Психология | Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым

 Психология | Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым

Мазмұны
Кіріспе......................................................................................................................3
І.Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым.
1.1 Жалпы жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым........................................4-6
1.1.1.Жүйке жүйесінің құрылымы..............................................................7-9
1.1.2. Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі...............................................10-11
ІІ. Жүйке жүйесінің қызметінің дамуы.
2.1. Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері.............................12-13
2.1.1. Мидың ана құрсағында дамуы.........................................................14-17
2.1.2. Мидың нәрестелік шақ кезеңінде дамуы......................................18 -19
2.2. Рефлекторлық қызметтің дамуы.......................................................20-22
2.3. Шартсыз рефлекстердің қалыптасуы..............................................23 -26
Қорытынды.......................................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................28

Кіріспе.
Зерттеудің мақсаты: Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері, жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отыруы, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтаруы, бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлтпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралғаны, бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі — ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі — көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынуы, нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқаны, орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатуы, жануарлар мен балалардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты, толық дәлелденген. Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткені, осы бөліктердің жоғарысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келуі, осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі — жұлын (жуандығы 1 сантиметрдей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзыңдығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см дейін жетуі, жұлынның, ішкі жағында сұр зат орналасқаны, мұның көлденең кесіндісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсауы, сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалғаны, жұлыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарауы, олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы — шетке тебетін жүйке деп аталуы, жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т. б.) жұмысын басқаратын орталық болып табылуы, мәселен, жаңа туған нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөлуі, мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмге туысынан тән болуы, орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі — ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми — бәрі қосылып ми бағанасын құрауы, ми бағанасы, әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше қызмет атқаруы осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Баланың жүйке жүйесінің даму ерекшеліктерін зерттеуде психологияның зерттеу әдістері эксперимент әдісі, тест әдістерін қолдану.
І.Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым.
1.1 Жалпы жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым.
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлтпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі — ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі — көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқан.
Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатады. Жануарлар мен балалардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты, толық дәлелденген. Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарысы төменгісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі — жұлын (жуандығы 1 сантиметрдей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзыңдығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см дейін жетеді. Жұлынның, ішкі жағында сұр зат орналасқан. Мұның көлденең кесіндісінің пішіні көбелектің бейнесіне ұқсайды. Сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған. Жұлыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке талшықтары тарайды, олардың бір тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы — шетке тебетін жүйке деп аталады.
Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ол қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т. б.) жұмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа туған нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар организмге туысынан тән болады.
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі — ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми — бәрі қосылып ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы, әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше қызмет атқарады.
Сопақша ми — жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жұтыну сияқты түрлі реакцияларымыз сопақша мидың қызметі.
Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына ұқсас мишық орналасқан. Мишық организмнің қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғарырақ орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталықтары бар.
Аралық ми көру төмпешіктерінен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі — афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады.
Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне (жұлын т. б.) басшылық ету процестерінің жұмысын реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульс-терді іріктеп, електен еткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пульті деуге болады. Ретикулярлық формация ми қабығы астындағы орталық миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұрады. Мәселен, адам күрделі ой-әрекетімен айналысқанда адам миына біраз энергия қажет болады. Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш жүйке орталығы эмоция, ерік процестерін басқаруда, сондай-ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде елеулі қызмет атқарады.
Афференттік — латынның афференс деген сөзі, қазақша жеткізуші деген мағынаны білдіреді. Бұл жерде миға тітіркендіргіштерді жеткізіп отыратын жүйке талшығы ретінде айтылып отыр.
Егер осы айтылған ми бағанасының құрамдары эволюциялық дамудың төменгі сатысында тұрған жануарлардың психикасы үшін елеулі орын алатын болса, жоғары сатыдағы жануарлар мен адамдардың өмірінде негізгі қызметті ми қабығы атқарады. Денеде болатын барлық құбылыстарды өз қарамағында ұстайтын ми қабығы адамдарда ерекше жетілген.
1.1.1.Жүйке жүйесінің құрылымы.
Адам миының күрделілігі оның көлемі мен ішкі құрылысынан жақсы байқалады.
1. Ми сыңарлары екі бөліктен (оң жақ және сол жақ сыңар) тұрады. Ми сыңарларының салмағы мидың жалпы салмағының 80 пайызына тең. Мұның ішінде ақ зат, сыртында сұр зат бар. Сұр зат ми қабығы деп аталынады. Ол қалыңдығы 3 — 4 миллиметрлік бірнеше қабаттардан тұрады. Бұл қабаттардың клеткалары типі мен қызметіне қарай бір-бірінен өзгеше болып келеді. Осы клеткалардан тарайтын жүйке талшықтары оларды сезім мүшелерімен, бүкіл денемен, сондағы барлық клеткалармен байланыстырады. Ми қабығындағы осындай жүйке клеткалары-ның саны 14 миллиардқа жуық деп есептелінеді. Ми қабығы төрт бөлімге бөлінеді. Олар: маңдай, төбе, желке және самай деп аталынады. Ми қабығы бірыңғай тұтас мүше, ол бейне қабылдағыш аспап тәрізді, көптеген анализаторлардың (талдағыштардың) ядросынан тұрады. Мида көру, есту, тері, қозғалыс, иіс, дәм т. б. анализаторлардың жүйке орталықтары бар. Мәселен, мидың желке бөлігінде — көру зонасы, самай бөлігінде — есту, төбе бөлігінде — қозғалыс орталықтары орналасқан. Осындай орталықтардың саны 200-ге жуық. Бұлардың мидағы орны бір жерге шектелмеген, жүйке клеткалары мидың басқа бөліктеріне де таралып кетіп жатады. Ми қабығының дамуы еңбек процесімен қатар жүріп отырған. Оның дамуы адам сезім мүшелерінің, әсіресе, заттарды сипай сезу арқылы танытатын қолдың дамуына үлкен әсер еткен. Адамның жүйелі дыбыстар шығаратын дауыс аппаратының (тамақтан, тілден, таңдай мен еріннің бұлшық еттерінен келетін тітіркендіргіштерді қабылдайтын клеткалар), есту мүшесі мен көзінің ерекше дамуы да ми дамуының нәтижесі. Расында да табиғат жасаған кереметтердің есебі жоқ. Ми солардың ішіндегі ең бір теңдесі жоқ түрі. Адамның миы үлкен және салмақты болған сайын, ақылды және қабілетті болады деп ойлаған. Осы кезге дейін бүкіл әлемде ғұлама атына бар жоғы 400-дей адам ғана ие болыпты. Солардың кейбіреулерінің миларының салмағы мынадай болған:
1. Тургенев — 2012 гр.
2. Кювье - 1828 гр.
3. Байрон - 1807 гр.
4. Шиллер - 1785 гр.
5. Бехтерев — 1720 гр.
6. Павлов — 1653 гр.
7. Менделеев - 1571 гр.
8. Либих - 1382 гр.
9.Кюри-1100гр.
10. Франс - 1017 гр.
Тізімге қарағанда, ми салмағы бойынша, ғұламалардың ішіндегі ең миы үлкені И. С. Тургенов екен. Ал миының салмағы бар болғаны 1017 грамм болған француз жазушысы ақын А. Франс та ғұламалар тізіміне кірген. Сол тізімнің астына тайға таңба басқандай етіп былай деп жазыл-ған: "Адам қабілеті немесе ақылдығы оның миының көлеміне немесе сал-мағына байланысты емес". Бұл, әрине, ғылыми түрде дәлелденген тұжы-рым. Оның әлде де ашылмаған көптеген құпия сырлары бар. Мәселен, мида бір ойдан кейін екінші ойдың қалайша пайда болатындығы, өлең шумақтарының қалайша есте қалатындығы, яғни осындай жағдайларда қандай нейрондардың жұмысқа түсетіндігі ғылымға онша мәлім емес. Дегенмен, ғылым бұл салада да біраз жетістіктерге жетті. Ғалымдар қазір де арнаулы құрал арқылы мидың кез келген бөліктерімен байла-ныса алады, түрлі психикалық құбылыстарға сәйкес келетін "тірі" электр импульстерін тіркейді. Мидағы жүйке талшықтарының жаны да "сіріден" берік. Егер радиоприемниктің бір тал сымы істен шыққан болса, ол жұмысын дереу тоқтатқан болар еді, ал жүздеген, мындаған жүйке клеткалары зақымданған ми өз жұмысын одан ары жалғастыра береді.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?