Экономика | Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы

 Экономика | Коммерциялық несиенің банктік несиеден  айырмашылығы

Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................2
Несиенің формалары және түрлері...................................................4
І. Коммерциялық несие..............................................5
1.1 Коммерциялық несиенің банктік несиеден
айырмашылығы....................................................................9
1.2 Тұтыну несиесі ..............................................................................13
1.3 Ипотекалық несие.........................................................................15
1.4 Мемлекеттік несие........................................................................19
ІІ. Банктік несие.........................................................21
2.1 Несие түрлері...................................................................24
ҚОРЫТЫНДЫ.....................................................................29
Қолданылған әдебиеттер....................................................................31


Несиенің формалары және түрлері

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі-бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді.
Несиенің формасы- бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі. Экономикалық әдебиетте, әдетте, несиенің негізгі екі формасы қарастырылады: коммерциялық және банктік. Тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды. Бұл екі несие бір – бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Сонымен қатар көптеген жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық, үкіметаралық, фирмалық және т.б. жатқызады. Олар осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.

І. Коммерциялық несие

Коммерциялық несие- бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие, көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген қарызын уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме, яғни вексель қолданылады. Ол оның иесіне белгілі – бір уақыт өткенне кейін, борышқордан векселде көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқығы бар. Несиенің бұл формасының объектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу әртүрлі уақыт кезеңін және белгілі – бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір тауар өндіруші, өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп тұрған басқа өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін. Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық несиенің шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталисттердің резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген,яғни олардың әрқайсысы коммерциялық несие өзінің бағыты бойынша шектелген:
оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы құрал – жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы, машина құрылыс
кәсіпорнының иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына коммерциялық несие бере алмайды, өйткені маталар машина құрылысында өндіріс құрал – жабдығы бола алмайды.
Монополияға дейінгі капитализм кезеңінде коммерциялық несие өндіріс пайызының және таурларды өткізудің үздіксіздігін қамтамасыз ете отырып, несиелік жүйенің негізі болды.
Қазіргі уақытта фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын төлемді кейінге қалдыра отырып, сатуды белсенді қолданады. Бұл ұсақ және орта фирмалардың төлем қабілеттілігінің шамалылығымен, тауарлар құнының өсуімен, банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялық талаптар мен міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30 % -ға жетеді, француз фирмаларынікі 20-25 %. Олардан кейінгі орында ағылшындық, американдық және германиялық компаниялар. Төлеуді кейінге қалдыруды тек қаржылық мүмкіндігі шектеулі ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатаркредитор және қарыз алушы ретінде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие ала алатын ірі компаниялар да пайдаланады.
Коммерциялық несиенің сақталуының себептерінің бірі – тауарлардың ұдайы жеткізілуін талп ететін кәсіпорындардың экономикалық байланыстарының үнемі ұлғаюы және жетілдірілуі болып табылады.
Басқа да несие формаларының жедел өсуіне байланысты коммерциялық несиенің рөлі мен оның көмегінің абсолютті шамада ұлғаюына қарамастан қысқарып кетті.
Батыстың экономикалық әдебиеттерінде “коммерциялық несие” терминімен банктің коммерциялық мақсаттарға беретін қарыздары түсіндіріледі. Жұмыс істеп жатқан капиталисттердің бір – біріне таурларды төлемді кейінге қардыру шарттарымен сатуы коммерциялық фирмааралық несие деп аталады. К. Маркстің айтуы бойынша, әрбір жұмыс істеп тұрған капиталист “ бір қолымен несие береді және екінші қолымен несие алады”. Сондықтан жекелеген кәсіпорын тұрғысынан алғанда, коммерциялық несие төлеуді кейінге қалдыру шартымен, сатып алушыларға қоылған тауарлар және осындай шартпен жабдықтаушылардан алынған тауарлар арасындағы айырмашылық ретінде анықтауға болады. Кейбір экономисттер несие көлемін анағұрлым анықтау үшін таурларды жеткізу кезінде қолданылатын аванстық төлемдерді де ескеру керек деп есептейді.
Коммерциялық несиенің ерекшелігі мынада: қарыз келісімі – аясы тар мақсат емес, ол сатып алу – сату келісіміне қосақталып жүреді. Қарыз келісімі тауарлардың өткізілуін жеңілдетеді. Төлемді кейінге қалдыру мерзімі жабдықтаушы мен сатып алушы арасындағы сауда келісімі жасалған уақытта анықталады. Әдетте төлеуді кейінге қалдырудың ең жоғары мерзімі 90 күнге белгіленеді. Төлемді кейінге қалдыру тауарлардың түріне және басқа факторларға ( мысалы, азық – түлік тауарларын төлеу қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады ) байланысты. Төлемді кейінге қалдыру кезеңін ұзарту сатып алушы мүддесіне сай келеді, оны өткізілетін тауарлар бағаларының төлемдерімен салыстыруға болады.
Несиенің бұл формасын таңдаудың басқа факторы бәсекелестік кезінде мәнді рөл атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Коммерциялық несие қазіргі уақытта несиенің басқа формаларынан жеке өмір сүрмейді. Несиенің негізгі екі формасының байланысы банкте қарыз міндеттемелерін есептеу мысалында көрінеді. Тауар өткізуді мақсат еткен алғашқы мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы несиелік мәмілеге айналады, оның негізінде қарыз капиталының қозғалысы жатыр. Банкте вексельдерді есептеу мүмкіндігі коммерциялық несиенің көмегімен ұлғайтылады, жабдықтаушылар банкте вексельді оның төлем мерзімі жеткенге дейін қиындықсыз есептете алатынын біле отырып, өз клиенттеріне ынталы түрде төлемді кейін жүргізуді ұсынады, яғни вексельді есептеу механизмі кәсіпорындардың сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды ұсынуда шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Соңғы он жылдықта несиенің екі формасының арасындағы өзара байланыс нығайып келеді. Банктік несиені коммерциялық несиемен салыстырғандағы артықшылық күшейе түсуде. Коммерциялық несие көбіне бағынышты рөл атқаруда, өйткені онда банктік мекемелердің қызмет ету ережелерінің өзгерістері көрінеді.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Уақыт шектеулігі, өлшемдер, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі
кемшіліктерден басқа төлемді белгілі – бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі – бір тәуекел туғызады. Төлемді кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді ( атап айтқанда, ол жабдықтаушы оңай түрде банкте вексельді қаншалықты есептете алатынына байланысты ). Көрсетілген кемшіліктер коммерциялық несиенің рөлін төмендетеді.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы:

- қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез – келген заңды тұлға бола алады
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты
- коммерциялық несиенің орташа қүны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңдық түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады.


Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға
- банктерге
- қаржы – несиелік мекемелеріне

2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына
- ауыл шаруашылығына
- саудаға
- дайындау ұйымдарына
- жабдықтау – сату ұйымдарына
- кооперативтерге
- жеке кәсіпкерлерге
3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.

ІІ. Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
- орта мерзімді ( 1 жылдан 3-5 жылға дейін )
- ұзақ мерзімді ( 3-5 жылдан жоғары )

ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай
- негізгі қорға жұмсалатын
- айналым қаражатына жұмсалатын

IV. Қамтамасыз дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер
2. Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес , күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1 – санатты күмәнді, 2 – санатты күмәнді, 3 – санатты күмәнді, 4 – санатты күмәнді, 5 – санатты күмәнді.
3. Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

V. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен
- шетел валютасымен

VI. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен
- кепілдемемен
- кепілдікпен
Сақтандырылған.
VII. Берілу шартына қарай:

1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие.
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?