Бухгалтерлік есеп | ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебін талдау
Мазмұны
КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------3
І. ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ----------------------------4
1.1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі--------------------9
1.2 Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу----------------10
1.3 Дебиторлық есеп айырысуды бақылау-------------------------------------------12
1.4 Басқа да дебиторлық борыштар есебі--------------------------------------------13
1.5 Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу----------------------------------14
1.6 Күмәнді дебиторлық берешек пен оны бағалау-------------------------------15
1.7 Дебиторлық берешектің аудиті ---------------------------------------------------16с
1.8 Күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебі------------------------------19
ІІ. «ҚАЗАҚСТАН - КАСПИЙШЕЛЬФ» ЖШС-Ң ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ТАЛДАУ----------------19
2.1 АҚ «Қазақстан - Каспийшельф» -ң жалпы сипаттамасы---------------------20
2.2 «Қазақстан - Каспийшельф» ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебінің ұйымдастырылуы--------------21
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------26
Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.
Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу, пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни дебиторлық борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Жалпы « дебиторлық берешек» - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Мен өзімнің курстық жұмысымда осы дебиторлық берешекті теория түрінде ғана қарастырамын. Жалпы дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерден тұрады:
«Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі».
«Күмәнді дебиторлық берешектер».
«Еншілес серікестіктердің дебиторлық берешегі».
«Басқадай дебиторлық берешек».
«Алдағы кезең шығындары».
«Берілген аванстар».
Енді жалпы дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыруды және жоғарыдағы аталған бөлімдерді қарастырамын.
І. ДЕБИТОРЛЫҚ БЕРЕШЕК ЕСЕБІ
1.1 Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:
Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;
Басқадай дебиторлық борыштар.
Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексеь бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен қоса, заңды құқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық борыш» дегеніміз, бұл – иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активке қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.
Ұйымның қаржы қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебиторлық борыштардың есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байланысты кірісті алынған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сомасы бойынша есептелінеді. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар «ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардаң мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін пайдалану ұйымының күмәнді борыштарының сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірибеде баға жеңілдіктері (скидки) терминімен (сөзімен) бірге сауда жеңілдігі термині (сөзі) қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.
Кейбір жағайларда сапаның төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Мұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы. Талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісіт табыстарының көлемін азайтатындағы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:
Дт: 6030 баға шегерімі – шоты
Кт: 1210 алынуға тиісті борыштар – шоты
Түріндегі бухгатлтерлік жазуы жэазылады.
Егер сатылған тауар ұйымға қайтарылған болса, ол үшін жазылатын бухгалтерлік жазу мына түрде бейнеленеді:
Дт: 6020 Сатылған тауралардың қайтарылымы – шоты
Кт: 1210 Алынуға тиісті борыштар – шоты
Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық борыштар есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:
Нөмірі: 7 Журнал-ордер – 1250 «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борышы» деп аталатын шотының кредиті бойынша;
Нөмірі: 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – 1610 «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;
Нөмірі: 10 Журнал-ордер – 1290 «Күдікті қарыздар бойынша резерв», 1620«Алдағы кезең шығындлары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;
Нөмірі: 11 Журнал-ордер – 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының және 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарныда есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.
Дебиторлық борыштар келесідей бөлімдерден тұрады:
1210 «Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы».
1290 «Күдікті қарыздар бойынша резервтер».
1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы».
1280 «Басқадай дебиторлық борыштар».
1620 «Алдағы кезең шығындары».
1630 «Берілген аванстар».
Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық борышы болып табылады.
Осы шоттар бойынша жасалатын есептің ұйымддстырылуын қарастырайық. 2110 "Алынуға тиісті қарыздар" шотында жөнелтілген өнім (тауарлар), орындалған жұмыстар және көрсетілген кызметтер үшін төлеуге банк қабылдаған есептесу құжаттарын есепке алады. Алынуға тиісті дебиторлық қарыздар ағымдағы (немесе қысқа мерзімдегі) дебиторлық қарыздар, яғни бір есептік кезеңнің ішіндегі болып және ұзақ мерзімдегі дебиторлық қарыздар, яғни бірнеше есептік кезеңді қамтитын болып екіге бөлінеді.
Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады:
Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциясы жасалады: 7010 "Сатылған дайын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құны", 7020 "Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны" шоттары дебеттелі де, 1320 "Дайын өнімдер", 1330 "Алынған тауарлар", 8010 "Негізгі өндіріс", 8020 "Өз өндірісінің шала өнімдері", 8030 "Қосалқы өндіріс" және басқа шоттары кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі.
Сатылған (жөнелтілген) өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 3110-шоты дебеттеледі де, 6010 "Сатылған дайын өнімнен (жұмыстардан, қызметтерден) түскен табыс", 6011 " Алынған тауарларды өткізуден түскен табыс" және басқа шоттары кредиттеледі.
Осыған ұқсас шоттардың корреспонденциясы негізгі құралды (6210 шоттың кредиті), материалдық емес активтерді (6210 шоттың кредиті), бағалы қағаздары (6210 шоттың кредиті) сатқан кезде жасалады. Осы жасалған корреспонденциямен бірге косымша құн салығына (ҚҚ6) 1210 шоты дебеттеліп, 3130 шоты кредиттеледі.
Сатып алушыларға және тапсырыс берушілерге төлеу үшін берілген есеп айырысу-төлем құжаттарын төлегеніне қарай 1050 "Валюталық шотындағы нақты ақша", 1040 "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша, 1010 "Кассадағы нақты ақша" шоттары дебеттеледі де, 1210 "Алынуға тиісті қарыздар" шоты кредиттеледі.
Жабдықтаушы кәсіпорынның бухгалтериясы бұрынырақ төленген авансты есепке алады да, ол: 3510 және 3520 шоттарының дебеті және 1210-шотының кредиті бойынша кәрініс табады.
Егер де алынуы тиіс шоттар алғашқыда шетел валютасымен, содан соң теңгемен кәрсетілсе, онда олардың есептік кезеңнің соңына пайда болған оң айырмасы 1210 шоттың дебетінде және 6250 кредитінде керсетіледі, ал теріс айырмасы 7430 дебетінде және 1210 шоттың кредитінде көрініс табады.
Дебиторлық қарыздар соларға байланысты түсетін табысты салыстырғанның нәтижесінде ғана танылады, бірақ табыстан баға бойынша да, сату бойынша да берілген жеңілдіктермен (скидки) қоса, сатудан қайтарылған тауарлардың шегеріледі.
Баға мен сатудан берілген жеңілдіктер 6030 "Сатудан жасалған жеңілдіктер", 6030 "Бағадан жасалған жеңілдіктер" деген шоттары дебеттеліп, 1210 шоты кредиттеледі, ал қайтарылған тауарға 6020 "Сатудан қайтарылған тауарлары" шоты дебеттеліп, 1210 шоты кредиттеледі. Осыған сәйкес, бүрыңдары есептелген ҚҚС да түзетіліп жазылады.
Айдың аяғындағы 1210-шоты бойынша сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өздеріне келген (босатылған) тауарлы-материалдық запастар және орындалып, қабылданған жұмыстар мен қызметтер үшін әтелмеген борыштың қалдығын көрсетеді.
Дебиторлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық қарыздың айналымдылығы 30-дан 90 күнге дейін тең болады, егер де осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.
Қойылған талапқа жеңілдік берудің келісім-шарты бойынша жасалатын операциялардың есебі. Бір заңды тұлға келісімшарт бойынша екінші бір заңды тұлғаның қандай да бір міндеттемесін (тауарлы-материалдык құндылықтарды жеткізіп бергені, аткарған жұмысы, көрсеткен қызметі үшін төлемді) орындаған кезде өзінің заңды құқықтық талабын толық немесе ішінара көлемде азайтып немесе төмендетіп береді.
Міндеттеменің негізінде кредиторға жататын құқықтық талап бұрындары берілген тұлғадан басқа тұлғаларға өтуі мүмкін. Бұл жерде кредитордың құқығының басқа тұлғаға өтуі регрессивтік талап болып табылмайды. Бұл кезде кредитор бірінші заңды тұлғаның келісімін талап етпейді, егер олар заң актілері мен келісім-шартқа қайшы келмесе. Құқық талабын азайту міндеттемелеріне жауап беретін кредиторларды ауыстыру болып табылады.
Кей жағдайда кредитордың келісімінсіз міндеттемелердің талабын азайтуға болмайды, өйткені жаңадан пайда болған кредитор бірінші кредиторға келеңсіз жағдай туғызуы мүмкін:
- тауар нарығында ол кредитор бәсекелес болып табылуы мүмкін;
- кредитор мен қарыз беруші (талабын азайтып беруші кәсіпорынның) бұрындары олардың арасында шаруашылық даудың болуы мүмкін;
- кредитор мен қарыз беруші бір-бірімен байланысты тараптар немесе бір-бірінен бөлетін түлғаларың болуы мүмкін т.б.
Бұл жағдайда кредитор басқа бір кредиторға өзінің заңды талабын берер алдында бірінші кредитормен келісіп алады.
Мысал. "Қызыл-жайылма" ЖШС "Иінсексауыл" ААҚ-мен 471250 теңгеге үш күннен кейін жеткізіп беретін тауардың құнын төлейтін келісім-шартқа отырған. Бірақ төлем дер кезінде төленбегендіктен "Қызыл-жайылма" ЖШС өзінің заңды кұқықтық талабын беру үшін "Жыңғылды" ААҚ-мен келісімшартқа отырған, бұл келісім-шартта мынадай талаптар болған:
1 вариант (нұсқа). "Жыңғылды" ААҚ (цессионар) 5 күннің ішінде, келісімшартқа отырғаннан кейін, "Қызыл-жайылма" ЖШС-тің (цедент) есеп айырысу шотына контракты құнының 100% төленуін талап еткен.
Енді біз цессия келісім-шарттарындағы төлем сомасын анықтаудың бір бөлігі әзгерген жағдайдағы цедент пен цессионардың корреспонденциясын қарастырып кәрейік.
2 вариант (нұсқа). "Жыңғылды" ААҚ (цессионер) 5 күннің ішінде "Қызыл-жайылма" ЖШС келісім-шарттағы ақшаның 85% аудартқан, ал қалған 15% "Жыңғылды" ААҚ өзіне марапаттау ретінде қалдырған.
1280 "Алынған вексель" шотында жөнелтілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін алынған вексельдердің есебі жүргізіледі. Дебиторлық қарызды жабу ретінде вексель ұстаушының алған векселі бухгалтерлік есепте 1280 шотында және 1210 шоттың кредитінде көрсетіледі. 1220 шотта пайыздық та, пайыздық емес те есептелінеді. Пайыздық вексель бойынша 1220 шотында, "Вексель бойынша алынатын пайызы" деп аталатын субшоты ашылуы мүмкін...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?