Тарих | Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ халқының тұңғыш мемлекеттік құрылымы (шамамен 1456-1847). Астаналары әр түрлі кезеңдерде Сарайшық, Сығанақ, Түркістан, Созақ т.б. қалалар болды. Қазақ хандығы XIV-XV ғасырларда Алтын Орда әлсірегеннен кейін, Дешті Қыпшақта Ақ Орда, Ноғай ордасы бөлініп шығып, өз мемлекеттерін құрды. Қазақстанның оңтүстігінде жер өңдеудің қайта қалпына келуі, қалалар өркендеп, онда қолөнердің қайта жандануы көшпелі, жартылай көшпелі Оңтүстік Қазақстан даласы мен Жетісудың Оңтүстік Қазақстанның отырықшы диқандарымен шаруашылық байланысының дамуы - бұл кезеңнің этникалық бірлесу бағытына, тілі, рухани мәдениеті, шығу тегі бір этникалық топтардың бауырласуына, ақыры қазақ халқының құрылуына ықпал етті. XV ғасырдың орта шенінде тұрақты біртұтас мемлекеттің қажет екені айқын сезілді. Осындай мемлекет қана Қазақстанды мекендеген ұлыстар жерінің шаруашылығының біртұтастығын сақтай алатын еді. Мұндай жағдайға ең әуелі қазақтың қалың бұқарасы - көшпелі малшылар мен дихандар мүдделі болды. Бұлар өзара қырқысқан қақтығыс пен соғыстардан қатты жапа шекті. Оларды қорғайтын күшті мемлекет қажет болды. XV ғасырдың 50-60 жылдарында Оңтүстік және Оңтүстік Қазақстанды мекендеген қазақтың кейбір ру-тайпаларының Әбілхайыр қол астынан бөлініп, Батыс Жетісуға қоныс аударуы осындай мемлекеттің - Қазақ хандығының құрылуына тікелей ұйтқы болды. Әбілхайырдың қарсыластарын Орыс ханның шөбересі , Ақ Орданың билеушісі Барақ ханның баласы Жәнібек пен оның туысы Керей сұлтандар бастап келді. Олар Моғолстан ханы Есенбұғамен одақ құрды. 1462 жылы Есенбұға дүние салғаннан кейін Моғолстандағы билік дағдарысы қазақ сұлтандарына Жетісу жерінде жеке саяси бірлестік құруға жағдай туғызды. Қазақ хандарының ешкімге тәуелсіз билік құра бастаған кезеңі 1465-66 жылдар. Қазақ хандығы алғаш Батыс Жетісуда (Шу, Талас ойпаты) құрылды.
Қасым ханның тұсындағы қазақ хандығы
XVI ғасырдың басында Мұрындық ханның тұсында қазақ далаларында Жәнібек ханның баласы Қасым сұлтан көзге түсті. Ол хан болып, бүкіл Жетісу соның қол астында болды. Мұрындық қайтыс болғаннан кейін Қасым хан бүкіл Дешті-Қыпшақтың ханына айналды. Оның хандығының нығаюына онымен көршілес отырған Ноғай ордасының әлсіреуі себепкер болды. Қасымның ел билеп тұрған кезінде Шейбани тұқымдары мен қазақ сұлтандарының арасында соғыс бола берді, күрес көбіне Сырдария қалаларына ие болу үшін болды. Қазақ хандары мен Шейбани әулеттерінің күресі бейбіт қалалар мен селениелерге тонаушылық шапқындар жасалуымен қатар жүріп отырды, бұлардың халқын жаңа ауыртпалықтар мен күйзеліске душар етіп отырды. 1510 жылдың қысында Шайбани хан әскеріҰлытау бөктерінде отырған Қасым хан ұлысына шабуыл жасады. Оларға күшті тойтарыс бере алмайтынын түсінген Қасым хан шегініп кетті де, тұтқиылдан шабуыл жасап, дұшпанын тас-талқан етті. Моғолстан ханы Сұлтан Сайд Ташкентке бірлесіп жорық жасауды ұсынды. Қасым хан бұл соғыстан бас тартты.1515 жылы Сұлтан Сайд Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ хандығының Жетісудағы билігі нығая түсті. Хандықтың шекарасы кеңіді. Қазақ хандығының орыс мемлекетімен елшілік байланысы басталды. Қасым хан билігінің соңғы жылдарында қазақ билеушілері мен шайбанилердің өзара қатынастары шиеленіскен қалпында қала берді. 1516-17 жылдары Шайбани әулетінің сұлтандары күш біріктіріп, қазақтарға қарсы жорыққа шықты.
Қазақтардың «Қасым ханның қасқа жолы» дейтін белгілі заңдары Қасым хан 1518 жылы өлген.
«Қасым ханның қасқа жолы» - қазақ халқының хандық дәуіріндегі әдет-ғұрыптық заң ережелерінің жинағы. Қасым хандық құрған кезде ел басқару ісінде қолданылған. Қасым хан өзі билік құрған кезеңде қазақ халқының этникалық аумағын кеңейту барысында әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеді.Шариғат қағидасын мығым ұстанған отырықшы аудандар да Қасым ханның қол астына өткен соң, әдет-ғұрыпқа сүйенген қазылық биліктерге жүгіне бастады. Қасым хан өз заңында Құран талаптарына қайшы келмейтін қазақи ғұрып ерекшеліктерін сақтады. Мыс., жеті атаға дейін үйленбеу, әмеңгерлік, құдалық жол-жоралар, қазылық билік т.б. Ол халықтың көкейінен шыққан әрі ежелден келе жатқан билік дәстүрді, әдет-ғұрыптық «жарғыны» жаңғыртып, күшейтті. Бұл заңға енген ережелер: 1) мүлік заңы (жер дауы, мал-мүлік дауы); 2) қылмыс заңы (кісі өлтіру, талау, шапқыншылық жасау, ұрлық қылу); 3) әскери заң (аламан міндеті, қосын жасақтау, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат); 4) елшілік жоралары (майталман шешендік, халықаралық қатынастағы сыпайылық, әдептілік, ибалылық); 5) жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке, думан үстіндегі ережелер, ат жарыс, бәйге ережелері,жасауыл, бекеуіл, тұтқауыл міндеттері). Бұл жарғы халық арасында ілтипатпен «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталып кетті. «Қасқа жолдың» қағидалары өзгерусіз XVII ғасырға жетіп, Есім хандық құрған тұста (1598-1645) «Есім ханның ескі жолы» деген жаңа атқа ие болды Тәуке ханның тұсында (1680-1708) бұл заң әлі де шариғат қағидасымен боялмай, ежелгі билер жасаған қалпын жақсы сақтады.
Хақ Назар кезіндегі қазақ хандығы
XVI ғасырдың50-70-ші жылдарында Қасымның баласы Хақназар (1538-1580) өзінің өкімет билігін күшейтіп, өз иеліктерінің шегін кеңейтуге әрекет етті. Бұл кезде Ноғай ордасында феодалдардың екі тобының арасында қатты күрес болды: бұлардың бір тобы Россияның қол астына кіруді тіледі, екінші тобы көшпелі қазақ ұлыстарына бой ұрды. Осыны пайдаланып Хақназар олардың көбісін өз жағына шығарып алды. Хақназар Моғолстан хандарымен де ұзақ қантөгіс соғыс жүргізді, бірақ бұл соғыс жеңіліспен тынды. 50-шы жылдардың аяғында Хақназар Сырдарияның бойындағы сауда-қолөнері орталықтарын өзіне бекітіп алуға және Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Ташкентті басып алуға тырысты. 60-70-ші жылдары қазақтардың Орта Азия халқымен экономикалық байланысы одан әрі өрістеді. Хақназар бір топ сұлтанмен бірігіп Бұхардың ханы Абдулла ІІ мен «анттасқан шарт» жасасып, «дос болып, оған қызмет етуге» уәде берді.Абдулла Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы күрес жүргізгенде Хақназар мен бірсыпыра сұлтандар Абдулланы қолдаған. Осы үшін Хақназар Абдулладан Сырдарияның бойындағы бірнеше қаланы алған. Қазақ сұлтандары талай толқып, бір кезде Баба сұлтан өздеріне Ясы, Сауран қалаларын бергенде, біраз уақытқа Абдулланы сатып кетті. Кейін қайтадан Бұхар жағына шығып, Хақназар мен оның өзіне жақын сұлтандары Ташкент билеушісіне қарсы астыртын әрекет істеді. Бірақ астыртын әрекет ашылып, Хақназар өзіне жақын бірнеше сұлтандармен бірге 1580 жылы өлтірілген болатын.
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ хандықтары. Жеті жарғы.
XVII ғасырдың аяғында - XVIII ғасырдың басында Қазақстанда феодалдық қатынастардың одан әрі дамуына байланысты билердің экономикалық маңызы артты. 1680 жылы Жәңгірдің баласы Тәуке хан болды (1680-1718).Тәукенің тұсында Россиямен қарым-қатынас күшейе түсті, елшіліктер алысу жиіленді, сауда байланыстары ұлғайды. Мұнымен қатар қазақтардың әділеттік правосының нормаларын жинақтап, жүйелеуге әрекет жасалды. XVIII ғасырдың басында тарихи әдебиетке Жеті-Жарғы деген атпен енген заңдар құрастырылды. Орыс деректемелерінде бұл заңдар «Тәуке ханның заңдары» деп аталады.
Бұл заңдарда негізгі назар феодалдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі дауларды ретке салып отыруға аударылған. Феодалдық праволарды бұзушылардың қай қайсысына да қатаң жазалаар қолданылатын болды. Жеті Жарғы шыққаннан кейін еңбекші халыққа түсетін салық ауыртпалықтары бұрынғыдан да күшейе түсті. Бұрынғы алым-салықтар көбейтіліп, жаңадан түрліше алымдар енгізілді. Кісі өлтіргендік үшін кесілетін өлім жазасын судьялардың құн төлеумен ауыстыруына право берілді. Сұлтан мен қожаны өлтіргендік үшін төленетін құн жәй қара қазақты өлтіргенде алынатын құннан жеті есе көп болып белгіленді.Құлдар жөнінде олардың иелерінің тірі қоямын десен де, өлтіремін десе де шексіз правосы болды. Құлдың қожасы жөніндегі шағымы еш жерде қабылданбады. «Өзінің малайын өлтіргені үшін мырзасы Құдай алдында ғана жауапты»,- делінген Тәукенің заңдарында. Жеті Жарғы барымтаны заңды еткенде айыпты адам мен оның руластарын билер сотының шығарған билігін еріксіз орындатқызудың басты әдістердің бірі ретінде заңды етті. Тәукенің заңдары семья басының билігін бұрынғыдан да бетер тежеусіз еткен. Өз әйелінің неке бұзарлық жасағанын ұстап алған ері оны өлтіре алатын болған. Әкесінің дегеніне қарсыласатын бала ауыр жазаланатын болған. «Өз балаларын өлтірген ата-аналарға ешқандай жаза жоқ»,- делінген заңда. Тәуке заңдарының негізгі мазмұны - қазақтың феодал шонжарларының мүдделерін қорғау, олардың меншігі мен саяси үстемдігін қорғау, хан билігін нығайтуға ұмтылу.
Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі.
Жоңғар феодалдарының қазақ жерлеріне жасаған шабуылдары XVII ғасырдың 40-шы жылдарында қонтайшы Батурдың тұсында жиі болды. 1643 жылы Батур Қазақстанның оңтүстік аудандарына шабуыл жасады. Ол Жетісудың едәуір бөлігін басып алып, көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. XVII ғасырдың 80-жылдарында жоңғар феодалдарының қазақ жерлеріне жорықтары қайтадан қозды. Олар оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы сауда қалаларын, ең маңызды керуен жолдары өтетін территорияны басып алуға тырысты. Қалдан деген жоңғар қонтайшысы 1681-1685 жылдары оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет шабуыл жасады, Сайрам қаласын алып, қиратып кетті. Бай аудандар тып-типыл болды. Қалданның мұрагері Цеван-Рабтан (1699-1729) Қазақстанға басқыншылық соғыстарын тоқтатпады. XVIII ғ. басында жоңғарлардың сансыз көп отряды Сарысу өзеніне дейін келді. 1718 жылы жоңғар әскерлері Арыс өзенінің бойында қазақ жасақтарының отрядтарын талқандап жеңді. 1723 жылдың көктемінде жоңғарлардың сансыз қолы Қаратау тауларынан асып, Талас өзенінің аңғарына басып кірген. Қазақтар бұл кезде шабуыл болатынын күтпеген еді де, қыстаудан жайлауға көшуге дайындалып жақан еді. Мұндағы қазақ халқының бәрі қырылып кетті, ал тірі қалғандары мал мүлкін тастап қашуға мәжбүр болды.1724-1725 ж. Жоңғар феодалдарыТашкент пен Түркістанды басып алды. 1728 жылы қазақ жасақтары Шұбар-Теңіз көлінің маңында, Бұланты өзенінің жағасында жоңғар феодалдарын ауыр жеңіліске ұшыратты. Бұл жеңіс халықты жаумен одан әрі күрес жүргізуге жігерлендіре түсті.1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігінде жоңғар әскерлерімен тағы да бір үлкен ұрыс болды. Жоңғар феодалдар тағы да жеңіліске ұшырады. Кіші жүз бен Орта жүз территориясының едәуір бөлігі азат етілді.
1723-1725 ж.ж. «Ақтабан шұбырынды» жылдары
1723-1725 жылдар қазақ халқының есінде ең ауыр кезең есебінде сақталып, «Ақтабан шұбырынды» деген ат алды. Бұл қазақ халқының тарихындағы қасірет, Отан басына күн туған кезең. 1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір-бірінен алшақтануы Қазақ хандығыныңәскери-саяси қуатын әлсіретті. Әз Тәуке өз елінің бірлігін нығайтуға талпынғанымен көздеген мақсатына жете алмады. Жоңғар басқыншыларына тойтарыс беруді діттеген қазақтар 1710 жылы Қарақұм съезіне жиналып, қанжығалы Бөгенбайды қолбасшы сайлап, бүкілхалықтық жасақ құруға шешім қабылдайды. Жоңғарлар өз әскерінің саны жағынан да, қару-жарағы жағынан да қазақтардан басым болды. 1723 жылдың көктемінде жайлауға көшуге қамданған бейқам қазақ еліне жоңғарлардың қалың қолы тұтқиылдан шабуыл жасады. Олар Балқаш, Қаратау бағытымен жылжып Алтай асып, Көктал өзені бойымен өрледі. Нұра өңірін қанға батырып, Шелек, Есік көлі, Шу өңірін таптап, тоқтаусыз Іледен өтіп қарудың күшімен, найзаның ұшымен қазақ жерлерін иемденді. Түркістан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Халық көп қырылды, тірі қалғандар ата мекенін тастап шықты. Тарихта бұрын болып көрмеген алапат құбылыс - қазақ халқының үдере қашқан босқыншылығы туды. Тоз-тоз болған Ұлы жүз, Орта жүздің шағын бөлігі Ходжент, Самарқан иеліктеріне көшті. Кіші жүз Сауран қаласын айналып Бұхараға ауды. Шұбырған халықтың басым көпшілігі Сырдан өтіп, Алқакөлге жетіп құлады. Осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы «Елім-ай» әні дүниеге келді. Жоңғар шапқыншылығынан күйзелген қазақ жеріне Еділ бойы қалмақтары, Жайықтың қказак-орысы, Орал башқұрттары, Бұқар мен Хиуа хандары тұс-тұстан шабуыл жасады. Қазақ өз елі тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте мол зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» шырғалаңы мен аласапыраны қазақтардың азаттықты аңсаған күш-жігерін жасыта алмады, олардың еркіндік пен ерлік рухын шыңдады. Бөгенбай, Қабанбай, Саурық, Жәнібек, Малайсары, Абылай, Әбілқайыр бастаған қалың ел 1726-1727 ж.ж. жоңғарларға қарсы майдан ашты. Бұланты мен Бөленті өзендерінің жағасында қалмақтарға қарсы соққы берді. 1727 ж. Қазақтар Қаратауды қайтарды. Хан тауына Орда тігіп, Аңырақай даласында ұлы жеңіске жетті «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» қазақ халқының есінде ұлы қасірет болып тарихта мәңгі сақталды.
Бұланты-Білеуті шайқасы
1727 ж.Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында қазақ жасақтарының жоңғар басқыншыларымен болған шайқасы. 1723-25 ж. Қазақ жерінің шығысы мен Жетісуды, Сырдарияның орта ағысына дейінгі өңірін басып алған жоңғарлар Ұлытауға қарай бет бұрды. Осы кезеңде Ордабасы жиынында біріккен бүкіл қазақ қолының бас қолбасшылығына Әбілқайыр хан сайланды. Соның нәтижесінде Ұлытау өңіріне енуді көздеген жоңғарлар 1726 ж. Шұбартеңіз шайқасында қазақ жасақтарынан ойсырай жеңіліс тапты. Бұланты мен Білеуті өзендері арасындағы кең жазықта шешуші ұрыс болды. Онда қазақ жасақтары жеңіске жетіп, жоңғарлар Ұлытауға жеткізбей тоқтатылды. Сол жеңістен кейін майдан кіндігі болған төбе Қалмаққырылған атанды. Өзінің маңыздылығы жөнінен Бұланты-Білеуті шайқасы 1941 ж. Мәскеу түбіндегі жеңіспен тең.
Аңырақай шайқасы
(1729жылдары, кей деректерде 1730 ж.) - біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі. Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Үш жүз жасақтары шешуші щшайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы ШУ, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40-45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей Қабанбай, Кіші жүз ді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті.Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасы шапырашты Наурызбай да қатысқан. Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты. Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті. Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.
Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіруі, жаулап алуы, отарлауы.
Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында олардың арасында едәуір саяси байланыстар болды. Орыс мемлекеті өзінің Шығыстағы мемлекеттік шараларыын кеңейтуге мүдделік көрсетті.
Иван IV-нің Қазан (1552), Астрахань (1556) хандықтарын, Оңтүстік-Батыс Сібірді жаулап алуы, Кама сауда жолын құруы қазақ хандығымен де тікелей түйісуді жеңілдетті. Орыс мемлекетінің Қазақстанға деген ықыласы, XV-XVI ғ.ғ. екінші жартысынан бастап Ресей ортаазиялық хандықтармен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатқаннан кейін қатты күшейді. Орыс мемлекеті мұндағы саяси жағдайға және қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасына жанды ықылас білдіріп отырды. Сондықтан Мәскеулік тақсырлар да қазақ хандарымен тікелей байланыс орнатуға талпынды. Бұл мақсатқа жетуде елшілік байланыстары зор роль атқарды. 1573 жылы қазақ даласына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді, елшілікке қазақтармен сауда жасасуды жөнге салу міндеті жүктелді. Алайда Чебуковтың дипломатиялық миссиясы Қазақстан шептеріне жете алмады, себебі оларды жолда Сібір ханы Көшімнің жиені Мәметқұл қырып салды. 1594 жылы Мәскеуге бірінші қазақ елшілігі келді. Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған өзінің жиені Оразмұхаммедті босатуға және орыс үкіметімен достық келісімін жасасуға тапсырма алған болатын. Сонымен бірге оның жауласушы феодалдық көрші хандықтармен күресу үшін Борис Годуновтан «Отты қару» алуға қол жеткізуі тиіс еді. Орыс патшасының Тәуекел ханға жауап грамотасында оған «отты қаруы бар көп әскер» жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан «сақтайтынына» уәде берілді.
Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиямен байланыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жаңа қоныстанушыларды, көпестерді, елшіліктер мен әскери отрядтарды жіберумен қатар, Қазақстанмен шекарасында нығайтылған бекініс пункттерін салуға кірісті. Қазақстан шекарасына жақын жерде орналасқан бірінші орыс қаласы «Үлкен Об қалашығы» болды. Мұнан соң Тюмень (1586), Тобольск (1587), Тару (1594), Томск(1604) қалалары салынды.
Жоңғар хандығының құрылуы Кіндік Азияға елеулі өзгерістер енгізді. Билік жүргізуші феодалдық топтың мүддесін білдіруші, алысты болжайтын саясатшы Тәуке хан өз мемлекетінің шекараларын нығайтуға үзбей талпынды. Оның Ресейге тілектестік қарым-қатынасыоның Ресеймен байланыс жасай отырып, Қазақстанның жағдайын нығайту ниетінен туған еді.
1732 жылдың 24 қарашасында Тевкелев өзінің миссиясын аяқтап, Найзакескен мекенінен кері қайтар жолына шықты. Петербургке жіберілген Әбілқайырдың елшілігімен бірге 1733 ж. 2 қаңтарында Уфаға келді. Петербургте өткен келіссөздер нәтижесінде Кіші жүздің Ресей азаматтығына кіруі түпкілікті шешілді.
1731 жылдың аяғында Әбілқайыр мен Бөгенбай батыр Семеке ханға егер ол Ресей азаматтығын қабылдаса орыс әскерлерінің күшімен бұл аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатынына уәде беріп, Орта жүзге өзінің өкілдерін жіберді. Сәмеке Әбілқайыр елшілерінің ұсынысын қабылдады. 1732 жылы Орта жүздің кейбір бөлігі Ресей құрамына формальды түрде өтті.
Өлкені отарлауды тездету мақсатында басқарудың Ресейлік жүйесі енгізіле бастады. Бұл қазақ халқының үлкен бөлігінің көтеріліске ұласқан қарсылығын туғызды. Солардың арасындағы ең ірі көтеріліс - Кенесары Қасымов ханның қолбасшылығымен болған қозғалыс еді. Бұл көтеріліс Орта жүз жерінің Оңтүстік-шығыс бөдігін патша үкіметінің әскери күшпен бағындырушылығын 10-15 жылға кері сырғытып тастады.
Ұлы жүздің негізгі бөлігін бағындыру басқа жағдайда өтті. Оңтүстік Қазақстандағы қазақ руларының бір бөлігі Ресей бодандығын өз еріктерімен қабылдады. 1819 жылы 18 қаңтарда Сұйық Абылайханов сұлтан бастаған 55462 жан Ресей тағына өз еріктерімен ант берді. 1824 жылы император Александр-І Ұлы жүздің Жетісуда көшіп-қонып жүретін руларынан тағы да 14 сұлтанды бодандыққа алу жөніндегі грамотаға қол қойды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның негізгі аудандары Ресей империясы ықпалынан сырт қалды. Көп кешікпей Қапал, Лепсі, Үржар бекіністері салынды.
Ірі әскери күштерді жұмылдыру арқылы патша әскерлерінің Түркістан, Шымкент, Әулиеата және басқа қалалар мен елді мекенді басып алуымен ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?