Экономика | Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты
Мазмұны
Кіріспе
I-Тарау.Еңбек рыногы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты.
1.1 Еңбек — нарық категориясы ретінде.
1.2 Жұмыссыздық қоғамның бір кеселі.
1.3 Жұмыссыздықтан құтылу шаралары.
1.4 Профсоюздың міндеті.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жұмыссыздық мәселесі адамдарды қор ететіні сөзсіз. Әр қоғамды алаңдатып отыратын – осы. Сонда экономиканың дамуына кедергі болып отырған және оны тежейтін не?- деген сұраққа жауаптардың ішінен бірінші орында болмаса да, бірақ екінші орында жұмыссыздық мәселесі тұратынына ешкім таңқалмас. Жұмыссыз адамнан бақытсыз жан жоқ. Өйткені табыс көзі жоқ адамда не үйі, не киетін киімі, күнделікті тамағы да жоқ екенін көрсетпей ме?
Қоғамымыздың бір бөлігі күн санап дәулеті артып, байи түссе, екіншісі барған сайын сіңірі шығып, кедейленуде. Бар мен жоқты теңестіру үшін не істеу қажет? Қиындықтан шығар жол – барлық облыстар мен қалаларда отандық өнім өндірушілердің қатарын көбейтіп, олардың ішкі нарықта үстемдік құруына жол ашу болатын тәрізді. Сонда ғана олар сырттан тасымалданатын шетелдік бұйымдарды ішкі нарықтан ысырып тастап, өнім өндірумен айналыса алады. Ал отандық кәсіпорындар, ірілі-ұсақты тауар өндірушілер, қызмет көрсету саласы өз деңгейінде, жұмыс істеп тұрса кедейшілік пен жұмыссыздық іргесін аулаққа салар еді.
Бұл осы мәселені шешудің тек бір жолы ғана. Ал мен өз курстық жұмысымда оның басқа да шешілу әдістерін және бұл мәселені мейлінше жан-жақты қарастыруға, оның кешегі мен бүгінін салыстыра отырып ертеңгі күнде мүмкін болатын жағдайын барынша нақты көрсетуге тырысып көруді басты мақсат етіп алдыма қоямын.
Жұмыспен қамтудың еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану, жұмыс күшіне деген сұраныстың артуы, осы ұсынысты оңтайландыру.Оның құнын арттырып, сапасын жақсарту сияқты маңызды өлшемдері мемлекеттік реттеу шеңберінен тыс қалып келді. Ал еңбек нарығындағы саясатта жұмыс күшін салалар, кәсіптер мен аумақтар бойынша тиімді етіп қайта бөлу ісі де тыс қалып отыр. Осының нәтижесінде, экономикадағы құрылымдық алға басушылық тежелуде, еңбек өнімділігі төмендеп, адамның тиімді еңбекпен өзін және отбасын қамтамасыз ету мүмкіндігі азаяды. Бұл қазіргі кезеңде өте актуалды мәселе болғандықтан оны курстық жұмысымның тақырыбы ретінде алғаным сондықтан.
Бүгінгі күні Қазақстан кәсіподақтары Федерациясы Үкіметпен жыл сайын кәсіподақтар атынан келісімге отырады. Бұл келісімге отырудың негізгі мақсаты кәсіподақтардың жұмысын одан әрі жандандыру, олардың құқықтық базаларын жетілдіру, еңбек сақталуының дұрыстығын тексеруді мемлекет тарапынан үнемі қадағалап отыру, т.б.
Ел экономикасының алға ілгерілеп дамуымен қатар еңбек нарығы да жылдан-жылға дамып, жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық азайып, халықтың басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылуда. Бірақ көптеген кәсіпорындарда еңбек шартын бұзу, еңбек зңдылықтарын сақтамау, өздерінің лауазымдық міндеттерін асыра орындау, жұмысшылар мен қызметкерлердің құқықтарын шектеу, олардың әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлмеу секілді келеңсіз жайттар орын алуда. Әсіресе, бұл жағдайлар мұнай-газ, құрылыс, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп салаларында қызмет ететін шетелдік фирмалар тарапынан көптеп кездеседі. Олар тек еңбекақы дұрыс есептелмеуін былай қойғанда, адам денсаулығына зиян келетін ауыр жұмыстарды қолмен атқаруға, сондай-ақ мөлшерленбеген жұмыс уақытын пайдалануға жол беріп отыр. Себебі, елдегі арзан жұмыс күші және жұмыс орнына деген жұмыссыздар арасындағы қатаң бәсекелестік жағдай жұмысшылардың жұмысынан айырылып қалмау үшін барлық шараларға көнуіне тура келеді.
Ендігі жерде кәсіподақтардың қызметін жандандыра отырып, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, жоғарыда аталған кемшіліктерге жол бермеу, оларды жою жұмыстарына белсене араласуына жағдай жасау қажет. Себебі, біздер өркениетті дамыған ел қатарына демократиялық жолмен дамудың арқасында қол жеткіземіз десек, сол жолдардың бір тармағы – еңбек нарығын тек мемлекет тарапынан ғана реттеп қоймай, осы кәсіподақтар қызметін жандандыра отырып, олардың еңбек нарығының одан әрі қалыпты дамуына үлестерін қосу.
Еңбек рыногы – бұл рыноктың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады.Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек рыногы – экономика жағдайын көрсетудуң айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби-біліктілік, демократиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады.
ҚР осы уақытқа дейін еңбек нарығы болған жоқ. Рыноктық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек рыногы бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Рынок еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамыасыз етіп, іскерлік пен бастамашылықты ынталандырады.
ҚР-дағы қалыптасып отырған еңбек рыногы нақты еңбек нарығынан өзгешелеу. Мұнда әзірше жұмыс күшін еркін сату жүзеге аспай тұр және оның болуы әкімшілік құқықтық және экономикалық факторлармен шектелуде: әлі де болса паспорттық-құжаттық режим сақталуда, жұмыс күшінің еркін аумақтық құйылуын тоқтататын нақты тұрған жай нарығы болмай тұр. Мысалы, көмір және тау-кен өндіру, мұнай өңдеу аудандарында ерлер еңбегі басымдау. Себебі мұнда әйелдер еңбегін қолданатын кәсіпорындар нашар дамыған, осыдан байқалатыны елдегі жұмыссыздардың үштен екісін әйелдер құрайды.
Қазіргі кезде біздің Қазақстанда басқа көптеген елдермен салыстырғанда адамның еңбегі төмен бағалануда. Мысалы, бір сағаттық адам еңбегі Швецарияда – 30, Германияда – 28, Австралияда – 22, Францияда - 15$ құрайды. Біздің есептеуімізше, ҚР-да жұмысшы мен мемлекеттік сектордағы қызметкерлердің 1 сағат еңбегі 0,10$ тұрады. Рыноктық қатынастарға көшкенде жұмыс күшінің сапасына деген сұраныс өседі. Сондықтан оның ақысын көбейту қажеттілігі еріксіз туындайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамту жағдайына шолу жасасақ, еңбек ресурстары – 1992 жылы 9,4 млн. адам, 55% құрады. Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7,4 млн. адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81% экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемелекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуының өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастардың терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам, әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады.
Болжаммен, үстіміздегі жылдың аяғына қарай, Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-500 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан, мемлекет дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, бұл процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 30 жыл бойына жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлерін қолдануда.

Экономиканың негізгі ресурсы болып еңбек күші саналатындықтан, жұмысбастылықты қолдау экономикалық саясаттың маңызды мақсаты болып табылады. Жұмыссыздықтың деңгейі – жұмыс істегісі келетіндердің жалпы санындағы жұмысты иемденбейтіндер үлесінің статистикалық көрсеткіші. Жұмыссыздықтың деңгейі анықталғанда әр адамды үш категорияның біреуіне кіргізеді: жұмысы бар, жұмыссыз, жұмыс күшіне қосылмайтындар. Адам үй шаруашылығымен, оқумен айналйспай, алдыңғы аптаның көп бөлігін жұмыс істесе, онда ол жұмыспен қамтылды деп есептеледі.
Егер адам жаңа жұмысқа шығуды күту барысында жұмыс істемесе, уақытша жұмыстан шығарылған немесе жұмысты іздеп отырған жағдайларда – жұмыссыз болып есептелінеді. Алдыңғы екі категорияға жатпайтын адамдар (мысалы,студенттер) жұмыс күшінің құрамына жатпайды: олар жұмысты иемденбейді, оны іздемейді және жаңа жұмысқа ауысуды күтпейді.
Жалпы жұмыссыздыққа екі: неоклассикалық және кейнсиандық концепциялары бар.
Енді олардың әрқайсысына жеке тоқталып өтейік.
Жұмыссыздықтың неоклассикалық концепциясын жақсы жерімен көрсеткен әйгілі ағылшын экономисі А.Пигу.
А.Пигудың негізгі айы келесіге тіреледі:
а) өндірісте жұмылдырылған жұмысшылардың саны еңбекақының деңгейіне кері тәуелділікте болады, яғни неғұрлым еңбекақы жоғары болса, соғұрлым жұмысбастылық төмен болады.
б) 1914-1918 жылғы 1 Дүниежүзілік соғысқа дейінгі болған еңбекақы деңгейі мен жұмыспен қамтылу деңгейінің арасындағы тепе-теңдік, жағдайға жақын жұмыспен қамтылуды қамтамасыз еткен деңгейіндегі жұмысшылар арасындағы ерікті бәсекелестіктің нәтижесінде еңбекақыны белгілеумен түсіндіріледі.
в) 1 Дүниежүзілік соғыстан кейінгі профсоюздардың күшеюімен жұмыссыздықтан мемлекеттік сақтандыру жүйелерінің енгізілуі еңбекақыны икемсіз етіп, оны жоғары деңгейде ұстады, ал бұның өзі жаппай жұмыссыздықтың себебі болып табылады.
г) толық жұмыспен қамтылуға қол жеткізу үшін еңбекақыны төмендету керек.
Неоклассикалық модельдегі еңбек нарығындағы тепе-теңдік еңбектің бағасы ретінде нақты еңбекақы PL болатын еңбек күшіне сұраныс функциясы мен оның ұсыну функциясы арқылы анықталады. Еңбекке сұраныс функциясының қисығы DL кемімелі сипатта болады, өйткені осы өндіріс факторына сұранысты білдіретін фирмалар жұмысқа жұмысшылардың көбірек санын еңбекақы төмен болған жағдайда жалдай алады.
Егер де еңбекақының деңгейі өсетін болса, онда тартылатын жұмыс күшінің көлемі азаяды.
Соымен, жұмыс күшіне сұраныс еңбекақының нақты функциясы:
Жұмысшы күш нарығындағы еңбекті ұсыну SL нақты еңбекақыға тәуелді: PL жоғары болған сайын көбірек жұмысшылар нарықты өз еңбегін ұсынады және керіснше, еңбекақы төмен болған сайын олардың аз саны жұмысқа орналасқысы келеді. Сондықтан еңбекті ұсыну нақты еңбекақыдан өспелі функция ретінде қарастырылады және еңбектің ұсыну қисығы оңды иіледі (наклон) иемденеі:
Сұраныс және ұсыныс графиктерін біріктіріп, барлық жұмыс істегісі келетіндердің құрылған еңбекақының тепе-теңдік ставкасына PLE жұмысты таба алатындығын көрсететін еңбек нарығының классикалық моделін аламыз.
Егер еңбекті ұсыну өсетін болса (SL қисығының SL1-ға ығысуы), онда бұл еңбекақының PLF-ке дейін төмендеуіне әкеледі және де еңбек нарығындағы тепе-теңдік F нүктесінде орнайды. Сонымен, неоклассикалық модельде нарықтық экономика барлық еңбек ресурстарын пайдалана алады, тек еңбекақының иілгіш болу шартында ғана. Берілген жағдайда толық жұмыспен қамтылу өз еңбегінің белгілі бір мөлшерін сатқысы келген кез-келген қалаушы өз тілегін берлген сәтте қалыптасқан еңбекақының ставкасы бойынша жүзеге асыра алатындығын білдіреді. Егер еңбекақы PLK Нарықтық тепе-теңдік деңгейінен жоғары болса, (мемлекеттің қатынасуы немесе профсоюздардың талабы бойынша) онда бұл жқұмысқа деген сұраныстың жұмысты ұсынуынан аз болуына әкеледі және жұмысшылардың белгілі бір массасы жұмыссыз қалады. Жұмыссыздардың саны KM кескіні көрсетеді. Осыдан, неоклассикалық модельде жұмыссыздық нақты, бірақ ол нарық заңдарынан емес, оларды бұзу нәтижесінде пайда болуды, не мемлекеттің, не профсоюздардың, яғни нарықтық емес күштердің еңбекақысы тепе-теңік деңгейіне дейін түсіртпейді, осыдан кәсіпкерлер барлық жұмыс істегісі келетіндерге талап етілген төлемақы ставкасы бойынша жұмысты ұсына алмайды. Сондықтан, неоклассиктердің пікірінше, нарықтық экономикада тек өз ерікті жұмыссздық бола алады, яғни жоғары еңбекақы талабынан туындайтын. Жұмыссыздар өздері жұмыссыздықты таңдайды, өйткені олар өз еңбегі үшін төмен төлемақыға жұмыс істеуге келіспейді. Мемлекеттің ролі жайлы да осыны айтуға болады: егер олеңбекақының деңгейін қадағаласа, онда ол бәсекелестік нарықтық механизмді бұзады. Осыдан необиральді бағыттағы экономистердің талабы туындайды – жұмыссыздықты жою үшін еңбек нарығында бәсекелестікке игіліктік еңбекақыға ұмтылу керек. Осымен бірге неоклассикалық модельде жұмыссыздық игіліктік еңбекақы сақталған кезде де болады, өйткені жұмысшы күштің белгілі бір бөлігі жоғарырақ еңбекақыға ұмтылып, өз еркімен жұмыссыз болып қалады. Бұл жағдайды төмендегі сурет көрсетеді:
Графикте еңбек нарығындағы тепе-теңдік Е нүктесінде орын алды. Бірақ қалыптасқан нарықтық еңбекақы ставкасында PLE фирмалардың жұмысшы күшке қажеттілігі (сұраныс қисығының учаскесі DL, Е нүктесінен төмен ) толық қанағаттандырылмайды, EF шамасын құрайды. Ал бұл қажеттіліктің қанағаттандырылуы жолы жоқ, өйткені жұмыссыз жұмысшылар тек жоғарырақ ставка үшін ғана еңбектенуге келіседі (еңбекті ұсыну қисығының учаскесі SL E жоғары). Осыдан шығатыны, нарық ұсына алатын еңбектің максималды мөлшері L1 шамасын құрайды (АF кескіні), ал фирмалардың еңбекке төлеуге қабілетті сұранысы – L0 (АЕ кескіні). Осы екуінің арасындағы айырымын фирмалар ұсынатын еңбекақы үшін жұмыс істегісі келмейтін жұмысшылардың санын ЕF кескіні көрсетеді.
Кейнсиандық концепция. Жұмысбастылықтың Кейнсиандық концепциясы нарықтық экономикадағы жұмыссыздық ерікті емес, мәжбүрлік сипатта болатынын дәлелдейді. Кейнстің бірінші пікірінше неоклассикалық теория тек салалық, микроэкономикалық деңгей шегінде орын алатындықтан жалпы экономикада жұмысбастылықтың нақты деңгейі немен анықталу сұрағына жауап бере алмайды. Кейнс болса, “ ... жұмысбастылықтың мөлшері эффективті сұраныс мөлшерімен өте байланысты”, яғни жұмысбастылықтың болуы тауарларға деген шектеулі сұраныспен түсіндірілетіндігін көрсетті. Дж. Кейнс өз көзқарастарын көрсету барысында А. Пигудің теориясын сынайды, және де жұмыссыздықтың нарықты экономикаға имманенті тән, оның заңдылықтарынан туындайтынын айтады. Кейнсиандық концепцияда еңбек нарығының тепе-теңдік қалыпта болуы тек толық жұмысбастылық кезінде ғана емес, жұмыссыздықтың болу кезінде де орнайды. Ал ол Кейнс есептегенде еңбекті ұсыну неоклассиктер айтқандай нақты еңбекақы шамасына емес, номиналды еңбекақыға тәуелді болуымен түсіндіріледі. Осыдан, егер баға өссе және нақты еңбекақы төмендесе, онда осы кезде жұмысшылар жұмыс істеуден бас тартартады. Ал нарықтағы кәсіпкерлердің еңбекке деген сұранысы баға деңгейінің өзгеруіне байланысты өзгеретіен нақты еңбекақының функциясы болып табылады: бағалар жоғарылаған кезде жұмысшылар азырақ тауарлар мен қызметтерді сатып алады және керісінше. Нәтижесінде Кейнстің қорытындысы келесідей: жұмысбастылықтың объектісі көбінесе жұмысшыларға емес, кәсіпкерлерге тәуелді, өйткені еңбекке деген сұраныс еңбек бағасымен емес, тауарлар мен қызметтерге эффективті сұраныстың шамасымен анықталады. Егер қоғамда эффективті сұраныс жеткіліксіз болса, өйткені ол табысты өсуі нәтижесінде төмендейтін тұтынуға шекті бейімділікпен анықталғандықтан, онда толық жұмысбастылық деңгеінен төмен орналасқан нүктесінде жұмысбастылық тепе-теңдік деңгейіне жетеді. Осыдан басқа жұмысшы күштің маңызды бөлігінің жұмысбастылығы инвестиция сияқты жиынтық шығыс компонентімен анықталады. Жұмысбастылық пен инвестицияның ұлғаюы арасындағы қатынасты сұраныс мультипликаторына тең жұмысбастылық мультипликаторы сипаттайды. Инвестициялардың өсуі инвестициямен тікелей байланысты салалардағы алғашқы жұмысбастылықтың ұлғаюына әкеледі, бұл өз алдына тұтыну заттарын өндіретін салаларға әсер етіп, нәтижесінде осының бәрі сұраныс өсіміне және де жиынтық жұмысбастылыққа әкеледі. Ал соңғысының ұлғаюы қосымша инвестициялармен тікелей байланысты алғашқы жұмысбас-тылық өсімінен асырмалы болады.
Кейнс бойынша жұмысбастылық – тұтыну және ұлттық табысқа қаражат қор жинақтау үлесі ұлттық өндірістің көлем функциясы. Сондықтан толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету үшін келесілердің арасында белгілі бір пропорциясын сақтау керек:
а) ЖІӨ көлемі мен онвы құру шығыстары арасында;
ә) Қаражат қор жинақтау мен инвестиция.
Егер толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету үшін ЖІӨ-ді өндірудегі шығыстар жеткіліксіз болса, онда қоғамда жұмыссыздық туындайды. Егер де ол керекті мөлшерден асатын болса, онда инфляция болады.
“Қаражат – қор, жинақтау – инсвестиция” жағдайында, егер S>I болса, онда капитал қосудың күшті құйылымы, ұсыну мен өндіріс өсімі – бір жағынан және ағымдағы төмен сұраныс (қор жинақтау үлкен болғандықтан) – екінші жағынан, қайта өндіріс кризисіне, жұмыс күшіне сұраныстың төмендеіне және жұмыссыздыққа әкеледі. Ал I>S болуы, қаражат қор жинақтау жеткіліксіз болғандықтан өндірістік сұраныстың қанағаттан-дырылмауына әкеледі. Бұдан.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?