Тарих | Казахстан когамдык дамуы

 Тарих |  Казахстан  когамдык дамуы

Мазмұны
1. Қоғамның саяси дамуы
2. Өнеркәсіптегі жағдай
3. Ауыл шаруашылық өндірісіндегі қалашықтар
4. Мәдени өмір
5. Халық тұрмыс деңгейі
6. Халықаралық жағдай

Қоғамның саяси өмірі. Тоқырау құбылыстарының ұлғая түсуі. Демократиялық институттардың қатып-семуі мен формалды сипат алуы Кемелденген социализм "тұжырымдамасының" салтанат құруы. КСРО мен Қазақ КСР Конституцияларының қабылдануы. Ұлтаралық қатынастар. Ақмоладағы оқиғалар. КСРО сыртқы саясатының қайшылықтары. Семей полигоны. Ауғанстандағы соғыс. Дүниежүзілік социализм дамуының бәсеңдеуі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі келеңсіз құбылыстарды жою жөнінде шаралар қабылдаудағы солқылдақтық. Ұзақ мерзімді салалық аймақтық (территориялық) бағдарламалар жасау және жүзеге асыру. Экология. Рухани өмір.
70-жылдардың бас кезі жаңашыл үрдістердің едәуір әлсіреуімен, қоғамдық құрылыс принциптері мен формаларының тоқырауға ұшырауымен ерекшеленді. 1968 жылдың тамыз айында бес ел әскерлерінің Чехословакия жеріне енгізілуіне байланысты болатын. Өйткені дәл осы елде партияны жаңартуға, қатып-семген қоғамдық жүйені өзгертуге, нарықтық қатынастар орнату жолымен экономикалық реформалар жүргізуге бағытталған барынша ауқымды, түбегейлі ұмтылыстар орын алған еді. Шынтуайттап келгенде, онда социализмнің "сталиндік", "кеңестік" нұсқасын жою және демократиялық қоғам орнату туралы мәселе көтерілді. А.Дубчек бастаған ЧКП басшылығының бұл бағытына халықтың көпшілік бөлігі қолдау көрсетті.
1968 жылы "Прага көктеміне" қарсы төндірілген "интернационалистік акцияның" салдарынан іске аспай қалды. 60-жылдар ортасындағы бетбұрыс төрешіл керітартпа күштердің темір құрсауында қалды. Бұл оқиғаның ізі суымастан "ревизионизмге" қарсы басталған идеологиялық науқан ЧКП дамуындағы дағдарысты жоюға, бірқатар басқа коммунистік партиялардағы оппортунистік күштерге теориялық соққы беруге, партия, оның социалистік қоғамдағы жетекші рөлі туралы "маркстік-лениндік" тұжырымдаманы қайта қалпына келтіруге жәрдемдесуге тиіс болды.
1967 жылы Қазан төңкерісінің 50 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте сөйлеген сөзінде-ақ Л. И. Брежнев кеңес халқы жүріп еткен тарихи жолдың басты қорытындысы кемелденген социализмнің орнатылуы болып табылады деп мәлімдеген болатын.
Қиялдағыны қолдағыдай етіп керсетуге тырысушылықтың барынша асқындаған көрінісі КСРО-ның 1977 жылғы Конституциясында орын алды. КОКП Орталық Комитетінің мамыр (1977 ж.) пленумы мақұлдаған Конституция жобасы бүкілхалықтық талқылауға ұсынылды. Талқылау барысында не бары 400 мыңға жуық ұсыныс келіп түсті. 1977 жылғы қазанның 7-сі күні тоғызыншы сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясы Негізгі Заңның тексін қабылдады. Бұл күн КСРО Конституциясы күні болып жарияланды.
Конституция іс жүзінде орындалу мүмкіндігі мүлде қисьшсыз коммунизмнің материалдық-техникалық базасын жасау, социалистік қоғамдық қатынастарды жетілдіру және оларды коммунистік қатынастарға айналдыру, коммунистік қоғам адамын тәрбиелеу сияқты міндеттерді алға тартты. Коммунизмге өтер жолдағы заңды кезең кемелденген социалистік қоғам деп танылды.
1978 жылғы наурыздың 17-сіңде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республика Конституциясының жобасын "бүкіл халықтық талқылауға" ұсынды. Талқылау бас-аяғы бір-ақ айға созылды Қазақ КСР Конституциясының іргетасын Кеңес мемлекетінің Негізгі Заңы құрады.
1978 жылғы сәуірдің 18-і Қазақстан Компартиясы ОК-і жаңа Конституция жобасын негізінен мақұлдап, тоғызыншы сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс жетінші сессиясының қарауына ұсынды. Сәуірдің 20-сында Жоғарғы Кеңес сессиясы Жаңа Конституцияны қабылдады.
Орыс тілінің жағдайын ұдайы жақсартуға бағытталған "қысымшыл" саяси бағдар "ұлт мәселесінің толық және түпкілікті шешілуімен", "халықтардың мызғымас достығымен," "ұлттар мен ұлыстардың жақындасуы және бірігуімен" бүркемеленді.
1975 жылы Алматыда Олжас Сүлейменовтың "АЗиЯ" ("Ізгі ниетті оқырманнын кітабы") атты еңбегі жарық көрді. Оның көптеген өзге зерттеулерден айырмашылығы сол — ақын бұл кітабында көне орыс әдебиетінің ұлы ескерткіші болып табылатын "Игорь жасағы туралы жыр" (XII ғасыр) "славяндық және түркілік этникалық әлем шекарасында дүниеге келген және шығармада екі көрші мәдениеттің шындықтары айқын көрініс тапқан" деген түйін жасайды. Шындығыңда да, "Игорь жасағы туралы жырда" түркі төркіндес сөздер аса мол, мұның өзі кездейсоқ жайт емес еді. Бірақ Жданов мектебінде қанаты қатайған ұлы державалық шовинизм айқындамаларын айырылмастай нық ұстаған идеологтар үшін О.Сүлейменовтың тұжырымдары астамшылық болып көріңді. "АЗиЯ" кітабы тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталды, оның жаңа басылым-дарына тыйым салыңды.
Волга бойындағы неміс автономиясы таратылғаннан кейін оның мыңдаған азаматтары Қазақстан жеріне көшіп келген еді.
Қазақстан Компартиясы ОК-нің сол кездегі бірінші хатшысы Д.А.Қонаевтың куәлік етуіне қарағанда, мұндай ұсыныс КСРО МХК төрағасы Ю. Андропов тарапынан жасалған екен. Бұл мәселе қойылғанда қатынасып отырған Қазақстан басшылығы үнсіз қалады. Бұл аз болғандай Қазақстан аумағында неміс автономиясын құру жөнінде комитет құрылып, оған Қазақстан Компартиясы ОК-нің хатшысы А. Коркин басшылық етті. Комитеттің шешімі бойынша, болашақ автономияның әкімшілік орталығы Ақмола облысындағы Ерейментау қаласы болуға тиіс деген ұйғарым жасалды.
1979 жылғы маусымның 16-сы күні таңертең қазақ жастарының топтары Ақмоланың орталығындағы Ленин алаңына көптеп жинала бастады. Жастардың қолдарыңда "Қазақстан бөлінбейді!", "Неміс автономиясына жол жоқ!" деген жазуы бар тақтайшалар болды. Көп үзамай қала орталығы демонстранттарға лық толды. Осы оқиғаны көзімен көргендердің айтуына қарағанда, митингіде сөйлеушілердің сөзі дәйекті де байсалды болған. Олар Қазақстанның кеңес республикасы және көп ұлтты Кеңес Одағының құрамдас бөлігі екендігін айтқан. Бұл жерде оңдаған жылдар бойына қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, татарлар және көптеген басқа халықтардың өкілдері қоян-қолтық бірлесіп еңбек етті.
Кеңесімен, халқымен ақылдаспастан, ойда жоқта неміс автономиясы құрылмақшы. Митингіге қатысушы бір студент: "Біз Кремльдің мұндай шешімін айыптаймыз",— деді. Облыс басшыларының митингіні тез арада таратып жіберуге тырысқан әрекеті іске аспады. Митингіге қатысушылар шеп түзеп, қала көшелерімен ұрандатып өтті.
Қоғамдық өмір дамуындағы демократиялық және төрешіл бетбағыттар қүресі әсерінен туындаған саяси жүйенің қайшылықты, күрделі сипаты сыртқы саясатқа да қайшылықты сипат дарытты. 1973 жылы Вьетнамдағы соғыс аяқталды. Хельсинкиде жалпыеуропалық кеңестің шақырылуы барлық бейбітшілік сүйгіш күштердің қомақты табысына айналды.
Өзгерістер жағдайында Қазақстан өзінің халықаралық байланыстарын нығайтуға мүмкіндік алды. Өзге елдермен мәдени және экономикалық қатынастар күшейе түсті. Алдыңғы бесжылдықтарда Қазақстан кәсіпорындары өндіретін тауарларды сыртқа шығару ұлғая түсті.
Қазақстан металл кесетін станоктарды, жол құрылысы жабдықтарын, электровоздарды, жиһазды, киімді, тағам өнімдерін, электр тауарларын, т. б. сырттан тасыды.
Қазақстанның шетелдермен мәдениет саласындағы байланысы қарқынды дамыды. Қазақстандық жүздеген маман әлемнің көптеген елдерінде — Иракта, Египетте, Үндістанда, Монғол Халық Республикасыңда, Финляндияда, Ауғанстанда жұмыс істеді.
АҚШ, Франция, Италия ғалымдарымен байланыс жүзеге асырылды Қазақсанда кеңес-сирия достығының күндері, Францияның КСРО-дағы күндері өткізілді Қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт аспаптары оркестрінің әртістері, КСРО халық әртістері Е.Серкебаев пен Б.Төлегеновалар Францияның музыка сүйер қауымын өздерінің қайталанбастай тамаша әуез өнерімен тәнті етті. Қазақ операсы мен балетінің, көркемсурет пен графикасының, қолданбалы өнерінің шеберлері Еуропа, Азия, Африка, Америка елдеріңде өнер көрсетті.
Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов дүниеге келіп, өсіп-өнген жерлерде, яғни Семей, Павлодар, Қарағаңды облыстарының түйіскен тұсыңда орналасқан Семей ядролық полигоны Қазақстан жерін молынан қамтыды. Ядролық заряд мұнда алғаш рет 1949 жылғы тамыздың 29-ында сыннан өткізілді. Ғалымдардың пікірі бойынша, әрбір эксперименттік қоңдырғы мен оны жер астында сынақтан өткізу құны - орта есеппен 30 миллион сомға тең.
Дәрігерлер мен фельдшерлерге рактан, лейкоздан және иондаушы радиацияға байланысты туындаған басқа да аурулардан қайтыс болғаңдарға дәл диагноз қоюға тыйым салынды.
1969—1970 жылдары Маңғыстау облысының аумағында да халықтан жасырын түрде кен жыныстарында үш бірдей жерасты ядролық сынағы өткізілді.
Саяси және идеологиялық жағдайдың ушығуына социалистік достық одақ елдері ішіндегі күрделі қарым-қатынастар да әсер етті. Қытай Халық Республикасы өзінің "қытайлық ерекше" жолын іздестіре бастады.
Екі ел арасындағы экономикалық, саяси өзара байланыстар айтарлықтай шектелді. Мысалы, кеңес шекарасыңдағы қытай әскерлерінің саны 1967 жылы 400 мың адамға жетті.
70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында сыртқы саясатта кеңес халқына қымбатқа түскен жаңсақ әрекеттерге жол берілді. Әскери күш-қуатты арттыруға жұмсалатын қаражат көлемі ұлғая түсіп, қарсы жақтың "әрбір танкісіне танкпен", "әрбір ракетасына ракетамен" қолма-қол жауап берілді. Көптеген көрсеткіштер бойынша КСРО Қарулы Күштері АҚПІ армиясынан басым түсіп жатты.
Кеңесі төралқасына, оның төрағасы Л.И.Брежневке жолдаған ашық хаты мен үндеулерінде Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізудің қателігі туралы жазып, оларды алып кетуді және бұл проблеманы БҰҰ-да шешуді талап етті.
2. Өнеркәсіптегі жағдай. КСРО-дағы саяси ахуалдың өзгеруі экономикалық реформалар мүмкіндігін айтарлықтай тарылтты, ал кейіннен олардың мүлдем тежелуіне әкеп тіреді. Оның үстіне шаруашылық жүргізу тәжірибесі бірте-бірте социализм туралы қасарыспа қасаң түсініктер салдарынан туындаған, күні біткен шөптерге сырғи берді.
70-жылдардың басында кейінгі кезеңдердегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170-тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цех, оның ішінде Лисаков кен-байыту комбинаты, Шерубай-Нұра шахтасы, Талдықорған аккумулятор зауыты, бірқатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бой көтерді. Павлодар облысында Екібастұз отын-энергетика кешенінің, Ертісте Шүлбі СЭС-інің құрылысы басталды. Трактор және ауылшаруашылық машиналарын жасау, мал шаруашылығы мен жем өндіру машиналарын шығару салалары озыңқы қарқынмен дамыды. Мұнай өңдіру көлемі ұлғайды. Бұл сала әсіресе Маңғыстауда жедел өркеңдеді. 1975 жылға қарай республиканың барлық кәсіпорыңдары дерлік энергиямен қамтамасыз етілді. Минерал тыңайтқыштар өндіру 1,8 есе, сары фосфор-2,5 есе есті, оның үстіне республиканың фосфор өнеркәсібі КСРО бойынша алдыңғы қатарға шыға бастады.
Мұнайдың едәуір көлемін сыртқа шығару халық шаруашылығына қажетті сырттан тасылатын тауарларды көбірек сатып алуға мүмкіңдік туғызып, экономикалық дамудағы жаңсақтықтардың ащы зардабын тежей тұруға жәрдемдесті. Бірақ 70-жылдардың екінші жартысынан бері қарай мұндай теріс бетбағыттар барған сайын айқын аңғарыла түсті.
Тежеліс тетігінің өзегіне айналған сөз бен іс арасындағы алшақтық әр қилы сипаттарда көрініс тапты. Бұған төмендегі мысалдар жақсы дәлел бола алады. КОКП-ның XXIV—XXVI съездерінде ғылыми-техникалық прогресс туралы көп айтылды.
Экономиканы бір орталықтан басқару әдісі жаңалық ойлап табу мен жүзеге асыру арасындағы жолды шамадан тыс ұзартып жіберді.
Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды. Мәселен, 80-жылдардың орта шенінде КСРО Батыс Еуропа ел-дерімен және АҚШ-пен салыстырғанда әр өнім басына қуат пен шикізатты 2—3 есе көп жұмсап отырды.
Өндірістің материалдық байлықтарын қолдану тиімділігінің төмендігіне әр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақытының босқа жоғалуы келіп қосылды. Өнімді қандай да бір елеулі шек қойылмастан жалпы көлемі бойынша жоспарлау сақталды. Мифологиялық пайым социалистік мемлекеттің зор қуатын бейнелейтін жаңа символдардың күннен-күнге көбейе түсуін талап етті. Павлодар — Екібастұз, Маңғыстау, Қаратау — Жамбыл, Шымкент — Кентау тәрізді ірі аймақтық-өндірістік кешендер дәл осы кезеңде, яғни 70-жылдардың басында тұрғызылды. Жылдық, тоқсандық, айлық тапсырмаларға түзетулер енгізу бұрынғысынша үйреншікті іс күйінде қала берді. 1981-1985 жылдар ішінде әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.
Өнеркәсіптік қалалардағы, әсіресе Өскемен, Жамбыл, Шымкенттегі экологиялық жағдайдың ауырлыгын қосқанда, КСРО-дағы социалистік құрылыстың "артықшылықтары" тайға таңба басқандай көрінеді.
70 - 80-жылдарда ауыл шаруашылығы жөнінде ауқымды шешімдер қабылданып, оларда сала өндірісінің материалдық базасын нығайту, оның өсу қарқынын барынша ұлғайту, мамандандыру мен шоғырландыру көзделді. Ауыл мұқтажына бөлінген қаражат көлемі де шұғыл өсті. 1971—1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 миллиард сомнан астам күрделі........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?