Экономика | Еңбекақы төлеу системасын ұйымдастыру және оның нарықтық экономика жағдайындағы ерекшеліктер

 Экономика | Еңбекақы төлеу системасын ұйымдастыру және оның нарықтық экономика жағдайындағы ерекшеліктер

Мазмұны
Кіріспе
І Тарау Нарыкты экономика кезеңіндегі еңбек және еңбек қатынастары
1.1. Еңбек туралы ұғым және оның тарихи дамуы
1.2. Нарықты экономика кезіндегі еңбек және еңбек қатынастары
ІІ Тарау Жалақы және еңбекті нормалау
2.1 Жалақы ұғымы және оны реттеудің әдістері
2.2Енбекке ақы төлеу жүйесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Нарықтық экономика және оған өтпелі кезеңдердегі кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін анықтайтын экономикалық механизмдердің бірі - еңбекті мөлшерлеу және оның ролін жоғарылату объективті қажеттілік болып табылады. Жұмыс берушілердің кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табысы мен жалданбалы жұмысшылардың жалақысы
шығарылған өнімінің өтіміне, оның бағасына және өзіндік
құнына байланысты, былайша айтқанда, рынок тауарларының
көбеюіне, сұрыпталымының ұлғаюына, тұтынушылардың сұранысына және олардың сапасы мен бағалылығына байланысты. Оған еңбекті мөлшерлеу механизмдерін дұрыс басқару жэне оны дұрыс қолдану арқылы жетуге болады. Сонымен еңбекті мөлшерлеудің басты міндеті өнімнің өлшем бірлігінің нақты жұмысты орындауға кететін уақыт шығынын нормативті негіздеу.
Тәжірибе көрсеткендей, еңбек шығындары ресурстардың шығынын төмендетуге, унемді пайдалануға әсер етеді. Өнімнің өлшем бірдігінің шығынын төмеңдету кәсіпорынның қосымша табыс табуың жоғарылатады. Кәсіпорындардың қызметтерінщ жалпы экономикалық нәтижесі мен еңбекті қолдану нәтижелілігінің өзара байланысы еңбек шығыңдарының төмендеуін қажет етеді де, кәсіпорындардағы еңбекті мөлшерлеумен айналысатын кызметтердің ролін жоғарылатады.
Еңбекті мөлшерлеу - жабдықтау жүйесін және еңбек жөніндегі шараларды орнықтыру әдістерін зерделейтін эономикалық, инженерлік, әлеуметтік ғылым. Еңбекті мөлшерлеудің негізгі жабдықтары - орталықтандырылып өңделіген, нормативті материалдар, өлшем құралдары, еңбек процестерін талдау, компьютерлік техника болып есептеледі.
Нарықтық қатынас кезеңінде еңбекті мөлшерлеу ағымдағы міндеттерді ғана қарастырып қоймай, сондай-ақ болашақ стратегиялық міндеттерді, еңбек шығындарын жалпы салалық деңгейде бағалауды, техникалық және ұйымдастырушылық шаралар қолдану арқасында еңбек шығындарының төмендеу мүмкіндігін экономикалык тексеруді, қанағаттандырылмайтын қажеттілікті анықтауды қарастырып шешуі қажет.
Өнімнің үдемелі шығын мөлшерін қалдану кәсіпорынның экономикалық жағдайының жоғарылауына және оның бәсекеге жарамдылығына әсрін тигізеді. Еңбекті мөлшерлеу кызметінің нәтижелі болуы үшін ұйымдастыру-техникалық қолайлы жағдайларды туғызу, яғни алдыңғы техника мен технологияны қолдану әрі олардың өндірістік еңбек процестеріне және басқаруға мүмкіндігі. Жұмыстың қойылу міндеті қызметкерлерді басқаруда: кадрлардың талапқа сай біліктілік-мамандығын жоғарылату, ғылыми-техникалық деңгейін, еңбек жағдайларын көтеру, жұмыскердің еңбекке уәжін және ынталылығын арттыру, еңбекпен қамтамасыз етуге байланысты.
Еңбск мөлшерлеудің мақсаты өндіріс жәнс еңбек өтілнің нәтижелі қолдануын қамтамасыз ету, шығарылған өнімняің бәсекеге жарамдылығын жоғарылату, ғылым мен техниканың жетістігіне байланысты еңбек шығындарын төмендету шараларын анықтау және еңбек процестерін зерделеу арқасында оны жетілдіру.
Еңбекті мөлшерлеу пәні жоғары оқу орыңдарында экономистер, инженерлер, басқарушылар дайындайтын негізгі ғылымдардың бірі болып есептеледі. Осы уақытқа дейін бұл пәннің қазақша басылымы болған емес, бұл бірінші басылымы. Авторлар берген формулалар мен кестелердегі индекстерді және белгілерді талаптарға, түсініктемелерге сәйкес ана тілінде белгілеуге тырысты.
І Тарау Нарыкты экономика кезеңіндегі еңбск және
еңбек қатынастары
1.1. Еңбек туралы ұғым және оның тарихи дамуы
Еңбек - адамның өз кажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгсртуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай істелетін қызметі; қоғамның өмір сұруінің негізі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табила шарты. Енбек адамның өзін қалыптастыруда шешуші роль атқарады.
Еңбек процесінің жай мезеттері - мақсатқа сай қызмет яғни еңбектің өзі, еңбек заттары мен еңбек кұрал-жабдықтары. Еңбек құрал-жабдығының жәрдсмімен адам өзінің еңбек заттарына ықпал етеді. Еңбек заттары мен еңбек құрал-жабдықтарының жиынтығы өндіріс құрал-жабдықтарын құрайды. Еңбек процесі басталуы үшін өндіріс құрал-жабдығын жұмыс күшімен қосу керек. Жұмыс күші дегеніміз адамның еңбекке қабілеті және рухани күштерінің жиынтығы, адам соның арқасында материалдық және рухани индіктерді өндіреді.
Еңбек туралы ұғым көптеген авторлардың ғылыми еңбектерінде, оқулықтарында келтірілген. Қай кезде болса да, еңбекке жарамды адам міндетті түрде еңбек етуге тиіс болған, егер еңбек етпейтін болса, олар арамтамақ болъш есептелген. Өз еңбегімен тапқан табыс зейнетті де, еңбектенбей табылған табысты жұғымсыз деп санаған. Сонымен, еңбекті мөлшерлеу деген не?
Мыңдаған жылдар бойы коғамның төменгі қатарындағы адамдар тәулігіне 12-15 сағат жұмыс істеп тапқан материалдық игілігі үшін алған шамалы сыйақысын қанағат етті. Ал ғылым, мәдениет саласымен тек қана ақсүйектер, шіркеу қызметкерлері және көпес балалары ғана айналысқан қоғамның талабына қарай еңбекте әр тарапқа бөлінген.
Кейбір ғылыми деректердс еңбек адам қызметінің негізгі үш белгісінен тұратынын келтіреді: өз әрекетін уғыну, энергиялық шығын, берілген пайдалы нәтижсні қоғамдық тану.
Өз әрекетін ұғыну адам әрект етпес бұрын алдымен оның жобасын өз ойында түйІндейді де, содан соң өмірге бейімдеуіге кіріседі.
Энергиялық шығын - бір істі орындау үшін еңбек әрскетіне қосымша ой және дене энергиясын жұмсайды. Осыған орай, еңбек - жұмысқа кеткен үстсме қуаттың шығыны.
Еңбектің нәтижесі еңбек өзіңің беретін нәтижесімен сипатталады. Әр еңбектің қорытынды жиынтығы болуы қажет және ол қоғамга белгілі болып танылуы тиіс. Еңбск өзіндік және қоғамдық болады да, қоғамдық еңбек төлемді болып келеді. Сонымен қатар, пайдалы еңбек және пайдасыз енбек болады.
Еңбек туралы ғылым XIX ғасырдың екінші жартысында анық жариялана бастаған. Оны бастаушылардың бірі американың белгілі инженері Ф.У. Тейлор, көп қилы зерттеулерінің басты проблемалары өндірістік процестер, еңбек және басқару.
Тейлорлық оқудың методологиясының негізі ретінде атауға болады:
еңбск процестерін тәсілге, қозсалысқа, операцияларға болу арқылы зерделеу;
әр жұмысшыға қажетті нақтылы тапсырма белгілеу.
жұмысшыларды тиімді жұмыс орындау тәсілдеріне, әдістеріне үйрету;
енбек процестерін зерделеу үшін алдыңғы қатарлы жұмысшыларды таңдау ("чемпион-жұмысшыларды");
"жұмысшы-чемпиондардың" еңбегін аппараттар арқылы зерделеп, еңбск процссінен қажетсіз жәнс артық тәсілдерді, қозғалыстарды алып тастап, нұсқау карталарын жасап, барлық жұмысшыға қатаң уақыт мөлшері белгіленеді;
6) белгіленген уақыт мөлшерін орындағандарға жоғары еңбекақы беріледі, ал орындамағандар штраф төлейді;
жүмысшылар орындаушыдар болып есептеледі де жұмысқа дайындықты, есептеу, реттеу қызметтерін басқарушылар орындайды;
жұмысшының басқа жұмыстарға алаңдамауы және өндірістік процестерді нәтижелі орындауы үшін арнайы ауыстыратьш жүмысщылар бекітіледі.
Тейлордың теориясын басқа да ғалымдар зерделеп, толықтыра түсті. Мысалы, француз ғалымы А.Файоль Тейлор принциптерін толықтырьш, әрі қарай дамытты. Атап айтқанда, жұмыс орындарын жұмыс барысына қарай ұйымдастыру, еңбекті қызмет түріне байланысты бөлу, яғни қызметтерді арнайы ұйымдастыру.
Ағылшын ғалымы Г. Эмерсон бір ғана жұмысшының емес, барлық жұмысшы тобының еңбегін тиімді ұйымдастыруды ұсынады.
Американың ғалымы Ф. Гилбрт зерттеуін толассыз-жиын өндірістерінде жүргізеді. Еқбекті мөлшерлеу және еңбек процестерін оңтайландыру әдістерін өңдейді, оның өзі еңбекті мөлшерлеудің микроэлемент жүйе-лерінің дамуына әсер етеді. Тейлордың және оның жолын қуушылардың принциптерін американьщ автомобиль йндусіриясының кәсіпкері Г. Форд өндіріске енгізген.
Айтылғандарға қарай еңбектің қандай түрі болса да уақыт кезеңіне және адамдарға, қоғамға пайдалылығына байланысты экономикалық қарым-қатынасқа түседі. Еңбектің түрлеріне және мәніне талдау жүргізе келе еңбекті екі негізгі аспектіге бөлуге болады: уәж және құрылым. Біріншісі - адам дамуы мен өндірістік игілік, екіншісі - адамдарды еңбектенуі е жүмылдыратын уәждер.
Сонымен, Б.М. Генкин "еңбек - адамдардың дамуына және ресурстарды табиғаттың материалдық, интеллектуалдық және рухани игілігін өзгертуге бағытталған қиямет", - деген.
Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңында: еңбек - адамдардың өмірі үшін қажетті материал-дық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі делінген.
1.2. Нарықты экономика кезіндегі еңбек және еңбек қатынастары
Нарықты экономиканың және нарық қатьшастарының ең маңызды жағы адамдардың еңбек қызметтерін толассыз жандандыруында. Еңбектің табиғаты, қоғам дамуындағы ролі өзгермесе де, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси сипаты жағынан байлйныссыз болса да, нарықтық экономика кезеңінде еңбек ьсаты-настары, еңбекті басқару, еңбекті қолдайу түбегейлі өзгереді. Егер нарық қатынастары еңбек әлуетінің нә-тижелілігіне, еңбек өнімділігінің сапасына, адамдардың еңбекке деген көзқарасының өзгеруіне әсерщ тигізбей-тін болса, онда нарықты экономика өзінің жоғары дед-гейлі мәнін жоғалтқаң болар еді.
Нарықты экономика кезеңінде адамның кез қелген еңбек қызметі, атагі айтқанда, ой-қуаты, энергиясы, уақыт шыгындары нысанына, жұмыстың тәсіліне қарамай еңбек болыпі есептеледі. Еңбек қатынастарында ең-бек уәжін де атап айту қажет.
Қазақстан Республикасының "Еңбек туралы" Заңында: "еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар", - делінген.
Адамның алдына қойған мақсаты, оны ынталандыратын уәждер зор роль атқарады, олардың бастысы еңбекті, жұмыс күшін ақшалай бағалау, еңбек қатынас-тарын реттеу.
Сонымен қатар, нарыкты экономика еңбек рыногы мен жұмыс күшінің қажеттілігінен туындайды. Қызметкерлер жұмыс күшін өздері жұмыс берушілерге сата алады. Олар рынокта еңбегін мамандығына, талабына, сапасына, еңбек қабілетіне, біліктілігіне қарай бағалайды. Рынок болса, сұранысқа байланысты жұмыс күшінің бағасын темендетуге тырысады. Ал адам жұмыс күшінің иесі ретінде, бәсекелестік кең жайылған шақта сапасын, жұмыс қабілеттілігін, мамандығын жоғарылатуға тырысады. Олай болмаған күнде жұмыссыздар санының көбейу қаупі туады.
Нарық жалдау қатынастарьга да қарастырады, одан барип жұмысқа орналасу проблемасы туады. Жалдайтын жақ жалданатын жұмыскерлерге қойылатын талаптарында: езіне қажеттіліктілігіне, оның жай-күйіне, білік-тілік-мамандық деңгейіне, жынысы, жасы сипаттама-сына, моральды-психологиялық мінездемесіне қарай қабылдайды. Жалданатын жақ төленетін еңбекақы деңгейіне, еңбек жағдайларына, жұмыс орнының маман-дығыйа сай келуіне, еңбектің бағалылығына, жұмыстың сапалық-психологиялық ахуалына, басқарушының мәде-ниеттілігіне қарай зерделейді. Егер сұраныс пен ұсыныс дәлме-дәл келсе жал туралы келісім шешіледі.
Еңбек қызметі процесінде еңбек қатынастары өзара келісім-шарт арқылы реттеледі. Өзара шарт - бұл жалдаушы мен жалданушы арасындағы қысқа мерзімге тұжырымдалатын келісім. Егер өзара шартта көрсетілген талаптар орындалмайтын болса келіспейтін жақ тоқ-татуына болады.
Еңбек қатынастарындағы өзара шарттық бәсекелестікпен қатар тапшылықтың жұмыс орнын қамтуы нарық экономикасының тұтқасы. Мұның өзі қызметкердің еңбек өнімділігінің өсуіне, жогары нәтижеге жетуіне, оның еңбек ұжымының және жалдаушының алдында жауапкершілігін күшейтуіне әсерін тигізуі ықтимал. Егер екі жақ бір-біріне сенімділік білдірсе өзара шартты ұзартуына, тіпті өмірлік шарт жасасуға болады.
Еңбек туралы ғылым оның анықтамасын берумен немесе зерттеумен ғана бітпейді. Еңбекті жане еңбекті мөлшерлеуді зерттеу жұмысы тоқталмастан жүре береді.
Еңбек және еңбекті мөлшерлеу ғылымы басқа да ғылымдар сияқты әр түрлі бағыттардан және тараулардан тұрады. Негізгі бағыттарына, тарауларына тоқталмас бұрын олардың басқа ғылымдармен байланысын қарастырайық.
Еңбек және еңбекті мөлшерлеу ғыльшы барлық ғылым салаларымен тығыз байланысты десе де болады. Олардың техникалық, экономикалық, әлеуметтік, құқық және басқа да ғылымдармен байланысы еңбек және еңбекті мөлшерлеудің көп аспектілігін көрсетеді.
Техникалық ғылымдармен өзара байланыстылыгы еңбек процестерін жеңілдетуге технологияны талдау, еңбек заттары мен құралдарын пайдалану тәсілдерін зерттеу үшін қажет. Еңбек және еңбекті мөлшерлеу ғылымы үшін өндірістің технологиялық аспектілерін зерттеп, өңдеу тыйымдылау больш табылады. Әр өндірістің техникалық процестерін зерделеп алмай тұрып еңбекті меяшерлеу әдістерін, бағыттарын ұйымдасты-руға және еңбек нормаларын тұрақтандыруга болмайды. Осының өзі еңбек және еңбекті мөлшерлеу ғылымыныц техникалық ғылымдармең тығыз байланыстылығын көрсетеді.
Еңбек және еңбекті мөлшерлеу кәсіпорын эконо-микаеы, статистика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек психологиясы, еңбек экономикасы, тағы басқада экономи-калық ғылымдарымен тығыз байланысты.
Еңбек процестерін ұйыдастыру кезінде жұмыскер-лердің энергйялық, қуаттьілық шығыны, олардың шаршау деңгейі, еңбекке деген көзқарасы, ьшталылығы, тағы да сол сияқты әлеуметтік, психофизиологиялық жағдайлар есеителеді. Осыған орай барлық өзара бай-ланыстылық анықталады.
Сонымен қатар еңбекті мөлшерлеу еңбектің құқықтық аепектілерімен өндірісті басқару жуйелерін ақпарат-жық қамтамасыз етумен байланысты. Еңбек және еңбркті. мөлшерлеу пәнін оқитындар еңбек құқығын жәһе компьютерлік жуйелерді, жоспарлауды, есеп және ендірісті реттеуді меңгеруі тиіс. Экономист мамандары осы жүйелердің құрылымын және олардың нәтижелі жұмысының еңбек мөлшерлері үшін маңызын білуі қажет. Ең бастысы математикалық ұғымдар, олардың есептеу әдістері мен математикалық статистиканы меңгерудің де зор маңызы бар.
Жоғарыда келтірілгендей, еңбекті мөлшфлеу нарық-ты экоңомика кезеңінде де өзінің маңьйДылығын жоғалтуы мүмкін емес.
Экономикалық жүйелердің барлығы еңбектің бөлінісіне негізделген. Еңбектің бөлінісі шаруашылықтың әр деңгейінде кездесе береді, мысалы, халық шаруашылы-ғынан жұмыс орнына дейінгі деңгейде.
Еңбектің белінісінің негізгі түрлері:
қызметтің орындалу түріне байланысты;
технологиялық;
заттық;
операциялық.
Қызметтің орындалу түріне байланысты барлық қызметкерлер - жетекшілер, мамандар (инженерлер, экономистер, құқық қызметкерлер және т.б.), жұмысшылар және оқушылар болып бөлінеді.
Еңбектің технологиялық бөлінуі өндірістік процестің
және жұмыс түрлерінің бөлінуін анықгайды. Технологияның ерекшелігіне қарай өндірістер телімдерге, бөлімдерге бөліңеді.
Еңбектің заттық бөлінуі өндіріс орындарының арнайы өндірістік бөлімшелерге және қызметкерлердің белгілі бір затгарды дайындауына байланысты.
Еңбектің операциялық бөлінуі жұмыстың орындалу ерекшелігіне қарай әр жұмысшы өзіне тиісті жұмысты, операцияны орындайды, атқарады.
Еңбектің жоғарыдағыдай бөлінуі еңбектегі кәсіптік пен біліктілік деңгейінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Кәсіп - белгілі жұмыс түрін орындау үшін қажетті машық пен білімді қолдану сипаттамасы. Кәсіптің қүрамы өндірістің объектісі мен технология арқылы анықталады. Техникалық процестің арқасында кәсіптің құрылымы және тізімі өзгереді. Соңғы кезде осыған сәйкес компьютерлік техника жаппай қолданылуда.
Біліктілік - жұмыстың күрделілігіне байланысты. Жұмысты орындаудың күрделілігі еңбекақыны жоғарылатудың негізі болып табылады да жұмыс разрядына бөлінеді.
Еңбек бөлінісін өндірістің түріне қарай іріктейді. Өндіріс түрі: жаппай, сериялы және жеке еңбек бөлінісі болып бөлінеді.
Жаппай еңбек бөлінісі, - ірі өндірістік кәсіпорьшдар және шектелген дайын заттар түрлерін шығарады. Оньщ құрамына бірнеше өндірістер қосылады.
Сериялының өзі ірі сериялы, орта сериялы болып келеді. Сериялы - щығарған өнімдердің көлеміңе^, мөлшеріне байланысты, белгілі уақыт арадығында өзгеріп отырады.
Жеке еңбек бвлінісі - шамалы затлпар шығарылып, бірақ олардьщ атқаратын қызметтеріәр түрлі болады.
Қазіргі кезде сериялы түріне қарағанда жаппзй және жеке еңбек бөлінісі кебірек кездеседі.
Еңбек бөлінісі кооперацияны да қарартырады. Ол жұмыс орындарында жалиы мемлекеттің экономика-сында да қолданылуы мүмкін. Оның негізі бриғада ұйымдастыру, мамандандырылған бригада және кешенді болып бөлінеді. Оның ішінде кешенді бригада кең таралған.
Өндіріс неғұрлым жаппай еңбек белінісіне жақын болса, солғұрлым құрал-саймандардың және ңызметкер-лердің кейбір жұмыс түрін орындаудағы арнайылылығы арта түседі. Соңғы кезде мемлекетіміздің саясатында шағын және орта кәсіпкерлікті кең тарату, оны қолдайу жолға қойылып отыр.
Өндірістік процестер дегеніміз бастапқы материал-дардьщ адамға қажетті дайын затқа айналуьіна әсер ететін процестер. Бұл процестер адамдардың өзара өндірістік қарым-қатынастарының әсерінен жөне әр түрлі құрал-саймандарды қолдануының арқасыда еңбек заттарының түр-тұрпатын, нысанын өзіертуге жегеді.
Өндірістік процестср біртекті болмайды. Шығарылған өнімдердің қолданылуына баііланысты негізгі, көмскші, қосымша болуы мүмкін. Негізгі өндірістік процестер - нарық үшін шығарылған өнімнің қол-данылу бағыттары; көмскші - негізгі өндірістің қызметі тоқтап калмауы үшін қажетті жұмыстар атқарады (құрал-саймандарды жөндеу, көлікпен қамтамасыз ету және т.б); қосымша негізгі шығарылган онімдерді қабылдау, оларды сақтау. Қазіргі кезде кәсіпорындарда қосымпа өндірісті көмекші өндіріске қосып, жалпы көмекші өндіріс дейді.
Өндірістік процестерді екі жақты қарауға болады: еңбек чаттарының түрін өзгертудегі жұмыскерлердін қолданған шараларының жиынтығы. Біріншісі - технологиялық, ал екіншісі - еңбек процестері болады.
Технологиялық процестер өндірістік процестердін негізгі бөлімі болып есентеледі. Технологиялық процестер дек еңбек заттарының нысанын, қалиың, құрылымын, орнын, өлшемін өзгерту жағдайларын, мүмкіндіктерін айтамын. Технологиялық процестср келесі белгілерге қарай сыныпталады: энергия көзіне, үздіксіздік деңгейіне, еңбек затына әсер етуіне байланысты.
Энергия көзіне байланысты технологиялык процестерді пассивті және активті дсп бөлуге болады. Пассивті процестер кезінде еңбек заттарының түрі табиғи әсерлердің салдарынан өзгереді. Адамның қосымша қуаты......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?