Банк ісі | Қазақстандық коммерциялық банктерінің банктік несилері
Мазмұны
КІРІСПЕ.........................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІБАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫН
НЕСИЕЛЕНДІРУДЕГІ РӨЛІ МЕН ОРНЫ
1.1 Коммерциялық банктердің экономиканың негізгі салаларын несиелеуді ынталандырудағы ролі, қызметтері...........5
1.2 Экономиканың негізгі салаларын дамытуды ынталандырудағы банктік несиенің қажеттіліктері мен маңызы......11
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫН НЕСИЛЕУДЕГІ ҚЫЗМЕТТЕРІН ЖӘНЕ
ЫНТАЛАНДЫРУДАҒЫ РОЛІН ТАЛДАУ
2.1. ЕДБ-дің экономиканың негізгі салаларын несиелеудегі қызметтерін талдау...................................................17
2.2 Экономиканың негізгі салаларын дамытудағы банктік несиелеудің ролін талдау..........................21
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................................................29
Кiрiспе
Екінші деңгейлі банктердің экономиканың негізгі салаларын дамытуды ынталандырудағы ролі ерекше,олардың несиелерінің көмегімен бүгінгі таңда көптеген коммерциялық жобалар жүзеге асырылып, шағын және орта кәсіпорындар ашылуда. Қазіргі таңда экономиканың барлық салаларына несиелер көптеп беріліп, ел экономикасының қарқынды дамуына өз үлесін қосуда. Несиелiк жүйенiң негізгі буыны xaлық шаруашылығына тiкелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызметтерді жүзеге асыратын дербес банктiк мекемелер тобынан құралады. Сондықтан да Екінші деңгейлі банктер әртүрлі коммерциялық қызметтер көрсете отырып, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуына, кіші кәсіпкерлік субьектілерін, ауыл шаруашылығын және әртүрлі экономикалық секторларын несиелеуіне тікелей әсер етеді. Кез-келген елдің қаржылық жүйесінде коммерциялық банк негізгі несие мекемесі ретінде саналып, халық шаруашылығы мен өндірісті дамытуға өз үлестерін қосады. Банктер өз кезегінде коммерциялық, кооперативтiк және акционерлік банктер сияқты түрлерге бөлінеді.Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне екі жүзге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін толығымен сақтай отырып, қолайсыз жағдайдың өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Қазіргі таңда, коммерциялық банктер ел экономикасының ең маңызды және негізгі салаларын несиелей отырып, экономикалық өсу мен дамуға өлшеусіз үлес қосуда. Сонымен қатар, коммерциялық банктер экономика үшін маңызы зор – кіші кәсіпкерлік субъектілерінің ашылуына, халыққа сапалы қызмет пен өнім түрлерін ұсына алуға да ерекше үлес қосады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында былай деген:
Биыл үш жылдық аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру аяқталды. Біз еліміздегі аграрлық бизнесті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін негізінен қалыптастырдық. Үстіміздегі жылы ғана ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға республикалық бюджеттен 57,9 млрд. теңгеден аса қаржы бөлінді. Бұл рекордтық сан.
"Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заң қабылдау қажет.
Алдағы уақытта бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіміз, біз бұл мәселені талай мәрте талқылаған болатынбыз, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне айрықша талаптар қоятын болады. Ендігі жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өндеу саласында кластерлік бастамашылықты іске асыру арқылы аграрлық өндіркті индустрияландыруға айрықша назар аудару қажет деп санаймын. Жекеменшік сектордың назарын нақ осыған аудару керек, сондай-ақ кредиттерді де атап айтқанда, агроиндустриялық саясат арнасында осында тарту керек.
Коммерииялық банктердің студенттерге таяудағы бес жылда бөлетін кредиттеріне мемлекеттік кепілдік беру жүйесін асыру үшін қосымша 2 млрд. теңге, оның ішінде биылдың өзінде 6 млн. теңге бөлу қажет
Жұмыстың негізгі мақсаты – экономиканың өскелең даму кезеңіндегі Қазақстандық коммерциялық банктерінің банктік несилерінің ел экономикасының негізігі салаларын несиелеудегі қызметтерін талдап, олардың рөлі мен маңызын, қажеттілігін және нәтижелерін ашып көрсету.
Жұмыстың негізгі міндеті – Қазақстан экономикасының дамуының кепілі ретіндегі екінші деңгейлі банктерінің экономиканың негізгі салаларын дамытуды ынталандырудағы ролін, халыққа көрсететін қызметтерін жетілдіруге әсер ету және коммерциялық банктер мәртебесін ашып көрсету, банк ісін дамыту үшін жаңа бағыттар ұсыну болып табылады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫН
НЕСИЕЛЕУДЕГІ РОЛІ МЕН ОРНЫН ТАЛДАУ
1.1 Коммерциялық банктердің экономиканың негізгі салаларын несиелеуді ынталандырудағы ролі, қызметтері
Қазіргі таңда экономиканың негізгі салаларын несиелеуді экономикалық тұрғыдан ынталандыру мәселесі өте өзекті, өйткені экономиканың негізгі салаларының дамуы өндірістің өсуіне, көптеген жұмыс күштерінің ашылуына және қоғамның әрі қарай тұтастай дамуына әрекет етеді. Экономиканың негізгі салаларын дамытуды ынталандыруда мемлекеттiң несие жүйесiнің ролі мықты. Мемлекеттiң несие жүйесiнде коммерциялық банктердiң алатын орны өте зор. Өйткені банктік несие қарыз капиталы нарығының әр түрлi саласында жан-жақты ic-әрекет етедi. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негiзгi бөлiгiн шоғырландырып, өз клиенттерiне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу¬ сату мен оларды сақтay және басқа да көптеген қаржылық қызмет көpceтeді [1]. Қазiргi коммерциялық банктер несие жүйесiнiң басқа буындары сияқты клиенттерге көpceтeтін қызметтерін үнeмі дамытуда және көптеген жаңа түрлерiн меңгеруде. Бүгiнде кейбiр ірі мемлекеттердiң коммерциялық банктерi клиенттерге үш жүзге жуық қызмет түрлерiн көрсетуге мүмкiндiгi бар несие мeкeмeлері (Мысалы, Жапония банктерi) болып табылады [2 ,3].
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлудi қамтамасыз етiп, халық шаруашылығында маңызды қызмет атқарады Коммерциялық банктер - нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етіп, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшiн қажетті жағдай жасау болып табылады. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзіндік банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесінде мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер қызмет етті. Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды, сөйтіп, 1941 жылы Ресейдің мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, ресейдің мемлекеттік банкі тек банктерді қана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті. Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филилалымен) қарыз капитал нарығында елеулі жағдайға ие болып, 1914ж. шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті. Орта және ұсақ буржазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды; өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343). Ипотекалық несие жүйесі - мемлекеттік дворяндардың жер банкі, мемлекеттік жер банкі мен 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінде құрылды. Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнядағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз-жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды. 1917 жылы Қазан ревалюциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде мемлекеттік банк құрылды, кейіннен коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.
Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге: кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922 жылы деревнялар мен майдангерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924 жылы ауыл шаруашылық копперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926жылы 1 сәуір қарсаңында КСРО-да 16 185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426-несиелік және қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424-ауыл шаруашылық серіктестіктері болды. 1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсәпті несиелендіру үшін өзара несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік-Шығыс мемлекеттік капиталистік акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік коммерциялық банк құрылды.
КСРО-да 1930-1932 жж. жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылған. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды. Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі-өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта ұйымдастырылды. Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банкі мен мемлекеттік банкі арасында үлестірілді.
Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мемлекеттік банкі де халық шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзімді несиелендірумен айналысты. КСРО Мемлекеттік банкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық шоттары КСРО Мемлекеттік банкінде шоғырландырылды. Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермей сақталды.
КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банкінде (Промстройбанк) несиелік саясатты жүргізу, несиелендіру жүйесінің тиімділігі, сондай-ақ өнеркәсіп, құрылыс, көлік пен байланыстағы, КСРО Мембанкі жүйесіндегі есеп айырысу сияқты міндеттер жүктеледі. Банк – шаруашылықтың осы салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, қарыздық және басқа да шоттарын жүргізді. Осындай кешенді несиелік есеп айырысулар қызметін агроөнеркәсіптік кешеніндегі кәсіпорындарға – КСРО Агроөнеркәсәптік банкі; әлеуметтік және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарына – КСРО Тұрғын үй - әлеуметтік банкі; халыққа қызметті- КСРО Жинақ банкі көрсетті. КСРО сыртқы экономбанкі экспорттық-импорттық операциялар бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру мен жүргізуді қамтамасыз етті.
Мамандандырылған банктердің құрылымы әкімшілдік аумақтық принцип бойынша құрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер және облыстарда банктерді басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе қала деңгейінде өз мемлекеттері болды. Олар алғашында мына принцип бойынша құрылды: ауданда клиенттері басымырақ болса, онда мамандандарылған банктердің, осы ауданда бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана ерекшеленеді, себебі оның мекемелері әр ауданда, колхозда және совхозда болды. Мамандандандырылған банктердің төменгі буыны (жинақ банкінен басқалары) өзінің мамандануына қарамастан, ауданнның барлық клиенттеріне қызмет көрсетті. Негізінен банктердің мамандануы тек басқару деңгейінде ғана көрінді, ал төменгі мекемелері әмбебап несиелік мекемелерге айналды. Олардың ауданың, яғни барлық салалардың кәсіпорындарына қызмет көрсетулеріне тура келеді. Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген банктердің салаларға жатуы, олардың клиеттерінің әмбебаптығымен қарсы келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты бір қатар мәселелерді тудырды. Әрбір банк өз ресурстары щеңберінде жұмыс істеу үшін КСРО Мемлекеттік банкінде ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға көшу қажет болады.
КСРО Мемлекеттік банкінде бөлінген коммерциялық банктер негізінен мамандандырылғандар ретінде қызмет етті, әр банк белгілі бір салада (өнеркәсіп, құрылыс ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) монополияға ие болды. Олар өз кәсіпорындарын қаржыландырып, несиелендіріп отырды, көбіне осы кәсіпорындардың өміршеңділігін, пайдалылығын, негізделгенін ескермей төмен пайыздармен қаржыландырды.
Банктік құрылымды қайта құру банк ісіндегі КСРО Мемлекеттік банкі монополиясын жоюы керек еді.1988 жылға дейін КСРО Мемлекеттік банкі-Орталық, коммерциялық және инвестициялық банктердің қызметін атқаратын әмбебап неселік мекеме болды. КСРО Құрылыс банкінің (Стройбанк) Қазақ республикалық конторы қалада, өнеркәсіпте, көлік және басқа да шаруашылық салаларына инвестициялық қызмет көрсетуі жүзеге асыруда. Акционерлік бастамаларды қызмет ететін КСРО сыртқы сауда банкі (Внешторгбанк) валютадағы және валютамен жасалатын оптерацияларға қызмет көрсетті. 70 жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық органдардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан ақша-несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай келмеді.
Тұрмысты социалистік тұрғыдан сараптау барысында ғасырлар бойы қалыптасқан қаржы нарығынынң институттары мен құралдары мақсатты түрде жойылып отырды. Утопиялық иделогиялық концепция негізінде үлкен көріксіз КСРО Мемлекеттік банкі түріндегі бір деңгейлі банктік пирамида құрылды, ол өз астына несиелік жүйені түгелдей басып алды және бәсекелестіктің элементтерін, жарыс пен тәуелділікті толығымен жойды.
Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 жылы қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, “Қазақ КСР-ындағы банктер және банктік қызмет туралы” заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық Өнеркәсіптік құрылыс банкі акционерлік-коммерциялық Тұран банкіне Аргоөнеркәсіп банк Қазақстан Республикасы акционерлік-коммерциялық Аргобанкіне, Республикалық жинақ банкі - ҚР акционерлік-коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993 жылы бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерлі, ал жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені басқарудың жүйесін шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру, яғни жаңа құбылыстармен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудан қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезеңінде макро-экономикалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санайды. Бірінші категорияға (қаржылық) орталықтандарырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орындамау мәселесі: екінші категория мәселеріне банктердің “сапасыз” (мерзімі өткен) қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер өміршең (несие беруге қабілетті) мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткізуіне кедергі болып, банктік қаржылық ресурстардың өміршең емес (шығынды) кәсіпорындардың пайдасына кетуіне жол береді.
1922 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі байқалады. 1922 жылдың І тоқсанында несиенің сомасы жалпы ұлттық өнімнің –11,3%-ын құраса, ал IV тоқсанда-29,8% құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және ұлттық банктің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде ресейдің Орталық банкінің контоккорренттік несиесімен қаржыландырады. Оларды келесідей мәліметтер куәландырады; 1922 жылдың І тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы – 6,7%-ды құраса, IV тоқсанда - 17,8% -ды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілдік үлестіру-өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасамайтын несиелердің яғни банктердің несиелік портфеліінің нашар несиелерден құрылуына әкеліп соқтырады.
Ұлттық банкінің несиені қайта қаржыландыру тәжірбиесінің жетіспеушілігі келесіде; банктер қаржылық емес несиелерге емін-еркін кіру мүмкіндігіне ие бола отырып, депозиттік ресурстарды өз бетінше шоғырландыру ынтасынан айрылуда. Бұдан басқа, мұндай несиелерді субъективтік негізде орналастыруда банктердің жұмыстарының тиімділігі ескерілмейді, несиелік ресурстар барлық уақытта оңтайлы бөлінбейді. Несиелерді тиімді орналастыруға кедергі болған тағы бір фактор-бұл төмен пайыздық мөлшерлеме саясаты. Төмен пайыздық мөлшерлеме қарыздарға деген қажеттіліктің көбеюуіне және несиелік тапсырыс бойынша орталықтандырылған тікелей несиелендірілген мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық тәртібінің әлсіреуіне әсер етеді. Мемлекеттік кәсіпорындар мұндағы арзан несиелерді алып, көбінесе оларды инвестор үшін емес, яғни жалақы төлеуге және материалды құндылықтарды жинақтау үшін пайдаланады. Инфляция деңгейі мен Ұлттық банк несиенің номиналдық пайыз мөлшерлемесін салыстыруға болады: соңғысы 1992 жылы наурыз айында 25% жылдық мөлшерлемені құраса, бөлшек сауда бағаларының жылдық инфляциясы 500%-дан жоғары болған. 1992 жылы қараша айында номиналды пайыздық мөлшерлемесі 65%-ға дейін ........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?