Қазақ тілі | Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мемлекеттік тіл -халық бірлігінің негізгі факторы.
2. Мемлекеттік тіл –мемлекеттің тілі
3. Қазақ тілін қастерлеу ұлттық рухымызды көтеру.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.
Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдау-ларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне тоқталмай өткен емес.
Білім мен ғылымның, эконо¬миканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелес¬тіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.
Мемлекет басшысы бұрнағы жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын.
Қазақ тілі — небір күрделі ойды, аса нәзік мағыналық реңктерді дәлме-дәл бере алатындай құрылымы мен жүйесі дамыған, стильдік тармақтары сараланған, сөз байлығы аса мол, ұлттық тіл деңгейіне көтерілген қазақ халқының ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Қазақ тілі — Әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ ғасырлар бойы гуманизм мен прогреске, қазақтардың ұлттық тұтастығы мен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл.
Қазақ тілінде адамгершілік пен бауырмалдықты, өнеге мен ізгілікті уағыздайтын небір көркем сөз үлгілері жасалған. Абайдың ойшылдыққа толы ұлы мұрасы, Әуезов сомдаған көркем дүниелер ұлттық шеңберден шығып, әлемдік деңгейдегі өркениетке үлес болып қосылуы қазақ тілінің эстетикалық дүниетанымдық қуатының, басқа да әлеуметтік мүмкіндігінің аса зор екенін танытады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін–өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды.
Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым–қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуына құқығы бар.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекттік тілді барынша дамытуға оның халықаралық беделін нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық материалдық – техникалық жағдайларды жасауға;
Қазақ диаспорасына ана тілін сақтау және дамыту үшін көмек көрсетуге міндетті.
Мемлекеттік тіл –ол халық бірлігінің негізгі факторы. Біздің қоғам, интеллигенция мемлекеттің қазақ тілін дамытуға көңіл бөлмеуі жөніндегі ұсақ, ызалы және популистік пікірлерден жоғары тұруы тиіс.
Еліміздің мемлекеттік сипатын анықтап, айшықтайтын басты белгілерінің бірі - мемлекеттік тіліміздің шынайы мәртебесі жөнінде аз айтылып, аз-жазылып жүрген жоқ, Әрине, бодандык құрсауында тұншығып, өзге түгіл өз ұлдарынан да теперіш көріп, от басы, ошақ қасы тіліне айналып кете жаздаған тіліміздің қолданылу аясын кеңейту жалғыз ауыз сөзбен шешіліп, бір-ақ күнде біте салар оңай шаруа емес. Ол - мемлекеттік тұрғыда жабыла күш салып, жұмыла қолға алуды қажет ететін іс. Аталарымыз айтқандай, «Батпандап кірген ауру мысқалдап шығады». Рухани дүниенің өзгеруіне, дамуына, пісіп-жетілуіне тиісті мерзім керек. Біздің тілге қатысты жағдайымыз - отарлық қамытын киген елдердің барлығының басында болған жағдай. Байқап қарасақ, әрбір тілдің қайта түлеп, қайта қалыпқа түсуі - бірнеше сатыдан тұратын жанды процесс. Сондықтан, бір жағынан, «тәуелсіздік алғанымызға пәленбай жыл болды, конституциялық қағида, зандық кесімдер жеткілікті, неге қазақтілі толыққанды мемлекеттік мәртебеге ие бола қалмады» деп асығыстыққа салыну да артық. Сонымен бірге, «өзі болады ғой» деп, ат тізгінін басына түріп, жайбарақаттыққа салынбауымыз да қажет.
«Тіл - адам жанының айнасы» деуші еді. Біз «Тіл - ұлт жанының айнасы» демекпіз. Бұлайша айтуымыздың өзіндік мәні бар. Тіліміздің қазіргі жай-күйі ұлтымыз жанының шынайы жағдайын, бодандық бұғауынан бойымыз арылса да, ойымыз арыла алмай отырғанын анық аңғартатын айна болып отыр. Тіліміз тәуелді күйден құтылар емес, ұлтымызды тәуелсіз деуге бола ма?! Тәуелділіктен арылу үшін не істеу керек? Бұған дейін биік мінберлерден беріліп тапсырма мен, қабылданған шешімде, оның ішінде заңнамалық тұрғыдан қабылданған шешімде кемшін жоқ. Алайда мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдарда қолданылу аясы ресми аударма шеңберінен шыға алмай келеді конституцияның, заңнаманың, мемлекеттік бағдарламаның орындалмауына не себеп?!
Тілдерді дамытуды құқықтық қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі қызмет тікелей әлеуметтік коммуникация барысында іске асатын қоғамдық өмірдің бірқатар салаларының қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты бөлігін әзірлеу мен талаптарын нормативтік тұрғыдан бекіту болып табылады. Бұл ең алдымен, мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым мәдениет халыққа қызмет көрсету көлік, байланыс салалары. Осыған байланысты, мемлекеттік тілді белгілі бір көлемде және біліктілік талаптарына сай білуді қажет ететін кәсіпкер, мамандықтар мен лауазымдарға тізбесі заңмен айқындалуға тиіс.
Тілді дамытудың ынталандыру сипатындағы қосымша шаралармен нығайтылмаған қатаң әкімшілік әдістерінің жеткілікті түрде тиімді бола бермейтінін практика көрсетіп отыр. Сондықтан бұйрық мәнді шаралармен қатар ынталандыру әдістерін де кеңіне енгізу қажет. Өз жұмысында мемлекеттік тілді қолданатын мемлекеттік органдар, ұйымдар мен мекемелер қызметкерлерін материалдық ынталандыру жөніндегі шараларды тиімді жасау үшін құқықтық негіздер әзірлеу қажет. Аталған мәселені шешу мемлекетті тілді меңгеру үшін неғұрлым пәрменді тетіктердің бірі болуға тиіс.
Сонымен қатар, тіл заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту туралы мәселе іс жүзінде шешуді талап етеді. Қазақ болып туған соң қазақ тілінің тағдыры ұлтжанды азаматтарды толғандырмай қоймайтыны белгілі. Тіл мен ұлт мәселесіне келетін болсақ, «Ұлт» дейтін ұғым бар. «Ұлт» дейтін ұғымның ішінде ұлтты қалыптастыратын 5 фактор бар. Ең басты фактор – тіл. Одан кейін - дін, сол халықтың тарихы, дәстүрі, атамекені. Бірі кем болса, ұлт ұлттығынан айырылады. Бәрі болып, атамекені болмаса, сол халықтың ұлт болып қалуы мүмкін емес. Тағы бір жағдай, атамекені болған күнде де тілі, дәстүрі қалыптаспаған жағдайда, ол халық басқа халықтардың ықпалына түсіп кетуі мүмкін. Діні, тарихы, дәстүрі, салты, атамекені тұтас болып, тілден айырылып қалса, ұл жойылады. Адам қай ұлттың тілінде сөйлесе, сол ұлттың мәдениетінің өкілі, орысша білмейтін, қазақша сөйлейтін орыс – қазақ мәдениетінің өкілі, сол сияқты қазақша білмейтін қазақтар – орыс мәдениеті мен ділінің өкілдері. Басты проблема – Қазақстандағы қазақтар қазақ тілінде емес, орыс тілінде сөйлеуді мақтан көруі, артықшылық, озық өркениеттің белгісі деп тануы. Осы ойдан ұлтымыз азам болмайынша, қазақтың тілі ешқашан дамымайды. Басты себебі – Кеңестік идеологияның саясаты біздің санамызға дендеп сіңіп алуы. Сол санадан арылып, ұлтсыздандыру процесінен шығу үшін, әрбір қазақтың бойында намысты ояту үшін – қазақ киносы арқылы қазақша сөйлеу арқылы т.б. тиімді жолдарды пайдалануымыз керек. Қазақстан Республикасы 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялады.
Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәнін қарастыру – бүгінгі күн талабынан туған, яғни тіл мен таным, тіл менен сол тілді қолданушының тығыз байланысынан туған, өзекті мәселелердің бірі деп айтуға болады.
Осыған байланысты диплом жұмысы зерттеу нысаны ретінде халық танымында орын алған символдық мәнге ие этномәдени ұғым атауларының тілдік табиғатын материалдық мәдениет пен рухани мәдениет тұрғысынан қарастырған. Зерттеу материалдарын ауыз әдебиеті үлгілерінен, XV-XIII ғасыр ақын-жыраулардың шығармаларынан алуы құптарлық жайт. Себебі ауыз әдебиеті материалдары мәдени атауларды өзгеріссіз өз бойында сақтай білген.
Диплом авторы өзі ұсынып отырған әрбір нәтижені міндетті түрде дәйектеп, негіздеп отырған, ал әрбір тарау соңында берген түйінділері мен қорытындыларының дәрежесі жоғары деп білеміз. Мәселен, этностың, ұлттық мәдени – танымдық жүйесін қарастыру барысында теориялық -әдістемелік негіз ретінде «ғаламның тілдік бейнесі» теориясының қағидаларын басшылыққа алу арқылы жұмыстың негізгі бағыт-бағдарын белгілеп отырған. Сондай-ақ символдың тіл мен мәдениет сабақтастығында зерттелу жайына шолу жасай келе, символды әр ұлт мәдениетіне тән ерекше құбылыс ретінде қарастыру қажет екендігін материалдарды пайдалану арқылы толықтырып отырған.
Қорыта атйқанда, диплом жұмысында материалдық мәдениетке қатысты зат күнделікті тұрмыс қажеттілігін өтеумен қатар, символдық, белгілік қатынаста жұмсалған. Ұлбала Ізбасарованың дәлелдеуінде кез-келген зат семиотикалық жүйеге кіргенде ғана белгі ретінде қызмет атқарады.
2. Мемлекеттік тіл –мемлекеттің тілі
Тіл көнеден айтылып келе жатқандай таңбалар жүйесі ғана емес, ол осы жүйені көмкерген мәдениет. Сондай-ақ тіл мәдениетті тану кілті, рухани және материалдық мәдениеттің қалыптасуына қатысатын үлкен күш, мәдениет ескерткіші, ұлт өмірінің айнасы. Ол мәдениеттің жалпы сипатын анықтайды, негізгі ақпараттарды жинайды, сақтайды және жеткізеді.
Дегенмен, мәдениеттің дерегі ретінде тіл әлі де жеткіліксіз қарастырылуда. Осыған сай тілдегі мәдениеттің айқын көрініс, әсем өрнектері ұлттық символдар арқылы қарастырудың жалғасы деуге болады. Символдардың әмбебап категория екені белгілі, осыған орай бұл диплом жұмысында тілдік көріністер ретінде символдың табиғаты мәдениет шегінде қарастырылады.
Сондай-ақ қазақ тіліндегі материалдық мәдениет лексикасы мен рухани мәдениет лексикасына қатысты қалыптасқан этномәдени атаулардың символдық мәнін тіл мен мәдениет байланысында ашу диплом жұмысының негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін символдың әмбебап категория ретінде зерттелуіне шолу жасайды, тілде қалыптасқан символың ғаламдық бейнесін түр-түс, космос, сандар, табиғат символикасы ретінде қарастырады. Материалдақы мәдениеттің символдық мәнін жан-жануарлар, өсімдіктер, құстар, ою-өрнек тұрғысынан, сонымен бірге әлеуметтік қатынастар белгісі ретінде де қолданған.
Қорыта айтқанда, бұл жұмыс символды тіл мен мәдениет сабақтастығында қарастыра отырып, оның астарынан халықтық терең дүниетанымды, халықтық эстеикалық көзқарас пен адамгершілік құндылықтарды тілдік талдаулар негізінде қарастыра білген. Мұның бәрін тіл жүйесінде когнитивтік құрылым ретіндегі символда сипаттай білген.
Жалпы алғанда талап деңгейінен көріне алатын, мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын, жоғары деңгейде жазылған диплом жұмысы деп бағалаймыз.
Қазақ тілі — небір күрделі ойды, аса нәзік мағыналық реңктерді дәлме-дәл бере алатындай құрылымы мен жүйесі дамыған, стильдік тармақтары сараланған, сөз байлығы аса мол, ұлттық тіл деңгейіне катерілген қазақ халқының ұлттық тілі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.
Қазақ тілі — Әлемдік тіл кеңістігінде қайталамасы жоқ, ғасырлар бойы гуманизм мен прогреске, қазақтардың ұлттық тұтастығы мен бірлігін нығайтуға қызмет етіп келе жатқан тіл.

Жалпы халықтық қазақ тілінің әдеби тіл, қарапайым сөйлеу тілі, жергілікті сөйлеу тілі (диалект) тәрізді түрлері бар. Жалпы халықтық тілдің жергілікті сөйлеу тілі, қарапайым сөйлеу тілі тәрізді түрлеріне қарағанда, әдеби тіл өзінің қырналып, екшеліп, сипатталғанымен, тіл тұтыну-шылардың бөріне артақ нормаларының қалыптасқанымен, функционалдық стильдік тармақтарының саралана түскенімен ерекшеленеді.Жалпы халықтық тілдің ең жоғары формасы болып табылады қазақ әдеби тілі қазақ халық қоғамдық өмірінің барлық саласында дерлік қызмет етеді. Оның қоғамдық өмірдің бұқаралық ақпарат, көркем әдебиет; ғылым білім; ресми, құқық, саясат салаларында және тұрмыста қолданылатын стильдік тармақтары бар.
Өзінің әлеуметтік мүмкіндігін аша түсу үшін әдеби тілдің нәр алып отыратын қайнар көзі болуға тиіс. Қарапайым сөйлеу тілі, жергілікті сөйлеу тілі қазақ әдеби тілін байытудың бұлақ көзі болып табылады. Сондай-ақ байырғы кездегі ауызша әдеби тілдің үлгілері (жыраулар әдебиеті, эпикалық, тарихи жырлар, т.б.) және бастауын шағатай, орта азиялық түркі тілінен алатын қазақ топырағында жасалған қазақ ескі кітаби тіл үлгілері де қазіргі қазақ әдеби тілін байытудың көзіне жатады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?