Саясаттану | Қазақстан- Қытай ынтымақтастығы

 Саясаттану | Қазақстан- Қытай ынтымақтастығы

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі
Азия қауіпсіздігі туралы айтқан кезде Шанхай ынтымақтастық ұйымы туралы айтпай кетуге болмайды. Бұл ұйым КСРО мен ҚХР арасындағы күрт егес жағдайында қиындықпен тамыр жайды. Кеңес-Қытай қатынастары қалпына келе бастағаннан кейін шекара ауданында сенім шараларын нығайту туралы мәселелерді қарау үшін бірлескен топ құруға шешім қабылдады. Бұл уағдаластыққа сол кездегі министрлер Э. Шеварднадзе мен Цянь Цичэнь өз қолдарын қойып ресімдеді. Топтың кеңестік бөлігінде сол кезде осы күрделі үдерістің алға жылжуына зор үлес қосқан тәжірибелі қытайтанушылар Генрих Киреев пен Виталий Воробьев жұмыс істеді.
КСРО тарағаннан кейін осы аса маңызды салада одан әрі жұмыс істеу туралы мәселе тұрды. Әлі есімде, 1992 жылы наурызда мені Ресей Сыртқы істер министрлігіне шақырып, жұмысты жаңа пішімде жалғастыру қажетттігі туралы ұзақ түсіндірген-ді: бір тарап – Қытай, ал екінші тарап – біртұтас делегацияға біріккен жаңа тәуелсіз мемлекеттер болмақ. Келіссөздерді осындай пішімде жүргізу жөнінде ҚХР – мен жарты жыл бойы қызу пікір талас жүрді. Ресейліктер КХР мен ортақ шекарасы бар бұрынғы кеңес елдері құрамында біртұтас делегация құруды талар етті. Мемлекеттер бөлектеніп кеткен екен, онда оларға Қытаймен келіссөздерді әрқайсысы өздері жүргізгендерді дұрыс деген басқа да пікір болды. Бірақ түптеп келгенде, салауатты ой жеңді және осынау күрделі жағдайда Қытай жағы сындарлық көрсетті. Пекин Ресей жағының өкілі басқаратын бірлескен делегациямен жұмыс істеуге дайынбыз, егер бұған басқа мемлекеттер қарсы болмаса деп мәлімдеді.
Біз Қазақстанда бұл мәселені талқылаған кезде біздің жас мемлекетіміз үшін Қытаймен шекара ауданында сенім шаралары проблемасы төтенше маңызы бар екендігін негізге алдық. Сондықтан Қытаймен келіссөздерді жалғастыруға шешім қабылданды. 1992 жылғы 8 қыркүйекте мен Президенттің тапсырмасымен Минскіде шекара ауданында сенім шараларын қамтамасыз ету жөнінде Қытаймен келіссөздер үшін Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан құрамында бірлескен делегация құру туралы баяндалған хаттамаға қол қойдым .
«Шанхай бестігі» кездесуінің өзі өте жемісті өтті. Цзян Цзэмин бес шекарамаңылық мемлекеттің ынтымақтастығын дамытудың мәні жөнінен бағдарламасы іспетті болған сөзі баршаның есінде қалды. Кездесуге қатысушыларға Қытай «Шанхай бестігін» дамытуға бірінші дәрежелі маңыз беретіндігі және оны іске қабілетті ұйымға айналдыру мақсатын көздейтіні кездесуге қатысушылардың бәріне де түсінікті болды. Біздің Презитентіміз
Н.Ә.Назарбаевта осы тұрғыда сөйледі. Оның ұсынысы бойынша Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды, онда Азия құрлығындағы қауіпсіздік және ынтымақтастықты кеңейту проблемаларын қарау үшін сыртқы істер министрлері, үкіметтер басшылары және мемлекеттер басшылары деңгейінде ұдайы кездесіп отыру қажеттігі туралы айтылды.
Жаңа ұйымда бұрын бірде бір блокқа, бірде-бір ұйымға кірмеген Қытай басшылық рөлді өзіне алғаны атап айтар жәйт. 70 – жылдары Қытайдың халықаралық лексикасында ешқандайда себеппен, қандай да бір халықаралық ұйымға кірмеу деген мағына беретін «бу цземэн» деген термин болатын. Бірақ геосаяси ақиқаттың өзгеруімен Пекин айтарлықтай икемділік танытып, іс жүзінде Орталық – Азия сияқты маңызды аймаққа өз ықпалын жүргізу ниетін аңғартты.
Баспасөз маслихатының алдында Қытай премьері Чжу Жунцзи: «АҚШ-ғы жаратылыстардан соң бір түн ішінде ғана Қытайда алтын-валюта қоры 10 миллиард доллорға азайып кетті»,- деп мәлімдеді. Қытайлық әріптесімнің Нью-Йорк мэрі Р. Джулианидің зәулімдер үйіндісінің орнына одан да сәулетті жаңа ғимараттар салумен айналысатын боламын деп мәлімдеген қылығына күйінгені есімде қалыпты: «Ол камера алдында қаздиа қалғанша, әлі де құтқаруға болатын адамдар туралы ойласайшы»,- деп мәлімдеді Қытай басшысы Цзян Цзэмин. Жалпы алғанда үкіметтер басшыларының Алматы кездесуі кезінде үлкен өкініш және халықаралық лаңкестіктің төніп келе жатқан жаңа қатеріне алаңдаушылық көңіл ауғанын қатты сезіліп тұр.
Сондықтан «Шанхай бестігінің» Алматы отырысы қалыптасып келе жатқан ұйым аясында өзара іс-қимылды дамытуда өзіндік серпіліс болды деп сеніммен айта аламын .
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев рәсімде бес мемлекет басшылары қол қойған шекара ауданындағы әскери саладағы сенімді нығайту жөніндегі келісімге қол қойылуы Азия-Тынық мұхит аймағындағы осындай әскери саяси деңгейдегі және географиялық ауқымдағы алғашқы құжат болып табылатындығын мәлімдеді. Осындай бірегей келісімнің әрекет ету аясында орасан зор әскери әлеуетті өзара бақылау, ал кейіннен оны қысқарту көзделіп отыр. Осындай келісім Азия-Тынық мұхит аймағында және жалпы алғанда Жер шарының бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдап, одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.
Осы келісім елдеріміздің арасындағы байланыстарды екі жақты да, көп жақты да дәйекті әрі жемісті дамыту үшін берік негіз қалап отыр.
Осы актінің бірегейлігін мынадан көруге болады: бес мемлекет ұзақ уақытқа созылған келіссөз барысында аса маңызды проблемаларды шешуге деген біртұтас тұжырымдамалық көзқарасқа келді.
Президент Н. Назарбаев келісімнің тағы бір маңызды басымдығын атап өтті. Онда келісімдерді орындау процедурасына және өзара бақылауды жүзеге асыруға байланысты барлық мәселелер мен мерзімдер әбден айқын ескерілген.
2006 жылы 13 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшылар кеңесінің кезекті саммитіне қатысу үшін Шанхайға келді. Қазақстан өз кезегінде ШЫҰ – ның белсенді мүшелердің бірі ретінде бас қосудың тұжырымдық қорытындысына айрықша мән береді.
ШЫҰ негізінде аймақтық қауіпсіздігі негізінде нығаюмен қатар оған мүше елдер арасындағы өзара сенімділік серпіні жаңа бағыт алуда. Атап айтқанда инвестиция игілігінің нәтижесі және сауда-экономикалық байланыстардың жақсаруы – жоғарыда айтып отырған ұйым жұмысының жемісті болуының арқасы.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев КХР-дің төрағасы Ху Цзиньтао мен кездесіп, екі ел арасында экономикалық және көршілік қарым-қатынастарды жақсартудың болашағы жағдайында әңгіме өрбітті. Бұл бас қосу «Шанхай бестігінің» он жылдығына арналғандықтан Қытай жағы аталмыш Саммиттің мерекелік деңгейде өтуіне жақсы жағдай жасалған.
ШЫҰ-ның ұстанып отырған бірегей саясатына Батыс елдері де назар аудара бастаған. Өйткені жыл өткен сайын ұйымның бейбіт ұстанымы мен саяиси көрегендігі әлемдегі тұрақтылықты талап етеді. Сондықтан да жаңа өмірлік бастамалар аталмыш ұйымның кеңесінде дүниеге келіп жатқаны мәлім. Осының айқын айғағындай, саммит жұмысын әлем қауымдастығын насихаттау үшін әлемнің әр түпкірінен үш жүзге жуық журналистер келген.
Мелекет басшысы Н. Назарбаев Қытайдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілеріне сұхбат бере отырып, журналистардің « Қазақстан - Қытай қарым-қатынасының келешегі кандай?»,- деген сұрауға толық қанды жауап қайтарды.
Естеріңізге сала кетейік, - деді Елбасы. – Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Қытаймен қарым-қатынасын « нөлден» бастады деуге болады. Ал, бүгінде екі жақты қарым-қатынастар стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріліп отыр. Екі жақты байланыстарды дамытудың бірінші маңызды нәтижесін ерекше атап өткім келеді. Біріншіден, 2002 жылғы желтоқсан айындағы Қазақстан мен Қытайдың арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Бұл екі жақты қатынасты әрі қарай дамытудың тарихи ірге тасы. Екіншіден шекара мәселесі толық реттелді. Үшіншіден эконоимкалық ынтымақтастық нығайтылды. Бүгінгі күні екі ел арасындағы тауар айналымы 6 миллиард доллордан асып отыр. Былтыр төраға Ху Цзиньтао екеуміз тауар айналымы көрсеткішін 10 миллиард доллорға жеткізу туралы міндет қойдық. Біз Қытай сияқты қарқынды дамушы елмен өзара тиімді байланыстарға балама жоқ деп санаймыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі - ШЫҰ туралы жазылған деректер, құжаттар, шыққан еңбектер, мақалалар көптеп табылады. Бұл ұйым туралы саяси көзқарас бейнелерді, болған оқиғаларды, өткен кездесулер мен скммиттер, сонымен бірге оның көптеген қарама-қайшылықтары жетерлік болып табылады. Осы ұйымға байланысты мақалалар мен тарихи ойлар жазылып шығарылған. Солардың негізгілері мыналар болып табылады:
Н.Ә.Назарбаев, «Сындарлы он жыл»., Алматы, Атамұра 2003ж, Н.А. Назарбаев «На пороге XXI века», -Алматы 1996г, -с 220, Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында», -Алматы 1999. -197 б, С.Абдулпаттаев « Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» - 75-80беттер, 1-2-3-ші кітаптарынан, Тоқаев К.Қ. «Беласу»., Дипломатиялық очерктер., -Алматы., 2003ж, -386-396 беттер, Тоқаев К.Қ. «Тәуелсіздік туы астында», -Алматы 1997 ж., - 192-194, Г.Б. Хан, Л.С. Суваров, Г.Б. Рахманов. «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» Монография., -Алматы 2003ж, -165-188 беттер.
«Егемен Қазақстан» газеттерінен 6 шілде, 2005ж «Тереңдей түскен түсіністік», 5-б, «Әріптестік», «ШЫҰ-ға қатысу қазақ мемлекеттілігін бекемдеу факторларының бірі», «ШЫҰ Қазақсатан сыртқы саясатының басым бағыты», «ШЫҰ-ның негізгі жетістіктері», «ШЫҰ-ның тиімділігін арттыру» -5-6-шы беттер,. «Егемен Қазақстан» 2005ж, 6 шілде №150-151(24109) Алып Азияның ұлы ұйымы, -1-2беттер, ШЫҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының Декларациясы – 1-2 беттер., «Заң газеті» 2005ж, 6 шілде, №56 Ұйымның беделі артып келеді, -1б., «Егемен Қазақстан» 2005ж, 1 шілде, Қауіпсіздік пен тұрақтылық – қоғам дамуының алғышарттары, -1-2 беттер., «Дала мен Қала» 2005ж, 8 шілде, №27 (104) Елорда тізгінді Пекинге берді, -5б, Қазақстан үшін бұл ұйымның экономикалық, саяси маңызы бар, -6б, Маңыздысы өз ерекшелігіңді сақтай білу, -5-6беттер., «Жас Қазақ»2005ж,8 шілде №27 (27) ШЫҰ әлі сәбидің жасында, -5, Кеше «бестік», бүгін «алтылық». Ертең ше? -1-4 беттер, Бізге масыл болып отыратын одақтас керегі жоқ, -4б, АҚШ қарап қалмаса кере-ті, -5-6 беттер., «Егемен Қазақстан», Әлем Астанаға көз тігеді, -6 б, Азия алыптары ШЫҰ-ға ұмтылады, -5б., Қ.К. Тоқаев Қазақстан және қауіпсіздік // Егемен Қазақстан 2004ж, 27 қазан.,
«Егемен Қазақстан» газеттері, Астана хабары, Ақиқат № 8, Дипломатия жаршысы, ШЫҰ Хартиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасының заңы №422, Дала мен Қала, Алматы ақшамы, Пезидент және Халық, Жас қазақ, ҚР-ның Парламентінің жаршысы №11, ШЫҰ Хартиясын бекіту туралы ҚР-ның Заңдары №465, Ақ Орда, т.б деректер мен еңбектер оның тарихи маңыздылығы мен міндеті төменде көрсетіледі.
Курстық жұмыстың мақсаты – негізінен бұл ұйымның қалыптасу жағдайы мен оның себептеріне және де кезеңдер төңірегіндегі саяси белсенділікке тұжырымдар жасаумен олардың ішкі және саяси күштерінің қалыптасып дамуына оны халық бұқарасының белсенділігінің артуымен сипатталады. Осы себептерге байланысты курстық жұмыстың да алдына қойған мақсаттары мен міндеттерінің келесі тұжырымы мыналар болып табылады:
- ШЫҰ алдына қойған мақсаттары мен қызметі;
-Басшылардың бір-бірімен кездесуі нәтижесіндегі қол қойылған құжаттар;
- Мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасы;
- Сауда, қауіпсіздік, экономика, инвестиция саласындағы қызметтері және саясаттарының қорытындыларын пайымдап, кеінгі мәселелерге талдау жасау болып табылады.
Зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы – курстық жұмыс ШЫҰ мәселелелерін қазіргі уақыттағы талапқа сай және оның белсенділігінің сонымен қатар жаңашылдылығының көзделуін, жаңа көзқараспен зерттелген құжаттардың қатарын толықтыра түседі. Осы зерттеу барысындағы жұмыстар, құжаттар және қорытындыларды ШЫҰ саяси және құқықтық ойлар дерегі, сонымен бірге тақырыпта қозғалатын мәселелер мен міндеттердің жиынтығын болашақ жұмыстарда пайдалану.
Зерттеу жұмысының деректік негізі – осы курстық жұмысты жазу барысында, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан, Ы. Алтынсарин кітапханасынан, Ғылым Академиясының Орталық кітапханасынан және университеттетдегі кітапханалардан, сонымен қатар интернет желісіндегі мптериялдарға сүйене отырып, осы тақырыпқа арналған әдебиеттерден алынды.
Курстық жұмыстың құрылымы – негізгі кіріспеден, басты екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Міне, осы басты деген курстық жұмыстың негізгі талаптарына сай өрбу жүргізіледі.
I тарау.Қазақстан- Қытай ынтымақтастығының негізгі мақсаттары.
Қазақстан-қытай ынтымақтастығын жөнге салу бірінші қадам Кеңес Одағының кезінде Қазақ ССР–ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991ж. шілдеде Қытай Халық Республикасына барған сапарынан басталады. Ол кезде өз тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Кеңес Одағының бір бөлігі болып қалды, сондықтан тікелей серіктестік ретінде біздің елмен шекараласқан Шынжан –Ұйғыр автономиялық аймақпен байланысу таңдап алынған. Қазақ ССР және Шынжан арасындағы принциптерімен негізгі ынтымақтастық бағыттары туралы Келісімге қол қойылды.
Тараптар келісімде ең жақын көрші ретінде бір біріне сенушілік және ынтымақтастықты қатынас ретінде мәлімдеді.
Екі жақ тауар айырбасын, қаржы қызметі және экономика саласында ынтымақтастықты нығайту үшін қолайлы жағдайды жасауды міндеттеді.
1990 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы темір жолдың ашылуына ризашылық білдірлді. Қазақстанның тынық мұхит жағалауына қысқа жолмен жетуіне үміт пайда болды.
Сол кезде екі ел үкіметтерінің арасында Сауда келісіміне қол қойылған болатын.
Бес жылдан кейін Н.Ә.Назарбаев өзінің естелігінде: « Біз үшін Қытаймен дұрыс достық қатынас – бұл тағы да бір бейбітшілікке жол. Қазақстанға ол кезде тек қана ресей арқылы өтетін жол болған. Солай істеу Орталыққа тиімді блды. Осындай жағдай пайда болғандықтан сыртқы рынокқа балама жол іздедік».
Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасында дипломаттық қатынас 3 қаңтар 1992 жылы орнатылды. Дипломатиялық қатынасты орнату туралы біріккен коммюникеде: «Екі ел халықтарының мүдделерін сәйкес Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Үкіметтері арасында елшілер деңгейіндегі дипломатиялық қатынас 3 қаңтар 1992 жылы орнатды шешті. Екі ел Үкіметтері екі ел арасындағы достықты, ынтымақтастықты нығайту үшін екі жақты тәуелсіздікті құрметтеу және аумақтың тұтастығын, жеке басқа қол сұқпушылық, бір бірінің ішкі істеріне араласпаушылық, теңдік пен екі жақты пайда және бейбітшілікте өмір сүруге клісім жасажы.
Қытай Халық Республикасының Үкіметі Қытайдың жалғыз заңды Үкіметі болғанын және Тайвань Қытайдың бөлінбейтін бір бөлігі екенін Қазақтан Республикасының үкіметі мойындайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі Тайваньмен қандай түрде болса да ресми қатынас орнатпайтынын дәлелдейді».
1992 жылы қарашада Алматыға ҚХР Сыртқы істер министрі Цянь Цияэнь ресми сапармен келді.
1993 жылы қазанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың ҚХР–на алғашқы ресми сапары болды.
Н.Ә.Назарбаев ҚХР Төрағасы Цянь Цзэминмен кездесуінде Қазақстан халықаралық істерде барлық мемлекеттердің үлкен де, орташа, кіші тнң құқықтылығын батыл қолдайды және ҚХР-мен қарым-қатынаста басымдылық сипат көрсетуде деп атап өтті. Ол Біріккен Декларация ынтымақтастықтың ұзаққа бағытталған негізгі құқықтық құжаты деп сипаттайды.
Әсіресе Президент шекараны бөлуге, қарулы күштерді қысқарту және шекара аумағында сенім шараларын нығайтуға айрықша көңіл бөлді. Ол Лобнордағы ядролық жарылыс туралы мәселені көтерді, өтіп жатқан сынақтар Қазақстан тарапын алаңдатып отырғанын атап өтті.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан қытай Тынық мұхит порттарына шығуы туралы ойын айтты
ҚХР Төрағасы Цзянь Цзэминьді келіссөздің ағымы мен мазмұны толығымен қанағаттандырады. «Біз екі жақтың қарым-қатынастарының дамуын қолдаймыз және Сіздің Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен ынтымақтастыққа қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз, Қазақстан мен ҚХР Азияда көрнекті орын алатын мемлекеттер,- деп қытай басшысы атап көрсетті» . Ол Қазақстанмен достық және ынтымақтастықты нығайтуда ҚХР барлық мүмкіндіктерді жасайтынын баса айтты. Ұлттық сепаратизмге деген ҚХР-ның ұстанымын Н.Ә.Назарбаевтың қолдағаны үшін ҚХР Төрағасы алғысын білдірді. Ол былай деді: «Біз ҚХР-ын бөлшектеу әрекеттернің кез келген түріне үзілді-кесілді қарсымыз. ҚХР-да және Орта Азия аумағындағы тұрақтылық – бір біріне әсер ететін, өзара байланысты үрдістер».
«Жоғары деңгейдегі кездесу- бұл екі жақты қатынастың бетбұрыс кезеңі екенін барлық келіссөзге қатынасушылар түсінеді,- деп Қ.К. Тоқаев тұжырымдады. Қол қойылған Декларация келісім-шарт түріндегі қазақстан-қытай қатынастарының негізгі қағидаларын бекітті». Бұл құжаттың аса маңызы ішкі істерге араласпау, тәуелсіздікті өзара құрметтеу және аймақтың тұтастығы туралы ережелер болды».
1995 жылы қыркүйек айында Президент Н.Назарбаевтың ҚХР-на екінші ресми сапары болып өтті. Президент Н.Ә.Назарбаев пен Төраға Цзянь Цзэминьнің келіссөзі, сондай-ақ Президент пен ҚХР Мемлекеттік кеңес Премьері Ли Пзннің кездесулері болды....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?