Психология | Әлеуметтік жағдайы төмен (жетім) балалардың психофизиологиялық күйі және салауатты өмір салтын насихаттау

 Психология | Әлеуметтік жағдайы төмен (жетім) балалардың психофизиологиялық күйі және салауатты өмір салтын насихаттау

Мазмұны
1.Жұмыстың жалпы бағдарламасы……………………………………….4
2. Кіріспе…………………………………………………………………….6
3.І.1.Әлеуметтік жағдайы төмен (жетім) балалардың психофизиологиялық күйі және салауатты өмір салтын насихаттау (әдеби шолу)………………………………………………………………...9
4. І.2 Жасөспірімдердің психикалық денсаулық көрсеткіштерінің мәні…………………………………………………………………………19
5. І.3. Оқушылардың психоэмоционалды зорлануының денсаулыққа әсері…………………………………………………………………………24
6.І.4. Салаутты өмір салтының аспектілері……………………………..28
7. Зерттеу нәтижелері. ІІ. 1.Есті, байқампаздықты, елестетуді ойын арқылы дамыту……………………………………………………………32
8. Қорытынды ……………………………………………………………...48
9. Тәжірибелік ұсыныс…………………………………………………….53
10. Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………….54

КІРІСПЕ
Психофизиология ұғымын XIX ғасырдың, басында француз филолсофы Н. Массиас ұсынған. Писхофизиология физиологияның нақты объективті әдістеріне (сенсорлық жүйелердің табалдырық күшін анықтауға, жауап реакциясының уақытын және т.б. бағалау) сүйене отырып, психиканың көптеген қасиеттін зерттеуден басталған, жаратылыстану саласын да, әлеуметтік гуманитарлық цикіліне де кіретін ғылым. Пән ретінде білім беру бағдарламалардың жоғары, орта және арнайы оқу орындарындағы писхология, биология, педагогикалық мамандар даярлайтын бөлімдеріне, болашақта барлық мамандықтарға да қажетті, әрі бүгінгі ғылым білім саласында өз орнына да ие болатынына толық сенуге тұратын кешенді теориялық-экспериментальдық ғылым.
Психофизиологияның және физиологиялық психологияның да зерттейтін объектісі де, қолданатын әдістері де физиологияның негізінде болғандықтан, В.Вундтың XIX ғасырдың аяғында ұсынған физиологиялық психологиясы да немесе Н.Массиастың психологиялық физиологиясы да біртұтас мақсатағы үндес ғылымдар. Бұған дәлелді мағлұматтар: Дж. Хассет (1981), А.Р. Лурия (1973), Л.С. Выготский (1982), П.К. Анохин (1968), Н.А. Бернштейн (1963), Е.Н. Соколов (1995), Ю.И. Александров (1997), Н.Н. Данилова (1998) және т.б. ғалымдардың еңбектерінде ашылып берілген.
Физиологиядан орталық нерв жүйесіне, жоғары нерв әрекетіне нерв жүйесінің интегративтік іс-әрекетіне, әрі психологияның жалпы және жеке қолданбалы тауарларына қысқаша тоқталғанда ғана, псиофизиологиялық интергративтік ғылыми пәннің толық сипатын түсінуге жол ашылады. Әсіресе, П.К. Анохиннің фунционалдық жүйелер теориясы немес организмнің функционалдық жүйесі ұғымы организмнің әр түрлі жағдайдағы белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының психологиялық мәнін, олардың механизмдерін түсіндіреді. Бұл И.П. Павловтың рефлекторлық теориясының негізінде мұны одан әрі дамыту, нақтылау, тереңдету, кеңіту нәтижесінде пайда болған. Демек, функционалдық жүйенің теориясы рефлекторлық теорияның жаңа сапалы деңгейі саналады.
Бүгінгі таңда валеология – интегративтік ғылым ретінде, дені сау адамның денсаулық көрсеткіштерін ашып беретін сала. Денсаулықтың негізгі критерийі, әрі аспектісі психикалық саулық, оның негізін қалыптастыру салауатты өмір сүрудің үйден баланың өмірге келерінен басталады. Ал XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басы ғалымдардың өздерінің қоғамдық саулық көрсеткіштерінің төмендеуімен, демографиялық кризиспен, өмір сүрудің қысқаруымен, халық денсаулығының психикалық жағдайдың нашарлауымен мазалайды. Медицинаның мүмкіндігіне қарап отырмастан, барлық ғылым, мамандар бүгін әрі тиімді, нәтижелі және жеңіл әдістерді іздестіруде. БДДСҰ мәліметтеріне сүйене отырып, денсаулық көрсеткішінің деңгейі 50-55% - өмір сүрудің салты мен жағдайына байланысты екендігін ескеріп, бұл сұраққа жауапты да, оған шешімді де адамның өзінен іздегеніміз дұрыс. Ол адамның өмір сүру салты, оның бағалы жақтары, қойған мақсаты, үйлесімділік деңгейінің ішкі және сыртқы ортаға қатынасы, бір сөзбен айтқанда, әрбір азаматтың өз денсаулығына өзінің жеке тұлғалық көзқарасы. Қоғамда әрбір адам денсаулығын нығайтуды және дамытуды қажеттілікке, міндеттілікке айландыру керек. Демек әрбір қоғам мүшесінің негізгі алғашқы мақсаты – денасулық деңгейін күшейту болса, ол үшін саналы, әрі белгілі бағытта, өмірлік резервтерін, ресурстарын қалпына келтіріп және дамытып, салауатты өмір сүруге міндеттімін деп санауы керек. К.В. Динейка сөзімен айтсақ: «Дені сау болуы – адамның табиғи ұмтылысы», - демекші, деніміздің саулығын сақтау үшін емделу емес, жемісті дамыту керек, әрбір индивидті сол мақсатта тәрбиелеу керек. Демек, бұл жерде дәрігер мен педагогтың бірлескен түрде еңбектеуі қажет, екеуінің де денсаулыққа көзқарасы сабақтас, дәйекті болғаны дұрыс, оларда валеологиялық көзқарасты дамыту қажет. Ф.Перлз адамды біртұтас писхикалық саулық пен жетілген бірлігі деп сипаттаса, БДДСҰ жарғысы денсаулықты, толық әлеуметтік пен рухани сәйкестіліктің көрінісі дейді. Сонымен денсаулықты тұлғаның интегративтік қасиеттерінің сипаты, оның ішкі дүниесі, сыртқы ортамен қарым-қатынасы, соматикалық, психикалық, әлеуметтік пен рухани аспектілері, тепе-теңдік күйі, қоршаған ортамен организмнің бейімделу мүмкіндігінің балансы деп қорытындылаймыз.
Дегенмен, И.И. Брехман организмдегі қоршаған ортамен тепе-теңдікте болуы мүмкін емес дегендей, бұл салыстырмалы тепе-теңдік, әйтпесе оргнизм дамымас еді. О.С. Васильева денсаулықтың құрамдас бөліктерін жіктей келе, олардың әрқайсысына әсер ететін факторларды қарастырады. Психикалық денсаулыққа әсер ететіндерді бірінші кезекте адамның өзіне деген көзқарасы, басқа адмдарға қатынасы, өмірге көзқақарасы, өмірдегі мақсаттары мен құндылықтары, жеке бас тұлғалық ерекшеліктері деп түсінуіміз керек.
І.1.Әлеуметтік жағдайы төмен (жетім) балалардың психофизиологиялық күйі және салауатты өмір салтын насихаттау (әдеби шолу).
Ойлау құрылымының механизмінің түсіну үшін ақыл-ой қызметінің репродуктивті және продуктивті бөліктері қатынастарның қағидасы ерекше маңызды. «Ойлау шындықты танудың қорытындыланған дәне жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, қарама-қайшылықтық бірлігінде продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен…» деп көрсетеді З.Калмыковова.
Танымдық іс-әрекеттің продуктивті және репродуктивті және репродуктивті бөліктерінің қатынасы дидактикада мынадай түрде анықталады: шығармашылықтық және қайта өндіру бірлік тұтастығының жеке буыны, біріншісі – дайындық болса, екіншісі – негізгі болса, екіншісі – негізгі болады; қайта өндіру және шығармашылықтық әрбір буынның элементерімен біртұтас іс-әрекеттің екі бөлігі өзара байланысты және іс-әрекеттің тәсілін анықтайды. Арнайы зерттеулер (А.Алексюк, З.Стоницкий және т.б.) мен алдынғы қатардағы педагогикалық ұжымдардың тәжірибесінен көретініміз,оқушылардың оқу мақсатын түсінуі, сезінуі оқу-тәрбие үрдісі тиімділігінің міндетті сәттерінің бірі болып табылады. Ойлау қызметінің бақылау-түзету бөліктері алға қойған мақсаттың орындалғанын көрсетіп «кері байланыс» қызметін атқарады. Сондықтан оқушылардың өзіндік бақылау тәсілдерімен оқыту оқу үрдісінің нәтижелігін арттырады. Ойлау қызметінің орталық бөліктері мазмұндық, орперациялық және сарындық болып табылады.
Оқушылардың ойлау қабілетінің операциялық жағы психологияда ақыл-ой қызметінің тәсілдерін қалыптастыруға арналған жұмыстар шеңберінде зерттелген Д.Богоявленский, Н.Менчинкая, Е.Кабанова-Меллер, В.Решетников және т.б.). Н.Менчинская өз еңбегінде «Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді» деп, оның дамытушылық функциясының жоғарлауын, оқыту тәсілдеріннің ролін анықтайды.
Ақыл-ой қызметінің тәсілі – ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған логикалық операциялар жиынтығы. Қазіргі логикада логикалық операцияларға абстактілеуді, салыстыруды, қорытындылауды жатқызады, логикалық іс-әрекетке дәлелдеу, жоққа шығару кіреді. Олардың жиынтығы тұтас жаңа білім яғни ақыл-ой қызметінің тәсілін қалыптастырады.
Педагогикалық психологияда және дидактикада оқу жұмысының тәсілдері мен ақыл-ой қызметінің тәсілдері ажыратылып көрсетіледі. «Оқу жұмысының тәсілдері – ол оқушылардың орындайтын тәсілдері және объективті түрде көрсетілетін тәсілдің құрамына кіретін қызмет түрі» дейді Е.Кабанова-Меллер. Оқу жұмыстарының тәсілдерінде іс-әрекеттің ойлау және тәжірибелік элементері бірігеді (мысалы граматикалық талдау тәсілдері, кері есептер құрастыру және т.б.). Ақыл-ой қызметінің иәсілдері мен оқу жұмысы тәсілдерінің арасындағы қатынас өзара байланыста қажырлы, жігерлі, алайда «Әдетте оқушының оқу іс-әрекетіндегі оқу жұмысының тәсілдерінде ақыл-ой ақыл-ой қызметі тәсілдері жасырынған».
Әрбір тәсіл қарапайым әрекет, іс-қимыл емес, ол күрделі білімді көрсетеді. Мысалы, қорытындылау талдауды, басты мәселені бөліп алуды, салыстыруды жинақтауды талап етеді, өз кезегінде салыстыру бірсыпыра (операциядан) іс-қимылдан тұрады және ол қорытындылаумен аяқталуы керек. Жалпының және жекенің өзара байланысы диалектикасын негізге ала отырып мәселе құрамынан жедел және мақсатты тәсілдерді айыра білу тиімді. Нақты мәселе жағдайында әрбір құрылым жедел немесе мақсатты бола алады. Сонымен қорытындылауды талап ететін мәселеде қорытындылау мақсаты, ал оның құраушы бөліктері бұл жағдайда жедел болады. Мәселені шешудегі іс-әрекеттің танымдық құрылымының түрлі сатылары бойынша тәсілді осылайша «ажырату» біздің тұжырымдаманың негізгі ойын түсіну үшін қажет. [3,4,5]
Ақыл-ой қызметінің тәсілдерін сұрыптау үшін басқа да негіздер бар: мақсаты, іс-әрекеттің нәтижесі, оның сипаты бойыеша Г.Граник зерттеп жасаған ақыл-ой қызметі тәсілдерінің типологиясы өнімді. Типологияның негізіне екі белгіні: оқу маөмұнының ерекшеліктерін және іс-әрекет сипатын алып, ол мазмұнды-әдістемелік ретінде тануға болатын типология тәсілдерін жасайды.
Оқушылардың өзіндік ойлау қабілетін дамыту үшін қажетті болып саналады. Шығармашылықтық жұмыстар әр түрлі білімді, дағдыны және шеберлікті қолданып қана қоймай сонымен бірге ойлау қызметінің негізгі тәсілдерін және оқытудың үрдісінде меңгерілген ғылыми таным әдістерінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Қалыпты психиканы зерттейтін ғылым психовалеология немесе психологиялық, физиологиялық (психофизиология) – адамның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлығын, олардың физиологиялық негіздерін және табиғатын зерттейтін, психология мен физиологияның негіздерін және табиғатын зерттейтін, психология мен физиологияның үндестігінен туындаған ғылыми пән.
Кәсіптік бағдар беру – көп салалы, әрі қиын процесс. Кәсіптік –техникалық мектептерде ол жас жұмысшы маман дайындауға, кәсіптік мектеп бітірушілерді өндірісте кездесетін қиындықтарды шеше білуіне бағытталған. Шын мәнінде бұл мектептен бастау алатын әлеутеттік-кәсіптік бейімделу, кәсіптік тәрбие. Оның тиімділігі кәсіптік мектептегі оқу-тәрбие процесі өндіріске қаншалықты жақын екендігіне байланысты. Осы мәселені шешу табандылықты, тиімді және түрлі жұмыс әдістері мен формаларын қолдануды қажет етеді.
Кәсіптік бағдар беруде әрбір оқушының психофизиологиялық, жеке қасиеттері , мамандық таңдаудағы басты себептері назардан тыс қалмауы керек. Жаңадан оқуға қабылданағн оқушылар туралы мәліметтерді ескере отырып өндірістік оқу шеберлері мен топ жетекшілері өз жұмыстарын жоспарлау қажет.
Кәсіптік мектеп инженерлік-педагогикалық мамандарды болашақ оқушылардың орта тектепте оқып жүрген кезінде – ақ танысып, зерттей бастады. Бұл кәсіптік мектепке кездейсоқ адамдар қабылдаудың алдын алуға, оқушының қалаған мамандығына психофизиологиялық тұрғыдан сай келуін қамтамасыз етеді. Топтар жасақталғаннан кейін өндірістік оқу шеберлері мен топ жетекшілерінің алдына оқушыларды зерттеу мен бақылау жұмысын жалғастыру міндеті қойылады, оның басты мақсаты қалған мамандыққа деген оқушының қызығушылығын бекіту. [6,7,8,9].....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?