Педагогика | Жасөспiрiмдердi отбасы мен мектеп бiрлестiгiнде тәрбиелеу

 Педагогика | Жасөспiрiмдердi отбасы мен мектеп бiрлестiгiнде тәрбиелеу

Мазмұны
Кiрiспе
I. Жасөспiрiмдердi отбасы мен мектеп бiрлестiгiнде тәрбиелеудiң
теориялық негiздерi.
1.1. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi отбасылық топтар.
2.2. Жасөспiрiмдердi мектепте тәрбиелеудiң педагогикалық-
психологиялық негiздерi.
II. Жасөспiрiмдердiң әлеуметтенуi - әлеуметтiк - педагогикалық
құбылыс ретiнде.
2.1. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi әлеуметтiк педагогтың
қызметi.
2.2. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi отбасы мен мектептiң
ынтымақтастығы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

Кiрiспе
Халқымыздың ғасырлар бойғы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлер тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады.
Бұл мәселеге байланысты елбасымыз Н.Назарбаев: өзiнiң биылғы Қазақстан халқына жолдауында “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру блып табылады”, - деп атап көрсетті.
Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда. Бұл бір жағынан, екінші жағынан, бүгінгі өскелең ұрпақтың бойындағы рухани құндылықтардың өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып игеруге бағыттай білу балалар тәрбиесінің мазмұнын, құрылысын және нысандарын одан ары жетілдірудің қажеттілігін туғызып отыр. Үшіншіден әрбір қоғамда болып тұратын формациялық өзгерістер өскелең ұрпақ тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын өзгертуді, тәрбиелік әдістемелік технологияларын жаңартып, толықтырып отыруды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу, өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған адамгершілік қадір-қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негіз қалайды.
Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді.
Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап – тілектерімен келіспеу, ой- пікірлерімен санаспау, жеке – дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса, оларға ұсынылған идеялар мен мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады.
Рухани жағынан кейбір жасөспірімдердің азуы және соның нәтижесінде өзімшілдік қатынасқа мойын бұрып, оларды енжарлыққа, өзіне және басқаға немқұрайлықпен қарауға, арақ-шарап, темекі, наша тарту және уытты сұйық заттарды иіскеу, қылмыстық істер жасауға дағдылана бастайды.
Екіншіден, жасөспірімге тән қасиет - өзіндік тәуелсіздік, дербестік, басқаға бағынышты болмау. Сол себептен, өзінің күш- қуатын, жеке басының мән – мағынасын түсінуге ұмтылыс жасайды. Оны ұғынуға мүмкүндіктерді мкетептегі оқу – тәрбие мен еңбек процесіне қатыстарынан байқалады. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын нығайта отырып жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiн дұрыс қалыптастыру және әлеуметттiк педагогтың жасөспiрiмдермен жұмыс жасауы терiс мiнез-құлықты болдырмауды қамтамасыз етедi. Жасөспiрiмдердiң тәрбиесiндегi терiс мiнез-құлқы, маскүнемдiкке, нашақорлыққа, дөрекiлiк, және т.б. мәселелерге байланысты педагогика саласында көптеген Қазақстандық ғалымдардың еңбектерiн бiлемiз. Алайда жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi мектеп пен отбасының бiрлескен әлеуметтiк-педагогикалық ерекшелiктерiне байланысты зерттеулердiң жоқтығы, қажеттi зерттеу деңгейi арасындағы қайшылықтар бiздiң зерттеумiздiң өзектiлiгiн айқындайды.
I. Жасөспiрiмдердi отбасы мен мектеп бiрлестiгiнде тәрбиелеудiң
теориялық негiздерi.
Кез келген ғылым саласы нақты шынайылықтан бастау алады, оның мәнiн ашып, ол туралы ақпаратты жүйелейдi. Алайда ғылыми теориялық бiлiм практикалық iс әрекеттен тыс өздiгiнен дамый алмайды. Сндықтан ғылым мен практикалық iс әрекет өзара үзiксiз байланыста болу керек. Кез келген ғылым практикадан бастау алып отырады. Басқа жағынан қарағанда кез келген тәжірибелік іс әрекеттің тиімділігі сол ғылымның жетістіктерінің ұлғаюына негізделеді. Теория – тәжірибелік іс әрекетінің негізі ретінде, оны қайта құруға әбден жетілдіруге, бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл теориялық зерттеудің тәжірибелік іс әрекетінің дамуымен қатарлас жүріп отыруын білдіреді.
Әлеуметтiк-педагогика туралы айтатын болсақ – бiз оның екi жақты өзара байланысын нақты бөлiп көрсетуiмiз керек – бiрiншi, бұл саладағы ғылыми теориялық бiлiм және өзара әлеуметтiк педагогикалық қызмет; екiншi әлеуметтiк педагогиканың балалармен және нақты бiр баламен немесе балалар тобымен, баланың өмiр сүретiн және дамыйтын және оның әлеуметтенуiне көмектесетiн немесе тосқау жасайтын сол немесе басқа нақты орталармен жұмысы. Басқаша айтқанда әлеуметтiк педагогиканы өзара үзiлмейтiн байланыстағы ғылым ретiнде және тәжiрибелiк қызмет сферасы ретiнде бөлiп көрсетуiмiз қажет. Осыған қоса, әлеуметтiк педагогиканы оқу пәнi ретiнде қолдануға болады. Оқу пәнi – бұл кәсiби немесе жалпы бiлiм берудiң оқу орындарында жүргiзiлетiн пән. Ресейдегi әлеуметтiк-педагогиканың дамуы – ғылыми бiлiм ретiндегi және кәсiби тәжiрибелiк қызметтiң сферасы ретiнде, оқу пәнi ретiндегi дамуының өзiндiк ерекшклiктерi бар. Отандық ғылымдағы пеагогикалық тәжiрибеге тереңiрек үңiлсек, әлеуметтiк педагогиканың дербес бiлiм ретiнде бөлiнуiн педагогиканың классиктерi К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой және тағы басқаларының тәжiрибелiк қызметтерiмен еңбектерiнен табуға болады. әлеуметтiк педагогиканың қалыптасуының ерекше мәнi, 20-30 жылдардағы отандық педагогикалық ғылымның дамуымен байланысты. Бұл қиын уақыттағы әйгiлi педагог А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий, В.Н.Сорока-Рошинскийдiң қызметтерi әлеуметтiк көмектi қажет ететiн балаларға көмектесуге бағытталды, шын мәнiнде олар әлеуметтiк педагогтар болады.Олар ұйымдастырған қызмет балалар станциясы, мектептегi және басқа да мекемелердегi әлеуметтiк педагогтың тәжiрибесiн iске асыруы болды.
Нәтижесiнде ертеде айтылғандай 1990 жылы әлеуметтiк педагогика сөзсiз жоғарыдан енгiзiлдi. Бұл әлеуметтiк педагогиканың ғылыми және тәжiрибелiк сферасы бiр уақытта үздiксiз дамып отыруына әкелдi. Шын мәнiсiнде бұл салада өзiндiк ғылым болмағандықтан, тәжiрибе ғылыми бiлмге сүйене алмады. Бұл әлеуметтiк педагогиканың пән ретiнде қалыптастыруға да әсерiн тигiздi, бұл да ғылымның дамуы мен әлеуметтiк педагогиканың тәжiрибелiк iс әрекетiнiң қалыптасуымен бiрге болды. Қазiргi кезде әлеуметтiк педагогиканың ғылыми пәнi туралы әртүрлi көзқарастармен пiкiр таластар, сұрақтар туындайды. Бұл объективтi жағдайлар, әлеуметтiк педагогиканың ғылым ретiнде дамуына кедергi фактор болып табылады. Брақта, ғылым саласындағы тәжiрибелiк қажеттiлiктерге байланысты көптеген ғылыми ұжымдар айналыса бастады.
Бүгiнгi күнi эмпирикалық және теориялық бiлiмнiң жеткiлiктi жиналуына байланысты, оларды жүйелендiру мен жүзеге асыруды қажет етедi, және ғылыми бағыттың приоритеттiн бөлiп көрсетуге мүмкiндiк бере отырып әлеуметтiк педагогиканың интенсивтi дамуына жағдай жасайды, оның дербес ғылым ретiнде дайындалуына, әлеуметтiк педагогиканың одан әрi дамуына отандық педагогтардың еңбектерi мен жаңа позицияларын қайта оқып және қайта ойлануы қажет – совет одағы кезеңiндегi, революция алдындағы. Шетелдiк тәжiрибенi меңгерудiң өте маңыздылығы бар, бұл Ресейлiк шынайлыққа қолданбалы және оны бейiмделу мақсатында.
Әлеуметтiк педагогиканың шетелдердегi даму тарихы.
Әлеуметтiк педагогика, педагогикадан салыстырмалы түрде жақын арада бөлiнiп шықты. Брақта, педагогиканың өзi де тек қана ΧV ғасырда дербес ғылым саласы ретiнде көрiндi. Бұл оқиға әйгiлi чех педагогы Ян Амос Коменскидiң атымен байланысты және оның “Ұлы дидактика” атты данышпанды шығармасы бұл ғылымның зерттеу пәнiн анықтады.
Негiзiнен педагогиканың тарихының тамыры тереңге кетедi, дербес ғылым болмағандықта педагогика көптеген ғасырлар бойы философияның iшiнде дамыды, адамның әлемдегi орнымен рөлiн, проблемаларын өмiрлiк мағынасын және жеке адамның мәдениет пен дiндегi өнегелiк қалыптасуын зерттедi. Бұл мағынада әлеуметтiк педагогика – педагогиканың өзiнен жас емес, өйткенi ол педагогиканың бөлiнбейтiн құраушысы ретiнде оның саласында бiрге дамып отырады. Осы себептен әлеуметтiк педагогтың тарихын зерттеушi ғалымдар оның қайнар көзiн әйгiлi философия ойшылдарының классикалық трактаттарынан табады.
Осындай бейнемен әлеуметтiк педагогиканың дамуын екi кезеңге бөлiп қарастыруға болады.
Бiрiншi – бастапқы кезең, ескi дәуiрден ΧV ғасырға дейiн созылады. Бұл әлеуметтiк педагогикалық ойлар мен педагогикалық тәрбиелеу тәжiрибесiн қалыптастыруды ұғынумен байланысты. Осы кезеңде тәрбиелеудiң әлеуметтiк құбылыс ретiнде қалыптасуы және оның стихиялық iс әрекетi сезiмдiк iс әрекетке қаита ауысуына байланысты әртүрлi тәрбиелеу теориясы пайда болды. Антикалық дәуiрден бастап баланың тәрбиесiне байланысты әлеуметтiк педагогикалық ойлар айтылған. Мысалы; тәрбиелеудi ерте жастан бастау керектiгi, тәрбиелеу үрдiсiнде баланың баланың табиғаты мен қоршаған ортаның әсерiн ескеру, ата-аналардың және үлкендердiң беделiне сүйену керектiгi туралы т.б. Қайта өркендеу кезеңiнде баланы тәрбиелеудегi гуманистiк ойларды дамытумен байланысты болды. Бұл уақытта мынандай ойларды жүзеге асырумен қатысты мысалы: Итальяндық педагог-гуманист Витторико Да-Фельтренiң мектеп интернаттарының тарихындағы бiрiншi сипаттамалық атпен “Дом радости” мектебiн құрды.
Екiншi кезең - ΧV- ΧΧ ғ.ғ. - әлеуметтiк педагогиканың ғылым ретiнде қалыптасуы және ғылыми концепциялар мен алдыңғы қатарлы ойлардың дамуымен сипатталады.
ΧV және ΧΧ ғасырлар әлемдiк мәдениет тарихында буржуазиялық демократиялық революция кезеңi ретiнде танылды. Бұл кезеңде танымалы ғалымдар (педагогтар, философтар, әлеуметтанушылар, психологтар) әлеуметтiк мәселелердi шешуде, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынас жолын iздедi. Тәрбиелеу сұрақтарына байланысты, қоғамды жаңа ойлармен қайта құру саласы және барлық адамдардың тең құқықтары мен бостандықтарын қарастырды. Танымалы педагогтар тек қана ойларды айтып қоймай оларды тәжiрибе жүзiнде iске асыруды, жетiм балаларға, қараусыз қалған балаларға, бала бақша, мектептер құрды және басқа да әртүрлi проблемалары бар балаларға көмектесiп отырды.
ΧΧ ғасырдың соңында әлеуметтiк педагогика педагогикадан дербес ғылым ретiнде бөлiнiп шығады. Бұл оқиға немiс ғалымдарының атымен байланысты Адольф Дистервег, Гауля Наторп және т.б.
ΧΧ ғасырдың басында үшiншi кезең басталды – бұл кезең әлеуметтiк педагогиканың дербес ғылым ретiндегi дамуы. Қазiргi уақытқа дейiн ғалымдардың арасында әлеуметтiк педагогиканың басқа педагогикалық ғылымдардың арасында қандай орын алатыны туралы пiкiр талас жүруде және оның ғылым ретiнде немесе тек қана тәжiрибелiк iс әрекет саласы болып табылама. Көптеген елдерде “педагогика” “әлеуметтiк педагогкиа” “әлеуметтiк педагог” терминi мүлдем қолданбайды. АҚШ-тағы оқу орындарында студенттер педагогиканың орнына философияның курсын оқиды, тәжiрибелiк бағыты адамдарға көмек көрсету бұл әлеуметтiк жұмысқа қатысты. Белгияда әлеуметтiк педагогика түсiнiгiне жақынырақ “ортопедагогика” терминi қолданылады. Әртүрлi елдердiң тарихи және мәдени дәстүрлерiне олардың қоғамдарының даму деңгейiне байланысты ғылым саласының сәйкс келетiн дамуы мен өзiндiк терминология бар. Брақта оларды бiрiктiретiн жалпы проблемаларды қарастырады. Олар баланы тәрбиелеу мен бiлiм беру, дамыту және қоғамдық өмiрге қосу сияқты мәселелердi шеуде немiс педагогтары үлкен үлес қосты.
1844 жылы әлеуметтiк педагогика терминiне байланысты көптеген пiкiр –талас туды. Бұл түсiнiктiң шығу жағыдайынан бастап қазiргi уақытқа дейiн немiс әдебиетшiлерi оның екi түрлi трактовкасы қарастырылды (бұл ғылым саласындағы әртүрлi тәсiлдердi анықтайтын). Бiрiншi – трактовкаға сәйкс әлеуметтiк педагогиканың тәрбиелеу процесiнде, әлеуметтiк жақтармен жалпы байланысы бар (К.Магер). Екiншi – тарктовкаға байланысты, бұл нақты әлеуметтiк жағдайларға ұшырағандарға педагогикалық көмек көрсету (А. Дистервег). Бұл тәсiлдердiң жақындықтарына қарамастан олардың әртүрлi өзгешелiктерi бар. Бiрiншi жағдайдағы тәрбиелеудiң әлеуметтiк аспектiлерiмен оған сәйкес мiндеттерi туралы сөз болады. Екiншiде педагогикалық аспектiнiң қоғамдық дамуы мен оның мiндеттерi туралы.
Бiрiншi бағытты жүзеге асырушылар; К.Магер, П.Наторп (20 жылдары), Е.Борнеманн, Ф.Шлипер (60 жылдары), Д. Пегелер (80 жылдары) және т.б. К.Магер уақытынан бастап әлеуметтiк педагогиканың дамуының алғы шарттарын адамды қоғамда, қоғам үшiн және қоғам арқылы тәрбиелеудiң құралдардын - әдiстерiн қарастырады.
Әлеуметтiк педагогиканың танымалы өкiлдерiнiң бiрi Пауль Наторп (1854-1924) әлеуметтiк педагогиканы жалпы педагогиканың бөлек аспектiсi ретiнде қарастырады. П.Наторп адамзатың өмiр сүруiндегi негiзгi функцияларды қарай отырып - әлеуметтiк педагогтың негiзгi үш функциясын ұсынды. Бiрiншi – баланың жыныстық өмiрiмен байланысты, (отбасында және жақын арласатын қоршаған ортада ашылады). Екiншi – жiгерлiк, мектепте қалыптасатын бiлiм берудi жүзеге асыра отырып баланың эмоционалды, әлеуметтiк және моторлы қабiлеттерiн дамыту. Үшiншi – парасаттылық, қауымдықта ашылады. П.Наторп әлеуметтiк педагогиканы барлық жас адамдар педагогикасы деп ойлады және оның мiндетi – жастарды ынтымақтастық пен жұртшылыққа тәрбиелеу болып табылады.
П.Нартоптың ойын дамытуда осы бағыттың өкiлдерi, әлеуметтiк педагогиканы интегративтi ғылым ретiнде қарастырды. Бұл қарым-қатынас Борнеманның тактовкасы әлеуметтiк педагогикадағы – экономикалық педагогиканы , емдiк педагогиканы және т.басқаларды бiрiктiретiн ғылым ретiнде қарастырады. Оның мақсаты әлеуметтiк топпен әлеуметтiк қауымдағы индивидуальды дербестiкке көмектесу және қоғамның мәдени және гуманистикалық (адамгершiлiк) жағынан дамуына қамқорлық жасау. Әлеуметтiк педагогикаға өзiнiң интегративтiлiгiне байланысты, тәрбиелеудiң барлық сферасына енедi және педагогиканың принциптарының бiрi ретiнде көрсетiледi.
Екiншi тәсiл А.Дистервеганың еңбегiнде көрсетiледi.(40-50 жылы ΧΧ ) Г. Ноля, Г. Боймер (20-30 жылы ΧΧғ), К.Молленгауэра (50 жылдары) және т.б. А.Дистервегтен бастап, бұл бағыттың өкiлдерi сол уақыттағы әлеуметтiк сұрақтарға жауап беруге тырысады; Мысалы жұмысшылардың әлеуметтiк қорғалмауы, халықтың бiлiм алуы, қамқорсыз қалғандарға көмек беру және т.б.
Герман Ноль (1874-1960) әлеуметтiк педагогтың мақсаты, отбасымен мектептiң қандайда бiр себептерге байланысты өз функциясын орындай алмаған жағдайда жедел көмек көрсету. Г.Нольдың идеясы П.Наторппен салыстырғанда, нақтырақ және практикалық жағынан анағұрлым сенiмдiрек көрiнедi. Оның идеялары 1922 жылы қабылданған “жастардың қайрымдылық қызметi” заңында көрiнiс тапты – бұл германиядағы жастардың мектептен тыс тәрбиесiн реттейтiн бiрiншi мемлекеттiк құжаты болды.
Гертруд Боймер, осы бағыттың өкiлдерiнiң бiрi болып табылады. Басқаларға қарағанда ол әлеуметтiк педагогиканы принцип ретiнде емес педагогиканы құраушы бөлiк ретiнде санады. Мектеппен отбасындағы тәрбиеге, қатысты еместердiң бәрi әлеуметтiк педагогиканың мәселесi болып табылады деп тұжырымдады.
Қазiргi уақытта әлеуметтiк педагогиканың және әлеуметтiк жұмыстың кәсiби қызметтерiнiң ұқсастығы көп, сондықтан олар быңғай стандартпен реттеледi. Әлеуметтiк педагогиканың басты қызметi балалар мен жасөспiрiмдерге сапалы бiлiм беру, тәрбиелеу және отбасындағы, жеке өмiрiндегi мәселелердi шешуге көмек көрсету.
1.1. Жасөспiрiмдердi тәрбиелеу үрдiсiндегi отбасылық топтар.
Отбасылық тәрбие дәстүрi ғасырлар бойы салынып келедi. Платонның кезiнен бiздiң уақытқа дейiн ғалымдар мен педагогтар адамның қалыптасуына, оның ақыл – ойының, физикалық және рухани қабiлеттерiне, денсаулығы мен моральдық принциптерiнiң дамуына отбасы күштi әсер етедi деп айтып келедi.
Өнегелi мнез-құлық, психикалық даму, тәрбие, қарым – қатынас, өмiрлiк қондырғылар – бұлардың барлығы отбасында қалыптасады. Ата-ананың қандай мәселенi шешуi, кiммен арласуы, не туралы айтылуының барлығы бала тәрбиесiне әсер етедi.Сонымен баланың тәрбиесiне отбасы үлкен жауапкершiлiк артады. Жасөспiрiм жасына дейiнгi кезеңде бала отбасының тiреуiнде болады. Ата - аналар әр қашан өз әрекеттерiне баға беру керек, себебi олардың басты тiреуi беделдiлiк болып табылады. Мектеп кезi жасында - бұл сүйiспеншiлiк, жылулық бедел, ал есейе келе - бұл сыйласымдылық беделi болып табылады. Беделмен баланы басып тастауға болмайды, оны аз мөлшерде берiп отыру керек.
Ата-ана баламен жиi қарым-қатынаста болса, баланы тануға мүмкiндiк бередi. Жасөспiрiммен қиындау, себебi ата-аналық қамқорлық оның тез қарқынды дамуының артында қалады, сөйтiп олар балаға, бала сияқты қарай бередi. Дәл осы кезде ата-аналармен жасөспiрiмнiң қарым – қатынас қалыптасады. Жасөспiрiм өзiне ерекше назарды, үлкен құрметтi, оны түсiнудi талап етедi. Егер отбасында ол керектi құрметтi, назарды алмаса оның намысы жәбiрленедi. Дәл осы жаста шиеленiс пайда болады, эмоция ақылдан асатын болған жағдайда жасөспiрiмдi қиын қатынасқа әкеледi. Бұндай жағыдайда ата-аналарға сабырлы болып, қызудың басылуын күтiп, тыныш атмосферада бәрiн қарастыру керек.
Отбасындағы еңбек тәрбиесi баланың болашақтағы өмiрлiк қызметiн айқындауға көмек бередi. Қоршаған адамдарға деген сақтық қатынас, мейрiмдiлiк, қарым-қатынас және т.б. жанұядан қалыптасады. Отбасында психологиялық климат деген ұғым бар. Бұл тұрақты эмоционалдық бағыт, отбасындағы сүйiспеншiлдiк, түсiнушiлк балаға жағымды әсер етедi. Әлеуметтiк педагогтоың отбасымен жұмыстағы басты мақсаты – бұл шиеленскен жағдайдың шешiлуi. Отбасында болатын шиеленiске төтеп бере алу үшiн iшкi күштердi мобилизациялау. Бұл үшiн, бiрiншiден, проблемаларды анализддеу қажет. Екiншiден, мамандармен ақылдасу, үшiншiден, шиеленiстен шығудың жолын табу. Қазiргi заманда тұрақты отбасын құру үшiн профилактика шараларын қолдану керек. Брақ олар кәсiби оқулықтармен қамтамасыз етiлмеген. Отбасымен жұмыс жасау кзiнде әлеуметтiк педагог кәсiби этикалық принциптердi сақтай отырып отбасымен жүргiзiлетiн жұмыс туралы ешкiмге тiс жармауы керек. Көптеген дамушы мемлекеттерге қарағанда, бiздiң елiмiзде отбасын әлеуметтiк қорғау шаралары жоғарғы деңгейде жүргiзiлуде. Жергiлiктi әкiмшiлiк органдары мен әр түрлi әлеуметтiк қорғау ұйымдарына, отбасын қорғау туралы көзқарасымызды бiлдiру арқылы отбасының тұрақты болуын қамтамсыз ете аламыз.
Отбасының қызметі – отбасы мүшелерінің өмірлік және күнделікті әрекеттері. Сонымен қоғамда отбасы келесідей қызметтер атқарады:
• Халық санын көбейту – оған балалы болу және оларды азамат етіп шығару кіреді. Қазіргі заманда баланы психикалық түрде қажет ету керек, ол өзін сүйген адамнан болуы керек, сондай-ақ балалармен өткізіп, немере сүйіп, ұрпақ жалғастыру қажеттігі туындайды....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?