Қазақ әдебиеті | Қазақ ағартушы – философтардың дүниетанымы
Мазмұны
І Кіріспе.
ІІ. 2.1 Ш.Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаевтардың еңбектеріндегі негізгі философиялық ой- толғамдар.
2.2 Шәкәрім Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатовтың шығармашылығындағы негізгі ойлар мен философиялық аспектілер.
2.3 Ш.Аймауытов, С.Торайғыров, М.Бекмұхамедовтардың философиялық ой-көзқарастары.
Қорытынды.
Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі Шәкәрім Құдайбердіұлы. Ақынның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениетін қамтиды.
Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты – туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану.
Ол: «Ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық - әуел болар алты шарт. Ынсап, рақым, ар ұят табылмаса, өлген артық дүниені былғағаннан», -деп жазды. Арлы, рақымды, ұятты адам баласы қоғамның қай кезеңінде де өзінің адамдық сапасын жоғары сақтаған. Басты мәселе – ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «ар ілімі» деп атауында да үлкен мән бар. Шәкәрім – ойшыл ақын ғана емес, қоғамдық озық ойға өзіндік үлес қосқан философ. Ол адам бола білудің басқа да сан алуан сапаларын ашып көрсетеді.
Сабыр деген - әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпес талай жан ызданады,
Осыдан келіп шығады адамшылық. –
дейді. Ал басқа шығармаларында, адам өмірі даңғыл жол емес, ал жолда бірнеше кезеңдер жатыр. Ол жақсымен де, жаманмен де кездеседі, жақсыдан үйренеді, жаманнан жиренеді.
Сұрқия, залымдардың алма тілін,
Беті тұнық, асты ылай, ол бір жылым,
Алаяқ сұмдарға ерсең болмас жолың. –
деп, залымдардан аулақ жүруді ескертеді.
«Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ұждан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нәрсе қарайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы – мұсылман жолы сияқты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Ең зор жарамды үш анық дегенім осы» (Үш анық 44-45 бб).
Шәкәрімнің ұжданы біз жоғарыда айтқан, ежелгі гректегі «каллокагатия», И.Канттың «кесімді императив» ұйғарымдарымен астас, Ұждан дегеніміз –ынсап, әділет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған халқына өлшеусіз қызмет етті.
Ол өлең өрнегі және философия, сонымен қоса, адамның ішкі психологиясын бірлестіре отыра, қазақ поэзиясына жаңаша мазмұн мен түр әкелді. Адамның «ішкі әлемінің» күрделілігін, құндылығын, ішкі сапа мәселелерін алға қойды. Адам мінезіндегі сан түрлі қайшылықтарды жеңуді, оған сыртқы ортаның әсерін, онымен қарым-қатынаста бола тұра, адам «ішкі әлемін» өзін-өзі игеруі керек деген идеяны ұсынды. Шәкәрімнің адам жайындағы түсінігі және оны көркемдеп суреттеу тәсілдері қазақ поэзиясына және философиясына маңызды өзгерістер әкелді. Жалпы «адамтануда», «құдайтануда» «ішкі әлем» жөнінде айтқан ойлары тек қана әдебиет пен философияның ғана сыбағасына тиетін үлес емес, сонымен қоса, ұлттық санаға ұлттың дамуына әсер ететін дәрежедегі идеялар еді.
Адамның дамуы, оның ішкі жан дүниесінің жандануына, жаңаруына байланысты болса керек. Философия мен әдебиетте «ішкі жан дүние» көбінесе этикалық, адамгершілік құбылыстар ретінде зерттеледі. Адам баласының ерекше табиғаты оның адамгершілік сапасына қатысты деп есептеледі.Ал Шәкәрім былай дейді: «Мейіріміділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал арлы, ақылды, адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді.
Осы үшеуінінң басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп, бірімен-бірі тату тұруына сөз жоқ. Бірақ осы айтылғандарға қарсы, жолдан қосылған, адамның бойында біржола сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер, әдеттер де бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, мақтан. Бұлардан ұшы-қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы, зорлық алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рақымсыздық, қанішерлік, тағы тағылар. Бұлай болғанда осы жаман әдеттерден құтылудың айласын іздеу керек.
Иә, Шәкәрім күн тәртібіне адам санасын арттырудың, оған қандай мінез-құлықтың әсері және қандай адами құндылықтарды дамыту керек деген мәселелерді қойды. Жалпы, Шәкәрім сыртқы ортаның, әлеуметтік жағдайдың адамға ықпалын, әсерін анық байқап, сол ортаны, қоғамды, әлеуметтік өмірді өзгерту жағдайына, рухани қажеттіліктің әсерін мойындайды.
Сондықтан ол:
Тәтті сөз бен түзу ой,
Тағдыр сыйы емес пе?-
деп толғайды да, оған қоса:
Таза ақылды адамның
Таппасы жоқ, бұл өмірде,
Осыныңды ұқ балам!
деп философиялық түйін түйеді.
Қорыта айтқанда, Шәкәрім шығармашылығының бір иірімі, жаратушы мен адам, махаббат, адамшылық, адами қасиеттер мен құндылықтар, адамның жеке дамуының көрінісі деген ойларда жатыр.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың (1845-1904) философиялық -әлеуметтік ой-пікірі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қоғамдық көзқарастың ең озық үлгісі болды.
Абай дүниенің объективтік заңдылғын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай, өзгеріп отырады деп таниды. Бұл жөнінде ол: «Дүние үлкен көл, заман – соққан жел. Алдыңғы толқын-ағалар, артқы толықн-інілер, кезекпенен өілінер, баяғыдай көрінер», «Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды», - деп тұжырымдайды. Абайды адам, оның тәні мен жаны, жаратылысы туралы проблема қатты ойландырған. Қырық үшінші сөзінде: «Тән азығы ішіп-жеу болмаса, ол өсіп қуаттанбайды, ал адамның жан азығы – білуге құмарлығы. Бұл болмаса оның малдан айырмашылығы жоқ. Білмекке құмарлықты қанағаттандыру – дүниенің көзге көрінген және көрінбеген қасиеттерін танып білу, іздену, сұрап білу, ғылымға ұмтылу, дүние сырын білу көкірекке сәуле, көңілге сенім береді», - деп түйеді.
Адам атаулы жаратылысында бірдей болып туады деп қарайды Абай. Өзін өзгеден артық санайтындарға сөгіп: «Менімен се тең бе деп мақтанасың, білімсіздік белгісі ол баяғы», дейді. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деп үйретеді.
Абай қазақ қоғамының болмысына үңіле қараған. Қоғам мүшелерінің адамгершілік мінез-құлқына талдау жасап, оның кейбір формаларын да ұсынады: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз. Өсек, өтірік, маншақ, еріншек, бекер мал шашпақ – бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой – бес асыл іс көнсеңіз» - деп, жоғары адамгершілік принциптеге шақырады. Бұл –Абайдың адамдық бағдарламасының бес принципі.
Елдің жақсы – жаман болуының тетігі оның ынтымақ – берекесіне байланысты. «Берекелі болса ел – жақсы жайлау, ол бір көл» - дейді ақын. Ел еңбекпен көркейеді, елдің шырқын бұзатындар – еңбек етпейтін арамтамақтар, еңбексіз жатып ішу адам баласын аздырады. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді ақын. Ол адамдарды игілікті еңбек етіп, өнер, ғылым тауып, өз тіршілігін оңалтып, рахат көруге насихаттайды, халықты өнер, ғылым жолына шақырады. «Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба», дүние бір алып құбылыс. Оған әрбір адам өз үлесін қосу керек. «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан, сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан!» дедйі.
Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек» - деп үйретеді. «Әуелі –надандық, екіншісі еріншектік, үшіншісі – залымдық деп білесің. Надандық – білім, ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік – хайуандық болады. Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны, талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық – бәрі осыдан келіп шығады.
«Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінді», деп ғылымға, білімге шақырып, оған жат нәрселерден бойын аулақ ұстау керектігін айтады.
Еңбек,ғылым, адамгершілік – бәрі де жер жүзіндегі данышпан ұлы адамдардың көңіл бөлген мәселелері болды. Абай да қазақ даласынан осыларға үн қосып, ұран тастады. Жастардың адам болуы үшін ең алдымен еңбек етуі. Ғылымға қолы жетуі де, әлеумет өміріне пайдалы жұмыс істеу де еңбекпен байланысты деген қорытынды шығарды. «Сегіз аяқ» өлеңінде:
Болмашы кекшіл,
Болсайшы көпшіл.
Жан аямай кәсіп қыл!, -
деп адамның адамшылдығы өз басында емес, көпті сүйген адал жүрегінде, еңбек етуде десе, екінші бір жерінде:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім... –
деп жұртты өнер, ғылымға шақырады. Сөйтіп, надандыққа қарсы ғылымды, ала ауыздыққа қарсы бірлікті жалқаулыққа қарсы еңбекті, пәлеқорлық пен жауыздыққа қарсы адамгершілікті қояды да, алдыңғылары елді аздыратын қылық соңғылары халықтың көсегесін көгертетін, игілікті іс деген қорытынды жасайды.
Абай жастардың алдында тұрған зор міндет – ғылым, қайткен күнде де, ғылымға қол созу керек деп, көп өлеңдерінде –ақ ғылымды жыр етеді:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба!
Ойнап босқа күлуге...
немесе:
Ғылым болмай немене
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғалымды көрсеңіз. –
деп ақын адамның ең қымбатты кезінің – жастық шақтың – оқуға, ғылымға жұмсалуын талап етеді.. Ойын сауықты кейін қоч тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден ғалымдардан үлгі ал дейді.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, -
деп, өзінің жас кезінде оқи алмай қалғанын арман етеді. «Жастар, Менің мұнымнан үлгі алма, жастық шақты бос өткізбей, оқуға, ғылым алуға жұмса» дегенді айтады. Ол кезде байлардың балаларын оқытқандағы мақсаты: шен алу, патша өкіметіне қызмет ету болса, Абай ғылым алуды, ғылымды ер керегіне жұмсауды мақсат етеді. Абайдың бұл мақсаты, әсіресе «Интернатта оқып жүр» деген өлеңінен айқын көрінеді. Ғылымның оңайлықпен қолға түспеітінін, адам өз білімін еш уақытта көпсінбей, өзіне-өзі сын көзімен қарау керектігін ескертеді. Сөйтіп, оқу-білім алу – мәдениетті болуға жұмсалса, сонда ғана нәтиже шығады деген қорытындыға келеді.
Міржақып Дулатов
М. Дулатовтың тәлім-тәрбиелік тағылымдарынан қазіргі күн талабы-тілегімен ұштасатын тағы бір кесек ойды кездестіреміз. Ол жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. Қазіргі қазақ жастарынын тәрбиесінде көлеңкелі, келеңсіз жақтардың белең алуы тәлімгер қауымға жас буынды жөргегінен мейірімділік пен имандылыққа баулып тәрбиелеу қажеттігін күн тәртібіне қойып отыр.
Осы жөнінде мұсылмандардың қасиетті кітабының үлгі-өнегеге толы тағылымдарына да баса назар аудару қажеттігі газет-журналдарымызда сан рет жазылып жатыр. Ал осы мәселені бұдан 80 жыл бұрын кемеңгер Дулатов та көтерген екен. Ол жұртты оқуға білім алуға тартқан кезде бір жағынан діни оқуды да жатсынбау қажет дейді.
Автор орысша оқып, орыс тілін үйренген қандай пайдалы болса, мұсылманша оқып, дінді танып, оны өмірлік қажетке пайдаланса кісі жан - жақты білімді азамат болып шығатыны айтылған. Ол медреселер ауыл мектептерінде ғылыми пәндерді, түрлі тілдерді менгерумен қатар, діни оқудан да мағлұмат алудың маңызын былай түсіндірді: «Медреседе сыйласып екі молла. Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша.
Педагогия тәртібімен оқытса, қазағым кетер едің сонда алға... Риза қазақ халқы болар еді, хүкімі шариғаттың тұрса қолда...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?