Психология | Ес
1. Ес. Ес жайындағы теориялар
Адам өзінің өмірде көріп-естіп білгендерін, басынан кешіргендерін, түрлі ойлар мен сезімдерін, әр қилы іс-әрекеттерін ұмыта бермейді. Олар басқа сақталады, қажет кезінде қайта жаңғыртылады.
Сонымен, адамның бұрын қабылдаған нәрселері мен құбылыс бейнелерінің, көңіл-күйлерінің ойда сақталып, қажет кезінде қайта жаңғыруы ес процесі деп аталады. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.
Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің материалы делінсе, ал есте, сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып сақталады. Адам өзінің, басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс-әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.
Есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану ес процестері болып саналады. Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес. Ес осы заманғы психология ғылымының даму сатысында өзекті мәселенің бірі болып саналуымен қатар, техникалық ғылымдар саласында да ерекше маңызды. Есті осы заманғы психология ғылымы тұрғысынан зерттеуде негізгі әрі жанды болып отырған - есте қалдырудың механизімі туралы мәселелер.
Қазіргі кезде ес туралы түрлі анықтамалар мен теориялық болжамдар бар. Алайда, тұрақты түрде тұжырымдалып, бір жүйеге түскен теория жоқ. Бұл жайт ес процесінің осы кезге дейін әр тарапты қызу зерттелгендігін, ол жөнінде бірнеше ғылыми жорамалдар мен концепциялар және әрқилы модельдер бар екендігін көрсетеді. Соңғы жылдары ес психологиядан басқа ғылым салалары арқылы да қарастырылуда. Осы орайда, бүгін де естің механизмі мен оның заңдылықтары жайында қалыптасқан психологиялық және нейропсихологиялық бұрынғы бағыттарға қосымша үшінші бағыт - биохимиялық тұрғыдан іздестіру қосылып отыр. Сондай-ақ есті бұлармен қатар кабернетика ғылымы тұрғысынан зерттеуде де едәуір қалыптасқан жүйелер бар.
Естің психологиялық теориясы ес механизмін зерттеудің ең бастапқы бағыты болып есептеледі де, осы тұрғыдағы зерттейлер мен көзқарастар көптеген бағыттарға және теорияларға тарамдалады. Осындай тарамдалудың негізі ретінде естің дамуындағы адамның белсенділік әрекеті алынады. Ал ес жайындағы бір сыпыра теориялар (бұлар өзгелерінен гөрі басымырақ) басты мәселе етіп сол күйінде объектіні («материалды») немесе «таза» сананың белсенділігін (субъектіні) алады. Бұл бағыт адам іс-әрекетінің материалға қатысы жоқ деп санайды. Мұндай көзқарастың сыңаржақты, үстірт пікірді білдіретіндегі анық.
Психологиялық тұрғыдағы көзқарастар тобы – ассоцияциялық (байланысты) бағыт делінсе де, оның негізгі мәселесі мен өзекті ұғымы – ассоцияциялық байланыстар. Осы байланыстар психикалық міндетті түрде жасалу принцпі болып саналады. Сөйтіп, екі түрлі елес пен әсерлену санада бір мезгілде бой көрсетеді. Осыған орай есте әр түрлі сыртқы жағдайларға байланысты пайда болып отыратын мынадай үш типке бөлінеді: а) әсерленген объектінің кеңістік пен уақытқа орай араласып келуі; ә) өзара ұқсастығы; б) бір-бірінен айырмашылығы мен қарама – қарсылығы. Сыртқы дүние құбылыстарының өзара қатынасынан ассоцияциялардың мынадай үш түрі жасалады: 1) Аралас не іргелес ассоциациялар ( мысалы: түс (реңк) – сары). 2. ұқсастық ассоциациялар (қарындаш, дәптер). 3. қарама-қарсылық ассоциациялар (ақ – қара; ұзын – қысқа т.б.). Мұндай ассоциациялық принцптерді тұңғыш рет зерттеп, оларды тұжырымдаған – ертедегі грек философы Аристотель (б. З. Д. 384-322жж.). Атақты физиолог ғалым И.П. Павлов ассоциацияларды шартты рефлекс теориясымен түсіндіріп, ми қабығында екі екі қозу процесінің қабаттасып келуінен пайда болып, сан рет қайталау нәтижесінде бекітіп отыратын уақытша байланыстар деп анықтайды. Бұл ілім естің физиологиялық теориясы деп аталады. Аталмыш теорияға естің физикалық теориясы да жатады. Ол бойынша жүйкелік импульстер нейрон арқылы өткенде, өзінің ізін қалдырады. Бұл нейрондық модель теориясы деп те аталады. Осы заманғы нейропсихологиялық зерттеулер нейрондар мен молекулдық дәрежедегі жүйке қызметінің механизмдерінде естің сақталуы мен беку жағдайына терең мән беруде. Жүйке клеткаларынан таралатын аксондар басқа клеткалардағы дендриттермен жанасады, не өзі орналасқан клетка денесіне қайта оралады. Жүйке клеткаларындағы осындай құрылымдарға сәйкес байланыс пайда болып, күрделілігі жөнінен түрліше қозулар реверберикалық қозғалыста болады. Сөйтіп, клеткалардың өз-өзінен жандануы іске асады. Кейбір зерттеушілер мұндай құбылыстар жүйесін іздердің сақталып қалу процестерінің физиологиялық субстраты деп есептейді. Мұнда сақталатын іздер қысқа мерзімде есте сақтаудан ұзақ мерзімді есте сақтауға ауысып отырады. Кейбір зерттеушілер осындай есте сақтаудың негізінде бірыңғай механизмдер болады десе, ал екінші біреулер мұнда әртүрлі сипаттағы екі түрлі механизм болады деп жорамалдайды. Мұндай болжам – жорамалдар биохимиялық зерттеулер арқылы ғана дәлелденбек.
Естің биохимиялық теориясы. Ес механизмін нейрофизиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелей әсер еткеннен кейін мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып , олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші сатысында бірінші саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін белокты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунт, минуттарға созылады. Ол – естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімді есте сақтаудың механизмі болып табылады.
Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатымен сабауқүйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытып қалатыны мәлім. Бұл жайт адамдарға қарсы мерзімде әсер еткен нәрселердің ізі-электрохимиялық реакциялардың биохимиялық өзгерістерге жетпей, басылып қалатындығын көрсетеді.
Естің химиялық теориясын қолданушылар есте сақтаудың физиологиялық негізгі клеткалардағы нуклеин дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал онтогенетикалық не дара адамның есі рибонуклеин қышқылына байланысты (РНК) делінеді. Мұның бәрін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласының Кеген ауданы жаққа бір сомосвал машинасы кетеді, Машина сағатына 50км жол жүреді. Сол машина 95км жол жүргенде апатқа ұшырап, жүргізуші жарақаттанады. Жүргізуші емделіп шыққан соң одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сұрағанда, ол 70-75км-ге дейінгі көргендері мен көргендерін айта береді. Бірақ 75 км-ден 95 км-ге дейінгі аралықта болған оқиғаларды айта алмайды. Оның себебі – мағлұматтардың консолидация күйіне енбегендіктен, жүргізуші есіне сақтамағандығы.
Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда тітіркендіргіштерді күшейтудің РНК затын көбейтіп, ұзақ уақыт бойы химиялық іздер қалдыратынын анықтаған. РНК өте өзгергіш; оның өзіндік өзгеруі 1015-1020-ға дейінгі сандар арасында болып отырады. Осындай биохимиялық зерттеулер табылған жаңа мағұматтар болашақта адамның ес процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жеткізуі мүмкін. Адамның ес процесі -өте күрделі және адамның іс әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтінің бөлшекке-организімнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып отыратын процесс. Сондықтан, естің механизмін әр түрлі жәрежеде анықталған зерттеу нәтижелері бір-бірін толықтырып отырады.
Естің түрлері. Ес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болатындықтан, оның түрлерімен мен көріністері де әрқилы. Естің бөліну адамның түрлі әрекет ерекшелеріне сәйкес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процесімен тығыз ұштасады. Мысалы, адамға есту есі мен көру есі психикалық қасиеттер ретінде көрінеді. Іс әрекет сипатарына орай, ес мынандай үш түрге негізделіпр бөлінеді: 1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі-көрнекілік және сөздік-мағыналық (логикалық); 2. Іс-әрекетінің мақсат сипатына қарай: ерікті еріксіз ес. 3. Адамның матиралды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына қарай: қысқа және ұзақ мерзімді (түпкілікті), сондай-ақ оперативті ес. Естің кейбір түрлері арнайы аспап-мнемомерт арқылы өлшенеді.
Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз-ойын, спорт, еңбек, оқу әрекетіне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып. Оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки тебу, машинада жазу, өлең сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрлі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады. Адамның бастап кешірген түрлі сезімдер мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.
Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғынан алғанда, бұл естің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі-көрнекілік ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырыпқайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі көрнекілік ес,- көру, есту, сипау, иіс, дәм естері болып табөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есебіне сипау, иіс, дәм естері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа естердің кемшіліктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе, көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Кейде эйдетикалық есі бар адамдарда кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіркішке күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қортындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп атауы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде бізө сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесініңқызметі басым болса, сөздік –мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайлы есте сақтаулогикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу-механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалын есте сақтауда жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүдесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.
Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиісті әрекеттердің маңыздылығы мен қажетілігіне байланысты. Белгілі мақсат қоймайақ, арнайы есте қалдырма-ақ есте сақтау мен жаңғырту, есте түсіру еріксіз ес деп атайды. Егер мақсат қоятын болсақ, онда бұл ерікті ес болады. Мұнда есте қалдыру мен жаңғырту, еске түсу, жаттап алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрлері бірізділікпен дамып отыратын естің сатылары болып табылады. Еріксіз естің орасаң зор орын алатынын әр адам өз тәжірибесінен жақсы біледі. Дегенмен, адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыруды да жиі қажет етіп отырады. Естің адам санасына тұрақтанып, жемісті болуының өзіндік сипаттары бар. Олар-естің көлемі, тездігі, дәлдігі, ұзағы, даярлығы
Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Оперативтік ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдер қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағұматтардың есте берік қалуы деп аталады. Мұндай есте осындан біршама уақыт бұрын қабылдаған нәрселердің бейнесі адамның көз алдында елестеп, құлағында даусы естіледі. Бірақ, мұндай процестер тұрақсыз. Дегенмен, бұл ерекшеліктің сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімді ес деп атайды. Ал түпкілікті ес қабылдаған нәрселерді, құбылыстарды олардың белгі-қасиеттерін, тиісті материалдарды есте сақтау, оларды бірнеше рет қайталау арқылы ұзақ уақыт бойы есте қалдырады. Түпкілікті есте қалдырудың тағы бір ерекшелігі-әсер еткен нәрселердің ұзақ мерзімге созылуына және адамның арнайы мақсатына да байланысты. Сондықтан, нәрселер ізінің консолидациясы қабылданған материалдардың мәнісіне қатысты. Мағынасына түсінбей, нәрселердің әсерін қайталай беру мида қорғаныс тежелеулерін тудырып. Түпкілікті еске айналуды қиындатады.
Көркем әдебиет пен ауыз ек тілде қысқа мерзімді ес «алғашқы ес», «шапшаң көрініс» деп те айтыла береді.
Дегенмен, психология ғылымында ол оперативті ес (түрлі амал-тәсілдерін есі) деген атпен белгілі.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?