Экономика | Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту

 Экономика | Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту

Мазмұны
Кіріспе ............................................................................... 3
І. Инвестицияның мәні, түрлері және оларды тартудың нысандары мен бағыттары
1.1 Инвестицияның экономикалық мәні, атқаратын қызметі және оның негізгі түрлері ............................................ . 4
1.2 Шетелдік инвестицияларды тартудың нысандары мен бағыттары......................................................... 8
ІІ. Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тартудың тиімділігі және басқару процесі
2.1 Қазақстанға шетелден инвестицияларды тартудың маңыздылығы және басқару процестері ......................... ........ 12
2.2 Қазақстандағы тартылған шетелдік инвестициялардың динамикасы мен құрылымы............................................... 14
ІІІ. Қазақстанда шетелдік инвестицияларды мемлекеттік басқару және жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстанда тартылған шетелдік инвестицияларды басқаруды жетілдіру жолдары .......... ...... 21
Қорытынды .................................................................................... .................. 25
Қолданылған әдебиеттер ................................................................................. 26

Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендігін алып, тәуелсіз болғанына да, міне, он төрт жыл болды. Бұл жылдары елімізде әлеуметтік-экономикалық мәні аса жоғары қыруар игі өзгерістерге қол жеткізілді. «Осы жылдар ішінде тындырған ісіміздің басты түйіні, - деп көрсетті Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында, - Қазақстанның дербес мемлекет болып қалыптасуында жатыр. Біздің әлі де есею мен кемелдену кезеңінен өтуіміз керек, Қазақстандағы азаматтық қоғамның босағасын бекіте беруіміз керек».
Бұдан туындайтын талаптар мен міндеттерді абыроймен орындап шығудың басым бағыты экономиканы дамыту, осының негізінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын түбегейлі жақсарту.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар, жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар да дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперативтер, шаруашылық серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты – шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды. Бұл бағыт та өз кезегінде оң нәтижесін беруде.
Кәсіпорындарды, жеке бір сала ұйымдарын құйылып жатқан инвестицияларды да осы егемендік алғалы бергі кезеңге жатқызамыз.
Инвестицияны, алуан түрлі күрделі қаржыны белгілі бір жобаларға ұйымдастырылған түрде жұмсау үшін шешім қабылдау өте қиын.
Дәл осы инвестициялар жайлы мәселелерді қарастыру мақсатында өзімнің курстық жұмысымның тақырыбын «Шетелдік инвестицияларды тартудың тиімділігі» деп таңдадым. Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде өзім таңдаған тақырыбымның теориясы айтылады. Ол бөлім «Инвестицияның мәні, түрлері және оларды тартудың нысандары мен бағыттары» деп аталады. Екінші бөлім талдау бөлімі. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту тиімділігі және оның динамикасы мен құрылымы» зерттеу туралы айтылады. Ал соңғы үшінші бөлім «Қазақстанда шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу және оларды жетілдіру жолдары» деп аталады. Соңында қорытынды, қолданылған әдебиеттер орналасқан.
І. Инвестицияның мәні, түрлері және оларды тартудың нысандары мен бағыттары
1.1. Инвестицияның экономикалық мәні, атқаратын қызметі және оның негізгі түрлері
Инвестицияны тар мағынасындағы анықтамасын капитал құнын сақтау мен оны өсіруді қамтамасыз ететін пайда, басқаша айтқанда оң табыс көлемін әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар инвестиция емес, өйткені ақшаның құндылығын инфляция азайтуы мүмкін және ол ешқандай табыс әкелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы салым кепілденген табыс береді.
Көбінесе инвестиция деп – пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әр түрлі экономика салаларының обьектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі. Инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын мүлік (ғимараттар, құрал-жабдықтар, т.б.), жерді пайдалану құқығы, табиғи ресурстар, мүліктік құқықтар және тағы басқалары кіреді. Инвестицияның экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны “тірі және затталған еңбектің өндірістік қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісінде тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі”. М.И. Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға, ұзақ мерзімді, пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.
Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.
Инвестор – салым иесі, инвестицияларды жүзепге асыратын жеке адам, ұйым немесе мемлекет.
Инвестициялау (инвестициялық процесс) –бұл қарапайым және өндіріс қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры, машиналар мен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды. Олар өндірістік процесс барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.
Инвестиция – алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тура және портфельді (қоржынды) болып негізгі материал мен тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға, тұрғын-үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.
Портфельді инвестиция (қаржы инвестициясы) деп кәсіпорынның құнды қағаздарын сатып алу сияқты жобалар тобына капиатал салуды айтады. Ол мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған. Портфельді инвестиция жағдайында инвестордың негізгі міндеті оптималды инвестиция портфелін құрастыру және басқару болып табылады. Әдетте, ол қор нарығындағы құнды қағаздарды сату мен сатып алу операциялары арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай портфельді инвестициялар көбінесе, қысқа мерзімді қаржылық операциялар түрінде көрінеді.
Нақты инвестиция деп - өндіріс процесіне тікелей қатысатын инвестицияларды айтамыз. Олар капиталдың өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа т.б. жұмсалымы. Мысалы, құралдарға, ғимараттарға, материалды қорына салынатын инвестициялар.
Нақты инвестиция инвестор, өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Портфельді немесе қаржы инвестициясы жағдайында инвестор бағалы қағаздардан дивиденд алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау” Заңы бойынша тікелей инвестициялар – республиканың тәуелсіздік кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар – қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар. Инвестициялық қоржынға кіретін бағалы қағаздар олардың атқарымдық мақсатына қарай ірі банкілердің инвестициялық қоржынында жетекші рөлге ие болып отырған меншікті инвестицияларға және қайталама өтімді резервтерге ең алдымен мемлекеттік міндеттемелерге бөлінеді.
Әрбір фирманың іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттары.
Объектісіне қатысты инвестициялар келесі түрлерге жіктеледі:
1. Мүліктік инвестициялар (материалды инвестициялар);
2. Қаржылық инвестициялар;
3. Материалдық емес инвестициялар.
Мүліктік инвестициялар – бұл нақты инвестициялар. Қаржылық инвестициялар – бұл қаржылық мүлікке салынатын салымдар, басқа фирмалардың жұмыстарына қатысу және борыштық құқығына ие болу. Мысалы, акция, басқа да құнды қағаздарды сатып алу.
Ал материалдық емес құндылықтарға қатысты инвестицияларға зерттеу
мен талдау жасау, кадрлар даярлау, жарнама және басқаларға салынатын инвестициялар жатады.
Әрекеттің бағытына қарай инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы инвестициялар немесе нетто-инвестициялар, кәсіпорынды негіздеуде немесе сатып алуда жүзеге асырылатын инвестициялар;
2) өндірістік потенциалды ұлғайтуға бағыттылған, кеңейту инвестициялары (экстенсивті инвестициялар).
3) қайта инвестициялау, яғни кәсіпорынның негізгі қорының құрамын қолдау мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасауға немесе сатып алуға бағытталған бос инвестициялық қаражаттармен байланысты инвестициялар. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- бар объектілерді жаңа объектілермен ауыстыруға бағытталған
ауысттыру инвестициялары;
- рационализациялауға арналған инвестициялар, технологиялық
жабдықтарды немесе роцестерді жетілдіруге жұмсалады;
- шығару бағдарламасын өзгертуге жұмсалатын инвестициялар
- девирсификациялауға арналған инвестициялар, олар өнімнің
номенклатурасының өзгеруіне, өнімнің жаңа түрлерін шығаруға және
жаңа сату рыногын ұйымдастыруға жұмсалатын инвестициялар;
- болашақта кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге
бағытталған инвестициялар.
Бұған ғылыми жұмыстарға, кадрларды дайындауға жарнама, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инвестициялар кіреді.
Инвестициялық процестің өзіне тән кешенді сатылары бар. Олар:
- капитал салымын қаржыландыру;
- инвестициялық объектілерін анықтау;
- аталғандардың орындалуын бақылау.
Инвестиция жайында шешім қабылдау басқарманың стратегиялық қиын міндеті болып табылады. Инвестициялау кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудағы тиімді шараның бірі.
Инвестициялар белгілі бір тәуекелмен байланысты. Бұл тәуекел салымдардың қайтарылу мерзімі көп болған жағдайда артады, бұл мезгілде нарық коньюктурасы, шикізат бағасы және жұмыс күші және тағы басқалары да өзгеруі мүмкін. Сондықтан салынған қаражаттар тез қайтарылуды қамтамасыз ететін жобаларға жұмсалады.
Инвестициялық жобалар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Жобалау класына қарай:
- мегожоба;
- мультижоба;
- моножоба деп бөлінеді.
Мегожоба, бұл үлкен көлемдегі жоба, бірнеше жобалардың өзара байланыстарын, ресурстарды бөлу және орындалу уақыттарын шектеуден тұратын мақсатты бағдарлама. Бұл жоба мемлекеттік басқару деңгейінде қалыптасады және басқарылады.
Мысалы:
- халық шаруашылығының құрылымдық рефорса жасау;
- нарыққа өту және нарық үлгілерін жасау;
- сондай-ақ экономиканың жекелегкн секторлары мен түрлері өрістерін
дамыту бағдарламасы.
Бағдарламалар:
- халықаралық;
- салалық;
- салааралық;
- аймақтық болуы мүмкін.
Мультижоба – ұйымдар мен кәсіпорындар шеңберңнде жүзеге асырылатын жоба.
Моножоба бұл – нақтылы міндеттерді жүзеге асыратын әр түрлі:
- техникалық;
- ұйымдық;
- экологиялық;
- әлеуметтік жобалар.
Жобалар ұзақтығына қарай:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
Көлеміне қарай:
- шағын;
-орта;
- ірі болады.
Күрделігіне қарай:
- жай;
- күрделі;
- өте күрделі.
Жобалар түрлері бойынша:
- инвестициялық;
- инновациялық;
- ғылыми-зерттеу;
- оқу-білімдік;
- аралас болып бөлінеді.
Инвестициялық жобалар негізінен мына төмендегі төрт кезеңде жүзеге асырылады:
- тұжырымдама;
- жоспарлама;
- өтімділігі;
- бітімділігі.
Бұл кезеңдер жобаның «өмірлік циклы» деп аталады. Жобаның әрбір сатысының өзіндік мақсаты және одан туындайтын міндеттері болады.
Инвестициялық жобаларға саны, әсіресе сапасы жағынан тиісті талдаулар жүргізілуі қажет. Мұндағы басты мәселе инвестицияларға қосылған жоба құрылтайшыларының қаржылық ахуалын және қызметтерінің тиімділігін бағалау. Жобаның нақтылығы мен нақтылығы мен өміршендік қабілетін бағалау үшін мына түрде сараптау жұмыстары атқарылуы қажет:
- техника-технология;
- коммерциялық;
- әлеуметтік;
- экологиялық;
- экономикалық.
Әрбір жобалық талдаудың өзіндік әдістемелері бар.
Инвестициялық жобаларға әрбір қатысушының жағдайын, оның құрамын анықтайтын негізгі көрсеткіштер мыналар:
- жарғылық капиталдың көлемі мен оның ахуалы;
- салықтар;
- айналым қаржысы;
- негізгі активтер (материалды және негізгі қаржылар);
- өндіріс шығындары;
- таза табыс.
Инвестициялық жобаны қабылдау циклы мынадай кезеңдерден өтеді:
- жобаларды таңдау және алдын-ала бағалау;
- жобаның техника экономикалық дәлелдемелерінің құрамдас
бөліктеріне талдау жүргізу;
- мемлекеттік сараптау;
- қаржыландыру туралы шешім қабылдау;
- жобаларды қабылдау жұмыстарын атқару және бақылау.
1.2 Шетелдік инвестицияларды тартудың нысандары мен бағыттары
Шетелдік инвестициялар деп шетелдік инвесторлар, басқа мемлекеттер, шетелдік банктері мен компанияларының капитал салуларын айтамыз.
Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.
Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:
-экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
-дамуға ресми көмек: қаржылық және техникалық;
-инвестициялар: тікелей және портфельдік.
Кредитор (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер. Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие – дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.
Дамытуға ресми көмек мемлекетке өкімет аралық деңгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кеңес беру, жұмысты ұйымдастыру мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.
Инвестициялар республика экономикасына шетел капиталының ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:
- тікелей;
- портфельдік.
Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялар мен басқа да құнды қағаздарға қаржы-қаражат салу. Тікелей инвесторға шетелдік инвесторға Тікелей инвесторға шетелдік инвестор компаниясының шет елдерде құрған немесе сатып алған, оған өз бақылауын орнатқан кәсіпорындар жатады. Тікелей инвестициялар құрамына жеке меншіктік компаниялардың шет елде салынған өз капиталы, қайта салынған пайдасы және қарыз бен несие түріндегі ішкі фирмалық аударулар кіреді.
Алушы ел үшін тікелей инвестициялардың басқа нысандармен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Біріншіден, олардың кейбір нысандары алатын жаққа ескірген технологиялар мен техника әкелу мүмкіндігіне жол бермейді; екіншіден, олар елдің сыртқы қарызын құру және өсірумен байланысты емес; үшіншіден, олар ең бастысы, тауарлар мен қызмет көрсетулер өндіруге, өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың, маркетингтің, ноу-хаудың алдыңғы қатарлы әдістеріне бағытталады. Соңында олар республика экономикасының әлемдік интеграциясына, халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына тікелей ықпалын көрсетеді. Тікелей шетел инвестициясының нысанын өнім бөлінісі (“Продакшн-ширинг”) атқарады. Бұл нысан экспорттық салалар мен өзгерістерде кеңінен қолданылуы мүмкін, ішкі нарыққа жұмыс істейтін салалар мен өндірістерде біршама шектелген, бұл тенгенің толық айырбастылығының жоқтығымен байланысты.
Республикада шетел кәсіпорындарын құру сияқты тікелей инвестициялардың басқа да нысандары бар. Ең алдымен, жекешелендіруге қатысу арқылы әрекеттегі кәсіпорындарды сатып алу немесе жаңаларын салу. Сондай-ақ, шетел инвестицияларының нысаны кепілденген ақшалай сыйлық үшін жұмыстың жекелеген түрлерін шетел мердігерлері жүзеге асыратын, техникалық қызмет көрсетулер туралы келісім, басқару келісім шарттары бола алады.
Қазақстан Республикасы Президентінің тұжырымдауынша халқының жан басына шаққандағы тікелей шетел инвестицияларын тарту деңгейі бойынша Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің, сондай-ақ ТМД-ның алғашқы бестігіне сенімді түрде кіреді.
Қазақстанның қазіргі нарықтық экономикасы, халықаралық интеграциялық процестер, сонымен бірге интенсивті ғылыми-техникалық прогресс экономикалық қатынастарының қатысушыларының (ұйымдар, салалар, жалпы ұлттық шаруашылық) қызметтеріне жаңа талаптарды, әсіресе әлемдік нарықта республика экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік беретін инвестициялық қызметте де бұйрықтар береді.
Тікелей шетел инвестициялары (ары қарай ТШИ) елдің барлық инвестициялық одағының маңызды құрамдас бөлігі ретінде алға шығады. ҚР-дағы ТШИ-ның қызмет ету тиімділігі мен оны тартуды талдауға кіріспес бұрын, тікелей шетел инвестиция ұғымының мәнін түсініп алу керек.
Тікелей шетел инвестициясы – бұл инвестицияланатын кәсіпорынның қызметін бақылау мен басқаруға тікелей қатысуға негізделген бір елдің резидентінің басқа бір елдің нақты экономика секторына капитал салымын сипаттайтын халықаралық инвестициялық қызметтің категориясы.
ТШИ халықаралық кәсіпкерліктің портфельді шетелдік инвестициялары мен акционерлік емес формаларымен қатар халықаралық бизнесті жүзеге асыру формаларының бірі болып табылады.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?