Экономика | Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері

 Экономика | Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері

Мазмұны

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Агроөнеркәсіптік кешеннің түсінігі, қағидалары мен қызмет ету шарттары
1.2 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік реттеудің рөлі және оның қағидалары мен әдістері
1.3 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын құқықтық қамтамасыз ету бағыттары

ІІ БӨЛІМ. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНУ МҮМКІНДІГІ

2.1 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы Ресей Федерациясының тәжірибесі
2.2 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың батыстық үлгілерінің ерекшеліктері
2.3 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік тәжірибелерді Қазақстанда қолдану ерекшеліктері

ІІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ

3.1 Астық рыногын Қазақстанның негізгі экспорттық әлеуетінің бірі ретінде дамыту жолдары
3.2 Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғышарты ретінде
3.3 Кластерлік жүйе – агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың құралы ретінде

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


Республиканың ауыл шаруашылық секторы қашанда табиғи-климаттық факторларға тәуелді. Сондықтан да кез келген мемлекет ауыл шаруашылық саланы белгілі бір мөлшер мен шектерде реттейді, ал реттеудің өзі мемлекеттік қолдау түрінде жүзеге асады. Себебі, ауыл шаруашылық өнімдері қағаз өндірісінде, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінде және басқа да өнеркәсіп салаларында шикізат болып табылады. Сонымен қатар халықты жұмыспен қамтудың бірден бір көзі. БСҰ-на кіру қарсаңында Қазақстанда бәсекеге қабілетті, дайын өнім шығару мәселесі өткір қойылып отырғаны белгілі. Бұл ең алдымен ауыл шаруашылығы саласын дамытуда маңызды орын алады.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев оңтүстік облыстардың тұрғындарымен кездесуінде экономиканың аграрлық секторындағы басым бағыттарды анықтап берген болатын. Олар: өндірістің дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу; мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы; кластерлік бастамашылықты қолдану; корпорацияны дамыту жолымен ақпараттық-маркетингтік бастамашылықты жүзеге асыру; халықаралық сапа стандартына көшу; ауыл шарушылығы техникаларын жаңарту; еңбекті ұйымдастыруды жаңа әдіспен оқыту; транспорттық стратегияға көшу; несиелеудің тиімді әдістері мен нысандарын ұйымдастыру; ауыл шарушылығы ғылымдарының ролін арттыру; ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін өндіріске енгізуді жеделдету; ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын қалыптастыру.
Елімізде ауыл шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау шаралары әрқашан жүзеге асырылып келеді. Мәселен, 2006 жылғы ауыл шаруашылығына мемлекеттен бөлінген қаржы көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 19,3%-ға артып, 77 млрд 25 млн теңгені құраған./2/ Мұның өзі мемлекет қаржысының жылдан-жылға артып келе жатқанын көрсетеді. Алайда, бұл салада түйіні шешілмеген мәселелер де жоқ емес. Оның ең бастысы – ауыл шаруашылық өнімдерінің ішкі рынокта да, сыртқы рынокта да бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады. Мәселен, астық өндіру 2000-2005 жылдар аралығында әр гектарға 8,4 центнерден 11,8 центнерге дейін болса, мұның өзі Ресейдегі көрсеткіштен 2 есе, Канададан 2,3 есе төмен. Әр сиырдан алынатын орташа жылдық сүттің көлемі небары 2127 кг-ды құрап, Ресейдегі деңгейден 30% -ға, Канададан 70%-ға төмен болып отыр. Сонымен қатар, әлемдік рынокта Қазақстан астығының қамырлылық коэффициенті жоғары екендігі мойындалған, алайда оның сатылу бағасы Канаданың астығына қарағанда 2-2,5 есе төмен болып отырғандығы осы салада маркетингтің және менеджменттің дамымай отырғанын көрсетеді./12/ Мәселен, Канадада астық жинау кезінде сынған бидай ешқашан да экспортқа шығарылмайды. Ол астықты сұрыптаған кезде бірден биоэтанол шығаратын зауыттарға жөнелтіледі. Экспортталатын бидай біздегідей емес, стантарттарға сай 50 немесе 100 кг-дық қапшықтарға салынып, “Канадада жасалған” деген жазумен шығарылады, ГОСТ және НЕТТО стандарттарына сәйкестендірілген.
Қазақстанда ауыл шаруашылық өнімдерінің әр түрін өсіріп, өндіруге қолайлы табиғи жағдай болғанымен, оны тиімді пайдалана алмай келеміз. Тіпті, арнайы экономикалық аймақтардағы (АЭА) бәсекеге қабілеттілік индексінің өзі салыстырмалы түрде импортталған тауарларға қарағанда әлі де төмен. Егер шет елдермен салыстыратын болсақ, көптеген елдерде ауыл шаруашылық өнімдерін алыс қашықтыққа тасымалдауға транспорттық дотациялар әрекет етеді. Мысалы, Австралияда, Аргентинада, Канадада және АҚШ пен ОАР-да ауыл шаруашылық өнімдерін теңіз порттарымен тасымалдауда мемлекеттік дотациялар көлемі тарифтік бағаның 35%-на дейін жетеді. Бұл көрсеткіш Оңтүстік Еуропа елдерінде 25%-дан , Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде 40%-дан төмен емес. Канадада осы кезге дейін астықты сақтауға және далалық провинциялардан Батыс және Шығыс жағалаулардағы экспорттық пункттерге жеткізуге субсидиялар әрекет етіп келді. Сонымен бірге 1995 жылы ауыл инфрақұрылымын және ауылдық жерлерде өңдеуші кәсіпорындарды дамыту үшін 300 млн доллар көлемінде бейімдеу қоры құрылған болатын./5/ Тауарлы өнім құнына есептесек ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау деңгейі Австрияда – 44%, Финляндияда – 72%, Швецияда – 47%, Швейцарияда – 76%-ды құрайды. Ақшалай сомада қарастыратын болсақ, АҚШ-та ауыл шаруашылығы трансферттерінің жалпы мөлшері 94 млрд $ соның ішінде тікелей бюджеттен – 77 млрд $, Жапонияда сәйкесінше 89 және 26 млрд $, Еуропалық Одақта – 134 және 60 млрд $, Финляндияда – 3,9 млрд $, Норвегияда – 3,4 млрд $./13/
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің тұрақты және қолайлы қызмет етуі, олардың өндірген өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігінің артуы көп жағдайда ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасына байланысты және де БСҰ-ға ену қарсаңында Қазақстанда осы сфераның дамуында оның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, және ауыл шаруашылығына тиімді қызмет етуі барынша көкейкесті проблемаға айналды. Егер оның еңбек өнімділігін арттыруға септігін тигізетінін ескерсек, жағдайдың аса өткір екенін болжау қиын емес. Дүниежүзілік Банк таратқан мәліметке сүйенсек, Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі Шығыс Еуропа елдерімен салыстырғанда 5 есе төмен болып отыр./11/ Қазіргі кезде Қазақстанда ауыл шаруашылығына әкелініп жатқан тракторлар саны орта есеппен 1200-1500, комбайндар 2500 дана немесе 2000 жылмен салыстырғанда 4-5 есе артық./5/ Алайда бұл көрсеткіштер материалдық-техникалық базаның жағдайына оң әсер етіп отырғанын көрсетпейді. Нәтижесінде 1 тракторға және комбайнға келетін маусымдық жүктеме шет елдерге қарағанда анағұрлым жоғары. Қазақстанның машина жасау саласындағы проблемалары сан алуан. Атап айтар болсақ, қажетті айналым құралдарының жоқтығы; міндетті төлемдер бойынша қарыздардың болуы; шетелдік, бірінші кезекте ресейлік жеткізушілерге деген күшті тәуелділік; жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын жасау мен енгізу бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық ұйымдардың (ҒЗТКҰ) жоқтығы. Бүгінде республикада 296 МТС жұмыс істеп тұр./5/ Дегенмен, олардың қызмет көрсету көлемінің айтарлықтай ауқымды емес екенін атап өтуіміз керек. Жалпы жұмыс көлемінде олардың үлесі шамамен 32%–ды құрайды. МТС-тардың негізгі кемшіліктеріне жеткізу қызметі құнының жоғарылығы, МТС-тардың ауыл шаруашылық өндірісінің түпкілікті нәтижесіне деген қызығушылықтарының жойылуы жатады. Мұндай жағдайда ірі шаруашылықтар МТС көрсететін қызметтерден бас тартып, ол жұмыстарды өз күштерімен атқаруға ұмтылады, ал ұсақ шаруашылықтар экономикалық қатынастардың формальді емес формасына талпыныс білдіреді. Өз кезегінде көптеген МТС-тар қызмет көрсету кәсіпорны ретінде қолайлы өндіріске қызығушылық таныта қоймайды. Мысалы, 2004 жылдың басында республикадағы МТС-тардың саны 600-ден 300-ге дейін немесе 2 есеге қысқарды./5/ Бізде отандық азық-түлік тауарларының көлемі жағынан да, ассортименті (алуантүрлілігі) мен сапасы жағынан да артта қалуының себебі белгілі. Егіншілік саласын алсақ, әлі күнге дейін өндірісті диверсификациялау мәселесі артта қалуда. Егістік алқабы 18 млн гектарды құрайтын болса, соның 65%-на арпа мен бидай егіледі. Майлы дақылдардың үлес салмағы аз. Соңғы жылдары мемлекеттің егін шаруашылығын диверсификациялау саясатының арқасында оң нәтижелерге қол жеткізе бастадық деп айтуға болады. Мәселен, 2005 жылы майлы дақылдарды егу алқабы 33 мың гектарға артса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 758 мың гектарды құрады. Экономикалық реформа жылдарында тек қана Қазақстанда емес басқа да Достастық мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы өндірісінде айтарлықтай құлдырау орын алды. Аграрлық саладағы бұл дағдарыстың негізгі себебі ауылды мемлекеттік қолдау көлемінің айтарлықтай қысқаруы болды. Бұл әсіресе, капиталды жинақтау мен инвестициялық сферада орын алды. Өнеркәсіптік өндіріс тауарлары мен ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның диспаритеті тереңдей түсті. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің ауыр қаржылық жағдайы салдарынан өндірісті механизациялау, химизациялау және мелиорациялау деңгейі төмендеді, егіс алқабы мен мал басы саны айтарлықтай қысқарды. Шаруашылық жүргізу процесінде соңғы жылдары топырақтың табиғи құнарлылығының төмендеуі байқалуда және оның айтарлықтай бөлігі су және жел эрозиясының әсерінен, қалдық пестицидтермен, минералды тыңайтқыш құрамындағы басқа да химиялық құралдардың әсерінен болып отыр. Минералды тыңайтқыштарды жүйесіз және бақылаусыз пайдалану топырақтың соның ішінде қара топырақтың деградациясына әкеліп отыр. Қазақстанда қара топырақты алқаптар 15 млн гектардан аспайды./10/ Минералды ресурстарды қолданудың ғылыми негізделген және алдыңғы қатарлы тәжірибеде тексерілген нормасын бұзудың нәтижесінде республика жыл сайын 3 млн тонна астық кем жинап отыр. Ақшалай түрде бұл шамамен 200 млн $-ды құрайды. Сәйкесінше топырақ құнарлылығының төмендеуімен бірге астықтың тиісті сапа көрсеткіштері де төмендейді. (ақуыз, қамырлылық коэфициенті, т.с.с). Саладағы айтарлықтай проблемаларға қарамастан ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының басым секторы болып қана қоймай, республика халқының жартысына жуығын жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда ауылдық жерде республика халқының 43% тұрады, алайда елдің жалпы ішкі өніміндегі оның үлесі небары 8% .
Ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырауы және инвестицияға деген қажеттіліктің өсуі ауыл шаруашылығындағы қаржылық қызметтерге әсіресе, ұзақ мерзімді инвестициялық қарыздарға сұранысты арттырды. Ауыл шаруашылығын несиелеу жағдайына келетін болсақ, республикада азық-түлік бағдарламасының аясында астық қолхаттарын кепілдендіру жүйесі енгізіліп, ол өзі жұмыс істей бастаған екі жылдың ішінде ТМД, Шығыс Еуропа, Қара теңіз бассейні аумағындағы елдер арасында ең үздік жүйе ретінде танылып үлгерді. Осы қордың кепілдендіруі мен Дүниежүзілік Банк, Еуропаның қайта құру және даму банкі, Robobank international, Natexis bank секілді халықаралық қаржы ұйымдары еліміздің астық шаруашылықтарын несиелендіре бастады. Оған қосымша қордың кепілдендіруі мен екінші деңгейдегі банктер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 30 млрд-тай теңгенің несиесін бөлді. Бүгінде Дүниежүзілік Банк Қазақстанның ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасын енгізуде. Жоба келесі бағыттарда жүзеге аспақ: ауылдық консультациялық қызмет бағдарламасы ауқымын арттыру және нығайту; ауыл шаруашылығы өндірісіндегі тәуекелді басқару бойынша бастамаларға қолдау; коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялардың жаңа қаржылық құралдарды енгізуіне жәрдемдесу; ұсақ ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері үшін қаржыландыру бағдарламасын қолдау. Жобаның жалпы құны 96,1 млн $./8/ Өз сөзінде Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Лу Брефор: «Соңғы жылдары Дүниежүзілік Банк Қазақстандағы ауыл шаруашылығын көтеруге біраз жәрдемдесуде. Қазақстан мен Дүниежүзілік Банк арасында осы сала бойынша екі жақты келісімдердің қол қойылуына елдің 40% халқының ауыл шаруашылығына тәуелді болып отырғаны себеп» деген болатын. Ауыл шаруашылығын несиелеу саясатында жаңа механизмдерді қолдану қажеттілігі туындайды. Мұның бір жолы – коммерциялық банктерге ауыл шаруашылығы саласына, ауылды жерлерде даяр өнімді өндірушілерді қаржыландыруға несие бөлетін болса, одан түсетін банк пайдасына 50-ден 75% мөлшерінде салық жеңілдіктерін енгізу қажет және Қазақстан жағдайында тиімді нәтижелерге әкелері сөзсіз. Әрі негіздік жұмыс істеу саласы банк қызметі болып табылмайтын коммерциялық кәсіпорындардың ауылды жерлерде несие берумен айналысуына жеңілдік жасаған жөн. Бұл несие саласындағы бәсекенің дамуына жағдай жасап, несие пайызының жоғарылап кетпеуіне себеп болар еді. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығында қызмет ететін фермерлер мен кәсіпкерлер арзанырақ несие алуға қол жеткізіп, бұл олардың бизнесінің дамуына оң әсерін тигізеді.
Мал шаруашылығында мал басы санының тұрақты өсуі байқалады. Осы жылдың басында мал саны 5666,5 мың бас, соның ішінде қой-ешкі 15216,7 мың, жылқы – 12199,9 мың, шошқа – 1301,0 мың және құс 28 млн бас болды./2/ Бірақ бұл саланың интенсивті дамуы кемшін. Өйткені, ірі қараның, қой-ешкінің, жылқының, шошқаның 80%-ы жеке шаруалардың үлесінде. Тиісінше сүт пен жүннің басым бөлігін де солар өндіреді. Мал шаруашылығын дамытудың басты шарты – рентабельділікке қол жеткізу. Бұған жағдай жасағанда ғана қаржы мәселесін шешуге болады. Еуропада бұған нақты есептің жасалуы негіз болса, іргедегі моңғол елінде бұған аз шығын жұмсалады. Баға қалыптастырушылықты дамытуда АҚШ-тың тәжірибесін ұстанған жөн. Мал шаруашылығы өнімдері өндірісін мемлекеттік реттеу АҚШ-та – 19млрд $, Ресейде – 32 млрд рубль көлемінде субсидиялау жолымен шешіледі. Сүтті мал шаруашылығына мемлекеттік көмек жыл сайын орта есеппен әр фермерлік шаруашылыққа 22 мың $ немесе әр мал басына 316 $-ды құрайды. Сәйкесінше Финляндияда 30 мың $ және әр мал басына 1,1 мың $, Жапонияда – 17 мың $, әр мал басына 510 $-дан келеді. Жалпы өнім көлемі 300 млн теңгеден жоғары ауыл шаруашылық кәсіпорындары 20-40% көлемінде рентабельділікке қол жеткізсе, 100-300 млн теңгеге дейін өндірісте бұл көрсеткіш 15-30%-ды құрайды.
Шаруашылықтарды дамытудың басты жолы – кооперациялау. Елімізде кооперацияларды дамыту үшін кең көлемді құқықтық база қалыптасқан. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін тағы бір іс-шара, яғни әкімшілігін интернеттендіру қажет. Бүкілқазақстандық ауыл шаруашылығы электрондық биржасын құру қажет. Сол арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қайсы жерде қай ауыл шаруашылығы тауары қандай бағамен сатыларын біліп, соңғы ақпараттарды алып отыруына қол жеткізеді. Қазақстанда, статистикалық мәліметтер бойынша, Интернетті 600 мыңнан астам адам пайдаланады. Бұл әлемдік деңгейден 4 есе аз. International Telecommunication Union мәліметтері бойынша Қазақстан әр жүз адамға шаққанда пайдаланушылар саны жөнінен әлемде 147 орында. Бұл Моңғолияның деңгейінен 2,7 есе, Қырғызстандағыдан 2 есе аз. Ал Интернетті пайдаланушылардың жалпы саны жөнінен Қазақстан 87-ші орында./6/
Нарықтық қатынастар тұсында ауыл шаруашылығы өндірісін алға апарудың бірқатар алғышарттары жасалды. Олардың қатарына көктемгі далалық және егін орағы жұмыстарын жеңілдікпен несиелеудің, ауыл шаруашылығы техникалары және өңдеу кәсіпорындары құрал-жабдықтарының қолға алынғандығын жатқызуға болады. Бәрімізге белгілі, 2003 жылдан бастап мемлекет агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді әрі бәсекеге қабілетті жүйесін құруды өз қолына алды. Ұзақ мерзімді құлдыраудан кейін салада тұрақты даму бой алды. Жерді пайдалануды жетілдіруге, заманауи агротехнологияны енгізуге, саланың техника-технологиялық жаңартылуына инвестициялар бағыттала бастады. Мемлекет шаруаларға фосфор, азот, калий тыңайтқыштары мен жанар-жағармай сатып алуға тұрақты субсидия бөлуде. Шаруаларға берілетін элиталық тұқым бағасы 40%-ға дейін арзандатылған және егін егу мен сұрыптау кезінде сапаны бақылау құралдарымен толық қамтамасыз етілуде. Тыңайтқыштарды, өсімдіктерді, химиялық қорғау құралдарын, элиталық тұқымды тиісті көлемде алуға қосымша қаржы бөлінді. Алайда, тұтастай алғанда, осының бәрі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізе алмай отыр. Еуропалық Одақ елдерінде шаруалар табысының 50%-ын бюджеттік субсидиялар құрайды./9/ Сондықтан осы салада жаңа механизмдерді іске асыру қажет. Бүгінде жұмыс істеп тұрған 180 мың ауыл шаруашылығы құрылымының тек 7 ірі кәсіпорны ғана халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Бұлай болатыны, еңбек өнімділігін арттыру үшін техникалық жағынан жарақтандыру қажет. Осы тұрғыда, Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2005 жылғы халыққа Жолдауында: «Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын»,/4/ – деп осы саланы индустрияландыру тиімді нәтижелерге әкелетінін атап көрсеткен.
Сонымен, тұтастай алғанда Қазақстан агроөндірістік кешені ауыл шаруашылығы өнімдерін тек ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін емес, экспортқа, бірінші кезекте ТМД елдеріне шығара алады. Ауыл шаруашылығында астық бизнесінің пайдалылығына қарамастан бұл салада шетелдік инвестиция жоқтың қасы. Сондықтан да экономиканың аграрлық секторы шамамен республика халқының жартысына жұмыс ұсынып отыр. Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған стратегиялық жоспарға экономикалық одақтың мемлекет-қатысушыларының агроөндірістік кешендерін интеграциялау бағдарламасын енгізу қажет. Ғалымдардың болжауынша жоғары механизацияланған кешендер алқаптың бір бірлігінен алынатын астық көлемін қазіргімен салыстырғанда 2,5-3 есе, ал еңбек өнімділігін 3-4 есе арттырады. Жаңа техникалық құралдардың көмегімен кешенді механизациялау және автоматтандыру еңбек шығындарын жем дайындау өндірісінде 3-4 есе, сүт өндірісінде 2 есе төмендетеді./7/ ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?