Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Мазмұны

КІРІСПЕ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _3

1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
ЖОЛДАРЫ (КӘСІПОРЫН МЫСАЛЫНДА)

1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні
және маңызы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _4

1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін
факторлар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 8

1.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 11


2 “ҚАЗХРОМ” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

“ҚазХром” АҚ - ның техника – экономикалық жағдайы _ _ _ _ _ _15
“ҚазХромның” өндіріс тиімділігін талдау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _21


3 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІС ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Жаңа инновациялық технологияларды тарту _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _25
3.2 Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _29


ҚОРЫТЫНДЫ_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ ¬¬¬¬¬¬¬_ _ _ _ _ _ _35


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _36


1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі: кәсіпорындар
арасындағы бәсекенің артуына, өндірістік шығындардың жоғары болуына, өткізу нарығының қысқаруына, әріптес кәсіпорындардың төлем қабілетсізді-
гіне, шикізат пен материалдар сипатталатын жаңа ортаға көшірді.
Нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуі, экономикалық
өсуі және дамуы адам ресурстарын және басқа да ресурстарды ең тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелді. Өндіріс тиімділігі тұрақты экономикалық өсу және кәсіпорын дамуы-на, өндірілетін өнімнің бәсеке қабілеттілігінің артуына байланысты болады.
Өндіріс сферасында кәсіпорынның дамуы тек оның өсуі арқылы емес, өзге-
ріссіз қызмет масштабы арқылы да жүреді.
Кәсіпорынның өсуі – бұл негізінен кәсіпорын көлемінің артуы және өн-
діріс көлемінің кеңеюі ( өнім өндірудің, сату көлемінің, жұмысшылар саны –
ның артуы ). Даму дегеніміз – шаруашылық жүйенің сапалық өзгеруі және
жаңаруы, барлық құрылымдық бөлімшелерде еңбекті ұйымдастыруды, тех –
нология және техниканы жетілдіру негізінде оның қызметінің тиімділігін арттыру.
Кәсіпорындардың бірден -бір мақсаты - әлемдік сапа деңгейінде бәсе-
кеге қабілетті өнім өндірітен кәсіпорынға айналу. Ол үшін кәсіпорынның жұ-
мысшылары мен акционерлерінің жеке ынталарын тудыру қажет. Сонымен
қатар кәсіпорынның жабдықтаушылары мен тұтынушылардың талаптарын
ескеру қажет.
Өндірістің экононмикалық тиімділігі мәселесі бойынша көптеген пікір
лер бар. Экономика саласының ғалымдары өз пікір – тұжырымдамаларын
ұсынған.
Кейбір ғалымдар өндіріс тиімділігінің артуы келесі жағдайда болады
деп есептейді, егер бір өнімді шығаруда мүмкін болғанша еңбек шығындарын ең төменгі деңгейде қолдану. Басқаларының ойынша өндірістің эконокалық тиімділігі - өнімнің немесе еңбек шығындарының нәтиже сандарының қатынасы немесе соңғы нәтижеге жету үшін қаншалықты шығын кеткенін көрсетеді.
Ғаламдық өндіріс тиімділігі жұмыс уақытының үнемділік заңын сипат-
тайды. Карл Маркс былай деген «уақыт үнемі өндірістің әр салаларына жұ – мыс уақытының жоспарлы үлестірілуі сияқты, ұжымдық өндіріс негізіндегі ең басты экономикалық заңдылық болып қалуда». өнім бірлігіне еңбек шы – ғынының төмендеуі – жұмыс уақытын үнемдеу заңының мәні болып табыла-
ды.
Л. Э. Кунельскийдің тұжырымдауынша, өндіріс тиімділігі дегеніміз – ең аз шығын шығара отырып үлкен нәтижелерге жету әрекеттілігі, нәтижелі –
лігі. Ал М. Н.Тимохинның айтуынша , өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі –бұл
оның барлық объективті байланыстары мен үрдістерінің нәтижелілігін көрсе-
тетін күрделі категория.
А.П. Вавилов, А. И. Демичевтердің пікірінше, өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі дегеніміз – қаржы, еңбек және материалдық ресурстардың салыстырмалы төмен шығындары арқылы жеке кәсіпорындар, салалар, жалпы индустрияның жеткен ең жоғары нәтижелері.
Н. Уоол, Л. Маркузе, Д.Лайну бойынша тиімділік – ресурстардың тиімді пайдалану. Ол көптеген әдістермен есептесе алады, кеңінен:
- жұмыс күшін пайдалану тиімділігі (өнімділік – бір жұмысшыға өнім өндіру);
- өндіріс тиімділігі (өндірістік ысырап - өндіріс барысындағы қалдықтар пайызы);
- қаржылық тиімділік (активтердің айналымдығы – кәсіпорын активтері нәтижесінде қамтамасыз етілген сату көлемі).
Профессор Н. Қ. Мамыров атап өткендей, тиімділік – жалпы алғанда
шығындар мен нәтижелердің қатынасы. Кәсіпорынның шаруашылық қыз – метін талдау барысында оны технологиялық және экономикалық әдістер ар – қылы қарастырғаны тиімді. Мысалы, өндіріс технологиялық әдіспен өз жағ – дайын талдаған кезде; тұрақты өнім көлемін өндіру барысында өнім өндіру көлемі көп, ал ресурстардың шығыны аз болса, онда өндіріс тиімді болып есептеледі. Ал экономикалық тиімділікке жету үшін, кәсіпорын өндіріс үрді – сінде пайдаланатын ресурстардың баламалық құнын минималдау керек. Осы ның негізінде кәсіпорын өндірістің технологиялық тиімді әдістерін таңдайды.
Өндіріс тиімділігі материалдық құндылықтардың өндіріс үрдісіне жа – татын, экономикалық жүйенің нақты қызметінің экономикалық тиімділігінің
нақты құрамдас бөлігі. Барлық мемлекет шеңберінде қарастырғанда өндіріс
тиімділігі қоғамдық еңбек өнімділігімен аталады.
Экономикалық тиімділік экономикалық жүйенің әр деңгейінде пайдалы соңғы нәтиженің пайдаланылған ресурстар көлеміне қатынасы ретінде, еңбек өнімділігі, қор қайтымдылығы, табыстылық, шығындардың қайтарымдылығы және т.б. көмегімен өлшенеді.
Өндірістің экономикалық тиімділігі – кәсіпорын әзірлеген стратегияға тәуелді болады. Стратегия кәсіпорынның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қысқа, орта және ұзақ мерзімді нәтижелерге сүйенеді. Со – нымен қатар өндірістің экономикалық тиімділігі нарықтық экономиканың шешімді категориясына жатады. Барлық түрде экономикалық өндіріс тиім – ділігі екі мөлшердің қатынасын көрсетеді: шаруашылық қызмет нәтижесі жә-
не өндіру шығындары. Ең басты – нарықты қызметтің нәтижесі, ол салынған капиталдан максималды табыс алу. Табыс пен шығындардың қатынасы. өн – діріс тиімділігін көтерудің қолайлы жолы нарықта.
Өндіріс тиімділігін арттыру үрдісінде негізгі страттегиялық қағидалар-
ды ескеру қажет:
- шығармашылық әдіс – кәсіпорынның болашағын көре білу;
- инновация – техника мен технологияны, өндірісті ұйымдастыру мен нарықтық саясатты жаңарту;
- икемділік – нарық талаптарына сай өзгерістер енгізіп отыру;
- кәсіпорын қызметіне үнемі баға беріп отыру;
- S.W.O.T. анализ – кәсіпорынның дамуының әлсіз және күшті жақтарына баға беру;
- мотивация – персоналды ынталандыру.
Өндіріс тиімділігін арттырудың жалпыға бірдей стратегиясы жоқ, сон – дықтан әр кәсіпорын оны жекеше әзірлейді.
Стратегия кәсіпорынның нарықтағы үлесіне, әлеуметіне, бәсекелестері- не, өнім ерекшеліктеріне және т.б. факторларға тәуелді болады. Бірақ страте-
гияны әзірлеудің негізін қараушы мөлшері мен нақты модельдері болады:
- жаңа өнім әзірлеу және өнім сапасын жақсарту;
- нарықтың дамуын ескеру;
- менеджментті (басқаруды) жетілдіру;
- диверсификация (әртараптандыру).
Бірақ нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмысы- на кедергі келтіретін көптеген факторлар бар. Мысалы:
- кәсіпорынның ұзақ мерзімді стратегиясының болмауы және қысқа мерзімде нәтижеге бағытталу;
- нарық конъюктурасын білмеу;
- персонал мен менеджмент біліктілігінің төмен деңгейі;
- жұмысшылардың еңбекке деген ынталарының болмауы;
- қаржы менеджменті мен өндірістік шығындарды басқарудың тиімсіздігі.
Өндіріс тиімділігі кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижесімен анықталып ұйымдастыру, басқару қызметінің деңгейін көрсетеді.Сондықтан оны артты –ру негізгі мақсат. Ол мына шаралар арқылы жүзеге асады:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновация;
- өндірістік шығындардың экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты оңтайландыру;
- өндірістік жүйенің құрылымын жетілдіру.
Өндірістің тиімділігі өндірістік шығындарды төмендетуге тәуелді. Кәсіпорын олады төмендетудің арнайы бағдарламасын әзірлеуі қажет. Оның жүзеге асуы мынаны көздейді:
- өндіріс үрдісінің барлық кезеңдерінде материал, еңбек және қаржы ресурстарының жүелі үнемін жүзеге асыру;
- төмендетілуі тиіс шығындардың түрін талдау, бірнеше шығындар түрінің есебін жүргізіп, олардың төмендетілуіне бақылау жасау;
- жұмысшылардан үнемдеу ұсыныстарын алу;
- шығындардың әр элементінің жағдайын жүйелі бақылау;
- ұсынылған жаңа әдістерді әзірлеу, олардың енгізілуін және сақталуын бақылау.
Өнімділік көрсеткіші –бұл белгілі бір уақыт кезеңінде өндірілген өнім санының осы өнімді өндіруде қолданылған ресурстар көлеміне қатынасы.
Өнімділікті өлшеудің екі тобы бар:
Біріншісі өнімділіктің статикалық коэфицентінен тұрады. Бұл белгілі
бір уақыт кезеңінде жұмсалған шығындардың өлшеміне бөлінген өнімнің өл- шемі.
Екіншісіне өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен ке – зеңдегі өнімділіктің статикалық коэфицентіне бөлінген белгілі бір мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэфиценті. Әрбір топтың ішінде өнімділікті өлшеудің үш типі болады: жеке факторлық, көп факторлық және жиынтық факторлық немесе өнімділіктің жалпы көрсеткіштері. Өлшеуіштердің әрқай – сысы өнімнің шығындарға қатынасын сипаттайды. Бірақ олар бөлгіште есеп-
ке алынатын шығындардың элементтерінің саны немесе ресурстардың түрле- рі жағынан бір – біріне ерекшеленеді.
Егер ресурстардың бір түрі туралы сөз қозғалатын болса, онда бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділік көрсеткіші). Мұның келесідей нысандары көп тараған:
- еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағытты шығарылған өнім;
- бір адамның шығарған өнімі.
Өнімділіктің жеке көрсеткіштері бүкіл өндірістік процестің тиімділігін сипаттайды, бірақ әртүрлі динамикада болады. Мысалы, капитал қайтарымы төмендеуі, ал материал қайтарамы өсуі мүмкін.
Сәйкесінше, бұлардың қозғалыс бағыттары әртүрлі болғандықтан, ка – питал салымын бағалауда қайшылықтар туады. Сондықтан өзара алмастырушы ресурстарды қолдану жөнінде балама шешім болатын болса, шаруашылық шешімді жалпы бағалау үшін шығындар бөлігінде өндірістік процестің барлық негізгі материалдық факторлары болатын коөрсеткіштері қажет.
Бір жұмысшы өндірген өнім көлемінің өсуі тек өндірісті жақсы ұйым – дастыру арқылы емес, сонымен қатар тірі еңбектің техникалық жарақтанды – рылуын жоғарлату арқылы да жүреді. Осыдан өнімділіктің көп факторлы көрсеткіштерін есептеу қажеттігі туындайды.
Көп факторлы еңбек өнімділігі көрсеткішінің бөлімінде төмендегілер болады:
- ағымдағы шығындар (жұмысшы күшін, шикізаттар мен материалдарды және т.б. сатып алуға жұмсалатын шығындар);
- қолданылған шығындар;
- аралас бағалау.
Өзара алмасатын факторларды есепке алу үшін, өнімділікті есептегенде өндірістің барлық факторларын бөлгіште біріктірген ұтымды болады. Жиын- тық өнімділікті өлшеудің осындай әдісін көбінесе корпорацияның жалпы қызметтерін талдауда және көптеген шешуші факторларды қолданатын сала- ларда қолданған жөн.
Өнімділікті жоғарылату - өнімді немесе еңбекті өзгерту процесін бас-
қару мен араласудың нәтижесі. Төменде келтірілген шарттардың кез келгені орындалатын болса, онда өнімділік өседі:
1) өнім көбейеді, шығындар азаяды;
2) өнім көбейеді, шығындар өзгермейді;
3) өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады;
4) өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді;
5) өнім азаяды, шығындар төмендейді (шығындардың төмендеу қарқыны жоғары болады).
Сонымен өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру әр кәсіпорын үшін маңызды мақсат болып табылады. Ол мақсаттың орындалуы әр түрлі факторларға байланысты. Оларды келесі бөлімшеден кеңірек қарастырамыз.


1.2 Өндірістің экономикалық тиімділігіне әсер ететін факторлар
Өндіріс тиімділігін пайдалану – оның тәуелді болатын факторларына мақсатты әсер ету. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелері, өндіріс тиімділі- гін арттыру факторларының мағынасын менеджерлер қаншалықты дұрыс ба– лағандығымен анықталады.
Өндіріс тиімділігінің факторлары - өндіріс нәтижелеріне және шығын –
дарына әсер ететін жағдайлар. Олар:
- Ғ.Т.П. – нің жеделдеуі. Ең алдымен, кәсіпорынға бәсекелестік күресте төтеп беріп, сапаның жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін жаңа жетістіктерді игеру;
- өндірісті құрылымдық және ұйымдастырушылық қайта құру, мамандану және кооперацияның оңтайлы жүйесі;
- басқа әдістері мен жүйесін жетілдіру;
- өндірістің жетілдіруі және дамуының әлеуметтік механизмдерін белсенді пайдалану, кадрлар біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану.
Факторлардың маңыздылығы жоғары және маңыздылығы төмен, объ – ективті (материалды) және субъективті (саяси, құқтық, идеалогиялық), қысқы және ұзақ мерзімді болады. Факторлар өндіріс тиімділігіне әсер ету сипатына қарай қарай ішкі және сыртқы орта факторлары деп бөлінеді.
Ішкі орта факторларына кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсаттары мен міндеттері, қаржы ресурстары, инвестициялар, өнім сапасы, өндірістік және ұйымдық құрылымдар, технология, басқару деңгейі және шешім қабыл- дау әдістері, персонал, оның арнайы және технологиялық білімдері, корпора– тивтік мәдениет және т.б. жатады. Ішкі факторлар негізгі және негізгі емес болып бөлінеді. Негізгілеріне өндірістік және өндірістік емес факторлар жа – тады. Негізгі еместеріне тиімділік көрсеткіштері мәнімен тікелей байланысты емес, бірақ кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер ететін факторлар жатады. Мысалы: қаржы, шаруашылық және технологиялық тәртіптің бұзылуы. Бәсе- келестік артықшылық тарапынан ең маңызды ішкі фактор болып корпоративті мәдениет болып саналады.
Өзгерістерге төтеп беру деңгейіне қарай ішкі факторлар объективті жә- не жүйелік болады. Объективтіге: өндіріс, технология, шикізат, материалдар, негізгі қорлар және өнімнің өзі жатады. Бұлар құрал – жабдықтың өнімділігі- мен, техналогиялық жаңартумен, ресурстарды үнемді пайдалануға бағыттал- ған шаралармен байланысты. Жүелікке: ұйымдық құрылым, персоналды бас- қару әдістері жатады. Өндіріс тиімділігін басқаруда ерекше рөл басқаруға беріледі, өйткені оған кәсіпорынның барлық ресурстарын үнемді пайдалану жауапкершілігі жүктеледі.
Сыртқы орта факторлары тікелей (функционалды) және жанама (жал -пы) әсер етуші болып бөлінеді. Жанама әсер етуші факторлар кәсіпорынға бағынбайды. Оларға: экономикалық, саяси, әлеуметтік, демографиялық, заң- дық, технология, бәсеке, сыртқы ортаның халықаралық ерекшеліктері жата- ды.
Экономикалық фактор кәсіпорын қызмет ететін аймақтағы жалпы эко – номикалық жағдайды көрсетеді(тұтынушылардың сатып алу қабілетін, жұ – мыссыздық деңгейін, пайыздық деңгей және т.б.).
Әлеуметтік – мәдени факторлар кәсіпорын қызмет ететін аймақтағы тұрғындардың салт – дәстүрі, құндылықтары, демографиялық сипаттары өн – діріс тиімділігіне өз әсерін тигізеді.
Өндіріс тиімділігін арттырудың стратегиялық факторы – мемлекттің халықаралық ережелерін ескеру қажет. Егер кәсіпорын жоғары сапалы өнім өндірсе оны Еуропада да, Азияда да сатып алады. Саяси құқықтық, заңдық факторлар белгілі бір территориядағы кәсіпорындардың қызметін реттейтін – діктен бір – бірімен тығыз байланысты.

1-сурет Кәсіпорнның тиімділігін арртыру факторлары

Тікелей әсер етуші факторлаға кәсіпорын белгілі бір деңгейде реттей алатын факторлар жатады (жабдықтаушылар, тұтынушылар бәсекелестер, еңбек нарығы). Көптеген кәсіпорындар жабдықтаушылармен тығыз әріптестік орнату арқылы өнім сапасын арттырып, үнем жасап, жаңа нарықтарға жедел шығуға мүмкіндік алуда. Бәсекеде жеңіп шығу үшін тұтынушыларға көп көң-іл бөліп, оларды тарту және ұстап қалудың жаңа әдістерін ойлап табу қажет. Еңбек нарығы кәсіпорынға жұмысқа алынуы мүмкін адамдар құрайтындықтан, олардың біліктілік деңгейінің жоғары болуы тиімділікті арттыруға тікелей әсер етеді.
Өндіріс тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру әр факторды жекелей есепке алу ғана емес, оларды өзара толықтыру және сәйкестендірудің әдісте – рін табуды талап етеді.
Осыны жүзеге асырудың нақты дәлелі болып өндірістің тиімділігін ба – ғалаудың экономикалық көрсеткіштері болып табылады.
Нарықтық экономикада кез келген кәсіпорын жалпы табыс пен жалпы шығын арасындағы айырманы, яғни пайданы жоғарлатуға тырысады. Алайда әрбір қоымша өнім бірлігін шығару жалпы шығынды да көбейтетіндігін еске- ру қажет.
Егер кәсіпорынөнім көлемін ұлғайтатын болса, шекті табыс шекті шы – ғынға теңескенге дейін жалпы пайда жоғарылайды. Шекті шығын шекті та – быстан арта бастағанда пайда төмендейді. Пайданың қалыптасуының бірін – ші шарты шекті табыс шекті шығынға тең болуы тиіс:
MR=MC
Жетілген бәсеке және таза монополия жағдайында пайданы жоғарыла – татын кәсіпорындардың іс - әрекетін салыстырайық. Бұл кәсіпорындар іс-әре- кеттерінің ерекшелігі сұраныс қызметінің, сәйкесінше табыстың әртүрлі бо – луына байланысты.
Жетілген бәсеке жағдайында кәсіпорын нарықтық бағаға әсер ете ал – майды. Өнімнің кез – келген көлемі бірдей бағамен сатылады. Орташа табыс көлемі де өзгермейді және сол бағаға тең болады. Тауардың әрбір келесі бір – лігі алдыңғысының бағасымен сатылады. Бұл жағдайда баға Р орташа табыс пен шекті шығынға тең болады. Кәсіпорын шекті табыс МR және шекті шы – ғынға МС тең болған жағдайда, пайданы жоғарылатады. Шекті шығын тө-мендеп, сәйкесінше пайда жоғарылаған кезде фирма өнім көлемін көбейтеді. Бұл жағдай пайданы жоғарылатудың екінші шарты болып табылады. Жоғары пайда теріс шама болмауы тиіс, себебеі ол жағдайда (баға орташа шығыннан төмен болса) кәсіпорын өнім өндірмейді. Алайда, егер баға орташа айнымалы шығыннан AVC жоғары, орташа шығыннан AC төмен болса да өнім өндіре береді. Кәсіпорын өзінің тұрақты шығындарын (қысқа мерзімді кезеңде) тө - мендете алмайды және табыс, ең болмаса, айнымалы шығындарды жабатын болса, өндірісті тоқтатпайды. Сонымен қатар, тұрақты шығындарды жабуға қажетті қаражатпен қамтамасыз етеді. Ал ұзақ мерзімді кезеңде мұндай жағ – дайдың болуы мүмкін емес. Кейбір кәсіпорындар саланы тастап кетеді. Сон – дықтан салада қалған кәсіпорындардың өнімдеріне сұраныс бағасы жоғары – лайды. Бұл процесс салада қалған кәсіпорындар орташа шығынын баға өтей алмайтын жағдайға жеткенге дейін жалғаса береді. Егер кәсіпорындардың са-ладан кетуі жалғаса беретін болса, бағаның орташа шығыннан артық өсуіне алып келеді, салада қалған кәсіпорындар экономикалық пайда алады, бұл салаға жаңа кәсіпорындарды тартады. Салаға жаңа кәсіпорындардың енуі сұранысты ұлғайтады және өнім бағасын төмендетеді, кәсіпорын пайдасы азаяды. Баға орташа шығындарды жабатын кезде Р=АС салаға жаңа кәсіпорындардың ену процесі тоқтайды. Ұзақ мерзімді кезеңде жетілген бәсеке жағдайында кәсіпорындардың салаға енуі және шығуы бағаның ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?