Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢ ТӨМЕНГІ КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІ МЕН КЕДЕЙШІЛІК

 Экономика | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢ ТӨМЕНГІ КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІ МЕН КЕДЕЙШІЛІК

Мазмұны
КІРІСПЕ………………………..........……………………………………………….
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫҚТЫ ДАМУ МЕН КЕДЕЙШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің қажеттілігі мен алғышарттары........................................................5
1. 2 Өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары, басымдықтары, мақсаты мен міндеттері..................................................8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢ ТӨМЕНГІ КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІ МЕН КЕДЕЙШІЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖАҒДАЙЫ
2.1 Қазақстанда өмір сүру сапасын арттыру өлшемдерін талдау және болжау.12
2.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшіліктің көрсеткіштерін талдау.........15
2.3 ОҚО кедейліктің және әлеуметтік қамтамасыздықтың негізгі көрсеткіштері............................................................26
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕЙШІЛІК ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасында әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеу бағыттары.................................................................33
3.2 Қазақстан Республикасындағы кедейшілік деңгейін төмендету жолдары.36
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИТЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................44

КІРІСПЕ
Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Елбасы алға қойған мақсаттардың ең маңыздысы Қазақстан халқының өмір сүру әлеуметтік стандарттарын және олардың сапасын әлемдегі дамыған әрі бәсекеге қабілетті елдердің деңгейіне орай тұрақты арттыру болып табылады.
Бүгінгі таңда кедейшілік шегі кез-келген мемлекет тарапынан көмек көрсету үшін басты белгі болып табылады.
2007 - 2009 жылдары Кедейлiк пен жұмыссыздықты азайту үшiн тиiмдi жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейiн төмендетуге, жұмыс күшiнiң сапасын арттыруға бағытталған белсендi саясат жүргiзiледi.
Қазақстанның орнықты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін теңгерімді бастамалардың көзі ретінде еліміздің қалыптасуында маңызды рөл атқара алады және атқаруға тиіс.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық өсуіне негізінен әлемдік нарықтағы шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың елеулі бөлігін тұтыну есебінен қол жетіп отыр. Табиғи капиталдың барынша ысырап болуы мен құлдырауы орын алуда. Ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға қалдықтардың көп шығарылуымен болуда. Қазіргі бағалау бойынша, ел аумағының 75%-ға жуығы экономикалық тұрақсыздықтың жоғары тәуекеліне ұшыраған. Шөлейттену проблемасы өткір қойылып отыр. «Тарихи ластанулар», қалдықтарды жинаушылар, тұрақты және жылжымалы көздерден бөлінетін улы заттар қалдықтарының өсуі табиғи ортаның жай-күйі мен халықтың денсаулығына қатер төндіреді.
Ел экономикасының тұрақтылығына төнетін ықтимал қатерлер шикізат секторына елеулі тәуелділік, жекелеген салалардың Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге дайындық деңгейінің төмендігі, сыртқы қарыздың өсуі, «көлеңке экономика» проблемалары болып табылады.
Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларында айтарлықтай алшақтық бар. Демографиялық жағдай мен халықтың денсаулығының жай-күйінде проблемалар бар, әзірге оның құқықтық, экономикалық, экономикалық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі орын алуда.
Елдегi нарықтық қатынастардың дамуы барысында кедейшлікпен байланысты сұрақтардың барлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Барлық аталған проблемалар және себептер осы диплом жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен мiндеттерiн белгiлiеуге өз ықпалын тигiздi.
Осы орайда, жұмыстың негiзгi мақсаты елдегі кедейшілік мәселелеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету мен оның деңгейін төмендетудің ғылыми негiзделген жүйесiн зерттеу, қол жеткiзуге мүмкiн теориялық және әдiстемелiк материалдардың деректерiн бiрiктiрiп қарастыру негiзiнде олардың оңтайлы жолдарын анықтау болып табылады.
Қойылған мақсат жұмыстың келесi мiндеттерiн анықтайды:
- Қазақстан Республикасында кедейшілік мәселелеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету мен оның деңгейін төмендетудің мүмкiндiгiн негiздеумен байланысты теориялық сұрақтарды оқып бiлу, олардың құрамын анықтау, “ кедейшілік”, «ең төменгі күнкөріс деңгейі» және т.б. түсiнiктердің мазмұнын нақтылау және оған анықтама беру;
- нарықтық экономика жағдайындағы кедейшілік мәселелеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету мен оның деңгейін төмендетудің әдiстерiне талдау жүргiзу және әр түрлi құралдардың тиiмдiлiгiн нақты практикалық мысалдармен дәлелдеу;
- талдау нәтижелерi бойынша қорытындылар жасау және отандық әлеуметтік саланың проблемаларын шешу бойынша ұсыныстар өңдеп шығару.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кiрiспеден, негiзгi үш бөлiмнен және қорытындыдан тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшалар келтiрiлген.
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫҚТЫ ДАМУ МЕН КЕДЕЙШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің өзектілігі мен алғышарттары
Елдің орнықты дамуы дегеніміз қазіргі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және келер ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктеріне қатер төндірмейтін даму болып табылады.
Қазақстан Республикасы үшін орнықты дамуға көшу аса қажеттілік болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану есебінен экономиканың өсуі тек белгілі бір кезеңде ғана болуы мүмкін. Қазіргі жағдайда өсім мен даму неғұрлым озық тетіктерді талап етеді.
Орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты Президенттің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясының негізінде де тұжырымдалған.
Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшуінің осы тұжырымдамасы ел өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізу қағидаттарының көрінісін, мақсаттарын, міндеттері мен негізгі тетіктерін айқындайды. Ол үшін дамудың экономикалық, экономикалық , әлеуметтік және саяси факторлары ықпалдасуы және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған біртұтас процесс ретінде қарастырылуы қажет.
Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастыққа толыққанды қатысушы ретінде ХХІ ғасырға арналған күн тәртібінде (Рио-де-Жанейро, 1992 жыл) және Мыңжылдық саммиті (Нью-Йорк, 2000 жыл) мен Орнықты даму жөніндегі әлемдік саммит (2002 жыл, Йоханнесбург) декларацияларында қойылған міндеттерді орындау жөнінде міндеттемелер қабылдады.
Қазақстан Республикасы орнықты дамуға қол жеткізу бағытында бірқатар шаралар қабылдады.
Қазақстан БҰҰ-ның Орнықты даму жөніндегі комиссиясының, «Еуропа үшін қоршаған орта» және «Азия үшін қоршаған орта мен орнықты даму» процестерінің, орнықты даму үшін Дүниежүзілік кәсіпкерлер кеңесі өңірлік еуразиялық желісінің мүшесі және белсенді қатысушысы болып табылады.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға дейінгі экономикалық қауіпсіздігі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы қабылданды, Қазақстан Республикасының орнықты даму жөніндегі кеңесі және «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ құрылды.
Қазақстандағы саяси ахуал бүкіл әлемге тұрақтылықтың, конфессияаралық келісімнің, еліміздің барлық азаматтарының мүддесінде демократия мен қоғамдық институттарды дамытудың бірегей үлгісін танытып отыр. Қазақстанның орнықты саяси дамуы әлемдік қоғамдастық үшін теңгерімді бастамалардың көзі ретінде еліміздің қалыптасуында маңызды рөл атқара алады және атқаруға тиіс.
Осы орайда Қазақстан өзінің дамуында еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін біршама кедергілерге кезігуде.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық өсуіне негізінен әлемдік нарықтағы шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың елеулі бөлігін тұтыну есебінен қол жетіп отыр. Табиғи капиталдың барынша ысырап болуы мен құлдырауы орын алуда. Ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға қалдықтардың көп шығарылуымен болуда. Қазіргі бағалау бойынша, ел аумағының 75%-ға жуығы экономикалық тұрақсыздықтың жоғары тәуекеліне ұшыраған. Шөлейттену проблемасы өткір қойылып отыр. «Тарихи ластанулар», қалдықтарды жинаушылар, тұрақты және жылжымалы көздерден бөлінетін улы заттар қалдықтарының өсуі табиғи ортаның жай-күйі мен халықтың денсаулығына қатер төндіреді.
Ел экономикасының тұрақтылығына төнетін ықтимал қатерлер шикізат секторына елеулі тәуелділік, жекелеген салалардың Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге дайындық деңгейінің төмендігі, сыртқы қарыздың өсуі, «көлеңке экономика» проблемалары болып табылады. Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларында айтарлықтай алшақтық бар. Демографиялық жағдай мен халықтың денсаулығының жай-күйінде проблемалар бар, әзірге оның құқықтық, экономикалық, экономикалық сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі орын алуда. Бұл кедергілерді еңсеру Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу жолындағы басты кезеңдік міндеті болуға тиіс.
Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн жетiлдiру және оның деңгейiн мемлекеттiң қаржы-экономикалық мүмкiндiктерiне байланысты арттыру мақсатында 2007 - 2009 жылдары мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
мемлекет, жұмыс берушi және қызметкер арасындағы жауапкершiлiктi бөлуге негiзделген әлеуметтiк қамсыздандырудың көп деңгейлi жүйесiнiң ұзақ мерзiмдi қаржылық тұрақтылығы мен сенiмдiлiгін қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
мiндеттi сақтандыруға жататын әлеуметтiк тәуекелдердiң тiзбесiн кеңейту.
Базалық деңгейде мемлекеттiң қаржы-экономикалық мүмкiндiктерiне барабар базалық әлеуметтiк төлемдердi арттыру;
мiндеттi деңгейде халықты мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiмен және жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамтуды кеңейту; сақтандыру (оның iшiнде зейнетақы) жинақтары мен инвестициялық кiрiстiң өсуi үшiн жағдайлар жасау керек. Зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру және қаржы құралдарының тiзбесiн кеңейту жөнiндегi шаралар әзiрленетiн болады;
әлеуметтiк қамсыздандырудың ерiктi деңгейiнде зейнетақы және сақтандыру жинақтарының ерiктi нысандарын ынталандыру жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
Мүгедектердiң өмiр сүру сапасын жақсарту, оларды әлеуметтiк қолдауды күшейту және олардың қоғамға пәрмендi кiруi үшiн жағдай жасау жөнiнде шаралар қабылданатын болады.
2007 жылдан бастап зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу "айдан айға" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Бұл ретте, мұқтаж адамдар мемлекет кепiлдiк берген қызметтерге толыққанды қол жеткiзуге тиiс. Жеке меншiк секторы субъектiлерiнiң әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесiн дамытуда қатысуын ынталандыра отырып, оларды белсендi тарту есебiнен қосымша қызметтер ұсыну қажет. Әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттарын енгiзу және бәсекелi ортаны дамыту негiзiнде әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.
1. 2 Өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары, басымдықтары, мақсаты мен міндеттері
Еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – жұмыссыздық пен кедейшілік екені бәрімізге белгілі. “Жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын” дегендей, тұрмысың нашар болса, оның үстіне істер жұмысың болмаса, көңіл-күйіңнің қандай болары да белгілі. Осы жұмыссыздықтың салдарынан қаншама адам баласының тағдыры тәлкекке түспеді десеңізші.
Соңғы жылдары елімізде халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету жақсарған сайын жұмыссыздық та өз шешімін табуда. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Елбасымыз жаңа жұмыс орындарын ашумен қатар, жұмыссыздық және кедейшілікпен күресуді нақты жолға қойған болатын. Соның нәтижесінде, еліміздің экономикасы қарыштап дамып, жаңа өндіріс орындары іске қосылып, жұмыссыздар саны да азайды.
Қазақстанда кедейшілікке қарсы ұйымдастырылған іс-шаралар аз емес. Нақты нәтижелер де жеткілікті. Жұмыссыздықтың алдын алмасақ, кедейшіліктің арта түсетіні де анық. Сондықтан бұл мәселеге баса ден қойылуда. Жалпы қосалқы шаруашылықты дамытуға көмек көрсетілді.
Жұмыссыздықты жоюдың екінші тиімді жағы – адамдарды қоғамдық жұмыспен қамту ғой. Кеңес Одағы құлағанда әлемдік бәсекеге мүлде қабілетсіз, тек ішкі рынокқа ғана негізделген “халық шаруашылығы” деп аталатын ебедейсіз экономикалық жүйе біржолата тұралап қалды. Басым көпшілігі кедейшілік қыспағына түскен қазақстандықтардың болашаққа деген үмітінен гөрі күдігі молайып, ел ішін әлеуметтік келеңсіздіктер жайлады. Даму стратегиясы мен экономикалық реформалардың нақты нәтиже бермеуінен пайда болған кедейшілік пен жұмыссыздық адамдардың билікке деген ашу-ызасы мен наразылығын туғызады.
Қазақстан Республикасында өмір сүру сапасын арттырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
- бүкіл қоғамды орнықты дамуға қол жеткізу процесіне тарту;
- орнықты даму үшін саяси негіз жасау;
- ведомствоаралық ықпалдасу, мемлекетті басқаруға деген жүйелі көзқарас, дамудың негізгі көрсеткіштерін болжамдау, жоспарлау және реттеу тиімділігін арттыру;
- ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесіндегі экономикалық прогресс, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру;
- ғылым мен білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- салауатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулық жағдайын, демографиялық жағдайды жақсарту;
- қоғамның аса маңызды ноосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жетілдіру;
- трансөңірлік экожүйелік көзқарас негізіндегі аумақтық даму.
Өмір сүру сапасын арттырудың басымдықтары мыналар:
- өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізу;
- жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану;
- орнықты көлік жүйелерін дамыту;
- энергетикалық тиімділік және энергия жинақтау;
- өмір сүру сапасын арттырудың өңірлік проблемалары;
- халықтың әлеуметтік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру;
- экологиялық және гендерлік аспектілерді ескере отырып, кедейшілікке қарсы күрес;
- орнықты даму үшін ғылым мен білім беруді одан әрі дамыту;
- тарихи және мәдени мұраны сақтау;
- халықтың денсаулығына төнетін экологиялық қауіп-қатердің алдын алу және азайту;
- шөлейттенуге қарсы күрес;
- биологиялық әралуандықты сақтау;
- эмиссияларды, оның ішінде қызған газдар мен озон қабатын бұзатын заттарды азайту;
- сапалы ауыз суға қолжетімділік;
- трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу;
- радиациялық және биохимиялық қауіпсіздік;
- қалдықтарды кәдеге асыру.
Тұжырымдаманың мақсаты өмір сүру сапасын арттырудың және елдің ұзақ мерзімді келешекте бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізі ретінде Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму аспектілерінің теңгеріміне қол жеткізу болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін орнықты даму саласында мынадай міндеттерді іске асыру қажет.
1. РПТ көрсеткішін 2012 жылға қарай 37 %-ға , 2018 жылға қарай 43 %-ға және 2024 жылға қарай 53 %-ға дейін арттыру
Бірінші міндетті іске асыру:
- экономиканы әртараптандыруға, жоғары технологиялық және шикізаттық емес салалардың, сондай-ақ экологиялық қауіпсіз технологиялардың экономикалық өсімдегі үлесін ұлғайтуға;
- елді дамытудың негізгі макроэкономикалық өлшемдерін реттеудегі мемлекеттің рөлін күшейтуге;
- ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыра, ғылыми және білім беру ұйымдары нысандарының алуан түрлерін кеңейте, зияткер қауымның беделін арттыра, инновацияларды мемлекеттік қолдай отырып, оның ішінде экономика салаларын кластерлік дамыту, материалдық-техникалық базаны түбегейлі жаңарту және ғылым-білім беру саласын ресурстық қамтамасыз етуді жақсарту, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің тиімділігін арттыру және осының негізінде отандық тауар өндірушілердің бәсекелес тұғырларға қол жеткізуі, елдің экспорттық әлеуетін дамыту аясында ғылым мен білім беруді басымдықпен дамыту есебінен технологиялық озуды қамтамасыз етуге;
- табиғи ресурстарды өндіру мен экспорттау және өзге де салалар арасындағы теңгерімді сақтауға;
- өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізуге;
- көліктің орнықты жүйелерін дамытуға;
- елдің тиімді инфрақұрылымын құруға негізделетін болады.
2. 1000 адамға шаққанда өмірге келетін 18-22 баладан төмен болмайтын деңгейде ұстаған жағдайда халық өмірінің орташа ұзақтығын 2012 жылға қарай 68 жасқа, 2018 жылға қарай 70 жасқа, 2024 жылға қарай 73 жасқа дейін ұлғайту
Өмір сүру сапасын арттырудың екінші міндетін іске асыру:....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?