Еңбек құқығы | Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1. Еңбек құқығы пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректік негіздері 4
2. Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік 5
3. Еңбектік құқықтың қатынастар. Жеке еңбек шарты 10
4. Еңбек даулары 21
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 32
КІРІСПЕ
Адамзат қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Еңбек дегеніміз адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады. Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардын әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байла¬нысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу және заңсыздыққа жол бермеу.
Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.
Құқықтың басқа салалары сияқты еңбек құқығының әдістері еңбектік құқықтық қатынастарға және сонымен тығыз байла¬нысты басқа да қатынастарға ықпал ететін тәсілдерден, амалдардан және құралдарынан тұрады. Еңбек құқығы әдісі — еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынас¬тар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпылама көрінісі.
1. Еңбек құқығы: пәні, әдісі, қағидаттары, жүйесі, деректі негіздері
Еңбек құқығының әдісі құқықтық реттеу қандай тәсілмен іске асырылады деген сауалға жауап береді. Еңбек құқығы әдістері құқықтық нормалардан көрніс табады. Еңбек құқығы әдістерін мынандай белгілермен:
1) еңбектік құқықтық қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қаты¬настарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың қосындысымен;
2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен;
3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен;
4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі;
5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітуімен сипатталады.
Еңбек құқығы жүйесі деп біртұтас еңбек құқығын бір-бірімен тығыз байланысты жеке бөлшектерге (институттарға) бөлуден көрінетін объективті өмір сүретін құқық саласының құрылымын айтамыз. Еңбек құқығы жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Еңбек құқығының жалпы бөлімі жалпылама сипаттағы және еңбек құқығы институттарының барлығына бірдей қолданылатын нормалардан тұрады. Ол нормалар еңбек құқығының пәнін, негізгі қағидаттарын, еңбекті ұйымдастырудың жалпы мәселелерін қамтиды. Еңбек құқығының ерекше бөлімі еңбектік құқықтық қатынастардың және онымен тығыз байланыстағы еңбек катынастарының жекелеген элементтерін қамтиды.
Еңбек құқығы негіздері (деректік көздері) дегеніміз заңнамалармен белгіленген, арнайы құзыретті органның нормативті актілері. Еңбектік құқықтық қатынастарын және онымен тығыз байланысты еңбек қатынастарын реттейтін нормативті актілердің төмендегідей өзіндік ерекшеліктері бар:
1) еңбек туралы норма¬тивтік актілер жүйесінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қабылдаған заңдық күші бар актілердің санының көптігі;
2) жұмыс берушімен еңбек ұжымы арасында кәсіпорын деңгейінде қабылданатын жергілікті нормативтік актілердің са¬нының басымдылығы;
3) нормативтік актілердің жалпы және арнайы болып бөлінуі. Еңбек құқығы негіздері (деректік көздері) заңдық күшіне қарай: заңдар, заңдық күші бар актілерге — Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтары, үкіметтің қаулысы, өкімі, бұйрықтар, ережелер және жергілікті нормативтік актілерге және әрекет ету деңгейлеріне байланысты республикалық, салалық және жергілікті болып бөлінеді.
2. Еңбек құқықтық қатынастар саласындағы әлеуметтік әріптестік
Әлеуметтік әріптестік дегеніміз атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынас¬тар мен тетіктер жүйесі. Әлеуметтік әріптестік әріптестер арасындағы жасалатын өзара келісім арқылы жүзеге асырылады. Келісім (бас), салалық (тарифтік), аймақтық — республикалық, салалық және аймақтық деңгейде қызметкерлердің еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік кепілдіктерін белгілеу мазмұнын және тараптардың олар бойынша міндеттемелерін анықтайтын, әлеуметтік әріптестер арасында жасалатын құқықтық акт.
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік мынадай негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:
1) әлеуметтік және еңбек қатынастарын және соларға байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін жасау;
2) қоғамдағы барлық жіктердің мүдделерін объективті түрде ескеру негізінде әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
3) қызметкерлердің еңбек құқықтары кепілдіктерін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асыру;
4) барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестер арасындағы консультациялар мен келіссөздер процесіне жәрдем¬десу;
5) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу.
Әлеуметтік әріптестік мынандай қағидаттарға негізделеді:
1) тараптар өкілдерінің өкілеттігі;
2) тараптардың тең құқықтығы;
3) талқылау үшін енгізілетін мәселелер тізбесін таңдау еркіндігі;
4) міндеттемелер қабылдаудың еріктілігі және тараптардың оларды орындауға міндеттілігі;
5) тараптардың мүдделерін құрметтеу;
6) әлеуметтік әріптестердің Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелерін сақтауы;
7) тараптардың, олардың өкілдерінің келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді өздерінің кінәсінен орындамағаны үшін жауаптылығы болып табылады.
Әлеуметтік әріптестік тараптардың өзара іс-қимылы нысанында әлеуметтік әріптестіктің:
1) республикалық деңгейдегі;
2) салалық деңгейдегі;
3) аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық деңгейдегі органдары арқылы қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік әріптестікті республикалық деңгейде әлеу¬меттік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үш жақты комиссия (бұдан әрі республикалық комиссия) қамтамасыз етеді. Республикалық ко¬миссия әлеуметтік әріптестердің мүдделерін үйлестіруді тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.
Әлеуметтік әріптестікті салалық деңгейде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі са¬лалық комиссиялар (бұдан әрі — салалық комиссия) қамтамасыз етеді. Салалық комиссия әлеуметтік әріптестер мүдделерін үйлестіруді тиісті шешімдермен ресімделетін консультациялар мен келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Тиісті атқарушы органдардың өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері салалық комиссиялардың қатысушылары болып табы¬лады.
Әлеуметтік әріптестікті аймақтық деңгейде әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық қалалық және аудандық комиссиялар (бұдан әрі - аймақтық комиссия) қамтамасыз етеді. Аймақтық комиссия әлеуметтік әріптестер мүдделерін үйлестіруді тиісті келісімдермен және шешімдермен ресімделетін консультация¬лар және келіссөздер жүргізу жолымен қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады. Жергілікті ат¬қарушы органдардың тиісті өкілетті өкілдері, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері аймақтық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
Республикалық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және қызметкерлердің республикалық бірлестіктері арасында Бас келісім жасалады. Бас келісім - Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және қызметкерлердің республикалық бірлестіктері өздерінің құзыреті шегінде жасасатын, аймақтық және салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар жасасу кезінде ескерілетін, республикадағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын және солармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің жалпы қағидаттарын белгілейтін құқықтық акт.
Салалық деңгейде тиісті атқарушы органдар және жұмыс берушілер мен қызметкерлердің уәкілетті өкілдері арасында са¬лалық келісімдер жасалады. Салалық келісім — ақы төлеу нормалары мен еңбекке байланысты басқа да мәселелерді, өзара міндеттемелерді, сондай-ақ нақты сала қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді айқындайтын, барлық тараптар (әріптестер) үшін міндетті болатын және аймақтық келісімдер мен ұжымдық шарттарды жасасу кезінде ескерілетін, әріптестік тараптары жасап, жазбаша шарт түрінде ресімдейтін құқықтық акт.
Аймақтық деңгейде жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер, қызметкерлер бірлестіктері арасында аймақтық (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасалады. Аймақтық келісім - аумақтық ерекшеліктерге байланысты еңбек жағдайларын, әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерді белгілейтін, келісім тараптары әкімшілік-аумақтық бөліністер деңгейінде жасайтын, барлық тараптар (әріптестер) үшін міндетті болатын және ұжымдық шарттарды жасасу кезінде ескерілетін, жазбаша шарт түрінде ресімделетін құқықтық акт.
Келісімдердің мазмұны. Келісімдерде: қолданылу мерзімі туралы; орындалуына бақылау жасау тәртібі туралы; келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізудің тәртібі туралы; тараптардың өздеріне алған міндеттемелерді орындамаған жағдайдағы жауапкершіліктері туралы ережелер қамтылуға тиіс. Бас келісімнің мазмұнын әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін республикалық үш жақты комиссия әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе олардың біреуі ұсынған бас келісімнің жобаларын негізге ала отырып айқындайды. Мысалы 2005 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметі, кәсіподақтар және жұмыс берушілер арасында екі жылға арналған үш жақты бас келісімге қол қойылды. Бас келісімде еңбек қатынастарының, еңбекпен қамтамасыз етудің және әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау, денсаулық салаларына байланысты мәселер қарастырылды. Бұл бас келісімнің алдыңғы келісімдерден басты айырмашылығы онда еңбек ақысы, халықтың тұрмыс жағдайы, жұмыс істейтін әйелдердің, жастардың құқығын, әлеуметтік кепілдіктерін қорғау туралы мәселелер енгізілді. Тараптардың келісімімен жұмысшының еңбекақы және әлеуметтік төлемдерінің деңгейі ең төменгі еңбек ақысынан, яғни 7 мың теңгеден төмен болмауы керек делінді. Салалық және аймақтық келісімнің мазмұнын әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін салалық және аймақтық ко¬миссиялар әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптары немесе олардың біреуі ұсынған келісімдердің жобалары негізінде ай¬қындайды. Келісімдерде:
1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, еңбек және демалыс режимі туралы;
2) келісіммен айқындалған, баға мен инфляцияның деңгейін, күнкөрістің ең төменгі деңгейі мен көрсеткіштердің орындалуын негізге ала отырып, еңбекке ақы төлеуді реттеу тетігі тура¬лы;
3) өтем сипатындағы қосымша ақылар туралы;
4) қызметкерлерді жұмыспен қамтуға, кәсіби әзірлеуге және қайта әзірлеуге жәрдемдесу туралы;
5) жұмыс істеу және демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен өндірістегі қызметкерлердің денсаулығын қорғауды ұйымдастыру және тиісті қоршаған ор¬таны қамтамасыз ету туралы;
6) салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шаралар туралы;
7) қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау жөніндегі арнаулы шара¬лар туралы;
8) өндіріс уақытша тоқтап қалған жағдайда қызметкерлерді қорғау шаралары туралы;
9) жанжалдар мен ереуілдерді болғызбау, еңбек тәртібін нығайту туралы;.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?