Информатика | Қазіргі ақпараттық техналогиялар негізінде веб беттерін құру әдістері

 Информатика | Қазіргі ақпараттық техналогиялар негізінде веб беттерін құру әдістері

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім.
Білім беру жүйесінде қолданылатын веб беттерін құруға арналған ақпараттық коммуникациялық технологиялар
1.1.қазіргі веб беттерін құруға пайдаланып жүрген технологияларға талдау.
2.HTML тілін пайдаланып веб беттерін құру
2.1.HTML тілі туралы жалпы түсінік
2.2. HTML тілінің атқаратын қызметі
3. Броузерлер
4.HTML тэгтері (командалары)
5.Web беттерін құру негіздері
5.1.Тақырып стильдерін қолдану
5.2.Қолданылып отырған қаріптің көлемін өзгерту
5.3.Қаріп гарнитурасы (типі) мен түсін өзгерту
5.4.Құжат фоны мен жалпы мәтіннің түсін беру
5.5.WEB-парақ ішіне сурет орналастыру
5.6.Кесте жасау
5.7.Гипермәтіндік байланыстар орнату
5.8.Форма құру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


HTML тілі туралы жалпы түсінік.

Web-топтардағы құжаттардың негізгі форматы HTML тілі болып табылады. HTML (Hyper Text Maker Language) ағылшын тілінен аударғанда мына мағынаны білдіреді: гипермәтінді белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web беттер түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. HTML тілі WWW қызмет бабымен бірге дами отырып, Web беттерінің ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол WWW жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. WWW сөзі қазақ тіліне Кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады. Ол құжаттың бастапқы мәніне (ASCII-файл) енгізілетін қарапайым командалар жиынынан тұрады, олар осы құжаттың экранда көрсетілуін басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кез келген мәтіндік редакторда даярланған құжаттар HTML форматы ретінде сақталғаннан кейін Web-бет түрінде бейнелейді.
Гипермәтін – бұл қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне екпінді элемент орналасқан мәтін түрі. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру және форматтау әрекеттерін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу деген мағынаны білдіреді. Гипермәтінді бейнелеу үшін браузер деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Ал гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек, не ENTER пернесін бассақ, онда онымен байланысты құжатты оқи аламыз.
Сонымен, HTML тілі мәтіндерді осылайша байланыстыра отырып белгілеу мүмкіндігін береді. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.
HTML элементтерін мына 3 категорияға топтауға болады:
 Тақырыптық элементтер, яғни HEAD («шапка», тақырып атауы)элементінде қолданылатын элементтер және оған құжаттар туралы ақпарат жатады: TITLE
 Құжат құрылымын зерттейтін элементтер, мысалы, құжаттарды бөліктерге немесе параграфтарға (азат жолдарға) бөлу элементтері: H1, H2, H3, H4, H5, H6 және P, UL, OL, DL, PRE, CENTER, FORM, HR, TABLE
 Мәтіндік Элементтер. Мәтіндік элементтер құрамына:
o Мәтінді өрнектеу белгілері: EM, STRONG
o Қаріп өлшемдері: TT, I, B, U, STRIKE, BIG, SMALL, SUB, SUP
o Арнаулы элементтер: A, FONT, BR
HTML тілінің атқаратын қызметі

Web беттері экранда ықшам түрде безендіріліп көрсетілгенмен, HTML тілі мәтіндерді пішімдеп көрсететін тілге жатпайды. Өйткені әрбір тұтынушы әртүрлі компьютерлерді пайдаланады. Сол себепті жаңа ғана зауыттан шыққан бір компьютердің Windows жүйесінде жұмыс істей алатын броузері (Internet Explorer) бар болса, 2-ші бір тұтынушы компьютері тек LINUX жүйесінде жұмыс істейтін броузерді (Netscape Navigator) пайдалануы мүмкін. Бұл екеуінің көрсету мүмкіндіктері әртүрлі болуы мүмкін. Ал, 3-ші компьютердегі Web беттерінің мәтіндері зағиптарға арналған Брайль қаріптері арқылы берілсе, оның нәтижесі тіпті басқаша болады. Құжаттарды әрбір тұтынушының әртүрлі құрылғыларда және әртүрлі броузер программамен көретіндіктерін ескерсек, HTML тілін мәтіндерді пішімдеу тәсілдерін жазуға арналған тіл деп айтуға болиайды. Ол Интернеттегі мәтін бөліктерінің атқаратын қызметін анықтап, соларды әрбір тұтынушыға бейімдеп жеткізе алатын құжатты функционалды түрде белгілейтін тіл болып табылады. Мысалы, егер мәтін тақырыбын бейнелеу керек болса, онда HTML коды оны тақырып ретінде көрсетуге тырысады. Тақырыптың белгілеу коды алынған соң, оны броузер- программа өз мүмкіндігін пайдаланып, оны үлкейтіп ірі әріптермен жазуға ықтимал немесе тек экран жолдарының ортасына жылжытып қана көрсетуіне де болады. Ал егер бұл құжат мәтіні дыбыс синтезаторы арқылы берілетін болса, онда тақырып қаттырақ шығатын дауыс арқылы айтылып, одан соң аздап үзіліс жасалуы да мүмкін. HTML тілінде мәтінді пішімдеу тәсілінің де бар екенін айтып кету керек, бірақ жалпы тұрғыдан алғанда құжаттың мазмұны мен оны безендіріп көрсету жолдарының айырмашылығы сақталып отырады. Мысалы, тілдің соңғы HTML 4.0 нұсқасында мәтінді пішімдеу командаларын пайдалану ұсынылмаған.



Броузерлер

Броузер – бұл Web – беттерін (гипермәтіндік беттерді) қарауға негізделген программа (Internet Explorer, Netscape Navigator).
Графикалық, бейнелік және аудиомәліметтер жеке файлдарға жазылады да, құжат ішіндегі сілтемелерді сәйкес браузерлер оларды біртіндеп іске қосу қызметін атқарады. Файлдардағы мәліметтерді қабылдап, браузер оларды реттеп орналастырады да, HTML тілінің командалары арқылы мәтінге қажетті түстер енгізіп, терезе көлемін, мәтін қаріпі мен оның мөлшерін және т.б. әрекеттерді анықтап, нәтижесін экранда көрсетеді.
HTML файлдары *.htm және *.html деген кеңейтілулер арқылы өрнектеледі. Оны құрастыру үшін «Стандартные» программасындағы Блокнотты пайдаланамыз. Ал оның нәтижесін экранда көру үшін Microsoft Internet Explorer браузері қолданылады.

HTML тэгтері (командалары)

HTML тілінің бастапқы мәтінді белгілейтін командалары белгі немесе тэг деп аталады. Тэг символдар тізбегінен тұрады. Барлық тэг «кіші» () символынан аяқталады. Осындай қос символ тібегі бұрыштық жақшалар деп аталады. А шылатын бұрыштық жақшадан соң команда аты болып табылатын түйінді сөз - тэг орындалады. HTML тіліндегі әрбір тэг бір арнаулы қызмет атқарады. Олардың жазылуында әріптер регистрі ешбір рөо атқармайды, бас әріпті де, кіші әріпті де қатар қолдана беруге рұқсат етілген. Бірақ тэг атауларын жай мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан.
HTML тілінің бір тэгі әдетте құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы бір абзацқа ғана әсер етеді. Осыған орай екі тэг қатар қолданылады: бірі- ашады, 2-сі- жабады. Ашатын тэг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тэг- сол әсерді аяқтайды. Жабу тэгтері қиғаш сызық символымен (/) басталуы тиіс. Кейбір тэгтер өз жазылу орнына қарай тек бір ғана әсерін тигізеді. Мұндай жабу тэгі қажет болмай қалады да, ол жазылмайды. Егер тэг ретінде HTML тілінде қолданылмайтын түйінді сөз жазылып кетсе, онда оның ешбір әсері болмайды. Броузер арқылы құжат экранда көрсе тілген шақта тэгтердің өздері бейнеленбей, тек олардың құжат мәтініне тигізетін әсері білініп тұрады.
Олардың жазылуында әріптер регистрі ешқандай роль атқармайды, яғни үлкен әріпті де, кіші әріпті де қолдана беруге болады. Бірақ тэг атауларын жәй мәтіннен айыру мақсатында оларды бас әріппен жазу қалыптасқан. HTML тілінің бір тэгі құжаттың белгілі бір бөлігіне, мысалы, бір абзацқа ғана әсер етеді. Осы әрекетке байланысты екі тэг қатар қолданылады: бірі – ашады, ал екіншісі – жабады. Ашатын тэг белгілі бір әсер ету ісін бастайды, ал жабатын тэг – сол әрекетті аяқтайды.
Тэгтердің екі түрі болады:
- бір элементті тэг. Ол белгілі бір әрекетті орындау үшін оны қажетті орынға жазып қою керек. Мысалы, - келесі орынға көшу;
- қосарланған тэг. Ол ашылу және жабылу тэгтері ортасындағы мәтінді ғана әсер етеді. Жабылу тэгі алдында «/» символы болуы тиіс. Мысалы, … .
Тэганы жазу ережелері:
- ... - дұрыс жазылуы;
- ... - қате жазылуы;
HTML тілінің құрылымы

құжаттың тақырыбы


құжат тұлғасы



Web беттерін құру негіздері

Көптеген өңдеушілер Web беттерін құру үшін мәтіндік редакторды және процессорды қолданады. Сол көптеген редактордың ішінен Windows-ге арналған Блокнотты айтуға болады. Web беттерін құру үшін, алдымен керекті мәтінді енгізу керек. Оны редактор және процессор тәсілімен форматтауға болмайды. Кейін бұған HTML-дағы дескрипторды қолданамыз. Web бетке мәтінді жазып болған соң, оны мәтіндік құжат түрінде сақтау керек. Web сайтындағы белгілі беттердегі файлдар index.html атауымен беріледі. HTML-да көптеген негізгі дескрипторлар бар, солар әр түрлі Web беттердегі мәтінде жазылуы тиіс. Әрбір Web беттерін құрған кезде дескрипторы міндетті түрде болуы керек. Бұл дескриптор мәтіннің ең басында және ең соңында орналастырылады. Осы дескриптордан кейін әдетте дескрипторы тұрады,ол мәтіннің бар болуын көрсетіп, беттің атын береді. дескрипторынан кейін дескрипторы жазылады. Ол беттің атын белгілеу үшін қолданылады. Басқаша айтқанда әрбір беттің мәтінінің атын береді және де беттің аты әдетте Броузер терезесінде көрсетіледі.
Web беттің аты әсіресе әріп, сан және пробелдің көмегімен алыну керек. дескрипторы Web беттің бастапқы өзінің денесін көрсетеді. Бұл бөлімге қалған мәтін, графикалық көріністер, кестелер және т.б қамтамасыз етілген элементтер кіреді және оны сайытқа кірген келуші көре алады. Броузердің көмегімен Web беттерде құрылған жұмысты көруге болады. Осындай жұмысты орындау үшін Microsoft Internet Explorer немесе Netscape Navigator броузер программасын қолдану керек. Осы аталған программалардың ең жаңа нұсқауларын www.microsoft.com/ie және www.netscape.com сайтынан көруге болады. Web беттерде тұрған HTML кодын Web броузер есептейді.
Абзацты құру үшін, деген арнайы дескрипторы қолданылады, әйтпесе ол Web броузерде көрсетілмейді. Align атрибуты абзац қай жақта болу керектігін көрсетеді. Абзацтар оң, сол және ортасында болу мүмкін. дескрипторы келесі жаңа жолға түсу үшін қолданылады. Бұл дескриптор қысқаша мәтін үзіндісін бөлгенге пайдалы. Мысалы, пошталық адрестер, тақпақ жолдары және т.б. Басқа дескрипторларға қарағанда, дескрипторы қайталанып, қисық сызықпен жабылмай жазылады.
Тақырып- бұл Web беттерде қамтамасыз етілген структуралық ұйымның жақсы құралы. Әдетте пайдаланушыға өзінің керекті ақпаратын іздеу үшін тақырыптар топтамасынан көзді жүгірте салу оңай болады. HTML стандартында алты тақырыпты деңгейлер қолданылады.1-ші деңгейдегі тақырыптар ең үлкен шрифтпен, ал 6-шы деңгейдегі тақырыптар ең кіші шрифтпен берілген. дескрипторында да align атрибуты қолданылады. Web беттеріне арнайы символдарды қою үшін HTML-дағы кодтар топтамасынан көруге болады. Кодтар топтамасы сандық және мнемоникалық болып екіге бөлінеді. Сандық код амперсанд, фунт, символдың номері және нүктелі-үтір белгілерімен құралады. Ал мнемоникалық код өзіне амперсанд, символдың аты және нүктелі-үтір белгілерін қосады. дескрипторы мәтінді қарайтылған шрифтпен жазуға, ал курсивпен жазуға мүмкіндік береді. Келесі .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?