Психология | Ж.Пиаженің зерттеуелрі баланың сөйлеуі мен ойлауы

 Психология | Ж.Пиаженің зерттеуелрі баланың сөйлеуі мен ойлауы

Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3
Негізгі бөлім.
І ТАРАУ.
І. Бөлім. Ж.Пиаженің зерттеуелрі баланың сөйлеуі мен ойлауы
1.1. Баланың ойлау мәселесін сапалық тұрғыда қою..................................4-10
1.2. Ж.Пиаженің теориясындағы баланың
ойлауының эгоцентрлік сипаты ..................................................................10-12
1.3. Бала эгоцентризмнің тұжырымдасы.....................................................13-15
ІІ. ТАРАУ. Пиаже зерттеуіндегі мәліметтер эгоцентрлік сөйле...........15-18
2.1. Әлеуметтік сөйлеуден бөлінген эгоцентрлік сөйлеу........................19-33
Қорынынды.........................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер ..................................................................................35
Қосымшалар

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі:
Адамның өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады. Баланың сана сезіміне дамуындағы дыбысты тілдің пайда болуын маңызы зор болады. Сөйлеудің пайда болу нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс ортикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі, дыбыс тіркестерін тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау прцесі тек адам баласының психикасына ғана тән прцес болып табылады.
Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Ал сөз ойды басқа адамдарға жеткізтін құрал.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушылары мен жетекшілердің ойлау және сөйлеу процесінің дамуын зерттеуді әдістемелерді жинақтау.
Курстық жұмыстың міндеті: Ойлау және сөйлеу процесінің дамыту жолдарына баланысты теориясын шолу.
Зерттеудің теориялық мәні: Жалпы бұл зерттеудің териялық мәні қазіргі таңда ойлау мен сөйлеудің даму деңгейін анықтау жолдарына молына үлкен септігін тигізіп отырды.
Зерттеудің практикалық мәні: Бұл зерттеу жұмыстары балабақшада , мектепте, басқа да мекемелерде жүргізіледі. Жалпы бұл зерттеудің практикалық мәні қазіргі кездегі ойлау жэне сөйлеудің даму жэне жетілдіру деңгейін анықтау жолдарына молынша үлкен септігін тигізіп отырады.
І ТАРАУ.
Ж.Пиаженің зерттеуелері баланың сөйлеуі мен ойлауы
1.1. Баланың ойлау мәселесін сапалық тұрғыда қою
Пиаженің зертгеулері баланың сөйлеуі мен ойлауы туралы және оның логикасы мен дүниетануы туралы ілімнің дамуында тұтас дәуірді құрайды. Олардың тарихи мәні өте зор.
Ж. Пиаже өңдеп ғылымға енгізген баланың сөйлеуі мен ойлауын клиникалық зерттеу әдісінің көмегімен балалар логикасының ерекшеліктерін әдеттен тыс батылдықпен, тереңдікпен және кең тұрғыда жүйелі зерттеуді тұңғыш рет мүлдем жаңа сипатта жүргізді.
Ж. Пиаже өзінің еңбегінінің екінші томын аяқтай отырып, қарапайым салыстыру жолымен ескі мәселелерді зерттеудегі бетбұрыс туралы нақты және ашық көрсетеді.
Баланың ойлау мәселесін сапалық тұрғыда қою Пиаженің бұрын үстемдік еткен бала ақылының жағымды сипаттау тенденциясына қарама-қарсылыққа алып келді деп айтуға болады. Дәстүрлі психология үлкендердің ойлауынан ажыратып тұратын кемшіліктерден, ақаулардан құралатын бала ойлауын жағымсыз сипатта қарастырса, Пиаже бала ойлауының сапалық өзгешелігін оның жағымды жағынан ашуға тырысты. Бұрын үлкендермен салыстырғанда балада не жоқ, оған не жетіспейтіндігі туралы білгілері келді және бала ойлауының ерекшеліктері оның абстрактілі ойлауға, түсініктерді құруға, мағыналарды біріктіруге т.б. өз ойын қорытуға қбілетсіздіғімен анықталды.
Жаңа зерттеулерде негізгі көңіл балада не бар, баланың ойлауының негізгі белгілері қандай, өзінің ерекшеліктері мен қасиеттері тұрғысында бала ойлауы нені игерген деген мәселелерге аударылды. Ж. Пиаже өз кітабында Ж.Ж.Руссоның: бала деген — бұл кішкентай ересек адам емес, ал оның ақыл-ойы ересек адамның кішкене ақылы емес деген пікірін келтіреді, міне, осы пікір арқылы Пиаженің жасаған жаңа да ұлы, күнделікті де қарапайым көптеген жаңалықтарын, табыстарын сипаттауға болады. Бала ойлауына қосымша болып келетін осы бір шындықтың астарында мәні қарапайым даму идеясы жатыр. Осы қарапайым идея Пиаженің зерттеулеріне ұлы жарық сәуле таратады.
Қазіргі психологиялық ойлауға тән терең ізді дағдарыс бала логикасы мәселесін зерттеудің жаңа бағытында да байқалып қалды. Ол басқа да дағдарыс дәуірінің психологиялық шығармалары сияқты, бұл зерттеулерге де екі жақтылық мөріп басты. Осы орайда Ж.Пиаженің кітаптары да толық негіздс З.Фрейдтің, Ш.Блондельдің, Л.Леви-Брюльдің еңбектерінен салыстырыла алады. Олар сияқты, бұлар да ғылымның фактілі мәліметі мен оның әдіснамалық негізінің қарама-қайшылығынан шығатын, психологияның нақты ғылымға айналуын көрсететін және біздің ғылымның негізін қамтыған дағдарыстың туындылары.
Психологиядағы дағдарыс — бұл, ең алдымен, осы ғылымның әдіснамалық негізінің дағдарысы. Оның түп тамыры оның тарихынан бастау алады. Оның мәні қазір баска ешқандай ғылымда осындай қарама-қайшылықта кездеспейтін, осы білім аймағында сондай қатты екпінмен соқтығысып қалған матерйалистік және идеалистік тенденциялардың күресінде жатыр. Ф.Брентаноның10 сөзімен айтқанда, біздің ғылымның тарихи күйі мынада — психология көп, бірақ бірыңғай психология жоқ. Біз де осы бірыңғай психологияның жоқтығынан көптеген психология пайда болуда деп айта аламыз. Қазіргі психологиялық білімдерді біріктіріп, басын құрайтын бірыңғай ғылым жүйесінің жоқтығы жай ғана детальдарды жинау шегінен тыс психологияның қандай да бір аймағында ашылған жаңалық — жаңадан анықталғаң тәуелділіктер мен фактілерді түсіну және түсіндіру үшін амалсыз өз психологиясын — көп психологиялардың бірін құруға мәжбүр.
Олардың ілімдерінің фактілі негіздері мен теориялық құрылыстары арасындағы қарама-қайшылық және бұл негізде қаланған жүйелердің идеалистік сипаты әр авторда терең ерекше кейіпке ие болған, олардың теориялық құрылысындағы метафизикалық нышан — жоғарыдағы дағдарыстың мөрі ретінде атап өткен екі жақтылықтың ізі. Бұл қайшылықтар нақты ғылыми факті деректерін жинастыра отырып, алға бір қадам жасаса, оларды теориялық тұрғыда негіздеп бере алмай, артқа қарай екі адым шегінетінін көрсетеді.
Ж.Пиаже осы қатерлі екі жақтыльгқтан өте оңай тәсілмен қашып құтылуға тырысады. Ол фактілердің өте тар шеңбері аясында тұйықталғысы келеді. Оның фактілерден баскд ештеңені білгісі келген жоқ. Ол саналы түрде жалпылаудан, әсіресе логика, таным теориясы және философия тарихы сияқты іргелес аймақтарға барудан, осы мәселе шегінен шығудан қашады. Ол үшін ең сенімдісі таза эмпирика негізі болды.
Ж.Пиаже өз еңбектерінде "бұл зерттеулер, ең алдымен, фактілер мен мәліметтер жинау болып табылады. Біздің жұмысымыздың әр түрлі тарауларының бірлігін арнайы мазмұндау жүйесі емес, бірыңғай әдіс баяндайды", — дейді.
Балалар психологиясына бұрынғыны толықтырып, жаңа жолдар ашатын ірілі-уақты, бірінші және екінші көлемді фактілер Пиаженің еңбектерінен келді. Ж.Пиаже жаңа фактілерді табуда, ең алдымен, өзі енгізген жаңа клиникалық әдіске сүйенді.
Жаңа фактілер мен оларды табу әдісі және оларды талдау әдісінің бір бөлігі ғылыми психология алдына алғаш рет қойылса, екінші бөліктері алғашқы болмаса да, жаңа түрде қойылды. Мысал ретінде жаңа түрде, баланың сөйлеуіндегі грамматика мен логика мәселесін, баланың интроспекциясының даму мәселесін және оның логикалық әрекетгердің дамуындағы функционалдық мәні, балалардың вербальды ойлауды өзара түсінуі және тағы да көптеген мәселелерді айтуымызға болады.
Басқа да ғалымдар сияқты, Пиаже де қазіргі психологиялық ғылымдағы дағдарысқа байланысты қатерлі екі-жақтылықтан қашып құтыла алмады. Ол дағдарыстан фактілердің артына жасырынып қалу арқылы тығылғысы келді. Алайда фактілер оны алдады және сатып кетті. Олар проблемалар тудырды. Мәселе теорияға ұласты.
"Біз, әрине, зерттеудің оны тудыратын болжамдар (гипотеза) арқылы анықталатынын білеміз, бірақ қазір біз өзімізді фактілерді қарастырумен ғана шектейміз", — дейді Пиаже. Алайда фактілерді қарастырушы адам оларды міндетті түрде қандай да бір теория тұрғысында қарастырады.
Фактілер, әсіресе Пиаже ашқан және талдаған бала ойлауының дамуымен байланыстылары философиямен араласып жатыр және жаңа фактілердің бай қоймасына кілт тапқысы келген адам, ең алдымен, фактінің философиясын, оны табу мен мағыналау философиясын ашып көруі керек. Әйтпесе, фактілер еш нәрсе айтпайтын жансыз күйде болады.
Соған байланысты біз осы тарауда жеке мәселелерге көп тоқталмауды жөн көрдік. Бала ойлауының әр түрлі мәселелерін біріктіріп, жинақтай отырып, оның ең негізгі анықтаушы түбін табуымыз керек. Сонымен қатар, біздің жолымыз өзіміз түсіну мен бағалау үшін іздеп отырған зерттеулер негізінде жатқан теория мен әдіснамалық жүйенің сыни бағытымен өтеді. Фактілік теорияны ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?