Қазақ тілі | Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту

 Қазақ тілі | Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту

Мазмұны

КІРІСПЕ

1. ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарының теориялық негіздері
1.2. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізі мен қазіргі мазмұнын анықтау

2. ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Тіл дамыту жұмысының мақсаты мен мазмұны
2.2. Сөздік жұмысының жүргізілуі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1.Қазақ тілін оқытудағы тіл дамыту әдістемесін жетілдірудің теориялық негіздері

1.1. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарының теориялық негіздері.

Орта ғасырлық ұлы ғалым Ж.Баласағұн «Құтты білік» поэмасында тіл өнерінің қасиетін және оның пайда зияны туралы былай дейді:
«Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл кетер тұғын бас болар.
Тіл арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды»
Бұл сөзде тіл қасиетінің өміршеңдігін, оның адам өміріндегі мәнін, жөнімен сөйлей білудің қажет екенін зерделейтін үлкен философиялық ой жатыр.
Тіл сонымен қатар ақыл ойдың да көрінісі. Сол себепті де тілдің әлеуметтігі туралы тезис оынң мәдениетпен диалектикалық бірлігін танытады. Бұл жерде тағы да халықтың мұрасы «Құтты білікке» жүгінгеніміз өте орынды болар: «Ақыл көркі тіл, тілдің көркі сөз» дейді Баласағұн. Мұнда тілдің жақсы иінез құлықпен мәдениеттіліктің юелгісі екеін танытатын философиялық ой жатыр.
Сонымен тіл адамзат қоғамымен туылып., онымен бірге дамып келе жатқан қоғамдық құбылыс. Ал оның қоғамдағы негізгі қызметі коммуникативті қызметі болса, қазіргі уақытта юұл қызметтің ауқымы кеңеюде.
Қоғамның әртүрлі саласында тілдік белсенділікті қажет ететін мамандық түрлері заман ағымына сай ғылыми және публистикалық стильді талап етеді. Сондықтан, оқушылрадлы осы кезден тіл сабақтарнда оқытылатын теориялық білім беру мен тіл дамыту жұмысын мазмұнды жүргізу арқылы стильдің әрт.рлі түрлерімен сөйлеуге үйрету керек. Тіл сабақтарынан білім беру мен тікелей тіл дамыту жұмысын жүргізу оқушылардың логикалық ойын, дүниетанымын, сөз байлығын, сөйлеу мен жазу тілін, әдеби нормада қалыптастыруды көздейді.
Ол ана тілдің табиғатын терең түсініп, грамматикалық заңдылықтарын терең игеру деген сөз. Қазақ тіл оқытумен байланысты тіл дамыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі мақсаты оқушыны ойын ауызша және жазбаша грамматикалық, стилистикалық жағынан дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Қазақстан Респуликасы Ғылым Академиясының оқу ағарту саласымен жогғарғы оқу орындарының бір топ ғалымдары жасаған «Қазақ орта мектебіндегі білім мазмұнының тұжырымдамасында» оқушының тіл мәдениетін жетілдіру білімінің қосарлана ену принципіндегі негізінде басқа пәндерді оқыту мазмұнына енуі қажеттігі жөнінде былай делінген: «Тіл мәдениетін жетілдіру тек тіл процесінің міндеті емес. Ана тілі жеке курс ретінде беріліп қоймай, басқа пәндердің барлығында өзінің әдеби тілінің шұрайлылығымен, ғылыми тілінің кең ойлы өрнегімен енуі шарт. Мектептің білім сапасын мазмұнын анықтауда үлкен методологиялы мәні бар бұл принциптің іске асуы жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани байлығына сусындап өсуіне, тілін сауатты меңгеруіне ықпал етер еді. »
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізгі компоненттерінің бірі тіл дамыту проблемасын шешу міндеті ең алдымен, тілге, қоғамға араласудың құралы деп қараудан туындауы тиіс.
Тілді бұл сипатта жұмсауда оқушыны дағдыландыруы үшін оның коммуникация құралы екендігін анықтайтын білімді оқыту процесінің барлық сатысында басшылыққа алып отыру қажет.
Бала тілі дамуының психологиялық негізін зерттеген ірі психолог Н.И.Жинкиннің пікірінше жүгінсек, «Адаммен сөйлесуге деген ұмтылыс тілі шықпаған кішкене сәбидің әрекетінен-ақ байқалады екен. Өзіне төнген үлкен адамның бет әлпетін көріп, сәби қозғала бастайды: басын, қол аяғын қимылдатады. Демек, үлкен адаммен сөйлесуге деген ұмтылыс баланың өз ойын жүзеге асрыруға деген тілегінен туады екен. Сәби тамақ ішкісі келсе, ыдыса қолын созады. Мұнда өзін өзі басқаруға деген ұмтылыс бар, бірақ, оның сыртқа шығу формасы адамның физиолоиялық ерекшелігімен байланысты болып отыр. Әрі қарай аламның ақыл ойы толысып, есейген шағында оның тілі коммуникацисының бірінші сатысында қызмет атқарады. Бұл бірінші сатыда адам өзін сөзі арқылы таныта бастайды: оған әлеуметтік ортаның назары ауа бастайды. Өзіне аударылған тиімді, қажетті мақсатына сәтті пайдалану үшін енді жеке тұлға коммуникативтік процестің қалған үш аспектісін (информативтік, эмотивтік, фативтік) дереу іске қосу керек. Тұлғаның әлеуметтік ортаның сеніміне ие болуы өзіндегі басқарушылық аспектіні коммуникатвтік процестің қалған үш аспектісімен қаншалықты дәрежеде шебер ұштастырумен байланысты, сондай ақ адамдардың коммуникативтік қабілеті айналасындағы адамдармен күнделікті тұрмыста ғана қарым қатынас жасаумен ғана шектеледі.»
Біз тіл дамыту әдістемесінің мазмұнын зерттеу жұмысымызға объект ретінде алынған жай сөйлем синтаксисінің ішінде жетілдіреміз десек, жай сөйлем синтаксисінің лингвистикалық мүмкіндіктерін терең зерттей отырып, оны тіл дамыту әдітемесіндегі коммуникациялық, информативтік және эмотивтік қызметтерін анықтайтын аспектілерін оқушыларға таныту қажет деп таптық және әдістемеміздің мазмұнын да осы негізге құрдық. Дәлірек айтқанда, жай сөйлем синтаксисінің тілдің: коммуникатвтік қызметтеріне тұтқа бола алатын лингвистикалық тұстарын методикалық аспектіде бір бірімен байланстыру деп тұжырымдауға болады. Тіл дамыту әдістемесінің жай сөйлем синтаксисін оқытудағы мазмұнын белгілеу үшін оның алғы шарттарын анықтап алу қажеттілігі туып отыр.

1.2. Тіл дамыту әдістемесінің ғылыми негізі мен қазіргі мазмұнын анықтау

Қазақ тілінің грамматикасына қатысты мәселе сөз болғанда қазақ балаларының ана тілінде сауат ашып, әрі қарай оқуын жалғастыруына көп күш жұмсаған, тілдің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын баяндап, талдап, танытқан, зерттеуші, әрі сол зерттеудлерінің негізінде «Әліппемен» тұңғыш ана тілі оқулықтарын жазған ғалым А.Байтұрсыновтың есімін еске алмау мүмкін емес. Қазір қолданып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, шылау, үстеу, бастауыш, баяндауыш, септеу, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз деген атауларды ойлап тауып, ғылыми бір ізге салған, қазақ алфавитін жасап, оның фонетикасын, морфологиясын, синтаксисін ғылыми лингвистика дәрежесіне көтерген А.Байтұрсынов сөз өнерін доғары бағалап, сөйлеу мәдениетіне ерекше мән берген адам.
«Біздің заманымыз жазу заманы... Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге, сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша бір бірімен қиындасып, жалғасатын жүйесін білуге керек», деп жазған ғалым сөз қадірін, оның қасиетін тануды меңзейді. А.Байтұрсынов баланың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруда олардың мәнін түсіне барып, жұмсауға үйрету керек деген принципті қолдайды. Оның «Баяншы», «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбектері мен «Қай әдіс жақсы», «Бақылау, әдіс», «Жалқылау, жалпылау әдісі т.б.» мақалаларында осы туралы айтылады. Мысалы, «Тіл жұмсар» атты еңбегінде оқушының тілін дамытуда оның дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруда мынадай жаттығуларды ұсынады:
а) Төмендегі екі сөздің арасында берілген бір төл сөзді қайсысына теліп айтуға болады.
Шылғау піскен
Боз тас
Ат қалың

Байтал деп
Сұр Үрді
Ет ит


Бөрі ақ
Ақ Үн
Аш естілді
Бұл мысалдан қисынды сөз тауып, сөйлей білуге үйретуде сөйлеу жүйесіне назар аударту, ойды білідіруде реттілікті, тиянақтылықты сақтауға дағдыландыру мақсаты байқалады.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым ретінде жүйеге түсіп, дами басталысымен, тіл дамыту мәселесі де үнемі сөз болып келеді. Бұл мәселеге біздің ғалымдармыз Орталық Комитетінің 1932 жылғы 25 тамызда «Бастауыш және орта мектептер туралы» қаулысынан кейін көңіл бөле бастады. Бұл тұс қазақ ұлттық тіл білімінің Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев сияқты өзінің көрнекті өкілдерімен танылған тұсы еді. Жұбановтың «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі тарихынан» деп аталатын классикалық зерттелімінде әлі құнын жоймаған ғылыми деректері мол. «Автор қазақ сөйлеміндегі сөздердің қалыпты орын тәртібі болумен бірге дағыдыдан тыс та сөздердің орналасатынына зор мән береді. Мысалы, ұзақ күн дегенмен, күн ұзаққа тіркесінің де тілімізге жат емес». Қ.Жұбановтың сөз тіркесінің семантикасын аша отырып, оны қолдану заңдылығын түсіндірген ғылыми тұжырымдарының біз үшін құндылығы сонда, кейбір тілдік конструкцияларды тек компоненттерінің орынын өзгертіп, мәнін өзгертпей жұмсай қандай әдістерді қолдануға болатындығы турады бағыт береді.
Бұл кездері көрнекті әдіскер ғалымдар С.Жиенбаев, Ә.Сәдуақасов, Ғ.Бегалиев, Ш.Сарыбаевтардың қазақ тілінің грамматикасын, орфографиясын оқытумен бірге, тіл дамытуға арналған еңбектері де жарық көрді. Мысалы, С.Жиенбаев тіл дамыту жұмысын бірнеше түрге жіктей отырып, оның ішінде оқушыға жаңа сөздің мәнін түсіндіретін сөздік жұмысын ерекше атайды. Ал, Ғ.Бегалиев болса, бастауыш сыныпта жүргізілетін сөздік жұмысын сегіз түрге бөліп, оның әрқайсысын өз ерекшеліктерімен оқушыға жаңа сөздердің мағынасын түсіндіруге пайдаланады.
Оқушыларға өзінің ана тілінде дұрыс сөйлеудің үлгісін үйрету әдістерін іздестіруде ұлттық мектептің балаларынң тіліне қазақ тілін меңгерту үшін қандай талаптар қойылу керек екені туралы сұраққа жауап беру мақсатында әдіскер ғалым Ж.Адамбаевтың «Орыс мектептерінде қазақ тілін оықтудың кейбір мәселелері» атты еңбегімен таныстық. Оған қазақ тілін оқитын оқушыларға тілді меңгеру үшін мынадай талаптар қойылған:
1. Оқушының тілі мазмұнды болуы талап етіледі. Айтылатын сөз, сөйлемін алдымен ойлап барып айту керек. Мәтіннің мазмұнын айтқанда ойына келер сөз бен сөз тіркесін айта салмай, ойланып айтқан жөн.
2. Сөйлемді дұрыс құра білу шарт. Сөйлем құрар кезде тілдің грамматикалық заңдылығын білу сөздердің орын тәртібін меңгеру қазақ дыбыстарын дұрыс үйрету деген сөз.
3. Айтатын ойын дәл, анық жеткізуі шарт. Сөздік қоры бай болса, соғұрлым ойын анық айтады.
4. Оқушының сөзі анық, ойы айқын, түсінікті болуы шарт. Бұл шартты орындау үшін, сөйлемдердегі сөздердің орынына сөз таңдай, сөз байлығы, ойының түсініктілігі т.б. тығыз байлансты.
5. Артық бөтен сөздердің болмауы немесе аз болуы. Сондай ақ тіл дамыту жұмыстарының түрлі саласымен тығыз бірлікте болады.
Оқушы қазақ сөздерін әрбір дыбысты, сөзді айқын айтуы, бірқалыпты дауыспен оқуы, буынға екпінді түсіруі, мәнерлеп оқуы керек. Бұдан мынадай қорытынды шығады:
Бала қай тілде сөйлесе де, оның тілін дамыту ойлау қабілетімен, сөздік қоры, байланыстырып сөйлей білу дағдыларымен тығыз бірлікте қаралуы тиіс.
Тіл дамыту мәселесімен жүйелі айналысқан ғалым С.Рахметова оқушылардың ойы мен тілін дамытудың маңызыды шарты деп, оқу сабақтарының барлығының органикалық элементі ретінде жүргізілетін лексикалық жұмысты атайды. «Сөздік жұмысын жүргізгенде, мұғалімнің есінде болатын жағдай сөздік жұмыстарын балалардың өз өмірінен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Психологтардың айтуынша сөздік жұмысының методикасындағы талап сөзбен оқушылар санасындағы бейнені түрлі жолдарымен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бен бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды, дей келе, автор сөздердің мағынасын ашып түсіндірудің мағынасын былайша жіктейді:
1. Затты табиғи жағдайда бақылау, экскурсия ұйымдастыру;
2. Заттың өзін немесе суретін түрлі картиналар көрсету арқылы сөздерінің мағынасын ашып түсіндіру;
3. Синоним сөздерді қолдану;
4. Сөздерді морфологиялық құрамына қарай талдау;
5. Сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі;
6. Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрыстан мысалдар келтіріп, әңгіме айту керек.
7. Сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану.
Бұл талғанган еңбектерді оқи отырып, оларда негізінен қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмысының принциптері талданып, оқушы тіліне қойылатын талаптары айқындалып, дидактикалық материалдардың үлгісі берілгендігін, психолингвисткалық тілдің қолдану аспектілері туралы білімге негізделіп, ғылым жүйеге түскен, мектеп тәжірибесінде сынақтан өтіп, сұрыпталған тіл дамыту әдістемесінің жоқ екеніне көзіміз жетті.
Тіл дамыту жұмысының теориялық концепциясы ХІХ ғасырда ғалымдар Ф.И.Буслаев, И.И.Срезневский, К.Архангельский, А.М.Пешковский, К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде жазылған. «Грамматикалық білімді сауатты пайдалану оқушылардың тілін дамытуға жақсы әсер етеді және оның дарынына үлкен күш береді» дей келіп, тіл дамытудағы маңызды фактор оларжды шығ,арма мен мазмұндама жазуға үйрету деп есептейді. Ф.И.Буслаев, И.И.Срезневский: «Бала күнде естіп жүрген сөзінің мағынасын жетік біледі екен деп сене беруге болмайды. Сондықтан, түсініксіз сөздерді іріктеп тауып, олармен сөздік жұмыс жүргізу керек», деп , тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыруда ең әуелі бала сөзінің мағынасын жетік түсінуіне мән беру керектігін тұжырымдайды.
Н.И.Жинкин: «Тіл дамыту поцесінде сөздерді іріктеуі және бір біріне құрау қабілетін қалыптастыру өте маңызды. Сөзді дұрыс іріктеу жеткілікті дәрежедегі сөздік қорға байланысты дей келе, баланың ойын жеткізуде қиналуының бір себебі, оның жедел тілдік жадының жетілмеуінде жатыр», деп түсіндіреді.
Тіл дамыту жұмысының психологиялы негізін зерттеуші ғалым В.Е.Мамушиннің айтуынша, көптеген мақалалардың авторлары оқушылардың құрастырған мәтіндердің негізінде олардың тән кемшіліктерге классификация жасап ұсынғанын айтады. Бала психзологиясын зерттеген ғалым Д.Б.Элькониннің еңбектерімен тіл дамыту психологиясы туралы құнды пікірлер табуға болады. Оның айтуынша, бала сөзді алты айынан бастап түсіне бастайды екен. Дыбысталған сөз бен заттың арасындағы байланысты сезетін болады. Тоғыз, он ай тола бастағанда үлкеннің айтуымен біраз қимылдар жасайды: қолын ұсынады, әпер деген ойыншықты әпереді, көрсет деген нәрселерді көрсетеді.
Зат атауларын баланың ойында шоғырлануы мынадай тәртіппен жүзеге асады: алдымен сәби өзін қоршаған заттардың атын түсіндіріп, сосын үлкендердің аттарын, киім аттарын, дене мүшелерін атайды. Бұл процесс бір жастан бір жарым жасқа дейінгі аралықты қамтиды. Екі жасқа келгенде айналадағы заттардың атауларына байланысты барлық сөздерді меңгертіп алатын көрінеді. Әсіресе, белгілі бір нұсқаумен, айтумен орындалатын әрекеті, іс қимылы ғалымдарды қызықтырса керек. Сондықтан олар баланың қимылды меңгеруін мынадай үш сатыға бөледі.
Айтылған сөзге реакцияның болмауы;
Қимылды дұрыс орындау;
Қимылдың күрделенуі және оның модификациясы. Ғалымдар үлкендер тарапынан айтылған сөздің инстркуцясын дұрыс түсінуін сәби үшін соған сәйкес қимылды көрсетуде маңызы зор екенін айтады. Сөздің құрылысын түсіну бала мен үлкеннің арасындағы қатынастың маңызды шарты. Бұл құбылыс біртіндеп, баланың айналасындағы заттармен байланысты іс әрекет, қимылының өзіндік тәселдерін үйренуге ықпал етеді. Екі үш жасқа келгенде сәби өзінің іс қимылын ұйымщдастыруға бағытталған үлкеннің сөзін түсініп қана қоймай, ол енді әңгімені, ертегі, тақпақтарды тыңдап, түсіне бастайды.
Л.С.Славинаның зерттеулері бойынша баланың мазмұнды сөзді түсінуіне қол жеткізуі үшін арнайы педагогикадық жұмыс жүргізуді міндеттейді. Тек қана шағын әңгемелер арқылы бала қарапайым адамгершілік қағидаларды қалыптастыруға болады екен. Мұның барлығы үлкеннің сөзінің тәрбиелік мәнін көтеруді, оған мән беруді талап етеді.
2. Тіл дамыту жұмысының әдістемесі

2.1. Тіл дамыту жұмысының мақсаты мен мазмұны

Тіл дамыту қазіргі мектептегі оқу тәрбиесіндегі басты проблема. Тілмен сөйлеу процесін дифференциалды қалыптастыра оқыту. Өйткені оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөліп отыр. Сондықтан мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту, байланыстырып сөйлеуге айрықша көңіл бөліп тілдік материалдарды дұрыс таңдай білу, оны дұрыс бере білу, тілдің теориясымен сөйлеу практикасын бір бірімен қарым қатынасы түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асырылады. Демек, қазақ тілін оқыту барысында мұғалім оқушыынең ойын логикалық жағынан дұрыс, анық әдеби тілдің формасына сай, грамматикалық, лексикалы, орфографиялық нормасына сай айта білуге үйретумен бірге ойын орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс жаза білуга жаттықтырады Әр мұғалім қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстарын творчестволық мәнде дұрыс ұйымдастыра білсе, оқушының сөздерді жан жақты үйренуіне ауызекі сөйлеуіне жағдай жасайды.
Қай тілдің болса да өз алдына жеке тіл екенін оның негізгі сөздік қоры мен сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы ғана айқындай алады. Сөздік қор мен сөздік құрам грамматиканың қарауына түспей тұрғанда, тек қана тіл материясы болып есептелінеді. Ал олар грамматиканың қарауына енген соң, ойдың шындығы, қарым-қатынас құралы бола алады. Грамматиканың арқасында тіл адамның ойын білдіре алады.
Жалпы білім беретін мектеп программасында тіл дамыту жұмысына арнайы орын берілді. Программада балалардың жас ерекшелігіне байланысты тәрбиелік мәні бар жаттығу материалдары әр сынып оқышыларының жас ерекшелігіне қарай, балалардың жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, олардың ой өрісін жетілдіру мақсаты көзделген.
Тіл дамыту жұмысын ұйымдасытырудың негізгі мақсаты оқушының ауызша және жазбаша грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс бере білуге үйрету.
Тіл дамыту жұмысы төрт бағытта жүргізіледі: мәдени, әдеби сөйлей білудің нормаларына үйрету, яғни рфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Екіншіден, лексикалық жұмыстар жүргізу арқылы сөздік қорын байыту.
Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құрап үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синактсистік лексикадан мәлімет беру.
Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі.
Міне, тілді дамыту жұмысының негізгі мазмұны осындай төрт мәселе айналасында қарастылырып, іске асырылады. ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?