Экономика | Қаржының функциялары және рөлі

 Экономика | Қаржының функциялары және рөлі

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. Қаржының экономикалық негіздері

1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
1.2 Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы

2. Қаржының функциялары және рөлі

2.1 Қаржының бөлгіштік концепцияға сәйкес қызыметтері
2.2 Қаржының ұдайы өндірістік концепцияға сәйкес қызыметтері
2.3Қаржылардың нарықтық экономикадағы алатын орны

Қорытынды
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


1. Қаржының экономикалық негіздері
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады.
Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар — бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде көрінеді; оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т.б. жатады.
Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны болатыңдығыңда. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты — қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса көрсетеді.
Экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың барысын бақылауда және оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
- әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
- кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
- өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
- егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан - кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Қаржы — ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі — оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында — бөлуде және айырбастауда болады. Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн (ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу - сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа экономикалық категорияның механизмі — баға жұмыс істейді.
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын, олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады және олардың экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдық-әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі — өндірістік қатынастарға кіреді (1.2 сызбаны қараңыз). Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады деуге болады
1.2 сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, "жалпыдан - жекеге" қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады: жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық қатынастар және т.б.)
Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да — ақша, табыс (пайда*), өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен байланысты болады.
Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың — бағаның, еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізіңде жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан (пайдадан) аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т.б.), яғни баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкішаруашылықтық мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Қаржының жұмыс істеуінің шарты — ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары — мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) бөлінеді. Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?