Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

 Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ

Мазмұны

КІРІСПЕ
2
I тарау Кәсіпкерліктің мәні және маңызы
3
1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың обьективті маңызы 3
1.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
7
II тарау «Ұлттық Компания «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштері және кәсіпкерлік қызметі
11
2.1 «Ұлттық Компания «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның технико-экономикалық жағдайы 11
2.2 Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің тиімділігі
24
III тарау Кәсіпкерлікті дамыту және оның тиімділігін арттыру
28
3.1 Кәсіпкерлікті басқаруды жетілдіру 28
3.2 Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жақсарту
35
ҚОРЫТЫНДЫ
37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 39


I тарау Кәсіпкерліктің мәні және маңызы

1.1 Кәсіпкерлікті дамытудың обьективті маңызы.

Кез-келген мемлекеттің экономикалық даму қарқынын жеделдету мен халықтың әлуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуда кәсіпкерлікті дамыту маңызды роль атқарады. Кәсіпкер және кәсіпкерлік отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде әр түрлі тұрғыдан қарастырып келеді. Бұл түсініктемені ағылшын экономисті Ричард Кантильон XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында алғаш рет қолданған. Оның түсінігімен кәсіпкер – бұл тәуекел жағдайда әрекет ететін адам. Ол байлықтың көзі – жер мен еңбек деп есептеді.
Кейінірек танымал француз экономисті Ж.Б. Сей кәсіпкерлік қызметті – жер, капитал, еңбек сияқты үш классикалық өндіріс факторын шоғырлану, біріктіру ретінде қарастырған.
Ағылшын ғалым экономистері А. Смит және Д. Рикардо экономиканы өзін-өзі реттеуші механизмі ретінде қарастырған. А. Смит өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері» туралы еңбегінде кәсіпкерлікке ерекше назар аударған. Оның пікірінше кәсіпкер – ол бірде-бір коммерциялық идеяларды жүзеге асыру және пайда табу үшін тәуекелге баратын капиталдың меншік иесі.
Француз экономисті А. Маршалл жоғарыда аталған 3 өндіріс факторына 4 фактор ретінде ұйымдастыруды қосты. Ал американдық экономист Дж. Б. Кларктың пікірінше өндіріс үрдісіне үнемі 4 фактор қатысады. Олар:
1) капитал
2) капиталдық игіліктер (өндіріс құралдары және жер)
3) кәсіпкердің қызметі (әрекеті)
4) жұмысшының еңбегі.
Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексіне» сәйкес кәсіпкерлік деп – меншік түріне қарамастан азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған ынталы қызметі.
Кәсіпкерлік қызмет – кәсіпкерлердің артынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады.
Кәсіпкерлік істің түрлері:
Өндірістік кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
1. кәсіпкерлікпен айналысу үшін қандай тауар өндіру, қандай қызмет көрсетуді іске асырумен шұғылдану керектігін білу керек;
2. одан кейін маркетингтік іспен шұғылдану: болашақ тұтынушылармен байланысу, сонымен бірге, шикізат, материалдар, энергия т.б жабдықтаушылармен ара қатынасты орнату;
3. келесі кезең өндіріс факторлары: а) негізгі өндірістік қорлар: ғимараттар, құрылыстар, өндірістік құрал жабдықтарды сатып алу немесе арендаға алу. б) өндірістік айналым қоры: еңбек заттары, шикізаттар, негізгі және қосымша материалдар, отын және знергетика ресурстары, жөндеу жасауға қосалқы бөлшектер, сатылып алынатын құрастыру бөлшектері, полуфабрикаттар, келешекке керекті шығындарды жабу көзі. Инструменттер мен инвентарлар айналым қорына екі белгісімен: бағасымен және пайдалану мерзімімен бөлінеді;
4. алдағы уақыттағы шығындар дегеніміз - бірінші кезеңдегі тауар өндіруді меңгергенше көбірек шығатын шығындар. Ол шығындар тауар өніміне тікелей қатынасады;
5. жұмыс күшін кәсіпкер еңбек биржасы немесе құлақтандыру арқылы жалғап алады. Жұмысқа аларда кадрлардың білімі, мамандығы, тәжірибелілігі, жеке қасиеттері т.б. ескерілуі керек;
6. қажетті информация – ресурстарды қосымша қосуға мүмкіндіктерді ойластырып, алдын ала есептеу;
7. қаржы қаражаттарының керек мөлшерін анықтау. Жалпы ақшаның қажеттік көлемін мынандай формуламен шығаруға болады:
Аж = А1 + А2 + А3 +А4 +….+Аn (1)
Аж - жалпы керекті қаражаттар;
А1 - жалақы қоры;
А2 - айналым қоры;
А3 - құрал жабдықтар;
А3 - ақпаратқа,т.б. интелектуалды қызметке төлем;
А4 - басқа мекемелердің атқарған жұмысына төлем, т.б.
8. бастапқы капитал: жиналған қор;
несиеге ақша алу;
9. өндірістік істің қорытындысы.
Сатудан түскен түсімнен өндірістік және коммерциялық шығындардың, яғни толық шығындардың айырмасы жалпы пайда болады.
Жалпы пайда = жалпы түсім алу өндіріс және коммерциялық шығындар яғни,
Жпайда = Ж түсім – толық шығын (2)
Жалпы пайда бұл салық төленгенге дейінгі пайда.
10. барлық салықтарды, айыптар мен баждарды, төлегеннен кейін қалған пайда – таза пайда деп аталады.
11. кәсіпкерліктің қаржы жағдайын бағалау үшін рентабельдік деңгейін шығарады:
Рентабельділік деңгей = таза пайда / шығындар + төлемдер * 100% (3)
Венчурлік бизнес деген болады. Бұл инновациялық кәсіпкерлік – тәуекелділік бизнес. Ол технологиялық жаңалықтардың бір түрі. Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысын коммерцияландыруға, әсіресе ғылым сиымдылығы көп өндіріс салаларында, бірінші кезекте жоғарғы технологиялық өндірістерде қолданылады, онда тәуекелділік, тиімділікке кепілдік болмауы мүмкін.

Келесі түрі коммерциялық кәсіпкерлік. Бұл кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржалары ең көп тараған бірқалыпты жұмыс істейтін көтерме сауда нарығы. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар жасау, яғни фьючерлік айырбас келісімдері жасалады. Мұндай шарттар бойынша төлемді мерзімді уақыт өткеннен кейін келісілген бағамен сатады. Мысалы, диханшылардың егін оруға қаражаты жоқ. Оған банкир ақша берем, сен 4-5 айдан кейін астығыңды мынандай бағамен сатасың деп келісім шарт жасайды. Ол көпшілік жағдайда нарық бағасынан төмен болады.
Тауар биржалары мынандай қызмет атқарады:
- сауда-саттық келісім жасауға делдалдық қызмет атқарады;
- тауар сатуды тәртіпке келтіреді, сауда операцияларын реттейді;
- баға туралы, өндіріс жағдайын, тағы басқа бағаға ықпал ететін факторлар жөнінде мәліметтер жинап жариялайды.
Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарды келісім бойынша сату, болашақта тауарлармен тұтынушыларды жабдықтау туралы шарттар жасаудан тұрады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі жұмысы тауарды сатып алу –сату операцияларымен байланысты. Өндірістік кәсіпкерліктен коммерциялық кәсіпкерліктің айырмашылығы, біріншісі тауар өндірсе, екіншісі сатып алып сатады. Сауда өндірістің жалғасы болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікпен шұғылданар алдында нарыққа маркетингтік талдау жасау керек. Жалпы алғанда маркетинг барлық шаруашылық істерді ұйымдастыру, басқару жүйесін жасақтау болып табылады.
Сауда фирмасындағы маркетинг жұмысы туралы модель-бағдарлама.


1. маркетинг ақпаратын жинау және мәліметтер банкасын жасақтау Қорытынды
Маркетингтік басқару шешімдерін қабылдау
2. ішкі және сыртқы факторларды зерттеу өзіңнің реалды мүмкіндігіңді бағалай білу, елестету
3. тауардың өтімділігін және оның даму тенденцияларын зерттеу Тауар (қандай тауар) өндіру жөнінде шешім қабылдау
4. ұсыныс пен сұранысқа ықпал ететін мәліметтер жинау және оны талдау Өткізу және баға саясатын жасақтау
5. тауардың сапасы бойынша қойылған талапқа сай тауарлар түрін анықтау Тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру
6. тауар жабдықтаушыларымен іскер және тұрақты байланыстар жасау Тауармен жабдықтаудың транзиттік және қойма түрлерін ұйымдастыру
7. сауда-технологиялық процестерді ұйымдастыру Тауардың тұрақты өндірілуін қамтамасыз ету
8. жарнамалық қамту Сатылатын тауарларға назар аударту
9. фирманың имиджін жасау Дүкендерге жеке сыртқы бейне беру

Коммерциялық келісімдер бағдарламасы:
1. сауда делдалдық жұмыс атқаруға жұмысшылар жалдау;
2. ғимараттар, қоймалар, ұсақ саудаға үй сатып алу немесе жалдау;
3. тауар сатып алу, сату;
4. тауар сатып алуға керекті несиелерді ұйымдастыру, табу және оны уақытында пайыз ставкасымен қайтару;
5. жоспарлауға керекті ақпараттарды табу, жасақтау;
6. тұтынушыларға тауар сатып, ақшасын алу,
7. қаржы органдарына салық және басқа төлемдерді мерзімінде төлеу.
Келесі түрі қаржылық кәсіпкерлік. Қаржылық кәсіпкерлікке негізінен коммерциялық банкілер және қор биржалары кіреді. Коммерциялық банкілер – бұл қаржы-кредит мекемелері, негізінен акционерлік типте болады. Олар көпшілікке коммерциялық кәсіпорындарға несие береді, ол үшін пайыз ставкасымен берген несиесін қайырады. Банкте активті және пассивті операциялар болады.
Қор биржалары – бағалы қағаздар нарығы. Ол капиталдың қозғалысын жеделдетеді және активтердің реалды құнын анықтайды.
Келесі түрі консультативтік кәсіпкерлік – бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда мынандай жұмыстар істеледі: қаржылық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағытталу туралы қаржылық, шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т.б. көрсетіледі. Консультация (кеңес беру) әдістері: 1) эксперттік консультация – мұнда маман өз бетімен диагноз қояды, шешімдер жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді;
2) процесстік консультация – фирманың маманы клиентпен белсенді түрде қарым-қатынаста болады, оның өз ойын айтуына ынталандырады, клиентпен бірге талдау жасайды, сонан кейін ұсыныстар белгілейді;
3) оқулық консультация – лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын жасақтау т.б.

Кәсіпкерліктің түрлері

Өндірістік Коммерциялық Қаржылық Консультациялық
Инновациялық Сауда Банк Жалпы басқару
Ғылыми-техникалық Сатып алу, сату Сақтандыру Әкімшілік.
Қаржылық басқару
Кадрларды басқару
Тауар өндіру Сауда делдалдық Аудиторлық Маркетинг
Қызмет көрсету Тауар биржалары Лизингтік өндіріс
информациялық технология
Тауарларды, қызметтерді өндірістік тұтыну. информациялық Қор биржалары Маманданған қызмет көрсету





1.2 Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы.

Барлық индустриялы дамыған елдердің экономикалық және әлеуметтік өсуі кәсіпкерліктің жеделдету әсеріне негізделген. Кәсіпкерлік оңтүстік- Шығыс Азиядағы: Қытай, Корея, Малайзия, Сингапур, Тайвань, Тайланд сияқты жаңадан идустриялы дамып келе жатырған елдердің экономикалық жағынан өсуіне зор әсер етті.
Қазақстан ХХІ ғасырдың басында кәсіпкерлікке тек қана бет бұра бастады. Республикада кәсіпкерліктің негізі экономикалық реформалардың басында қалана бастағаны белгілі. Алайда оны халықаралық нормалар мен стандарттарды ескере отырып одан әрі жетілдіре беру міндеттері тұр.
Жаңа шаруашылық немесе сауда мекемесін ұйымдастыру арқылы жаңа өнім өндіру немесе қызмет көрсетуді мойнына алушы кәсіпкер жөніндегі түсінік (анықтама) ең бірінші ХҮІІІ ғасырдағы француз экономисі Р. Кантильонның “Кәсіпкер жөніндегі жалпы ұғым “ кітабында жарық көрді.
Экономикалық теорияның барлық қолдаушылары кәсіпкерліктің экономиканы дамытудағы ролін жоғары бағалады.
Алайда экономиканы дамытудағы кәсіпкердің жеке роліне бірінші болып ғылыми түсініктеме берген И. Шумпетер болды. Біз бұған облыс бойынша көптеген кәсіпкердің атын атай аламыз. Мысалы: қаладағы “Береке” ПСП “Серік”, “Асан” т.б. немесе Зеленов ауданындағы “Каркула”, Тасқала ауданындағы “Өсімтал” (Е. Жамансариев) т.б. кәсіпкерлік негізіндегі шаруашылықты экономикалық дамуы, осы теорияның дұрыстығын анықтай түседі.
Кәсіпкерлік еңбек И. Шумпетерше – лауазым немесе мамандық емес. Ол үнемі көзге түсе бермейтін және ашық нарыққа апаратын тапқыр және тәуекел ұйымдастырушы қабілет. Шумпетер кәсіпкердің тіпті де капиталист емес екендігін бірнеше рет атап көрсетті. Сондықтан кәсіпкерлік еңбек жаңашылдық болғандықтан экономикалық өрлеу жөніндегі бұған еліктеушілер де көбейе беретіні сөзсіз. Сөйтіп, елдің экономикалық дамуы бүкіл халықтық сипат алады.
Қазір Қазақстан бойынша кәсіпкерлікпен айналысушылардың жалпы саны - 77398 адам.
Әрбір кәсіпкер ең жоғарғы табыс үшін күреседі. Оның кәсіпкерліктен табысына материалдық жағдайы тікелей байланысты болады. Міне, осыдан өзінен-өзі Кеңес үкіметі тұсындағы социалистік жарыстың орнына кәсіпкерлік жарыс басталатына сөзсіз. Бұрынғы бір мекеменің орнына бірнеше мекеменің жарысы етек алады. Сайып келгенде, бұл мемлекеттік деңгейде жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізетіні белгілі. Себебі әрбір кәсіпкер өз пайдасын ойлау барысында қоғамға қажетті тауарларды өндіреді немесе қызмет көрсетуге тырысады, жаңа нарық көздерін қалыптастырады немесе қазіргі бар жұмыс орындарына көмек көрсетеді. Сонымен қатар бұл кәсіпкер басқалардың тауарын сатып алады, қызметін қабылдайды да банкке салық төлейді. Нәтижесінде жеке пайдасын көздейтін кәсіпкерлер көбейген сайын қоғамның экономикалық байлығы арта түседі, себебі қоғамдық қор (бюджет) еселей көбейеді.
Кәсіпкерлік өндірістік, сауда-саттық, коммерциялық қаражат т.б. көптеген қызмет түрлерін қамтиды.
Қазақстанда кәсіпкерлікті жақында бастағандықтан кіші саудагерлік көбірек дамыған. Фирмаларды мөлшеріне қарай талдағанда (классификациялық) негізгі критерий: ұсақ саудагердің қатарына жататын мекемеге немесе кәсіпкер деп 100-ге дейін мүшесі бар кәсіпкерлік есептеледі. Қазақстанда бұл көрсеткіш әзірге 50-ге дейін мүшесі бар деп алынып келеді.
Кәсіпкердің пайда түсіру көзі көптеп саналады. Олардың қатарына: өзінің жеке меншік малы, өнері, мүлкі, жеке еңбек қызметі мен (народные промысли) дүкен ұстаушы кәсіпкерлік мүшелері, ұсақ фермерлер т.б. жатады.
Ұсақ жеке меншіктердің бәрі бір мақсатқа аз мөлшерде болса да капиталға ие болуға, оны арттыра беруге мүдделі.
Капитализмнің даму барысында ұсақ тауар өндірушілер жойыла береді, себебі олар соңғы өндіріс деңгейіне сәйкес келмейді, сөйтіп ірі компаниялардың құрбанына айнала береді деп есептелініп келді. Бірақта қазіргі кезеңде өзінің жеткілікті мөлшерде дамуына жол табуына байланысты әлем экономикасында ұсақ кәсіпкерлік кеңінен таралуда. Ұсақ фирмалардың саны арта түсуде және ұсақ кәсіпорындардың экономикадағы орны барынша тұрақты болып келеді.
Ұсақ фирмалар әсіресе жеңіл өнеркәсіптің мақта, жүн, елтірі, теріге негізделген түрлерінде кеңінен таралуда. Ұсақ компаниялар тұтынушылардың сатып алу қабілетінің өзгеруіне тез және аз капитал жұмсау мүмкіндігімен пайдаланып отырады. Нәтижесінде Э.Бернштейннің көрсеткеніндей, жалпы қоғам байлығы артқан сайын капиталистер саны да көбейе түседі.
Кәсіпкерліктің Қазақстанда пайда бола бастауы және дамуы өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық және саяси шиеленіскен қиын кезеңде іске аса бастады. Бұл еліміздегі экономикалық құлдырау, халықтың әл-ауқатының төмендеу кезеңі еді.
Елді экономикалық құлдырау сатысынан алып шығып, одан әрі дамытуда әлі де обьективті қиындықтар болып келеді. Обьективті қиындықтар көбіне жалпы экономикалық құлдырау және қажетті қаражат ресурстардың жетіспеуіне байланысты болып отыр. Нәтижесінде көлемді түрде кәсіпкерлікті дамытуда әлі де кедергілер сезіледі. Егер кең көлемді кәсіпкерліктің бастамасы ауылшаруашылығында болса, үнемі жанар-жағар май, дәнді дақылдар тұқымы, кезінде кредитке ақша алу қажет болғанда жетілмей келеді. Кәсіпкерлікті қолдау саясаты ұсақ кәсіпкерлікті қолдаудың жергілікті орталықтары арқылы жүзеге асырылады. Ұсақ кәсіпкерлік орталығы өз жұмысын күнделікті мәселелелерді шешуде өктемдік заңсыз басшылықпен күреске бағыттап отыруға тиісті. Болашақта және қазірдің өзінде бұл орталықтар ұсақ кәсіпкерлікпен айналысуға тілек білдіретін жаңа қожаларға лизинг алу немесе жаңа офис ашуға жағдай жасап отыруға тиісті. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде біздің қалада немесе облыс көлемінде жүріп жатыр. Кәсіпкерлікті көбейту және дамыту орталықтарының ролі әсіресе жаңа кәсіпкерлерді информациялық, методикалық қамту және бағыт беріп отыруды, маркетинг, менеджмент, техника мен технологияны, заңдылық пен құқық қорғау, экономика негіздерін дамытуға көмек көрсетіп отыруда өте зор. Ең соңында бұл органның ролі регионда озат тәжірибені таратуға басшылық жасап отырады. Сондықтан да, теңеп айтқанда, бұл орталықтар кәсіпкерліктің “жедел көмегі” ролін атқарады. Олар сөз емес, іс жүзінде халыққа ұсақ кәсіпкерліктің артықшылықтары мен іске асыру жолдары жөнінде білімнің негіздерін жеткізіп отырады.
Бұл бағыттағы қиындықтар, қоғамда қалыптасып қалған, ұсақ кәсіпкерліктен пайда түсіру және баю жөніндегі сенімсіздіктің әлі күшін жоймай келе жатырғанында.
Саудагерлікпен табыс табу және үлкен жетістіктерге жету әлі күнге дейін халық арасында кең түрдегі сенімге ие болмай келеді. Тауарды сатушы мен сатып алушының арасындағы терең бақталастықты қалыптастыратын нарықтық жұмыстар әлі де жеткіліксіз. Барынша сапалы өнімдер өндіру және таза қызмет көрсету арқылы жеткілікті мөлшердегі нарықтық дәрежеге жету әлі көңіл қанағаттандырмайды. Нарықтық бағыттағы жаңалықтарға көзқарасты тез өзгертіп шешім қабылдауда кәсіпкерлік тәжірибе жеткіліксіз. Кәсіпкерлер менеджмент пен маркетингтің қазіргі кезеңдегі әдістерін жете меңгере алмай келеді. Жұмысшыға еңбекақы төлеуде теңгермешілік жиі қолданылады. Бұл кәсіпкерліктің негізгі жүйелерін жетілдіре беруге кері әсерін тигізеді.
Отандық мамандардың осы бағыттағы еңбек тәжірибесі біршама жоғары бола тұрсада нарықтық сауда қатынастарына көшу әлеуметтік көзқарасты, ой-өрісін, тіпті еңбекке деген көзқарасты түп нұсқасында қайта құруды қажет етеді. Тіпті жеткілікті дәрежеде білімді және еңбек сүйгіш қызметкерлердің өздері бұл жұмыста білімдерін жетілдіре беруді қажет етеді. Өйткені еңбекті компьютерге және электронды техникаға сүйене отырып терең ғылыми негізде жүргізу әлдеқайда тиімді болатыны белгілі. Мұның бәріне бірден қол жеткізу мүмкін емес. Бұрынғы социалистік ортадан шыққан, нұсқаулар мен жоспарды орындауға ғана бағытталып қалған қызметкердің басқа бағыттағы еңбектің тиімділігіне көзін жеткізу, сенімін нығайту оңайға түспейді. Оның өз бетімен тәуекел етіп, бас кезінде біршама қаржы жұмсап, жаңа нарықтық бағытта жұмыс бастап кетуге еркі жете бермейді.
Жұмысшының еңбекақысын 20-30%-ке көтеру арқылы оның еңбек өнімділігін арттыруға болады деп есептеуге де болмайды.
Менеджменттің тәжірибесі артып, ұрпақтан- ұрпаққа тарай береді, бірақ бұған кәсіпкерлердің түгел көзін жеткізу оңай жұмыс емес, бұған көп уақыт керек.
Кәсіпкерлікті енгізу және дамыту өте қиын және жауапты жұмыс. Бұл үлкен ұйымдастырушылық, әзірлік білімді қажет етеді. Себебі бұл тұтынушылармен тығыз байланысты. Осы себептенде кәсіпкерлерде білімді .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?