Қазақ әдебиеті | Ә. Шілтерханов әңгімелерінің танымдық қасиеті мен көркемдік ерекшеліктері

 Қазақ әдебиеті | Ә. Шілтерханов әңгімелерінің танымдық қасиеті мен көркемдік ерекшеліктері

Мазмұны
Кіріспе
І тарау
Жазушы және дәуір.
ІІ тарау.
Ә. Шілтерханов әңгімелеріндегі өмір көрінісі
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
«Өнер алды - қызыл тіл» дейді дана халқымыз ықылым заманнан бері тұжырымдаған асыл ойын бір ғана жолға сыйдыра халық даналығымен қабысқан өрнекті сөзбен ойлы тұжырым, ғасырдан - ғасырға ұласып, әдебиеттің төрінен орын алып келеді.
Көркем әдебиет - искусствоның бір саласы. Ғұлама ғалым А. Байтұрсынов саралаған өнер атаулы беске бөлінеді: архитектура (сәулет өнері) культура (мүсін өнері), живопись (сурет өнері), музыка және әдебиет (сөз өнері).
Теориктердің айтуынша, әдебиет көркем өнердің ең негізгі саласы болып есептеледі. Көркем өнердің басқа түрлері бірінің жұмысын бірі атқара алмайды. Сөз өнері арқылы сәулетті сарайдың көрінісін де құйып қойғандай етіп, адамның кекінін де, табиғаттың көрікті суретін де жасауға болады. Көркем әдебиетте кездесетін талай сұлу портрет, талай тамаша табиғат суреттері өмір құбылысын дәл, шындық бейнеде бере алумен қатар, сол құбылыстың қыры мен қимылын сезінгендей дәрежеде жанды, жинақы түрде суреттей алады.
Бұған скульптура живопись не басқаларының күші жоқ. Сөз өнерінің құдіретті күшімен ақын, жазушылар оқырманын қуантада жылатада алады.
Көркем әдебиеттің ерекшелігі өмірдің, өмір құбылысының бейнесін көркем сөз арқылы суреттеу, сөз арқылы адам образын жасау.
Сөз өнерінің алғашқы түрі халық ауыз әдебиеті. Ол адам баласының санасы сәби кезеңінде туса да, ауыз әдебиетінің жақсы үлгілерінен ой-сезімді суретарқылы беретіндегін көреміз.
Жазудың шығуымен байланысты ауыз әдебиетінің орнын жазба әдебиетінің орнын жазба әдебиет алады да, оны біртіндеп ескі заманның мұрасына айналдырады.
Көркем әдебиеттің образ жасаудағы құрамы - сөз. Тіл қорынан сөздердің ең керектісін таңдап, талғап ала білудің және оларды сөйлем құрамында шебер қиюластырудың арқасында жазушылар адам ойының түйіні мен сезім түйсігінің әр алуан құбылысын суреттеп бере алады. Бұл оны көркем өнердің
ішінде өмірді әрі толық, әрі кең суреттейтін сегіз қырлы және халыққа көп тарайтын түрі ететін шарттың бірі.
Оңтүстік өңірі ұлысымыздың қаймағы, әдет - ғұрпымыздың алтын қоймасы. Қасиетті өңірімізден түлеп ұшқан, әдебиет майталмандары аз емес. X. Есенқара, Ә. Аймақ, М. Байғұт, Т. Әлімқұлов солардың ізін жалғастыра, жазушы, зерттеуші қаламгер С. Шілтерханов әдебиетке кеш келгеніне қарамастан сүбелі үлес қосып келеді. Біз шығармаларын қарастырғалы отырған қаламгердің туындылары қай кезеңінің жемісі өмір сүрген уақытысы қандай?
Ол кездің көрінісін қалай суреттеді? Шығармаларында қандай көркемдік тәсіл қолданды. Зерттеу жұмысының барысында осы мәселелер қаралады.
Тақырыптың өзектілігі: - халықтың елдігін сақтап. Оны үлт етіп тұратын басты белгілернің бірі, салт - дәстүр, әдет -ғұрпы. Қала берді оның мәдениетін әлемге паш ететін де осы белгісі. Өнегелі өткен жоқ халықтың жарқын болашағы да жоқ.
Осы тұрғыдан келгенде, жазушының әңгімелеріндегі дәстүр көріністерін, оның көркемдік ерекшеліктерін, танымдық қасиеттерін талдау арқылы, оқырманға жеткізу, кезек күттірмес мәселе. Тақырыптық өзектілігі де осы.
Мақсаты мен міндеттері: - Ә. Шілтерханов шығармашылығындағы әңгімелердің танымдық қасиеті мен көркемдік ерекшеліктерін анықтау үшін ондағы халықтың өміріндегі әдет-ғұрып көріністері, яғни ұлттық дәстүрге қатысты мәліметтердегі өмір көріністерінің мәнін жан-жақты ашу келешек ұрпаққа түсіндіру, сол мәліметтердің аса құнды дүниелер екендігін оқушы санасына сіңдіру, дәйекті дәлелдер келтіру.
Осы арқылы, тәуелсіз елдің ұрпақтарын ұлттық рухани дүниетанымы кең, саналы ұрпақ тәрбиелеуге ұмтылдыру.
Ә. Шілтерханов шығармашылығын жан - жақты талдау, идеялық - көркемдік ерекшеліктерін айқындау, әңгімелерінің танымдық қасиетін таныту.
Зерттеу нысаны: - Жазушының өмір сүрген ортасы, дәуірі, оның шығармашылары, Ә. Шілтерханов туралы жазылған сыни мақалалар мен тұжырымды ой- пікірлер.
Жұмыстың құрылымы: - Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім қорытындыдан тұрады.
Жазушы және дәуір
ХХ ғасыр адам баласының тарихында ең бір күрделі, қайшылығы да, қалдырар ғибраты да мол дәуір болып табылады. Бұл дәуірде қазақ халқы жаппай сауаттылыққа жетті, ғылым – білім саласындағы едәуір табыстарға ие болып, дүниежүзілік таным дәрежесіне көтерілді, жаңа ұлт зиялыларын қалыптастырды. Қазақстан жерінде өндіріс орындары ашылып, жаңа қалалар салынды. Ауыл шаруашылығы саласында жаппай көшпелі ел түгелдей отырықшылыққа ауысып, тұрақты шаруашылықтарын жүргізді. Бұл – ғасыр табысы. [2.10].
Сонымен бірге бұл дәуірде қазақ халқы ғылыми емес, қолдан күштеу жолымен жасалған, социализмді бастан кешіп, неше дүркін қырғын мен ашаршылықтан өтті. Адам құқының аяққа басылып, қарап жүрген адамның тұтқындалып, өз халқының жауы болып шыққанын көрді. Соның қырсығынан халық өзінің өсімді жолынан жаңылысып, көбею орнына азайып кетті. Әр түрлі сылтаумен тасымалданған, халықтар есебінен халық өзінің этникалық болмысынан да өзгеріске түсіп жатты. Бұл оның ұлттық тілінің сақталуына қауіп тудырды.
Міне, Кеңес үкіметінің осындай сұрапыл тұсында өмір сүріп, түрлі қызметтер атқарған Ә.Шілтерханов отанына шексіз берілген ұлтжанды азамат еді. Өз кезеңінде түрлі ел басқару ісіне араласып, қоғамдық қызметтерді атқарды. Үлкен ауылға партия ұйымының хатшысы, кеңшардың төрағасы болып, ұзақ жылдар еңбек етті. Халықпен әрдайым етене қатынаста болды. «Ел-бүгіншіл, менікі – ертең үшін» - дейді. А. Байтұрсынов жазушы осы сөздердің иесі еді. Ол үнемі болашақты ойлады. Қазақ халқының ертеңі оны қатты толғандырды. Барынша әділ басшы болып, халықтан бар көмегін аямады. Жазушы «Өткенін ұмытқан, оған зер салуды қажет деп білмейтін халықтың болашағы да жоқ екенін бұрын да сезетінмін, ал халқымыздың тарихының денін бүркеп жатқан осы құмдар екені соңғы кезде ғана ойыма оралып жүр» - дейді бір мақаласында.
Бұны оның бүткіл шығармасының түп қазығы десе де болады. Жазушының осы бір қырына тереңірек мән берген Б.Нарымбетова «Құмға ғашық қария» деген мақаласын жазады.
«Шымкентте құмға ғашық бір қария тұрады кәдімгі сусыған құмға. Қайсы-біреулер үшін өлі дүниедей көрініп, кейде сұп-суық сүлесоқ жататын, кейде жыландай жылжитын сол құмнан сұлулықта байлық та көреді. Құмның қойнауында халқымыздың өткеніне қатысты талай дүние жатқанын тарихшыларымыздың есіне салып жүрген де сол кісі - Әдіһам қария» [4:6].
Иә сол құмға ғашық қария, зейнеткерлікке шыққан соң баз біреулердей, жан тыныштығын сақтап, қол қусырып қарап отырып қалған жоқ. Шығармашылықпен айналысты. Көргенін көңілге түйіп, естігенін есінде сақтай білетін зерек те зейінді қаламгер қолына қалам алған алғашқы жылдың өзінде заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов, күш атасы Қ. Мұңайтпасұлы, құйрықты жұлдыздай жарқырай көрінген, өмірден ерте өткен С. Ерубаев жайлы «Үш бәйтерек» атты естелік – эссе жазып бастырды. Қ. Анарбеков «Осы алғашқы кітаптан –ақ, Әдекең шығармашылыққа мол дайындықпен келген қалымды қаламгер екенін байқатты» -дейді. [5:4].
Шынында да жазушы өзі айтқандай сонау жас шағынан «әр кезіккен ерден, әр жер, әр елден, аққан су, ескен желден, асқар белден күніне ғибрат алып, отырған.
Біз мұны, әсіресе жазушының 1994 жылы жарық көрген «Аталы сөздер» атты нақыл сөздер, өсиет ой-толғамдар кітабынан анық аңғарып кітаптың алғашқы бетінен –ақ оның даналығына бас иеміз. Әуелі «Он ақылдыдан, бір мейірімді адам артық» - дейді. Ойлап қарасаңыз шынында да әрекетсіз бос айтылған он ақылдан, адам жанын жадыратар, шапағаты мол бір мейірімдінің артықтығына көңіліңіз күмәнсіз сенеді. «Аталы сөздерді» одан әрі оқимыз. Жазушы кітаптың алғашқы беттерінің біріне:
Бұл өмірдің күні көп,
Ауыр ғой деп мұңайма,
Жеңіл ғой деп қуанба,
Жіңішкеге шіреніп,
Иілмейін жуанға, - деп өмір туралы толғанса, енді қасиетті жер ана құдіреті туралы шумақта:
Жерге уылған жақсылық –
Қайың болып көгеріп,
Райхан болып гүл ашар,
Аңыз болып айтылып,
Ұрпақтарға ұласар, - деп оқырманға ұлағатты ой тастайды.
Кітаптың қай бетін ашып оқысаңызда, жазушының қоғамдық құбылысты, өмір – тұрмысты, адамның жан – дүниелік, жағымды – жағымсыз қылығын, іс әрекетін, өзара қарым – қатынасын зерделей білетін ойшыл жан екенін аңғаруға болады.
Жазушының нақыл, өсиет толғамдары ілгеріде өткен, дәлірек айтқанда ХІ ғасырда Жетісу өлкесіндегі Шу өзенінің жағасында, Баласағұн шаһарында өмір сүрген Жүсіп Баласағұни, Махмуд Қашқари, Омар Һаям, Саиф Сарай, А. Игунеки т.б. ұлы ойшыл, данышпан бабаларымыздың бүгінге дейін мән – мағынасын, құнын жоймай, ұрпақтан-ұрпаққа сақталып келе жатқан ұлағатты сөздерімен бара – бар. Мысалы, Ж.Баласағұни «Құтты білік» деген ұлы шығармасында:
Аралас жүр, ішінде бол ізгінің,
Сонда ұстайсың кісіліктің тізгінін, - десе, Шілтерханов:
Надандық – түнек
Ақыл – нұр.
Теңелем десең жақсыға,
Ақылдыға жақын жүр, - дейді.
Ұлы ойшыл, философ Омар Һаям өзінің рубайларының бірінде:
Сұм тағдыр сұмырайға нан бересің,
Сұлу жар, үй салтанат – сән бересің.
Бір түйір нанға зар боп жүргендер көп,
Алмаған адал жанда бар ма өшің? – десе, Шілтерханов бұл ойды былайша толғайды:
Табанының бүрі жоқ,
Тап бергенін қайтесің.
Қошеметтің бірі жоқ.
Бақ бергенін қайтесің.
Оқыған адамның сезімін қозғап, терең де тебіреністі ой салатын мұндай ұлағатты сөздер жазушының «Аталы сөздерінде» көптеп кездеседі.
«Жалын» баспасы арқылы соңғы кезде жарыққа шығарған кітабы – «Ақжалдың ақыры» (1950) аталады. «Өмір бойы шаруашылықта істеп, әдебиетке кеш келген Әдекеңдей жанның деректі прозаға шамасы келгенімен, көркем прозаға келгенде қиналар-ау, босқа арамтер болады ғой деп ойланып, күдіктеніп оқып едім қолжазбасын. Жоқ. Күдігім бекер болып шықты. Кәнігі қаламгердің кәдуілгі прозасындай әсер етті» - дейді өзінің жүрек жарды пікірін білдірген Қ. Ергөбек. [6:255].
«Атақоныс» Әмір, Әсем, Таңат, Қанат, сұраншы секілді өз өмірлерін елмен, жермен етене бауырластырған, Жер – Ананың қиналыс – күрсінісін өзгеден терең түсінетін ауыл азаматының бейнесін даралай тұлғалауымен, Сыр өңіріндегі экологиялық қасіретті характер арқылы ашылып айта алуымен талғамнан шығады. Автордың: «Ол кезде дария таситын. Бура тасу, тайлақ тасу дейтін неше түрлі тасулар болады» деген бір – екі сөйлемнің сөзінен күрсініс, Сырдарияға деген сағыныш аңғарылады.
«Ақжалдың ақыры» - Тәкен Әлімқұловтай тәлімді шебердің атақты «Ақ боз ат» романымен іштей үндесіп жатқан хикаят. Қылқұйрықты қатты қадірлеген, тұлпарын тағдыр тұтқан қазақ кемелдерінің өзін «кеткен тұяқ кемеңгерлерім», «Ат басындай алыптарым» деп бағалаған, тұлпардың басы емес, тұяғына дейін ардақтаған. Ақжол кешкен бір кезең шындығын оңтайын тауып ашыпты.
Ал, «Қабылдың әңгелегі» әнгімесі - өмір бойы қауын еккен диқанның дүние-жиһан, ұрпақтар сабақтастығы жәйлі толғанысы.
- «Ә, бәлем, алақанат, қанша қу болсаң да, саған менің әңгелегімнің шапағын біржолата құртып жіберу қайда?! – деп ойлады. Сәлден соң басына бір ауыр соққы тигендей болды ма, дүние шыр көбелек айналып сала берді...» - деп сипаттайды кейіпкердің ақырғы сәтін.
Ә. Шілтерханов – табиғат сырын терең зерттеген, тарих, этнографияға жетік жазушы. Оның шығармаларынан әлдеқашан ұмыт болған табиғат құбылыстарын, саятшылық сырлары, тұрмыс-салт жоралғыларын табасыз. Сусора, алабота, ақсары, қарабурыл секілді шөптің неше атасы, басыбалды, әміркен, шытырлақ, торлама дегендей қауынның түрлі атауларын кездестіреміз. Мұның бәрі кейіпкер тіршілік ететін ортаны жасайтын материал байлығы, жазушының өмір көрегендігінің белгісі. Ә. Шілтерхановты өзге жазушылардан ерекшелеп тұратын да осындай өмір сырына жетіктігі.
Автордың ағымдағы баспасөзде жариялаған көптеген мақаласы тарих этнография, фольклор, шежірені байланыстыра алуымен, тың ұтымды, шешім жасауымен назар аударарлық.
Әдебиетші, ғалым Қ.Ергөбеков: «Өзін не жазушы, не ғалыммын деп есептей бермеген Әдіһам Шілтерхановтың деректі, көркем туындылары - әдебиетте, мақалалары – ғылымда салмақты, қаламгерлікті толық ақтайтын дүниелер екеніне еш күмән жоқ. Әдебиетке біреу кеш келеді, біреу ерте келеді. Алайда, мәселе - үзер жемісте. Ә.Шілтерханов әдебиетке кеш келді деп біз көкірегінен итермеспіз, өзі де өкінбес», - дейді [6.199].
Мал - дүниесі тәркіленіп жер аударылған, «құдайсыздар қоғамының» қылышынан қан тамып тұрған кездің өзінде, сұрапыл заманның сұрқия саясатының беделі үстем болып, тұрған шақта өмір сүрген Шілтерханов шығармалары, өз заманының көрінісін, шебер суреттей білуімен құнды.
Жазушының әр әңгімесінде тарихи, ұлағатты деректер үйлесімді өрілген. «Зауал» деген хикая, аты айтып тұрғандай ұлт – азаттық қозғалыс, кәмпіске, Ұлы Отан соғысы кезеңдерінде ел ішінде болған дүрбелең кезінде кей адамдардың халыққа, жеке адамдарға істеген қысастығы, зобалаң туғызғаны, аяушылық атаулыны ұмытып, қатыгездік жасағаны, Ерғара, Кезбен кейіптері арқылы берілген.
Сонымен бірге, созақ өңіріндегі құм ішінде болған елеулі оқиғалар, сол тұста өмір сүрген айтулы тұлғалар, олардың ерлік істері, өмір мен өлім, зұлымдық пен ізгілік, достық пен қастық белдескенде өмір мен жақсылықтың жақсы сыйпаттағы мінез – құлықтары, ел әңгімелері хикаяның ажарын аша түскен.
«Зауал» оқиғасы былай өрбиді.
Колхоздың бәйгеторы және жирен айғыры жоғалып, соны іздеуге шыққандар жолбасшылыққа Кезбен деген шалды көндіреді. Ол бұрынғы баукеспе ұры, қолы қанды жанкешті. Қазір ешкіммен араласпайтын, тұйық кісі. Кейбір адамның қалқоздасу, кәмпеске кезінде белсенді болып, талай адамды қан қақсатқанын, құм ішінде жылқыларды іздестіру үстінде бірте-бірте көрсеткен.
Хикаятта тарихта болған кесек тұлғалар жәйлі тұшымды деректер де жетерлік. Абылай ханның Қасым деген баласының ұрпағы Мәлік төре, 1916-жылғы ұлт – азаттық көтерілісінің басшылары Әбдіғаппар әмірші, сардарбасы Амангелді, құралайды көзге ататын, Кейкі мерген жәйлі айтылған. Жазушы ретті жерінде қазақтың салт – дәстүрлерін еске салып отырған. Мысалы, Досан қарияның аузымен «Ата – бабамыздың ілгері салтында әр үй иесі қолда бар мал – мүлкін ер балалларына бөліп береді, қызға енші тимейді.
Бірақ, қыздан туған ер балаға жиенге шешесінің сыбағасын ұрлап, болса да алып кетуге жол береді. Менің малымның ішінде оның шешесінің үлесі бар» - деп, автор алмасына қоймай әңгіме кейіпкеріне бір ат мінгізіп жібереді.
Өмірде неше түрді зұлымдық жасаған Ізбен ақырында құмға көміліп өледі. Осылайша зауал тапқан Кезбеннің өлімі үстінде оның кесірінен Сібірде көп жыл бойы айдауда болған Шубай мынандай салтты, еске салады. Талай тұтқынды тепкісімен таяғынан жарымжан қылған, біреуді азаптаудан жаны рахат табатын Қосай деген бақылаушы өлгенде, қабасақал жасамыс орыс шалы оны табыттан шығарып алып, көрге етпетінен салып, қайыңнан қазық жонып, екі жауырынның ортасынан шегелей қағып: «Жігіттер мұны мен тапқан жоқпын. Кеудесіне сайтан ұялаған, бар өмірін төңірегіндегілерді азаптауға арнаған адамды, тым болмаса, өлгенде тыныш жатсын деп жерге қадамен қағып тастау ілгеріден келе жатқан салт» - деген екен.
Кезбеннің зұлымдыққа өмірін шалғанда, тура осылай етуге лайық. Бірақ, бұл қазақ салтында жоқ деп, Досан қарт Кезбенді оң жаққа жатқызып, бетіне орамалын бүркеді. Құран оқып, жаназасын шығарды. Сол кезде суырған құм әне – міне дегенше өліктің үстін түгел жауып, үлгерді. Досан қарттың сөзімен жазушы бұл өлім жәйлі «өлгенге құрмет тіршілігіндегі ісіне қарай жалғасады., «Е, айналайын жасаған, қиялдайтындай өмір бер, ұялмайтындай өлім бер!» - деп аяқтайды.
«Өмірдің мәні-өлімде» деген мақаласында Өмірзақ Ақ жігіт; «Зауал» сіз осы сөздің мағынасы туралы ойланып көрдіңіз бе? Ә, қайдам ойлансаңыз да әңгіме арасында үстірт қана желіп өткен шығарсыз. Пәленшені зауал ұрды ғой, зауал деуіңіз мүмкін. Бірақ, естілуінің өзі құлаққа сақпанның тасындай ауыр тиетін осы сөздің мәніне терең бойлап әуре болмағаныңыз анық. Өйткені, тереңдемеген жалғыз сіз ғана емессіз, мен де терең ойланған емеспін. Өзгелер де солай. Себебі, біз зауалға ұшыраған емеспіз, өзімізді ешқашан оған ұшырамастай да сезінеміз, тіпті күнделікті өмірде оның бізге ешқандай қатысы жоқ секілді көрінеді.. – дейді. [7.4].
Ал, шын мәнінде бәрімізде судан ақ, сүттен таза емеспіз. Бірақ, зауал қай тұстан, қашан келетіні бәрімізге де беймәлім. Күнделікті өмірде бұл жөнінде ойлана бермейміз. Сонда қашан ойланамыз?
Ой түсіретін шығарма оқығанда. Міне, сондай шығарманың біреуі – «Зауал» хикаясы. Жалпы, мамандығы агроном, көп жыл басшылық қызметте істеп, жазушылық ізгілікке Лев Толстойша «жазбай тұра алмайтындай жағдайға жеткеніңде ғана «бой ұрған жазушы шығармашылығының ойлантпайтын дүниесі жоқ. Дегенмен, солардың ішінде де «Зауалдың» орны бөлек, шоқтығы биік.
Біз әңгімеміздің басында «... жалшылардың барлығы дерлік» дедік. Яғни олардың арасында болыстың малынан бас тарпағандары да табылған. «Бес саусақ бірдей емес», ел іші болған –соң негізі нашар жандардың кездесуі заңдылық. «Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас, жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас». Бұл олардың мал біткен кезіндегі сыйқы. Ал, Кеңес дәуірінің бастапқы кезеңінде бұндайларға әлі мал біте қойған жоқ болатын. Есесіне олардың қолына билік тиді. Шексіз билік. Бұрынғы замандарда ол мүмкін емес болатын Құнанбайға арқа сүйеп Майбасар старшындар шектен шығып бара жатса, тәубесін есіне түсіретін Құлыншақтың «бес қасқасы» әр елден табылатын. Кеңес кезінде Майбасарлар аға сұлтанға емес, ақ патшаның орнына келген өкіметтің өзіне арқа сүйеді. Қалайша 1928-жылғы 18-қазанда Бүкілодақтық атқару комитеті мен Халық комиссарлар Кеңесінің қаулысына сәйкес ауылдық Кеңестер жанынан «көндіру комиссарларын» құру басбұзарлықты заңдастырып бергенмен бірдей еді. «Жығылған үстіне жұдырық», қазақтың сорына қарай дәл осы кезде өлкелік партия комитетіне басшы болып «қу жақ» Голощекин келді. Жай келген жоқ, «бұл елде феодализмнің мұрты бұзылмаған екен, Қазақстанда «кіші Қазан».......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?