География | Көкшетау Бурабай аймағындағы курортты рекреациялық шаруашылықтың дамуы
[b] Мазмұны
Кіріспе
Тарау 1. Көкшетау–Бурабай аймағындағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың дамуы
1.1 Көкшетау–Бурабай рекрециялық ресурстарын зерттеу мен туристік меңгеру
1.2 Көкшетау–Бурабайда туризмнің дамуының әлеуметтік-экономикалық ролі
Тарау 2. Көкшетау–Бурабай курортты шаруашылығының рекреациялық жағдайлары
2.1 Туризм дамуының табиғи-географиялық жағдайлары
2.2 Көкшетау–Бурабай курортты-рекреациялық шаруашылығының қазіргі кездегі күйі
2.3 Көкшетау–Бурабай курорттарының дамуының өзекті мәселелері мен перспективасы (болашағы)
Қорытынды
Қолдынылған әдебиеттер тізімі
Қосымша[b]

Қазақстанның минералды бастаулары мен сумен емдеу жерлері туралы алғашқы мәліметтер 1390-жылдары басталған. Темір жорықтары жазбаларында табылған.
1834 ж. Ф.Геблер Шығыс Қазақстан облысындағы «Рахманов бұлақтарының» минералды бастауларына толық сипаттама берді, 1849 ж. А.Влангаш қапаларасандық минералды бастауларды зерттеді. Қазақстанда 1917 жылға дейін Шымғанда таулы-климаттық станция болған. Қазақстан территориясындағы бальнеологиялық бастауларды жүйелі түрде херттеу ХХ-ғасырдың 30 – жылдардан бастап жүргізіле бастады. Қазір Қазақстанда 20 санаторийлік-курорттық мекемелер қызмет етеді, оның ішінде 12 санаторий, 2 пансионат және 6 демалыс үйі кіреді. Жатын төсектің жалпы саны шамамен 9500 болғандықтан, жыл сайын 175 мыңнан астам адамды сауықтырып және демалдырып жіберуге мүмкіндік бар. Соңғы жылдары емдеуші жатын желісінің өсуіне байланысты (1,4 есе) санаторийлік-курорттық мекемелердің құрылымы өзгерді – санаторийлердің үлесті салмағы 70% -ға дейін өсті және бүгінде ауруларды емдеу жай ғана демалудан басым болып отыр, бұл жағдай тұрғындардың жалпы денсаулығына қолайлы әсер етуде.
Қазақстан бүгінде санаторийлық төсекпен қамтамасыз етілу жөнінде ТМД елдерінің ішінде соңғы орында тұр. 10 мың тұрғынға бар болғаны 3,3 төсек, ал норма 141 төсек. Тек Өзбекстан ғана төмен қамтамасыздыққа ие – бар болғаны 3,2 төсек. Қолданылатын шаралар республикадағы қамтамасыздықты жақын арада шамамен 4,0 төсекке жеткізбекші. Алайда бұл санның өзі – республика азаматтарының демалуы үшін барлық жағдайды қамтамасыз етуге жеткіліксіз.
Республикадағы емдеу орындары Қазақстан территория бойынша біркелкі таралмаған. Көкшетау аймағында желі жақсы дамыған, мұнда Шортанды-Бурабай курортты запасы қалыптасқан. Алматы зонасындағы санаторийлық–курорттық мекемелердің жалпы саны болашағы, қуатты және дислокациясы бойынша Қазақстанның қалыптасып жатқан оңтүстік астанасы туралы, Алматы қаласы туралы, Алматы курорттық зонасы туралы пайымдауға мүмкіндік береді. Табиғи-климаттық жағдайлары және минералды сулары мен бастпақты көлдері санаторилі-курортты мекемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік тудырып тұрса да, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Жезқазған облыстарында санаторийлық-курорттық мекеме орындары жоқ.
Тарихи аспектіде республикадағы көне профодақтық емдеу орны болып жүз жылдығы 1984 ж. аталып өткен «Арасан-Қапал» санаторийі саналады. Өзінің 50-жылдық мерейтойын атап өткен курорттар қатарына, «Алма-Арасан», «Яны-Курган», «Түркісіб» кіреді. Бұрынғы демалыс үйлерінің негізінде құрылған жаңа емдеу орындары болып «Жайық», «Мерке», «Сосновый бор» санаторийлері, емдеуші пансионаттар «Светлый», «Манкент» саналады. Миокард инфрактын алған, асқазан және өт шығару жолдарына операция жасалған, неврологиялық ауру адамдарға арналған санаторлы-курортты көмектің арнайы түрлері толық көлемде дамыған. Балалы ата-аналарды емдеуге арналған «Көктем» санаториі Қазақстанда үлкен атаққа ие. Барлық демалыс үйлері жазда қызметкерлерге отбасылық демалыс жариялайды.
Спектрі климаттан, тұнбалардан, әртүрлі минералды сулар мен емдік батпақтардан басталып, радон, бром, иод, кремний қышқылы мен басқа да көптеген компаненттер концентрациясының деңгейі жоғары минералды сулардың бірегей бастауларымен аяқталатын аймақтың табиғи емдік факторларының политрасы бай болып келеді. Қазақстан 70-тен астам емдік батпақты көлдер мен қоры меңгерілген минералды сулардың 300-дей бастауларына ие. Тіпті келтірілген орын сипаттамалары толық болмаса да, санаторлы-курортты көмектің потенциалы айтарлықтай бай екеніне көз жеткізуге болады, мұның барлығы қазір Қазақстанда бар және жақын арада белсенді даму мүмкіндігіне ие, өйткені 10 мың тұрғынға келетін төсек орны норма бойынша 14,1 төсек болса да, республиканың профодақтық емдеу орындарының үлесіне тек 3,4 төсек қана тиеді.
Республикада қазіргі заманға лайық «Сосновый бор», «Шортанды», «Арасан-Қапал», «Мерке», «Муялды», «Көктем» санаторийлерінің емдік-диагностикалық корпустары қызмет етеді.
«Түркісіб», «Мерке» санаторийлерінде 500 орындық клуб-асхана, «Муялды» санаторийінде сумен емдеу орындары 126/12 к. салынған.
Ұйықтау корпустары «Мерке» санаториінде 300 орын, «Түркісібте» -278 орын, «Көктемде» - 250 орын, «Муялдыда» - 312 орын, «Сосновый борда» -372 орынға арналып енгізілген.
Курортты аудан территориальді бөлім ретінде келесі функционалды элементтерді өзіне қосады:
Курортты зона, мұнда емдік-сауықтыру орындары (санаторийлер, демалыс үйлері, пансионаттар және т.б.) және пайдаланылатын табиғи емдік ресурстар, құрылғылар мен ғимараттар, сонымен қатар жалпы курорттық мекемелер мен демалушыларға қызмет көрсететін орындар орналасады;
Курорт территориясында тұрақты өмір сүретін тұрғындарға арналған селитебті зона;
Курортты қамтамасыз ету қызметтері орналасқан коммунальді-шаруашылық зонасы;
Орман-бақты өсімдіктер мен табиғи ландшафттар зонасы /2/.
Курорттардың табиғи емдік ресурстарын сақтау үшін және олардың жүдеуінің және ластануының алдын алу үшін санитарлы қорғау округтері анықталды. Санитарлы қорғау округтерінің территориясында курорттың емдік қасиеттерін қорғауды қамтамасыз ететін ерекше режим қойылады.
Қайсыбір табиғи фактордың басым болуына байланысты курорттар мынадай болып бөлінеді:
- бальнеологиялық;
- батпақтық;
- климаттық.
Жалпы алғанда ғаламатқа таң қалып, оны құдайдың құдіретіне жатқызу тән нәрсе. Сонау алыс ғасырларда дала желі мен күнге тотыққан көшпенділер жазықты даланың ортасынан ойып орын алған үнсіз күңгірт-жасыл ағаштар тыныштығын тауып, оның салқындығына, көптеген аңдар мен құстарға азық пен пана берген өсімдіктің молдығына және ағаштардың ұлы қорғаушы күшіне, шөлдегі көгілдір көлдерге қайран қалып, таң-тамаша болысады. Сап-сары, төрт жағынан қарасаң да күйіп тұрған далада – кенет жасыл орманға тап болу! Ал арғы түбінде жасырынып жатқан көз көрмеген ғаламат – ағаштармен көмкерілген таулар, тасты-жартасты жоталар, ертегідегідей дәулердің кейпіндей болған үнсіз мүлгіген құздар, жұмбақ таңғажайып көгілдір көлдер. Осы жұмбақ әлем аңызға айналған бейнелерді тудырды. Олардың бірі бізге де жетті.
Бурабай – Боровоеның пайда болуы туралы аңызды кім білмейді; қазақтарға бір даланы беріп, артынан қоржынының түбінен табиғи қазыналарды сілкіп, жер бетіне тастаған рахымы мол Алланы ше?! Аңызды ойлап тапқандар кем айтпады ма екен? Бозторғайдың күміс даусы сыңғырлаған ғажайып бай дала ше? Ал Баянауылдың, Қарқаралының, Наурызымның қылқанды ормандары мен көгілдір көлдері?! Құдіретті дала өзендері, сансыз көлдер, құстар мен аңдардың қоныстары; Балқаштың су алыптары, Алатау мен Алтайдың қалың адам өте алмас орманды тау жоталарын қайда қоясыз? Бірақ осындай алуан түрлі, әрі бай тартулардың ішінде Бурабай да елеусіз қалған жоқ.
Тағы аң мен балыққа бай қалың ормандар мен тылсым көлдер адамзат үшін баспана болды. Көкшетау-Бурабай аймағындағы археологтар тас дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамның құралын тапты. Қола дәуірінің үйінділерін зерттеу, мұнда тек аңшылар ғана емес, жер өңдеушілер мен малшылардың да өмір сүрген екен.
Қазір курортты өлкенің атауы қайдан шыққанын нақты анықтау мүмкін емес.
Халық аузында қасиетті түйе туралы поэтикалық аңыз сақталып қалған.
Көкшетау даласында екі өркешті, қардай аппақ сұлу түйе Бура өмір сүрген екен. Күшті, әрі өлмес түйе тұлпар сияқты жүйрік болған екен. Үнсіз, тұйық, сенгіш түйе дала тұрғындарының тыныштығын бұзбаған. Жұт немесе соғыс жақындағанда да ол туған өлкеге келіп, ұзақ өкіреді екен. Түйенің жан даусын естіген жұрт топталып, қылыш-қанжарларын қайрап, жаумен айқасқа дайындалады екен. Халық түйені кие тұтып, улы садақтан, тіл-көзден сақтап жүреді. Бірақ бір күні су ішер жеріне келе жатқанда Бураға Орта жүз ханы Абылайдың үлкен ұлы Қасым хан кездеседі. Өзінің жігіттерінің алдында күші мен мергендігін мақтан тұтатын Қасым түйенің дәл жүрегіне жебесін қадайды. Бураның жан даусы шыға, алдыңғы аяқтарымен құлайды. Қатігез хан одан әрі қарқылдай, улы жебенің біреуін түйенің басына, көзіне, өліп бара жатқан түйенің ішіне жібереді. Түйе ашумен өкіреді, халық осыдан кейін Абылайдың хандық билігінің соңы келгенін түсінеді.
Түйенің көз жасы мен қаны бір өзенге айналып, қайғыдан қарайып кеткен көлге қарай ағады. Бура су жұтайын деп еңбектегенде Қасым қисық қылышымен түйенің ақ денесін шауып түседі. Бура суға жетпей өледі, тасқа айналып, тау боп тұрып қалады.
Бура мәңгілікке орын тепкен жерді қазақтар «Бурабай» деп атап кетті.
Қазақтар шұрайлы бор жерін қуана-қуана мекен етті. 1849 ж. Қотыркөл станциясын салды, келесі жылы Щучье кішігірім селосының (қазіргі Шортанды қаласы) негізін салды.
Бурабайды тіршілік көзіне айналдыруды шешкен бірінші адам Қазақ Зубов, ол мұнда өткен ғасырдың 70-жылдарында орын теуіп, Громовая өзенінде су диірменін салды, бұл диірменнің маңында Боровское атына ие болған ауыл пайда болды. Жазғы демалыс кезінде мұнда буржуазияның өкілдері келе бастады. 80-жылдары демалыстағы генерал Пахалов жазғы уақыттағы пәтер сұранысын қанағаттандыру үшін осында екі жатақ салды. 1900 жылы Үлкен Шабақ көлінің жағасында ағылшын кәсіпкері Бергель шикізаты жеткілікті ет-консервті зауыт салды. Үлкен елді мекен пайда болуына байланысты 1898ж. Бурабай орман шаруашылығы ұйымдастырылып, Омбыдан орман техникумы көшірілген. Техникум оқытушылары мен студенттері (техникум әлі күнге дейін бар) Бурабай орман массивін зерттеу мен қолайлы орналастыруда аз іс атқарған жоқ. Бурабайды зерттеу мен орналастыруда, сақтауда көп тер төккен – Ақмола мен Семей губернияларының жер ісі жөніндегі басқарушысы В.В.Барыншенцев. оның талап етуі арқылы 1900-1917 жылдары Бурабай көлінің солтүстік жағалауы мен Синюханың Шығыс баурайы бойында жолдар, Громовая өзенінен өтетін тас көпір салынды. Қымызбен емдейтін бірінші санаторийді Бурабайда 1910 жылы медицина докторы Емельянов салды. Санаторийдің ашылуы аурулардың ағылып келуіне жол ашты. Тек 1913 жылы мұнда 2 мың адам өзінің денсаулығын түзеді. Көп ұзамай кейбір омбылық мекемелердің танымдық санаторийлері ашыла бастады /13/.
Денсаулық сыйлайтын сұлу өлке туралы әңгіме ауыздан ауызға тарай басады. Таңғажайып әсер ететін қымызбен және емдік ауамен емделу үшін, Бурабайдың көз тоймас әдемілігін көру үшін ешкімнің аяғы баспаған жолдармен жүру үшін, үрікпейтін балыққа бай мөлдір, көгілдір өзендерден балық аулау үшін Омбы және Петропавл, одан да алыс жақтың тұрғындары көптеп ағыла бастады.
Әрине, тамаша курортты өлкеде лайықты емдеу орындары пайда болу үшін бірнеше ондаған жылдар қажет болды.
Алайда, курортты дамуы мұна 1917 ж. билікті халық жаулап алған кезден басталды. Көп ұзамай барлық жеке емдеу орындары орталықтандырылды және 1920 жылы Бурабай жалпы мемлекеттік маңызға ие курортқа айналды. Тез арада Петропавлдан Көкшетауға дейін темір жол құрылысы басталды, одан ары қарай жас курортқа дейін Теміржолдың көмегімен курорттың тез дамуы басталды.
Ескі санаторийлер кеңейтілді, жаңалап салына бастады. Осылайша, 1927 жылы Шортанды көлінің жағасында Бармашино санаториі пайда болды; келесі жылы Сары-бұлақтың жағасында орналасқан «Воробьевка» демалыс үйі қонақтар қабылдады. 30-жылдары Бурабай көлінің жағасында өкпесі ауыратын балаларға арналған санаторий салынды.
Соғыс жылдары Қызыл Армия жаралыларына арналған санаторийге айналдырылған көміршілер орталық комитетінің демалыс үйі 1935 ж. Шортанды көлінің солтүстік жағалауында салынды.
1936 жылдан бері мұғалімдердің демалыс үйі жұмыс істейді. Қазпромстрахкасс демалыс үйі, әскери санаторий, бірнеше пионер үйі ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Бурабайда біздің елдің жетекші ғалымдары жұмыс істеді: 36 ғалым Жеңіс үшін қызмет етті, олардың ішінде В.А.Вернадский, Н.Ф.Гамалея және тағы басқалары бар. Белгілі қазақ жазушылары С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Ауезов, Ғ.Мүсірепов және т.б. Бурабайды жақсы көретін және осы таңғажайып сұлу жерге жиі келетін. Бұлар мұнда өздерінің денсаулығын түзетіп, үлкен күш-қуат пен шабытқа ие болатын, өйткені табиғатпен бірге болудың ғажайып сезімінен артық не болшы еді?! Осыбір қайталанбас өлке сұлулығын С.Сейфуллин өзінің «Көкшетау» атты поэмасына арқау етті /13/.
Бурабай курорты бүкілодақтық атаққа ие болды. 1938 жылы емдеу орындары мен қоршаған ортаның суреттері Нью-Йорктегі әлемдік көрмеге қойылды. «Қазақстандық Швецария» бұрынғы Кеңес Одағы курорттарының ішінде екінші орынға ие болды /1/.
Адамзат әрқашан орын ауыстыруға, оны қоршаған әлемді тануға ұмтылды.
Тыңды – игеру, жаңа зауыт, фабрикалар, ескерткіштердің пайда болуы құндылықтардың бір тәртіпке келуі, тамаша табиғат, тыңшылар жағдайының жоғарылаған деңгейі осы жерде тұратындардың ғана емес, бұл жерде өмірі болып көрмегендердің де осы аймақты танып-білуге деген құштарлығын арттырды. Әйтсе де, бір сөзбен айтқанда осы аймақта туристік-экскурсиялық ұйымдарды ұйымдастыруға қажетті база әлден мықты және тұрақты болды. Игерілетін тың осы облыста бірінші басталғаны кездейсоқ емес.
1965 жылы Шортанды көлінің жағасында «Золотой бор» турбазасы атына ие 90 орынға арналған алғашқы палаткалық қалашық салынды. Ол кезде туристік база елуінші жылдардың егін даласын еске түсіретін. Салбырап тұратын көп орынды палаткалар күңгірт, әрі сыз болатын. Осында тұратын, осында ас үй мен асхана орналасатын. Мұнда келетін жол болмағандықтан туристер Шортанлы қаласынан немесе Шортанды санаториінен көл бойымен жаяулап-жалпылап жететін Жарық көзі болып движок қызмет ететін, ол қараңғы болысымен оталып, сағат түнгі 11-де өшірілетін. Матрастар мен көрпелер жердің үстінде жататындықтан, жауын жауғанда су болып қалатын.
Курортты ауданда туризм осылай басталған: палаткалардан, қолайсыз жайлардан оның пайда болуы тың игерудің басын еске түсіретін, бір айырмашылығы сол, мұнда бәрі орманда жүзеге асырылады.
1968 жылы Көкшетау экскурсиялық бюросының ұжымы, ал екі жылдан кейін туризм және экскурсия жөніндегі облыстық кеңес құрылды. Қызметкерлер мен туристік-экскурсиялық ұйымдар бұл уақытта осы территория бойынша қазақстандықтарға арналған туристік маршруттардың ашылу мүмкіндігін меңгереді, Бурабай аймағы бойынша маршруттар ойлап табылуда және «Золотой бор» турбазасының капитальды құрылысы басталды /13/.
Бірталай уақыттан бері Бурабай аймағында тыныс алу жеңілірек, адам өзін-өзі сергек сезінеті белгілі болды. Емен ормандарына жол салғаннан беру мұнда адамдар таза ауамен дем алу үшін және қымызды пайдалану үшін келе бастады.
Қазақ даласында Бурабай аймағы секілді өлеңге айналған өлке көп емес шығар. Академик С.Мұқанов аймақты бекерге «Сарыарқаның өлеңді өзені» деп атамаған болар. «Боровое – Бурабайдың тастары, көлдері мен аңғарлары аңыздар мен әңгімелерге толы» - деп жазды ол. Ақындардың жұлдыздығы, былайша айтқанда, Бурабай аймағына қазақтың «әдеби олимпінің» даңқын әперді. Ақындар мұнда халық аузында мәңгіге қалған өлеңдер шығарды /1/.
1.2 Көкшетау-Бурабайдағы туризмнің дамуының әлеуметтік-экономикалық ролі
Ақмола облысы:
Ауданы: 78,1 мың шаршы шақырым
Тұрғындар саны: 675,8 мың адам
Тұрғындар тығыздығы: 8,7 мың адам
Құрылды: 1944 ж.
Облыс орталығы: Көкшетау, 1824 жылы құрылған.
Көкшетаудан Алматыға дейінгі қашықтық: 1615 км.
Облыс Қазақстанның Солтүстік аймағына жатады және Ақмола, Торғай, Қостанай, Павлодар облыстарымен, солтүстік шығыста – Ресейдің Омбы облысымен шектеседі.
Облыс территориясы таулы, үстірт жазықты сипаттайды. Солтүстік –шығыс бөлігін Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті алып жатыр, оңтүстік –батыс бөлігіне Сарыарқаның солтүстік шеті кіреді. Ең көркем жері –Көкшетау таулары, биік нүктесі – Көкше -947 м. Облыс беткейлік суларға бай, өзені кесіп өтеді, шығыста – Селеті өзені. Тұщы және тұзды көлдер көп. Жер асты сулары кең қолданылады. Облыс қайыңды ормандарда орын тепкен Көкшетаудыі еменді-қайды үйлері республикадан тыс жерлерде де атаққа ие. Климаты күрт континентальді, жазы жылы, қысы қатал.
Мұнда 675,8 мың адам өмір сүреді. Оның 191,3 мыңы қазақтар (облыс тұрғындарының 28,9% -ы). 261,8 мың орыс (39,5%), 82 мың неміс (12,4%), 55,6 мың украин, (8,4%), 25,4 мың поляк, сонымен бірге, басқа да ұлт өкілдері. Қала тұрғындарының саны - 40%, ауыл тұрғындарының саны - 60%.
Пайдалы қазбалардан тас көмір, доломит, алтын, әк, ас тұзы өндіріледі.
Экономикада дән шаруашылығы үлкен маңызға ие. Облыста ауылшаруашылық жерлері 6,6 млн га, егістікке 366,1 мың га жет кетеді, оның 80%-ын дән алып жатыр. Мал шаруашылығының басты бағыты – жібек жүнді қойларды өсіру.
Тамақ және жабдық жасау өнеркәсібі дамыған. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының басқа аймақтарынан осы облысқа көшірілген кішігірім шойынды-литийлі және механикалық зауыттар базасында автоматты және жартылай автоматты таразылар шығаратын ірі зауыт салынды. Зауыт өнімі экспортқа шығарылады. Оттегілік демалатын аппаратура шығаратын зауыт республикада үлкен мәнге ие /9/.
Көкшетаудың жылу – сумен қамтамасыздық сферасындағы мәселесі елге аян, оның әкімшілік статусын жоғарылату арқылы бірталай мәселелер шешіледі. Мысалы, аймақтағы жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту. Өйткені өнеркәсіптегі өндірісті қысқарту қаңтар-наурыз аралығында 1999 жылдың алғашқы үш айының деңгейін құрады -67,2%.
Солай бола тұрса да, қала шаруашылығын қалыпқа келтірілді, су жүретін торапты қайта жасады, көшелер мен демалыс зоналарын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Ерекше қадамдар Көкшетау-Бурабай курортын Астананың даму жоспарына қосқаннан кейін және Жапониядан демеушілер табылғаннан соң пайда болды.
Облыс орталығын Көкшетауға көшіргеннен кейін мұнда экономиканы көтеруге бүкіл елге арналған емдеу орнына айналдыруға мүмкіндік туды /5/.
1999 жылы 20-мамырында Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында Атансор атты Жаңа темір кен орнының ашылу салтанаты өтті. Онда шамамен 400 адам еңбек етеді. Жергілікті ел де вахталық әдіспен келгендер де.
«Кащерн Елрово» ААҚ кен орнының қожайындары мұнда қалыпты инфрақұрылым құрастыру үшін жұмыс істейді.
Кен орнының өзіне келсек, концерн директоры Радион Тен түсіндіргендей, ашық әдіспен алынатын рудаға деген сұраныс тұрақты болмақшы. Оны Қарағанды, Орал, Сібір металлургтері сатып алады. Қор көпке дейін, шамамен болжанған 38 млн тонна рудасын 25 жыл бойына өндіріп алуға болады.
1999 жылы Көкшетау облысқа Зеренді, Шортанды және Еңбекшілдер аудандарын қосты. Коллапста жартылай мешел ауыл ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?