Педагогика | Жанұяда баланы тәрбиелеу
Мазмұны
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім.
а) Отан – Отбасынан басталады.
ә) Азамат қалыптастырамын десең,
бесігіңді түзе.
б) «Ұяда не көрсең,
Ұшқанда соны ілесің».
ІІІ Қорытынды.
Отан – Отбасынан басталады.
Отбасы. Бала. Мектеп.
Бір –бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар. Бала бар жерде мектеп бар. Бұл суретте Отбасы – бала – мектеп арасындағы байланыс үзілген.
Ата – ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезілмеген жасөспірімдер өмірінде өзім ешкімге қажетсіз деп есептеп, уайымға шалдығады.
Ұзаққа созылған қайғыру, ренжу, жүйке ауруларына шалдықтырады. Мектеп пен отбасы бала тәрбиелеудің мақсаты қолданатын әдіс – тәсілдерді бірге ойлап іске асырмау салдарынан яғни әртүрлі талаптардан оқушы отбасына, мектептің ықпалынан шығып кетеді.
Өскелең ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі күні ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазір қоғамымыз әлеуметтік – рухани дағдарысты басынан кешіруде. Қазақстан 1989 жылы Б.Ұ.Ұ. қабылдаған. «Бала құқы туралы конвенцияны» мақұлдады. Конвенция мазмұны негізгі 4 талап қояды. Баланың қорғау, дамуына жағдай жасау қоғамдық өмірге белсене араласу құқын құрметтеу.
Отбасы тәрбиесі
Отбасы тәрбиесі – көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы. Әлеуметтік, отбасы және мектеп тәрбиесі ажырамас бірлікте орындалатын істері ауқымын құрайды. Отбасылық тәрбиенің мектеп тәрбиесімен тоғысқан тұсындағы проблемалар жалпы педагогикада қарастырылады да, ал сол мәселенің әлеуметтік жағдайлары әлеуметтік педагогиканың үлесінде.
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші тараптан - тәрбиелік орта. Баланың алғашқы өмірі жағдайындағы отбасы ықпалы басқа жағдайлар мен кейінгі жас кезеңдерінде болатын ықпалдардан басымдау келеді. Зерттеу деректеріне сүйенсек, отбасы - бұл мектеп те, ақпарат көзі де, қоғамдық ұйымдар да, еңбек ұжымы да, дос-жарандары да, отбасы — бұл әдеп пен өнер кілті де. Осыдан, педагогтар нақты да дәл тұжырымға келіп отыр: тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасыға тәуелді. Неғұрлым отбасы жақсы болып, оның тәрбиелік ықпалы ұнамды келсе, тұлғаның тән-дене, рухани-адамгершілік, еңбектік тәрбиесінің өнімі де жоғары. Аса бір кездейсоқтық болмаса, әр уақыт тұлғаның кемелденуі келесі заңшылыққа тәуелді: жанұя қандай болса, онда өсіп, ер жеткен адам да сондай.
Жеке адамның қалыптасу процесі мен оның нәтижесіне болар отбасы тәрбиесінің күші мен қуатын мойындайтын болсақ, ендеше мемлекет пен қоғам да тәрбиелік шараларын дұрыс жолмен ұйымдастыруда ең алдымен отбасыға үлкен назар аударғаны жөн. Бұл өркениетті елдер ұстанған бұлжымас ереже.
Неке мен отбасыға деген үстірт көзқарас, халықтық және ұлттық үрдістерді естен шығару, инабаттылық принциптерінен тайқу, шектен тыс арсыздық пен маскүнемдік, іштей тәртіптің болмауы мен жыныстық салғырттық, ерлі-зайыптылар арасында жоғары белең алған ажырасулар - бәрі де отбасыдағы бала тәрбиесіне болатын теріс ықпалдар көзі.
2. Отбасы — тұлға қалыптастырушы бесік. Осыдан, "Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе"- деп ұлы ғұлама М.Әуезов бекер айтпаған. Отбасыда адамаралық қатынастар негізі қаланады, бүкіл өмірге жетер еңбектік және әлеуметтік бағыт-бағдар түзіледі. Отбасыда өз ретімен қарапайым да жеңіл шешіліп жатқан көптеген проблемалар, есейген, ересек шақта бітіскен шырғалаң күйге түсіп жататыны баршаға аян.
Жоғарыда әңгіме арқауы болған тұжырымдарды жинақтаумен келесідей қорытындылар жасауға болады:
- отбасы ықпалы басқа тәрбиелік әсерлердің бәрінен де күштірек. Жас ұлғаюмен ол әсер бәсеңдеуі мүмкін де, бірақ ешқашан өз маңызын жоймайды;
- қандай да бір басқа жағдайларда қалыптасуы мүмкін болмаған сапа-қасиеттер тек отбасында ғана өрісін алады;
- отбасы тұлғаның әлеуметтенуін қамтамасыз етеді, оның тәндік, моральдық және еңбектік тәрбиесіне болған мүмкіндіктерді мейлінше шоғырландырып, іске қосады. Қоғамның азамат мүшесі отбасыдан бастау алады, қоғам келбеті отбасыдан көрінеді;
- салт-дәстүр жалғастығын қамтамасыз ететін отбасы;
- отбасының аса маңызды әлеуметтік қызметтері — азамат тәрбиелеу, патриот қалыптастыру, болашақ жанұя иегерін кемелдендіру және мемлекет заңдарын мойындап, құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам мүшесін жетілдіру;
- отбасының кәсіп таңдауға да тигізер ықпалы орасан.
Нарықтық экономикалық жүйеге байланысы отбасындағы тәрбие жетімсіздігінің кейбір себептері ретінде келесі жағдайларды алға тартуға болады.
1. Көптеген еңбеккер отбасылардың экономикалық жағдайының әлсіздігі.
2. Қоғамдық өмір мәдениетінің төмендігі.
3. Отбасы анасы - әйел мойнына артылған екіталай — жұмыс орнында, жанұяда — ауыртпалық.
4. Көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моралдық себептердің салдарынан болып жатқан ерлі-зайыптылардың ажырасуы.
5. Бала тәрбиесінде ер адам әйел көмекшісі деген қоғамдық пікірдің белең алуы.
6. Күннен күнге шиеленісіп бара жатқан әулеттер арасындағы бәсеке, дау-дамай.
7. Отбасы мен мектеп арасыңдағы байланыстың күннен күнге әлсіреуі.
Отбасы дағдарысын ретке келтіру және оның тәрбиелік ықпалын көтеру бағытында қазіргі заман педагогикасы қандай тиімді ұсыныстар беруі мүмкін?
Бұл орайда педагогика қандай да тосын жаңалық ашып беруі мүмкін емес: тәрбиенің қоғамдық, экономикалық қатынастардың жалпы заңдылықтарына тәуелділігі объективті шындық. Бәріміз де осы заңдылықтардың құрсауындамыз. Барша үмітімізді мұғалімге артамыз, тәрбиелік жақсылықтарымызды оның жанпидалығынан күтеміз. Жалған, алдамшы ой-пікірлерден арыла білген шынайы ұстаздың өз іс-әрекетін келесідей жоспарға орайластырғанын жөн деп білер едік:
- отбасындағы қатынастарды гуманизациялау, яғни адамиластыру. Әміршіл-әкімшіл ықпал, заң алдындағы жауапкершілік, қатаң талап не үркіте зорлаудың заманы өтті - алдыратын лыпасы жоқ пенде неден қорықсын. Тек кеңпейіл мұғалім жан дүниесімен сәулеленген қайырымдылық, мейір, нақты көмек, ұстаздық жанашырлық қана күйзеліске ұшыраған ата-аналар көңіліне демеу беріп, өз перзенттерінің жарқын болашағы үшін күресте шаршап-шалдығудан азат етері кәміл;
- адамдардың рухани дүниесін қалыптастырып, нығайтуда зайырлы мектеп пен мұсылмандық тәрбие ошағы - мешіттердің ықпалдарын біріктіру әрі осы ықпалдарды жалпыланған қызмет түрінде шашыратпай, нақты отбасының нақты проблемасына бағыттау;
- педагогикалық мүдде - ниеттерді гуманитарлық қор, қоғамдар мен ұжымдар жұмыстарымен үйлестіре отырып, қайырымдылық-тәрбие бағдарламасын жасау.
Ең бастысы, жалпы адамға, оның табиғатына берілген қайырымдылық пен мейірімге болған сенімнен ажырап қалмау - әрбір тәрбиешінің негізгі ұстамы болғаны жөн.
Атам қазақ басынан талай "Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұламаның" кешкен, солай болса да ортасыңда жүрген дана тәрбиешілерінің, ғұлама ұстаздарының болуынан өз болмысын сақтап қалғаны баршаға аян. Дүние ауыспалы ал педагогиканың міндеті қоғам өзгерістерінің ізімен жалғаса, дамып бару. Әр дәуір ұрпақтары арасындағы тартыс, бәсеке мәңгілік, бірақ олардың нақты кезеңдердегі шешімі әрқашан жаңаланып барғаны дұрыс. Ал ондай шешімдерді ата-аналар есіне салу отбасылық драмалардың астарлы, көзден таса бұлтарыстарын тереңнен түсінетін педагогтың міндеті.
Қаншалықты отбасы болса, тәрбие ерекшеліктері де соншалықты мол. Алайда олардың көптүрлілігіне қарамастан, жанұядағы ересектер мен балалар арасында кезігетін қатынастардың жалпылай моделін ажырата тану мүмкіндігі баршылық. Отбасындағы қатынастар түрі сол қатынастардың қай бағытта, қай дәрежеде өсіртеуі мен балалар тәрбиесіне болған келеңсіз ықпалдардың салдарына тәуелді анықталады. Олар:
1. Балаларына құрмет көрсете алатын отбасы.
2. Қайырқом, мейірлі отбасы.
3. Күнделікті дүниепараздыққа жүгінген отбасы.
4. Алауыз, жауласқан отбасы.
5. Теріс әлеуметтік бағыттағы отбасы.
6. Ата мен аналардың педагогикалық үйлесімсіздігі жайлаған отбасы.
7. Тұрпайы тәрбие әдістерімен қаруланған отбасы.
Отбасыдағы тәрбие мазмұны демократиялық қоғамның өзекті мүдде-мұраттарына орайластырылады. Болашақтағы еңбектік, қоғамдық, отбасылық өмірге бейім дені сау, психикалық болымды, адамгершілікті, иманды, парасаты тұлға дайындау - отбасы міндеті. Жанұялық тәрбие мазмұнының құрамды бірліктері ежелден белгілі бағыт-бағдарларды, тән-дене, адамгершілік-имандылық, сана-сезім, эстетикалық, еңбек тәрбиесін қамтиды, олар өз кезегінде жас әулетті экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білімдендіру істерімен толығып отырады.
1. Балалар мен жастардың отбасындағы тәрбиесі салауатты өмір болмысына негізделіп, дұрыс ұйымдастырылған күн тәртібін, спорттық жаттығуларды, дене шынықтыруларын т.б. қамтиды.
2. Отбасындағы сана-сезім тәрбиесі ата-аналардың өз балаларын білімдермен байытып, соны ақпараттарға деген тұрақты қажетсінуін қалыптастырып, оларды үздіксіз жаңалап бару ұмтылыстарын баулуға негізделеді. Танымдық қызықсыну, қабілет, бейімділіктер мен нышандарды дамытып бару бала тәрбиесіндегі ата-аналардың аса өзекті шаруасы.
3. Отбасыдағы адамгершілік - имандылық тәрбиесі тұлға қалыптастыру жолындағы қатынастардың бұлжымас төркіні. Бұл орайда алғы шепке тартылатын мәселе мәңгілікті өзгермес адамзаттық мораль құндылықтары — сүйіспеншілік, құрмет пен сыйластық, әділдік пен ар-намыс, қадір-қасиет пен борыш сезімдерін тәрбиелеу. Адамгершілік сапа, қасиеттердің басқа да түрлері: парасатты қажетсіну, тәртіптілік, жауапкершілік, дербестік пен ұстамдылық та осы отбасында баулынады.
4. Отбасындағы эстетикалық тәрбие балалардың таланты мен дарынын дамытуға бағытталып, өмір болмысы әсемдіктері жөнінде тағлым беруге арналады.
5. Отбасындағы еңбек тәрбиесі балалардың болашақтағы адал өмірінің негізін қалайды. Еңбектенуге отбасынан дағдыланбаған баланың есейген кезде де бар есіл-дерті "жеңілдің астымен, ауырдың үстімен" жүріп, шалқып өмір сүру. Ал мұндай еңбексіз "күнде той" өмірдің жақсылыққа апармайтынын тұрмыс қадам сайын дәлелдеп отыр.
Ата-аналар міндетіндегі отбасылық тәрбие - балалардың тән-дене және рухани саналарын қалыптастыру бағытындағы саналы да парасатты істерге негізделген үздіксіз жетіліп барушы процесс.
Әрбір әке мен кез келген ана өз перзентіне болашақта қай сапа-қасиеттерді баулу керектігін жете білгені жөн. Отбасылық тәрбиенің саналылық сипаты мен тәрбиелік міндеттерді парасатты шешу жолдары осымен айқындалады.
Отбасындағы тәрбие әдістері — бұл ата-аналардың өз баласының санасы мен әрекет-қылығына педагогикалық ықпал жасаудың мақсатты көзделген жән-жосығы, жолы. Бұлардың бәрі де тәрбиенің жалпы әдістерімен теңдейлес, дегенмен өз ерекшеліктеріне ие. Олар:
- әр балаға болған ықпал тұлғаның жекелеген нақты әрекет-қылығы мен ақыл-парасатына икемделуінен даралықты келеді;
- тәрбие әдістерін таңдау ата-аналардың педагогикалық мәдениетіне орайлас келіп, олардың тәрбие мақсатын тануына, өз қадір-қасиетіне құндылықтық бағыт-бағдарына, өз жанұясында орнатқан қарым-қатынасына т.б. тәуелді.
Осыдан да отбасылық тәрбие әдістері ата-аналардың тұлғалық сән-сипатымен қайнай бітіскен және олардан ажыратыла қараластырылуы мүмкін емес. Қаншама ата-ана болса, әдістері түрі де соншалықты: жылы сөзбен көндіру, қорқыту, айқайлап үркіту, мақтау мен мадақтау, қаталдық құрсауына салу және жазалау. Әдістер ата-аналар таңдаған тәрбиелік бағыт-бағдарға тәуелді келеді: біреулері өз баласының тіл алғыштығын тәрбиелегісі келеді, осыдан олардың әдісі ересектер талабын мүлтіксіз орындатуға бағдарланады. Екінші біреулері дербес, өз бетінше ойлай білуге негіз болар тұлғалық қасиеттерді орнықтыруды көздеп, осыған сәйкес әдістік жолдарды таңдастырып, қолданады.
Отбасылық тәрбие арасында ата-аналар баршаға бірдей ортақ жалпыланған әдістерді пайдалану үрдіске сай алған. Мұндай әдістер түрі келесідей топтастырылған: сендіру (мақтау, мадақтау, балаға болашақта пайдалы да қызықты мүддені түсіндіру арқылы); жазалау (қандай да көңіл рахатынан айыру, ортадағы достық қатынасты үзу, ұрып-соғу); кей отбасыларда педагогтар кеңесі мен тәрбиелік жағдайлар әдейі жасалып қолданылады.
Отбасындағы тәрбиелік міндеттерді атқарудың құралдары да әртүрлі. Олар арасында кең қолданымдағылар: сөз, ауыз әдебиеті, ата-ана беделі, еңбек, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүрлер, қоғамдық пікір, жанұядағы рухани және материалдық болмыс, ақпарат көздері (газет, журнал, радио, теледидар), күн тәртібі, көркем әдебиет, мұражайлар мен көрмелер, ойындар мен ойыншықтар, дене шынықтырулар мен спорт, мейрамдар, рәміздер, ерекше белгілер (атрибут), қастерлі заттар, бұйымдар ж.т.б.
Ата-аналар тәрбиесі әдістерін іріктеу мен қолдануда келесідей жалпы шарттар ескерілуі тиіс:
1. Ата-аналардың өз баласының болмысын жете тануы.
2. Ата-аналардың жеке тәрбиесі мен беделі, отбасында орнатқан қатынастар сипаты....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?