Әлеуметтану | Еңбек әлеуметтануы

 Әлеуметтану | Еңбек әлеуметтануы

Мазмұны
Кіріспе--------------------------------------------------------------------------------------------3
I Тарау Еңбек әлеуметтануының зерттеу пәні
1.1 Еңбек әлеуметтануының міндеттері, мақсаты, категориялары -----------------5
1.2 Еңбек, оның функциясы, шарты мен мазмұны ------------------------------------10
II Тарау Еңбек әлеуметтануының негізгі объектілері
2.1 Еңбек нарығы және жұмыспен қамту мәселелері-------------------------------- 16
2.2. Қазақстан Республикасының “Еңбек туралы” заңының ерекшеліктері -----21
Қорытынды------------------------------------------------------------------------------------ 26
Пайдаланған әдебиеттер-------------------------------------------------------------------- 28
Сілтемелер------------------------------------------------------------------------------------- 29

Кіріспе
Нарыққа өту кезеңінде экономикалық өмір әлеуметтану зерттеуінің ең маңызды обьектілерінің біріне айналды. Экономикалық әлеуметтану жеке ғылыми пән ретінде өндірістік қатынастарға экономикалық факторлармен қатар адам факторы да әсер ететіндігін көрсеткен басқару тәжірибиесіне жауап ретінде ХХ ғасырдың ортасында АҚШ-та пайда болды.
Экономикалық әлеуметтанудың обьектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік институттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар, (АО), корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.); экономикалық процестер, өндіріс саласындағы әлеуметтік қатынастар (үстемдік ету-бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапасының артуына әсері, т.б. жатады.
Экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлерін, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, әділеттілігі, белсенділігі, жауапкершілігі, т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер ететінін де зерттейді.
Экономикалық әлеуметтанудың негізгі міндеті – экономикалық құбылыстар мен процестерді осында әрекет ететін жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың мүдделері тұрғысынан әлеуметтанутұрғысынан түсіндіру, сонымен қоса нақтылы бір қоғамның экономикасына әлеуметтік және мәдени факторлардың әсер етуін зерттеу болып табылады.
Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың, оның ішінді жіктің экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқатын, одан туатын сана, ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашады да, экономикалық сананы, мәдениет, т.б. мәселелерді зерттейді. Міне, осылардың бәрі экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері[1].
Еңбек – адам өмірінің мәңгілік, табиғи және ең басты шарты. Кең мағынада еңбек ұғымы адамдардың материалдық байлықтарды ғана өндіруін айтпайды, сонымен қатар рухани құндылықтарды жасауын білдіреді. Осылайша еңбек – адамдардың материалдық және мәдени құндылықтарды жасауға бағытталған мақсатты тіршіліктері.
Әлеуметтану еңбекті әлеуметтік-экономикалық процесс ретінде қарастырады. Еңбек процесі – бұл күрделі және көпаспектілі құбылыс. Оның негізгі айқындалу түрлері – адам энергиясының жұмсалуы, жұмысшылардың өндіріс құралдарымен өзара әрекеттесуі (еңбек заттары және құралдары) және өндіріс барысындағы адамдардың қалай көлденеңінен (біркелкі еңбек процесіне қатысу) әрекеттесуі болса солай тегінен (басшылар мен қарамағындағылардың қарым-қатынасы) әрекеттесуі.
Еңбектің қоғам дамуындағы рөлі материалдық және рухани құндылықтарды жасау ғана емес, сонымен қатар еңбек процесі барысында адам өзінің қабілеттерін көрсетеді, қажетті дағдылар мен білімдерді меңгереді, оны толтырады және байытады. Еңбектің шығармашылық мазмұны, өз кезегінде сұраныстардың дамуына әкелдіретін жаңа идеялардың пайда болуымен, жетілдірілген және жоғары өнім шығаратын еңбек құралдарын, өнімнің, материалдардың, энергияның жаңа түрлерін жасаумен байланысты.
Еңбек процесі барысында адамдар әлеуметтік-экономикалық, бір-бірімен өзара қатынасқа түседі.
І Тарау. Еңбек әлеуметтануының зерттеу пәні
1.1. Еңбек әлеуметтануының міндеттері, мақсаты, категориялары
Еңбек әлеуметтануының пәні болып, арнайы әлеуметтанулық теория ретіндегі, еңбек саласындағы әлеуметтік-экономикалық қатыныстардың, әлеуметтік процестер мен құбылыстардың құрылымы мен механизмдері табылады.
Еңбек әлеуметтануының мақсаты – бұл әлеуметтік құбылыстарды, процестерді зерттеу, оларды реттеу және басқару бойынша ұсыныстар жасау, қоғамның, ұжымның, топтың, жеке индивидтің қызметі үшін оңтайлы жағдай жасауға бағытталған болжамдар мен жоспарлаулар жасау.
Еңбек әлеуметтенуінің міндеттері:
1. Қоғамның, еңбек ұйымының (ұжымның) әлеуметтік құрылымын оқу және оны оптимизациялау.
2. Еңбек нарығын еңбек ресурстарының оптималдық және рационалды мобильділіктерінің реттеушісі ретінде сараптау.
3. Қазіргі заманғы қызметкердің еңбек потенциалын жүзеге асырудың оптимальді жолын қарастыру.
4. Моральдік және материалдық ынталандырудың оптималды қиюласуының, нарық жағдайындағы еңбекке қатынасты жетілдірудің жолдарын іздестіру.
5. Еңбектік дау-дамайды, конфликтілердің себептерін оқу және оларды болдырмаудың және шешудің шаралар жүйесін жасау.
6. Қызметкерді қорғайтын әлеуметтік кепілдіктердің тиімді жүйесін анықтау.
Тұтастай еңбек әлеуметтануы, бір жағынан, еңбек аясындағы нақты бар тіршілік туралы білімді кеңейтуге, екінші жағынан - жаңа байланыстар мен процестердің бекітілуіне жағдай жасау. Еңбектік іс-әрекет ылғида нақты бір еңбектік - әлеуметтік шарттармен өрімдесіп жатады, белгілі бір әлеуметтік-кәсіптік топтармен байланыста болады, уақыт пен кеңестік бойынша шектелген. Сондықтан әлеуметтану еңбектің әлеуметтік түрлерін және шарттарын, оның әлеуметтік ұйымдастырылуын (ұжымдық, жеке бастық, еріксіз, өз еркімен) оқытады. Адамның еңбек іс-әрекетіне кіруі механизмін, яғни оның құндылық бағдарларын, мотивтерін, еңбекпен қанағаттандырылуын және көптеген білу аса маңызды.
Ғылыми – техникалық прогресс барысында техника және технология жетіле түседі.Бұл өз кезегінде адамның өндірістік қызметтерінің өзгеруіне, қол, механикаландырылған және автоматтандырылған, күш – жігерлік және ақыл- ойлық еңбектердің арасалмағын, оны ұйымдастырудың күрделенуіне әкеліп соқтырады. Еңбектің мазмұнындағы терең сапалы өзгерістер оның сипатының өзгеруінің де алғышарты болып табылады.
Еңбек сипатын техника –экономикалық мазмұны, қоғамдық түрі, еңбектің әлеуметтік – экономикалық сапасы, әлеуметтік айырмашылықтар: қоғамдық жағдайы, әлеуметтік статус, материалдық хал – ахуал, бос уақытын дұрыс пайдалану және т.б. анықтайды. Министр, академик, мұғалім, бухгалтер, жұмысшы, құрылысшы, ауылдық механизатор, үй жинаушы - бұл мамандық өкілдерінің арасындағы әлеуметтік – кәсіптік айырмашылық негізінде еңбек сипаты жатыр.
Еңбек адамның қоғамдық өміріндегі барлық процестерге, құбылыстарға да әсер етеді. Еңбек тек қана қандай да бір әрекетпен шектелместен басқа қатынастармен қосылады: адамның қоғамдағы қатынастардағы орын және оған берілетін бағаны белгілейді. Сондықтан еңбектің өзі де кейде құнды болып табылады6 себебі: ол бағалаудың бір өлшемі болып табылады. Мысалы, жалқау, еріншек, ұйқыбас т.б. Еңбек басқа да қатынастар сияқты нақты қоғамдық шарт ережелеріне белгілер құндылықтар жүйесінде жүзеге асады [2].
Бүгін де еңбек адам өмірінің 20-30 бөлігін алады. Бұрындары 50-60 алған. Еңбек адамды байыту мүмкін, яғни қоғамдағы орнын өзгертуі мүмкін. Еңбек әлеуметтануы еңбек процесіндегі қатынастарды зерттейді. Сонымен қоса еңбек әлеуметтануы еңбектің жұмысшыға қоятын талаптары технологияларының өзгеруіне байланысты қатынастардың өзгеруі еңбек процесінде адамның өзгеруін зерттейді. Мысалы, технологиялардың өзгеруімен асардың өзгеруі. Бұл пән еңбек саясатындағы әлеуметтік процестерді зерттейді. Мысалы, еңбек бөлісудің өзгеруі, ерлер мен әйелдердің еңбек орнының ауысуы. Маркс пен Энгельс адамның тарихи қалыптасуын зерттегенде еңбекке үлкен орны береді «еңбек- маймылдан адамды жаратты».
Еңбек тәрбиелеуге үлкен рөл атқарады. Еңбекке байланысты зерттеулер капитализмнің қалыптасуымен бірге дамыды. АҚШ пен Германияда бұл ілім өндірістік социология болып табылады. Францияда еңбек процесіндегі барлық қоғамдық таптар зерттеді. Негізгі зерттелетін мәселе еңбек ұжымы болып қалыптастырылады. Ян. Шипанский еңбекті қоғамдық құбылыс ретінде қарастырады. Ондағы жағдайлары мен ниеттемелерді құрылымдағы өзгерістер мен ұжымдар мен дамуын қарастырады. Оның пікірінше еңбек - бұл белгілі қажетті қанағаттануға бағытталған қоғамдық мәнге не мақсатталған әлеумет. Еңбек әлеуметтануы индустриялық қоғамға өту кезеңінде жаңа технологиялар игеру кезінде маңызды орын алады.
ХХ ғасырдың еңбек әлеуметтануында еңбекті қарастырғанда 2 – негізде құндылықтар жүйесіне негізделіп зерттеді.
1) социолистік
2) капиталистік
Социолистік жүйеде – еңбек ерекше құндылық ретінде қарастырылды. Қандай болмасын еңбек абыройы деп есептеледі. Жезөкшелік еңбек ретінде қарастырылған жоқ. Ол қылмыс болып есептеледі.
Капиталистік жүйеде – еңбектегі бәсекелестіктегі жеке жетістіктер жоғары бағаланды. Маңызды ерекшелік мүлікке байланысты болады. Социолистік қоғамда негізгі жалдаушы – мемлекет болады. Кішігірім кооператив сияқты мекемелерде болады. Бірақ олардың мүмкіндіктері аз болады. Капиталистік жүйесінде мемлекетпен қатар маңызды бөлігі – жеке ұйымдар, мекемелер жеке адамдар жолдаушы болып табылады. Социолистік жүйенің тығырыққа тірелуі экономикалық ерекшеліктерге, нәтижелерге байланысты болады. Экономикалық өмірдің маңызды саласы – еңбек саласы. 1985 жылы М. Горбачев кезінде СССР-да жұмыссыздық жоқ деп есептеген. Қазақстанда социолистік еңбек қатынастары жойылғаннан кейін, капиталистік, батыстық түсініктер қатынастар еңбек саласында да дамуда. Қазақстан Республикасында маңызды проблемалардың бірі – травматизм және жұмысшылардың құқықтары. Кейде құрылыста адам өлса, ешқандай шара қолданбайды.
Еңбек әлеуметтануында қарастырылатын мәселелер: жұмысшылардың еңбекке қатынастарын, кәсіби мобильділік, жұмысшының жұмыс орнында тұрақтанбауы, еңбектегі тәртіп, престиж (бағаланбау), кәсіби бағдар немесе білім беру (ғылыми және технологиялық мәселелер, ортаның физикалық және т.б. мәселелері). Бұл жерде жеке сала ретінде жанжалдар, адаптация, гуманизация қарастырылмайды. Біз қазір түрлі еңбек түрлерінен құндылықтық ұстанымдардың өзгеруін байқаймыз. Бұл процеске қажеттіліктер, мүдделер, құндылықтар, түсініктер, еңбек жағдайлары әсер етеді. Саудагер – бұл кәсіпкер орташадан жоғары мәртебе иесі. Бұрындары саудагердің мәртебесі төмен болған. Еңбек процесінде біз мыналарды қарастырамыз. Субьект – қатынасқа түсуші. Биліктің көлемі, мүмкіндіктері, табысы, бөлісуі сипаты, қатынастар рәсімдестірілуінің деңгейі, жұмысшылардың қатынас тәсілдері. Еңбек саласындағы арақатынастың 3 жағы бар:
1. Прецевтивтік – жұмысшылардың бірін-бірі қабылдауымен және соның негізінде түсінікті қалыптастырумен байланысты.
2. Коммуникативтік - өндірістік, информацияны алмасуымен байланысты.
3. Мінез-құлықтық әрекет – алмасумен, ара-қатынасты ұйымдастырумен байланысты.
Еңбек әлеуметтануында бірнеше бағыт бар:
1. Менеджерлік бағыт – қазіргі заманғы ұйымдарды олардың құрылымын, дамуын, қызмет ету тұжырымдары мен критерилерін және басқару стилдерін зерттейді. Бұл бағыттың өкілдері мекеме құрылымын ұйымдастырушылықтың тиімділігі жағынан, рационалдық және өзара байланыстылығы жағынан, тиімділігі жағынан құрастырылады. Бұл жерде адамның еңбегі экономикалық жағынан қалыптастырылады. Ал, еңбек әлеуметтануы мекемеде адам факторын басқаруға бағытталған деп түсіндіріледі.
2. Психологиялық бағыт–оның өкілдері еңбектің мативациясын, адамдардың қажеттіліктерін, жанжалдарды, бейімделуді, еңбекпен қанағаттану деңгейін, инновациялық өнерлік әрекеттерді реформалауға қатынасын зерттейді.
3. Гуманистік бағыт - әлемдік әлеуметтанудың жағымды тиімді тәжірибиесін пайдаланады, әлеуметтік процестерді, материалдық және әлеуметтік тарихи жағдайында қарастырады. Еңбек әлеуметтануытеориялық және қолданбалы ғылым. Оның негізгі мақсаттарының бірі басшыларды адам факторын пайдалану негізінде мекеменің тиімділігін арттыру. Автоматизация дамыған сайын материалдық стимулдар азая береді. Бұл жағдайларда адам еңбек, оған қызықты, тартымды болған жағдайда, онымен жанасатын жағдайда жұмыс істейді....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?