Қазақ тілі | Қазақ тілі пәнінен оқушылардың теориялық ойлауы

 Қазақ тілі | Қазақ тілі пәнінен оқушылардың теориялық ойлауы

Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................................3-4
І. Бөлім
1.1. Білім берудің демократияландырудың, ізгілендірудің, гуманитарландырудың тетігі оқушының өз әрекетінің иесі деп тану ...5-10
ІІ.Бөлім
2.1. Ақыл ой және мәдениет.......................................................................11-12
2.2. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуы..............................13-18
2.3. Сөз мәдениетін оқытудағы аса маңыздысы.......................................19-27
Қорытынды ................................................................................................28-30
Пайдаланылан әдебиет...................................................................................31

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.
“Білім – тұл, тілден шығып есілмесе”,- дейді Жүсіп Баласағұн. Тілдік білімді оқушының саналы әрекетін дамытатын, өмірлік қажеттілігін ақтайтын тегеурінді тетікке айналдыру үшін сол білімнің өзегінде, біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, ортаға тез бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау, өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын компоненттердің қатар қамтылуына назар аударыла бастады. Сондықтан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақстанның білім жүйесін реформалауда оқушының дара тұлғалық қабілеттерін дамыту проблемасы күн тәртібіне қойылды. Бұл қазақ тілі пәнін оқытуда оқушының сөз мәдениетін қалыптастыруға басымдылық беруді талап етеді. Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, бәсекелестікке қабілетті ел болу үшін, ең алдымен, оның әрбір мүшесі бәсекелестікке қабілетті болуы қажет [1]. Бәсекелестікке бейімділік адамның жинаған білім қорымен өлшенбейді, алған білімін өмір сүрудің, өзін-өзі дәлелдеудің, өзгелермен тіл табыса әрекет етудің құралы ретінде қолдана білуінен көрінеді. Бұл оқушының сөйлеу дағдыларын сөз мәдениеті негізінде жетілдіру арқылы мүмкін болады. Сондықтан да сөз мәдениетін меңгертуді қазақ тілі пәнін бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраныммен сәйкестендірудің басты шарты ретінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерделеу маңызды мәселе болып табылады.
“Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің даму тұжырымдамасында”: “Білім берудің басты мақсаты – оқушының білім алуына, өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету, өзін таныту, әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді қалыптастыра отырып дара тұлғаның қабілеттерін дамыту”,- деп көрсетілді [2,14 б.]. Мұндай өмірлік дағдылар қазақ тілі пәнінде оқушыға сөз мәдениетіне қатысты білім мен біліктерді меңгерту нәтижесінде ғана қалыптасары сөзсіз. Бұл қазақ тілі сабақтарында сөз мәдениетін меңгертудің жолдарын ғылыми негіздеу білім беру жүйесін реформалау талаптарымен де ұштасып жатқанын көрсетеді.
“Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің білім мазмұны тұжырымдамасында” білім мазмұнының макромоделі ретінде Тарих – Білім – Мәдениет үштағаны ұсынылған болатын. Өзінің бастауын сан ғасырлық тарих тезінен өткен тілдік әдеп негіздері мен ұлттық құндылықтардан алатын сөйлеу талаптарын жалпыадамзаттық мәдениетпен ұштастыра отырып жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың мәдени әлеуетін арттыру сөз мәдениетіне баулу арқылы жүзеге асары даусыз. Өйткені тіл – адам санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болса, сөйлеу – адамның интеллектуалдық әрекетінің ерекше түрі. Бұл да оқушының тілдік, әлеуметтік, қатысымдық, этикалық дағдыларын дара тұлға мәдениетімен бірлікте дамытудың маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан қазақ тілі пәнінің білім мазмұнында сөз мәдениетіне басымдылық беріп, оны оқытуды біртұтас әдістемелік жүйе ретінде қарастыру қажеттігі туындап отыр.
Білімнің нәтижеге айналуы – қазіргі таңда бүкіл өркениетті елдер ұмтылып жатқан меже. Сол себепті “Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” Нәтижеге бағдарланған білім моделін ендіру басты міндет етіп қойылды. Жаңа модель бойынша білімнің мәні оқушының өмір қажетін өтеуінде деп саналады. Бұл тұрғыдан алғанда да сөз мәдениеті мектеп түлегі міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мен біліктің түпкі нәтижесі болып саналады. Өйткені мектепте оқушының қазақ тілінен меңгеретін білімдері сөз мәдениетін қалыптастырудың базасы қызметін атқарғанда ғана бұл пән оның өміріне қажетті дағдыларды дамытудың құралына айналады. Бұл дара тұлғаның сөз мәдениетін білім нәтижесі ретінде зерделеп зерттеудің көкейкестілігін бекіте түседі.
І.Бөлім
Білім беруді демократияландырудың, ізгілендірудің, гуманитарландырудың тетігі – оқушыны өз әрекетінің иесі деп тану
Білім беруді демократияландырудың, ізгілендірудің, гуманитарландырудың тетігі – оқушыны өз әрекетінің иесі деп тану, тілді ұлттық құндылық, ділді қалыптастырудың тіні деп санау секілді жаңа парадигмаларды оқыту үрдісінде ұстану. Сабақта оқушының сөз бостандығын, ой еркіндігін сезінуіне, өз пікірлерін ашық та айқын айта алуына жағдай жасау арқылы олардың сөз мәдениеті дағдыларын қажетті дәрежеде меңгеретініне кепілдік етуге болады. Өйткені сөз мәдениеті – оқушының эстетикалық қабілетін, адами қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашатын тілдік білім мен сөйлеу білігінің бірлігінен туатын интеллект дамытудың бірден-бір қайнар көзі. Сондықтан білім беру саласындағы жаңа педагогикалық парадигмалар тоғысының нәтижесі ретінде сөз мәдениетін меңгертудің құрылымдық жүйесін зерттеудің өзектілігі артып келеді.
Білім беруді жетілдірудің басты факторларының бірі – пән мазмұнының өзімен сәйкес келетін ғылымның даму бағытымен үйлесімділігі. Қазіргі қазақ тіл білімі саласында жаңа антропоцентристік парадигма бойынша тіл жеке құрылым емес, ол алдымен, субъективтік мәнге ие құрылым деп белгіленді; сөз мәдениеті мемлекеттік тілдің қызмет етуінің бір шарты ретінде айқындалды; мемлекеттік тілдің мәртебесі оның қолданыс аясының кеңеюімен ғана емес, сол тілдің жұмсалуының мәдени деңгейімен де өлшенеді деп тұжырымдалды [3,14 б.]. Ғылымдағы осындай жаңа бағыттарды оқыту үрдісіне енгізу тұрғысынан қарағанда да сөз мәдениетін тілдік білімнің тұтқасы ретінде ұстану, оны білім мазмұнында қамту қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа талаптарымен толық сай келеді. Сондықтан сөз мәдениетін меңгертуді мектептегі тілдік білімді ғылым дамуымен тығыз сабақтастықта жетілдірудің маңызды факторы ретінде зерттеу де күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі.
Сөз мәдениетін оқыту – сөзді өнер деп бағалаған танымы терең, талғамы биік халқымыздың ізгі дәстүрін жалғастырудың басты кепілі. Қазақ тілінің табиғи даралығын, өзіне тән заңдылықтарын, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін, сөз әдебі жүйесін, шешендікпен тамырлас қасиетін уақыт талабымен бірлікте танытуға кең жол ашылып отырған жаңа кезеңде осы мүмкіндікті пайдалана білу үлкен сын. Сөз мәдениеті – оқушының интеллектуалдық және мәдени сапасын арттыратындай тілдік қатынасқа төселдірудің негізі. Бұл жерде “тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдық қатынастың түп қазығы дегенді білдіреді” [4,211 б.]. Сонымен, жоғарыдағы тұжырымдарды саралай келгенде, қарым-қатынас барысында адамның рухани жетілуі мен көп қырлылығының белгісі саналатын, адам болмысы мен өміртанымы тоғысатын сөз мәдениетіне оқушыны мектеп қабырғасынан бастап баулу – бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған өзекті мәселе. Оған қоса қазіргі таңда өріс алып отырған дара тұлға дамуына мүмкіндік жасауды талап ететін мемлекеттік стратегиялық бағыт пен білім берудің схоластикалық жүйесі арасындағы, қоғамдық-әлеуметтік сұраным мен оқыту нәтижесі арасындағы қайшылықтар да сөз мәдениетін меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындаудың көкейкестілігін бекіте түседі.
Зерттеудің мақсаты. Жалпы білім беретін орта мектепте сөз мәдениетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негізін тұжырымдау, негізгі және бағдарлы мектеп сатыларында сөз мәдениетін оқытудың әдістемелік жүйесін ұсыну, оның тиімділігін эксперимент арқылы дәйектеу.
Зерттеу нысаны – жалпы орта білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушыларына қазақ тілінен сөз мәдениетін меңгерту процесі.
Зерттеу пәні – жалпы білім беретін орта мектептердің 5-11 сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында сөз мәдениетін оқытудың әдістемесі.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жалпы білім беретін орта мектептерде сөз мәдениетін оқытудың әдіснамасын айқындап, ғылыми-теориялық негіздерін дәйектеу.
2. Сөз мәдениетін оқытуға байланысты тілдік материалдарды саралап, оқыту ұстанымдарын белгілеу. Сөз мәдениетін меңгертетін оқыту формалары мен әдістерін жүйелеу.
3. Мектеп оқушыларына сөз мәдениетін меңгертудің мазмұндық-құрылымдық интерпретациясын ұсыну. Сөз мәдениетінің негізгі және бағдарлы мектеп бойынша білім мазмұнын, оқыту жүйесіндегі рөлі мен орнын анықтау.
4. Сөз мәдениетін оқыту бойынша инновациялық технологияларды қолдану жолдарын белгілеу.
5. Сөз мәдениетін оқытуға бағытталған кешенді жаттығулар мен тапсырмаларды жүйелеу, жіктеу және сипаттау.
6. Сөз мәдениеті бойынша құзіреттіліктер түріндегі күтілетін білім нәтижелерін анықтау.
7. Сөз мәдениеті бойынша білім мазмұнының және сөз мәдениетін меңгерген дара тұлғаның модельдерін жасау.
8. Сөз мәдениетін оқытудың ғылыми негізделген әдістемелік жүйесінің тиімділігін эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.
Зерттеу болжамы. Егер сөз мәдениетін оқыту барысында оқушының сөйлеу дағдылары белгілі бір логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; оқушыларды сөз шеберлігіне төселдіру арнаулы тақырыптар бойынша ұсынылатын кешенді тапсырмалар мен жаттығулар негізінде жүргізілсе; оқытудың жаңа технологияларын тоғыстыра қолдану арқылы оқушының өзіндік әрекетіне, шығармашылық ізденістеріне басымдылық берілсе, күтілетін білім нәтижелері оқушылардың сөз мәдениетіне негізделсе, онда дара тұлға қабілеттерін дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені сөз мәдениеті өзгермелі дүние жағдайында өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыруға, оқушының тілдік құзыреттіліктерін жетілдіруге жол ашады.
Зерттеудің жетекші идеясы: Сөз мәдениетін меңгерту – қазақ тілі сабақтарында оқушының өмірлік дағдыларын қалыптастырудың басты шарты. Сөз мәдениетін меңгерту – оқушының өз бойындағы дара тұлғалық қабілеттерін, құзыреттіліктерін дамытуға деген ішкі мүдделілігі мен қоғамдық-әлеуметтік сұранымды үйлестірудің кепілі. Сондықтан жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоғары сатыларында сөз мәдениетін оқыту біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ғалымдардың сөз мәдениетіне қатысты жасаған тұжырымдарын талдаудан, сөз мәдениетін оқытудың қағидаларын жүйелеуден; сөз мәдениетін меңгертуге қатысты лингвомәденитанымдық, лингвокогнитивтік заңдылықтардың жиынтығынан тұрады. Сөз мәдениетін меңгертуде лингвистикалық, психологиялық, педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік ілімдердің жылдар бойы қалыптасқан жетістіктерін тиімді пайдалану зерттеу жұмысының әдістанымдық негіздерін құрайды. Атап айтқанда, тіл біліміндегі сөз мәдениетінің түп қазығы тілдік тұлға болуға тиіс деген антропоцентристік парадигма, философиядағы адамның мәні, дамуы туралы ілімдер, мәдениеттанудағы “мәдениет – тұлға деңгейін көтеру құралы” деген тұғырнамалық идея, білім мазмұнының Мәдениет –Білім – Тарих макромоделіне қатысты қағидалар басшылыққа алынды.
Зерттеудің әдістері. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық-әдістемелік негіздерін айқындауда сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері; экспериментті ұйымдастыру кезеңінде үлгі нысананы таңдау, тікелей, қосалқы, ұзақ мерзімдік бақылау, салыстырмалы әдістер, сауалнама, әңгіме, диагностикалық әдістер; зерттеу нәтижелерін қорытындылау барысында аналитикалық әдістер: талдау, қорыту; ақпаратты өңдеу әдістері: эксперименттік мәліметтерді сапалық және сандық тұрғыда сараптау, модельдеу, жинақтау әдістері қолданылды.
Эксперименттік база негізінде Алматы қаласындағы №159, 147, 52, 12 мектептер, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек би ауданы “Боралдай” орта мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясына эксперименттік база ретінде бекітілген республиканың әртүрлі аймақтарындағы 77 тірек мектеп, Алматы қалалық, облыстық және Республикалық мамандар кәсібін дамыту институты алынды.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
1. Бірінші кезеңде (1999-2001) жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі сабақтарында сөз мәдениетін жетілдіру, оқушылардың сөйлесім дағдыларын дамыту бағытындағы жалпы тенденцияларды айқындау мақсатында мұғалімдермен, оқушылармен сауалнамалар жүргізіліп, мұғалімдердің озық тәжірибелері сараланды, мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жасалды. Оқушылардың сөз мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау үшін отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу тақырыбына сәйкес еңбектерімен танысып, оларға талдау жасалып, болашақ зерттеудің негізгі бағыттары мен тұғырлары нақтыланды.
2. Екінші кезеңде (2002-2005) зерттеу жұмысының негізіне алынатын қағидаттар, жетекші идеялар айқындалды; мектептің негізгі және жоғары сатыларында сөз мәдениетін оқытудың басым бағыттары белгіленді; жалпы білім беретін орта мектептерде сөз мәдениетін оқытудың ұстанымдары, білім мазмұнының біртұтас құрылымы сараланды, оны оқытудың кешенді, жүйелі әдістемесі жасалды; сөз мәдениетін оқытуға арналған жаттығулардың типологиясы жасалды, сөз мәдениетін меңгертудің тиімді жолдары мен амал-тәсілдері қалыптастырушы эксперимент арқылы сынақтан өткізілді; сөз мәдениетінен оқу бағдарламалары, оқулық және оқу-әдістемелік кешен даярланып, тәжірибелік байқаудан өткізілді.
3. Үшінші кезеңде (2005-2007) зерттеу нәтижелері бір жүйеге түсіріліп, жинақталды, қорытындыланды: сөз мәдениеті бойынша білім мазмұны нақтыланды; мектептің негізгі және жоғары сатыларында оқушының сөз мәдениетіне негізделген білім, білік, дағдылары құзыреттіліктер түрінде айқындалды; білім сатылары бойынша сөз мәдениетін оқытудың кешенді тапсырмалар мен жаттығуларға негізделген әдістемесі жасалды; қазақ тілінің білім стандарттары, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендері жетілдірілді; бақылау және қалыптастыру эксперименттерінің нәтижелеріне сандық және сапалық талдау жасалып, сөз мәдениетінің оқушының тұлғалық деңгейін көтерудегі маңызы мен рөлі дәйектелді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- қазақ тілін оқыту әдістемесінде алғаш рет сөз мәдениетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негізі жасалды, оның басты мақсаты оқушының ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас мәдениетін дамыту нәтижесінде өмірлік дағдыларын қалыптастыру екендігі дәйектелді;
- сөз мәдениетін оқытудың әдістемелік жүйесін сараптау барысында ғылымдардың дамуына өзек болып отырған жаңа парадигмалар тоғысындағы сөз мәдениетінің мәні көрсетіліп, оны оқыту ұстанымдары ғылыми негізделді;
- жалпы білім беретін орта мектептерде сөз мәдениетін оқытудың мазмұндық-құрылымдық жүйесі жасалды; мектеп сатылары бойынша оқылатын сөз мәдениетінің аспектілері нақтыланды, олардың қазақ тілі пәнінің білім мазмұнындағы орны мен маңызы сараланды;
- сөз мәдениетін оқыту барысында күтілетін білім нәтижелері ақпараттық, проблеманы шешу, коммуникативтік құзіреттіліктер түрінде белгіленді; оқушының жеке тұлғалық қабілетін дамытудың тетігі ретінде жаңа мәдени-танымдық құзыреттілік анықталып, оның аспектілері, күтілетін білім нәтижесі ретіндегі мәні ғылыми дәйектелді;
- инновациялық технологиялар тоғысында сөз мәдениетін оқытудың әдістемелік жолдары жүйеленді; сөз мәдениетін дамытуға арналған жаттығулардың типологиясы ұсынылды, белсенді әдістер мен амал-тәсілдердің тиімділігі тәжірибе арқылы көрсетілді;
- жалпы білім беретін мектепте сөз мәдениетінің оқыту жүйесі мен сөз мәдениетін меңгерген дара тұлға модельдері ұсынылды;
- пікірталас мәдениеті бойынша ғылыми терминдер жасалып, айналымға енгізілді;
- жалпы білім беретін мектептерде сөз мәдениетін оқыту оқушының тілдік, қатысымдық, этикеттік және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, дара тұлға мәдениетін жетілдіруге жағдай жасайтынын дәйектеген ғылыми-әдістемелік жүйенің тиімділігі эксперимент арқылы тексеріліп, дәлелденді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Жұмыс нәтижелері әдістеме, педагогика ғылымдары теорияларын жетілдіруге, сөз мәдениетін оқытуды одан әрі кеңейтіп зерттеуге мүмкіндік жасайды. Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектептердің негізгі және бағдарлы сатыларында қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негізін байытуға, оны жаңа уақыт талабымен сабақтастықта дамытуға ықпал етеді. Зерттеу жұмысында айқындалған сөз мәдениетін меңгертудің ғылыми-теориялық негіздемелері жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ тілінің оқу бағдарламалары мен оқулықтарын негіздеу кезінде, ал сөз мәдениеті бойынша анықталған құзыреттіліктер қазақ тілінен күтілетін білім нәтижелерін нақтылауда пайдаланылуы мүмкін.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары жалпы білім беретін орта мектептерде сөз мәдениетін оқыту сапасын жетілдіруге, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлайтын арнаулы курстардың мазмұнын толықтыруға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын мектеп мұғалімдеріне, аспиранттар мен ізденушілерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ұсынылған жаттығулар мен тапсырмалар кешені оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, адамгершілік сапаларын жетілдіруге жол ашады. Зерттеу тұжырымдарының оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулар дайындауда, оқулық пен оқу-әдістемелік кешен даярлауда, сабақ әзірлемелерін жасауда қолданылу мүмкіндігі оның практикалық маңызын танытады.
Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы зерттеу негізі етіп алынған теориялық қағидалардың әдіснамалық тұрғыдан сараланып талдануымен бекітіледі. Сонымен қатар зерттеудің мақсатына, алға қойылған міндеттеріне сәйкес қолданылған зерттеу әдістерінің ұтымдылығы мен солар арқылы қол жеткізген нәтижелердің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерде ұсынылған сөз мәдениетін оқытудың әдістемелік жолдары арқылы республика мектептерінде қазақ тілі пәнін сапалы өткізуге ықпал етіп отырғаны зерттеудің сенімділігіне кепілдік етеді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- сөз мәдениеті бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұранысқа жауап бере....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?