Жергілікті органдар тиісінше өкілеттері шеңберінде бақылау қызметін атқарады.
Ведомствалық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомстваның өкілеттігі шеңберінде осы жүйеге енетін кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелердің қызметіне жасалады.
Ведомствалық бақылаудың негізгі міндеттері: жоспарланған тапсырманың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарының үнемдеп пайдалануын, меншіктің құнтталуын, бақылау тексеру жұмысының жайын бақылау, қосып жазу, қырсыздық, ысырапшылық фактілерін тыю.
Ведомствалық бақылау шеңберінде ішкі шаруашылық бақылау жүргізіледі.Яғни кәсіпорындар мен ұйымдар, мекемелерде нақты бақылау жүргізіледі.Мұнда бақылау қызметі күнделікті қаржы-шаруашылық қызметімен тығыз байланыстырылады.Баққылаудың бұл түрі өндірістің бастапқы буындарының өндірістік қорларды, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануына, шығындарды азайтуына, қаржы тәртібінің бұзылуын жоюға жауапкершілігін арттыруға септігін тигізеді.
Нарықтық қатынас жағдайында ішкі өндірістік бақылау бұрыңғы мәнінен айрылады: оны мемлекеттік кәсіпорындарға, коммерциялық және басқа да формаларындағы кәсіпорындарда шаруашылық ынталандыру шаралары алмастырыды.Шаруашылық есеп, коммерциялық есеп – тәртіп бұзушылықтың орын алмауының кепілі, өйткені, қызметкердің, кәсіпкердің жек басының мүдделігі бақылауды қажет етпейді.
Жжүргізу уақытына қарай қаржылық бақылау алдын ала, ағымдағы және кейінгі бақылау болуы мүмкін.Бақылаудың мұндай формалары көптеген органдардың қызметіне тән.
Алдын ала қаржылық бақылау ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану опрациялары жасалғанға дейін жүргізіледі, сондықтан қаржы тәртібін бұзбауды ескертуде оның зор маңызы бар.Бұл жағдайда бекітілуге және атқарылуға жататын құжаттар тексеріледі, бұлар – бюджеттердің, қаржы жоспарлары мен сметаларының жобалары, несие және касса мәлімдемесі, яғни қаржы қызметін жүзеге асырудың дәлелі қызметін атқаратын қыжаттар.
Ағымдағы қаржылық бақылау – бұл ақшалай операцияларды жасау процесіндегі бақылау (мемлекет алдындағы қаржы міндеттемелерінің орындалуы, әкімшілік-шаруашылық шығындарға, күрделі құбылысқа жұмсалатын ақшалай қаражаттарды алып, пайдалану барысында және т.б.).
Келесі қаржылық бақылау – қаржы операциялары жасалғаннан кейін жүргізілетін бақылау (бюджеттің кіріс пен щығыс бөліктері атқарылғаннан кейін, кәсіпорын немесе мекеме ақшалай қаражаттарды пайдаланғаннан кейін және т.б.).Бұл жағдайда қаржы тәртібінің жай-күйі анықталады, тәртіп бұзу жағдайлары ашылады, оны болдырмау, ескерту жолдары мен оларды жою жөніндегі шаралар анықталады.

1.2. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы, әдістері, аудиторлық бақылау.

Қаржылық бақылаудың сипаттамасы субъектілердің айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын органдарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады (1-сызбадан қараңыз).

1-сызба.Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталуы
Қаржылық бақылау
Мемлекеттік Қоғамдық
Жалпы-мемлекеттік Ведомствалық Қоғамдық ұйымдардың: кәсіподақтардың, партиялардың, жастардың, бұқаралық қозғалыстардың, ғылыми техникалық, мәдени ағартушылық, спорт, шығармашылық, ардагерлердің, түрлі қорлардың болуы
Ішкі-шаруашылық
Парламенттік (депудаттық) бақылау
Аудиторлық бақылау

Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) – мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеру.
Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері – Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түсетін түсімдерді алуға және бақылауға жауапты мемлекеттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық бағыныштағы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңи тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді:
1) сәйкестікке бақылау жасау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігін бағалау ;
2) қаржылық есептемені бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс етуінің анықтығын, негізділігін және уақыттылығын бағалау;
3) тиімділікті бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің республикалық және жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілген қызметтерді) өткізуінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру және бағалау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
1) кешенді бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
2) тақырыптық бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
3) үстеме бақылау – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты ақпарат алу қажеттілігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір-бірімен өзара байланысты құжаттарды салыстырып қарауды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша және тексеріліп отырған мәселе шеңберінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлылық, жариялылық қағидаттары міндетті түрде сақталып жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарымен айқындалады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау стандартарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, маслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындауға міндетті.
Бақылау нәтижелері бойынша мынадай актілер қабылданады:
1) қорытынды – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері негізінде жасайтын құжаты;
2) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы – Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің отырысында алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау нәтижелері бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және оның регламентімен айқындалады;
3) маслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы – белгіленген тәртіппен қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететін .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?