Әдебиет | Қазақ Баспасөзінің Бағдары
Мазмұны
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
ІІ.І. Қазақ Баспасөзінің Бағдары
ІІ.ІІ. Қазақ Баспасөзінің Тәуелсіздік Жылдардағы жағдайы
ІІ.ІІІ. Баспасөз дамуының қазіргі шындығы
ІІІ. Қортынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер:
ІІ. Негізгі бөлім
ІІ.І. Қазақ Баспасөзінің Бағдары
Республикамыз тәуелсіздік алып, әлемдегі жүздеген мемлекеттермен тең дәрежеде қарым - қатынас жасап отырған бүгінгі таңда, бұқаралық ақпарат құралдарымыздың басты тетіктерінің бірі - қазақ баспасөзі тәуелдігіміз жолында барынша ат салысып келеді.
Әлем ХХІ ғасырға аттағалы санаулы айлар қалғанда баспасөздің ролі бұрынғыдан күшеймесе кеміп отырған жоқ. Сонау ХХ ғасыдың бас кезінде халқымыздың бір туар перзенттерінің бірі Міржақып Дулатов өзінің “Баспасөз үлесі” деген мақаласында қоғамдағы баспасөздің атқаратын роліне жоғары баға беріп, Eуропа жұрты баспасөзге “алтыншы мемлекет” деп ат қойған десе,баспасөздің ролі бүгінгі күні бұрынғыдан да артып төртінші билік атауына ие болып отыр.
Қазақ баспасөзінің тарихына үңілер болсақ, ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империясы қазақ жерін толық жаулап алғаннан кейін, бұл аймақта өз саясатын орнықтырып,насихаттау мақсатында газет ашты.
Қазақ тіліндегі алғашқы жарық көрген баспасөзге “Түркістан уалаятының газеті”(1870-1883ж.) мен “Дала уалаятының газеті” (1888-1902 ж.) жатады.
Бұл газеттер Ресей үкіметі қойған міндеттер мен мақсаттарға, оның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға, қызмет еткеніне, сонымен қатар, қазақтың әлеуметтік, шаруашылық және мәдени өмірінің мәселелерін көтеруде едәуір рөл атқарды.
Қазақстанда Қазақ төңкерісіне дейін жарық көрген журналдар мен газеттер мыналар еді; “Түркістан уалаятының газеті”, “Дала уалаятының газеті”, “Серке”, “Қазақ газеті”, “Дала”, “Қазақстан”, “Ешім даласы”, “Қазақ”, “Алаш”, “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ұран”, “Үш жүз”, “Тіршілік”, “Айқап’ және” Садақ” қолжазба журналы.
ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың тарихындағы өте бір қиын кезеңдердің біріне жатады. Осы жылдары қазақ жерін отарлау аса қарқынмен жүргізіліп, 1906-жыл мен 1916-жыл аралығында қазақтардан 17 миллион десятина жер тартып алынды. Тартып алынған жерлерге Ресей империясының орталық аудандарынан келген орыс мұжықтары орналастырылды. Халқымыздың жерден айрылуы, ешқандай құқығының болмауы, алым-салықтың көптігі олардың тұрмыс тіршілігін адам төзгісіз жағдайға алып келді. Осындай кезеңде халқымыздың көрнекті қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев және тағы басқалар халқымызды басына төнген қиындықтан алып шығу жолында әрекеттер жасады, сол жолда тер төкті.
Олар қазақ жерін тартып алуды, орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудартуды тоқтатуды талап етті. Ресей империясының жүргізіп отырған отаршылдық саясатын әшкерелеп, өздерінің шығармаларының өзекті тақырыптарына айналдырды.
Міржақып Дулатов 1907 жылы “Серке” газетінде жарияланған “Біздің мақсатымыз” деген мақаласында былай деп жазды: “Ең алдымен, қазақ халқы Россияға тәуелді халық...Оның ешқандай құқығының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті де керек емес нәрселерге жұмсалады... Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай, чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып соғып, мал- мүлкін тартып, ойына не келсе соны істеді. Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет- ғұрпымызға, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселесіне де араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды...”
Сонымен қатар олар саяси күресте және халқымыздың мәдени рухани өміріндегі баспасөздің рөлін айқын түсініп, бірнеше газеттер мен журналдарды шығарды. Қазақ тіліндегі ұлттық бағыттағы газеттер 1907 жылдан бастап шыққан “Серке” мен “Қазақ газеті” болып табылады.
Ахмет Байтұрсынов: “Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек... жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын корғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады”- гезеттің қоғамдағы атқарар жүгіне үлкен мән бергендігін көрсетеді.
ХХ ғасырдың бас кезінде шыққан газеттер мен журналдардың ішіндегі қазақ баспасөзі тарихындағы, ерекше орын алатын “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті еді. “Айқап “журналы 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласында шыққан. Журналды шығарушы - қазақтың тұңғыш журналисі, ақын, ағартушы әрі жазушы Мұхаметжан Сералин болатын.
“Айқап” журналы өзінің бетінде, негізінен, халқымыздың мәдени рухани, оқу ағарту, ана тілі, қазақ әйелдерінің бостандығы, теңдігі, саяси әлеуметтік мәселелер сияқты тақырыптарды кеңінен көтерді.
Ал 1913-1918 жылдары аралығында Ахмет Байтұрсыновтың редакторлығымен шыққан “Қазақ” газетінің негізгі тақырыбы ұлт бостандығы, ұлт теңдігі сияқты өзек жарды саяси әлеуметтік мәселелер болды.
Ахмет Байтұрсынов газетінің алғашқы нөміріндегі мақаласында былай деп жазады: ‘Қазақ халқы өз жерінде ғасырлар бойы тұрып, өз бетінше өмір сүрді, қазір ағылып келіп жатқан қарашекпенділерден дала тұншығуға айналды. Біздің болашағымыз не болмақ...
Қазақтардың экономикалық өмірінің енді өзгеретіні анық. Крестьяндар біздің егістік жерді иеленіп жатыр, жер учаскелері тартып алынуда, қысқаша айтқанда, жатжерліктер койнымызға ендеп кіріп барады. Қазақ халқының тірі қалуының өзі күмәнді болып барады. Өз автономиямызды сақтап қалу үшін, білім мен мәдениетімізді көтеру үшін, бар күшімізді салуымыз керек. Біз ең алдымен ұлттық әдебиетімізді дамытуымз қажет. Ана тілінде өз әдебиетін жасай алған халықтың ғана тәуелсіз өмір сүруге хақы бар екенін ешқашан ұмытпағанымыз жөн”.
“Қазақ” газетінің бетінде саяси әлеуметтік, мәдени, оқу -ағарту сияқты тақырыптарды көтерген Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов және тағы басқа ұлт жанды қайраткерлердің мақалалары жиі жарық көріп тұрды. Ресей империясының отаршылдық саясатының салдарынан тұншығуға айналған халқымыздың санасын оятып, серпін беруде, империялық сұрқия саясатты әшкерелеуде, теңдік тәуелсіздік жолындағы күресте “Қазақ” газетінің рөлі зор болды.
“Қазақ” газетінің төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қазақ автономиясын құрғаны тарихтан белгілі.
Кеңестер дәуірінде қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуге байланысты біршама еңбектер жарық көрді. Солардың ішіндегі алғашқылары Хайыржан Бекхожиннің “Дала уалаяты” газеті туралы 1949 жылғы қорғаған кандидаттық диссертациясы мен Бейсенбай Кенжебаевтың 1950-жылы шыққан “Қазақ баспасөзінің тарихынан” деген еңбектерінде, қазақтың мерзімді баспасөзінің пайда болуынан бастап, революциялық - демократиялық орыс баспасөзінің игі ықпалы мен қазақ ағартушыларының негізін қалаудағы қызметі баяндалады.
Бұл еңбектерде қазақ төңкерісіне дейінгі қазақ баспасөзінің тарихы объективті тұрғыдан зерттеліп, оң баға берілген еді. Елуінші жылдардың бас кезінде көрнекті тарихшылар, әдебиет және өнер зерттеушілеріне қарсы жүргізілген қуғындаулар бұл авторларды да айналып кетпеді. Мәселен, Ж.Сәрсеков «Әдебиет және өнер» журналының 1951- жылғы №7 санындағы “тарихи шындық бұрмаланбасын” деген мақаласында Бейсенбай Кенжебаевтың аталған еңбегін аяусыз сынға алып, жарамсыз етті.
Ол Б. Кенжебаевтың Сұлтанмахмұт Торайғыровты Сұлтанмахмұт- өз заманының ұлы асқан азамат ақыны, күресші ақыны болады деген бағасымен келіспей, С.Торайғыровты ескіліктің жыршысы болды, алашордашылармен байланысты деген сияқты сынға алды.
Жалпы, 1917- жылғы төңкеріске дейін шығып тұрған журнал мен газеттерде таптық көзқарас болмағанын сынайды. ХХ ғасырдың бас кезінде мәдени-рухани және әлеуметтік-саяси өмірінде үлкен рөл атқарған “Айқап” журналының да сол кездегі патшалық құрылысқа дұрыс ниеттегі журнал болды деп айтпаған, Б.Кенжебаевтың “Айқап” журналы – “жалпы алғанда буржуазиялық-демократияшыл ағартушы бағыттағы журнал” болды дегенмен келіспей, журналдың социал - демoкратиялық бағыттта болмағанын сынайды.
Бүгінгі күні демократия ұранын жеделдетіп, кейбір орыс тілді тәуелсіз баспасөздерде, тәуелсіз республикамыздың мүддесіне қайшы сарындағы мақалалар жариялануда. Олардың бет-бейнесін ашып, идеология майданында мемлекетіміздің мүддесін қорғап отырған да қазақ баспасөзі.
Мемлекет мүддесі ешқандай да ақшамен және басқамен өлшенбей, барлық мүддеден жоғары тұрған елде экономикалық өрлеу де, ішкі саяси тыныштық та болады. Біздің қалауымыз да сол емес пе, ағайын!
ІІ.ІІ. Қазақ Баспасөзінің Тәуелсіздік Жылдарындағы жағдайы
Тәуелсіздігіміздің арқасында еліміздегі демократияның бір пошымы ретінде қызмет атқарып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының халқымыздың әлеуметтік-саяси және рухани- мәдени өмірінде алар орны, ақтарар қызметі салмақты.
Бүгінгі таңда қоғамдық санаға ықпал ететін, бұқараны ортақ мақсатқа жұмылдыратын бірден - бір күш бұқаралық ақпарат құралдарының басты тектерінің бірі - баспасөз болып табылады.
Баспасөздің қоғамымыздағы алатын орнына жоғары баға берген Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев: “Қалыптасқан қоғамдық экономикалық жағдайға, оқырманның сипаты мен тілегіне орай баспасөз қазір ағартушылық - танымдық , Қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын сипатқа ие болып отыр. Себебі, біз жаңа мемлекет құру үстіндеміз. Демек, осындай сын кезінде баспасөз халықты біріктіруші қоғамды алға жылжытатын саяси ойдың алдыңғы қатарда болуын қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан, мемлекетті қалыптастырушы күш ретінде танымдық, терең ойлы баспасөзге арқа сүйеместен өз саясатыңды қалай жүгізіп, реформа мәнін қалай ұғындыруға болатынын түсінбеймін” - деп атап .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?