Банк ісі | Екінші деңгейлі банктер қызметін нарықтық жағдайда қадағалау

 Банк ісі | Екінші деңгейлі банктер қызметін нарықтық жағдайда қадағалау

Мазмұны
Кіріспе
І-бөлім Екінші деңгейлі банктер қызметін нарықтық жағдайда қадағалау мен реттеу
1.1 Қ.Р Екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау мен реттеу тәртібі
1.2. Банктік қадағалаудың мәні және әдістері
1.3 Шетел мемлекеттерінде екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау.
ІІ-бөлім. Ішкі банктік бақылау әдістері мен тәсілдері
2.1. Аудит және оның түрлері
2.2. Аудиторлық тәуекелшіліктер әдістері мен банктік аудиттің тәсілдері
2.3. Есеп айрысу қатынасының аудиті
Қорытынды

Кіріспе
Банк қызметін мемлекеттік реттеу аясында банктерді қадағалаудың орталықтандырылған жүйесінің құрылуы, банктік қызметті ішкі және сыртқы тексеру үшін қадағалау тәртібінің ережелері мен нақты процедураларын анықтады және банктерді тәуекел дәрежесіне қарай жіктелуді қамтамасыз етті. Осы кезде банктік қызметке қадағалау жүргізу жолдары өзгерістерге ұшырады. Бұл өзгерістер келесі нормативтік актілерде көрініс тапты: «Банкке бақылау жасау құқығын сатып алу мен жүзеге асыру шарттары туралы Ереже», «Теріс капиталы бар банктердің акцияларын мәжбүрлі түрде сату және сатып алу тәртібі туралы ереже». Жалпы 1996 жыл ішінде ҚР ҰБ 104 нормативтік акті дайындап, бекітті.
ҰБ қызметті реттеу және әлемдік стандарттарға неғұрлым жақын банк секторын құру аясындағы негізгі мақсаттары: банк жүйесіне сенімділікті көтеру (05.11.99 ж. ҚР ҰБ БҚ №340 «Екінші деңгейлі банктер жеке тұлғалардың салымдарын міндетті сақтандыру ережелерін бекіту туралы»), банктерге қадағалау мен бақылау жүйесін жетілдіру, банктік бизнес ерекшеліктерін есепке ала отырып салық заңдарын жетілдіру, нақты секторды несие аясында банктің белсенділігін көтеру болады.
2004 жылы 1 желтоқсаннан бастап ҚР реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі (ҚҚА) Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеуші және қадағалаушы өкілетті орган болып саналды. Ол өз қызметінде тәуелсіз, тікелей Президентке бағынады, сондай-ақ ҚР Президенті бекіткен Ереже негізінде қызмет етеді.
Осы жұмысты орындаудағы менің негізгі мақсатым Екінші деңгейлі банктердің қызметін ҚР Ұлттық Банк және Қаржылық Қадағалау Агенттігімен қадағалау және реттеуді жүзеге асыру, Қаржылық Қадағалау Агенттігінің міндеті, қызметі, мақсаты туралы деректерді зерттеу.
Бұл мақсаттарға жету жолында мен келесідей мәселелер қарастырдым:
1. Шетел және Отандық банктер қызметін қадағалау мен реттеу тәжірибесін оқу;
2. Қадағалаудың мәні, әдістері, тәсілдері, мақсатымен танысу;
3. Екінші деңгейлі банктердің аудиті туралы мағлұмат алу.
Мен бұл курстық жұмысты орындау барысында әдістемелік негіз ретінде келесілерді қолдандым: «ҚҚА туралы ҚР заңы», «ҚР Ұлттық Банкі туралы заң», «Бағалы қағаздар туралы заң», Екінші деңгейлі банктердің қызметін қадағалау мен реттеу мәселелеріне қатысты авторлардың еңбектерін.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның банктік жүйесі біршама тұрақты және сенімді болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлттық Банк алдында тұрған негізгі мәселелер – қаржылық секторды тұрақтандыру, нормативтік құқықтық базаны жақсарту, бухгалтерлік есептеу жүйесін жақсарту, тиімді төлем жүйесін қалыптастыру және банктік қадағалауды күшейту.
Тақырыбымның өзектілігі – Екінші деңгейлі банктердің халықаралық стандартқа өту кезеңінде халықаралық стандарттарға сай болуы бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Осы жұмысымның зерртеу объектісі болып «ҚР Қаржылық нарық және Қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі» табылады.
І-бөлім Екінші деңгейлі банктер қызметін нарықтық жағдайда қадағалау мен реттеу
1.1. Қ.Р Екінші деңгейлі банктер қызметін қадағалау
мен реттеу тәртібі ҚР реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі (ҚҚА) Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеуші және қадағалаушы өкілетті орган болып табылады. Ол өз қызметінде тәуелсіз, тікелей Президентке бағынады, сондай-ақ ҚР Президенті бекіткен Ереже негізінде қызмет етеді. ҚҚА өз қызметін 2004 жылы 1 желтоқсаннан бастады.
ҚҚА міндеттері:
- қаржы қызметін тұтынушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуға жол бермеу шараларын іске асыру;
- шынайы бәсекелестік қағидалары негізінде қаржы ұйымдарының тиісті түрлерінің жұмыс істеуіне тең жағдай жасау;
- қаржы ұйымдарының қызметін реттеудің және қадағалаудың стандарттары мен әдістерінің деңгейін көтеру, қабылданған міндеттемелердің дер кезінде және толық орындалуын қамтамасыз ететін шараларды қолдану.
ҚҚА атқаратын қызметі мен құзыреті:
- қаржы ұйымдары мен филиалдарының ашылуына, өз еркімен қайта құрылуы мен жабылуына рұқсат береді және қайтып алады;
- қаржы нарығында кәсіби қызмет атқаруға лицензия берудің, оның күшін тоқтаудың және қайтарып алудың тәртібін белгілейді;
- қаржылық ұйымдар, қаржы қызметін тұтынушылар, өзге де жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде орындауға тиісті нормативтік құқықтық актілерді зерделейді;
- ҚР Ұлттық банкімен бірлесе отырып халықаралық стандартқа сай қаржылық есеп беру формасын, сондай-ақ олардың тізбесі мен каржы ұйымдарының оларды тапсыратын уақыт мерзімін белгілейді;
- қаржы ұйымдарына әсер етудің шектеулі әдістері мен санкцияларын қолдануды анықтайды.
ҚҚА қаржы ұйымдары мен олардың қосылма тұлғаларын аудиторлық қызметті қатыстыра отырып инспекциялауды мынадай мақсатпен жүргізеді:
- қаржы ұйымдарының қаржылық жағдайын анықтау;
- белгілі тұлғалармен басқару жүйесін анықтау:
- қаржы қызметін көрсету мен қаржы құралдарын шығару жөнінде өкілеттік берілмеген қызметті анықтау мен ескертулер жасау.
Сонымен, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі несие жүйесін сенімді әрі үзіліссіз жұмыс істеуін, шаруашылық айналымына көрсетілетін тиімді несие-есеп айырысу қызметінің пәрменділігін қамтамасыз ету. Несие операцияларының көлемін жөнсіз дамытуға және кемітуге жол бермеу үшін несиелік мекемелердің қызметін қадағалап, оны тиімді арнаға бұрып отырады.
ҚҚА реттеу мен қадағалауды негізінен пруденциалды нормативтер мен міндетті түрде сақталуға тиісті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілеу арқылы жүзеге асырады.
Пруденциалды лимит дегеніміз – қаржылық мекемелер үшін олардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және қаржы қызметін пайдаланатын тұтынушылардың мүдделерін қорғау мақсатында өкілетті орган белгілейтін экономикалық шектеулер. Олар банктерге, банктік емес ұйымдарға, сондай-ақ сақтандыру компанияларына, жинақтаушы зейнетақы қорларына, бағалы қағаздар нарығының субъектілеріне олардың қызметінің ерекшеліктерін ескеру арқылы белгіленеді.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, өкілетті органның лицензиясы негізінде қаржы нарығын немесе қаржы ұйымдарын, яғни ҚР Ұлттық Банкін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын, банк болып есептелмейтін заңды тұлға ҚР «Банктер туралы» заңда көзделген банктік операциялардың жеке түрлерін немесе өзге де операцияларды жүргізуге құқылы.
ҚР заңнамалық актінде көзделген жағдайдан өзге еш уақытта бірде-бір банк емес ұйымның жеке және заңды тұлғалардан депозитерді қабылдауға құқы жоқ.
Банк емес ұйымдардың қызметін реттеу ҚР Ұлттық банкінің 2003 жылғы 6 желтоксандағы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың қызметін құру, лицензиялау, реттеу, ұйым қызметін тоқтату туралы №445 Ережелері негізінде жүргізіледі. Ал ол «ҚР Банктер туралы», «ҚР Ұлттық банк» туралы және «ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бағалау және қадағалау туралы» Заңдардың негізінде тұжырымдалған. Банк емес ұйымдар өз қызметін тек қана Банктер туралы Заңының 31 бабына сәйкес жасақталан. Операцияларды өткізудің жалпы шарттары туралы ереже мен ішкі ережелер негізінде ғана жүзеге асыра алады.
Операцияларды жүргізудің жалпы шарттарының ережесі банк емес ұйымдар жүзеге асыратын барлық банктік және басқа операциялары бойынша мағлұматтарды қамтуы тиіс.
Банк емес ұйымдарға лицензия «ҚР Банк туралы» заңда көзделген бір немесе бірнеше операцияны жүзеге асыруға беріледі, бұған тек қана банктер атқаруға тиісті банк операциялары кірмеуі керек.
Бұл ретте төменде көрсетілген банктік операциялар тек осы тәртіп бойынша үйлестіре алады:
- аудармалық операциялармен ұштасқан кассалық операциялар;
- ипотекалық қарыздар бойынша талап ету құжаттарын басқару бөлігіндегі сенімді операцияларымен қоса қарыз операциялары.
Ерекше жағдайларда, Үкімет пен Ұлттық банктің шешімі бар болса, өкілетті орган құрылтайшысы не қатысушысы (акционері) төмендегі органдар болып табылатын ұйымдардың жекелеген операция түрлерін жүзеге асыруға лицензия бере алады:
1. Үкіметке сенім артқан мемлекеттік орган.
2. Ұлттық банк.
3. Құрылтайшысы жалғыз ғана Үкімет немесе Ұлттық банк болып табылатын заңды тұлға.
Банк емес ұйымдардың бухгалтерлік не өзге есеп беруінің тізбесі, формасы мен уақыты, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік Ұлттық банк пен Реттеу жөніндегі агенттіктің бөлек зандық актілерімен белгіленеді.
Банк емес мекемелер Ұлттық банк пен Агенттіктерге олардың талап етуі бойынша кез келген ақпаратты, өздерінің қаражаты, өткізіп жатқан операциялары, берген немесе алған қарыздары жайындағы мәліметтерді беруге міндетті.
Агенттік банк емес ұйымдар орындауға тиісті қосымша нормативтер мен нормаларды белгілей алады.
Банк емес ұйымның қызметін Агенттік инспекциялайды, ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан банк емес ұйымдардың қызметін тексеру жөніндегі өкілдігін өзінің аумақтық өкілдеріне немесе ҚР Ұлттық банкінің филиалдарына бере алады.
Банк емес ұйым ҚР заңын бұзған жағдайда Агенттік оған «ҚР Банктер туралы» заңының 47 бабының а), б), е) тармакшаларында көрсетілген санкциялар мен шектеулі ықпал шараларын қолданады. Дәлірек айтқанда, айыппұл салу, барлық немесе белгілі бір операцияларды өткізуге берілген лицензияны тоқтату немесе қайтып алу, «ҚР Банктер туралы» заңының 20 бабында көрсетілген міндетін атқарудан шектету сынды шаралар қолдана алады.
Агенттік Лицензияны қайтарып алу үшін Агенттік өзі қабылдаған шешімі туралы әділет органдарын 1 ай бұрын хабардар етуі керек.
Банк емес ұйымдарды қайта құру немесе қызметін тоқтату ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге е асады.
Қоғамымызда және еліміздің экономикасында несиелік жұйенің аткаратын рөлі мен орны ерекше. Сондықтан ол мемлекеттік органдардың тарапынан мұқият қадағалау мен реттеу объектісі болып табылады.
Несиелік іс – мемлекеттің, жеке және заңды тұлғардың уакытша бос қаражатын шоғырладыру мен тартуға және оларды несиелеу қағидасына сәйкес белгілі бір буындар арасында үлестіруге бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір саласы болып табылады.
Несиелік жүйе ішінара қор қағидасы негізінде қызмет етеді. Бұл мәселен, әр банк өз пассивтерін камтамасыз етуде өз міндеттемелерінің шамалы бөлігін ғана құрайтын өтімді қаржысының қажетті минимумын ғана қолдайды дегенді білдіреді. Әдетте баланстың 9% дейінгі пассивтерін банктегі есен айырысу, ағымдық шоттарда сақталатын басқа біреулердің ақшасы, жеке тұлғалар мен мемлекеттің шаруашылық буындарының резервтері құрайды.
Осы орайда, салымшылардың мүдделерін қорғау, барлық несие жүйесінің өтімділігі мен төлем қабілетін және жөнді қызмет етуін сақтау үшін мемлекет жекелей алғанда несиелік мекемелердің және тұтас несие жүйесін мұкият қадағалайды, бақылайды және реттеп отырады.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі Қазақстан Республикасының «ҚР-дағы банктер және банк кызметі туралы», «ҚР Ұлттық банкі туралы», «ҚР Акционерлік қоғамдар туралы», «ҚР Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар шаруашылық серіктестіктері туралы», «ҚР Валюталық реттеу және бақылау туралы», «ҚР Бағалы қағаздар нарығы туралы», «ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы», «ҚР Сақтандыру қызметі туралы», «ҚР-дағы зейнетакымен қамтамасыз ету туралы». «ҚР Қаржы лизингі туралы», «ҚР Микрокредиттік ұйымдар туралы» және т.б. заңдар арқылы реттеледі.
Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеудін және қадағаудың мақсаттары мыналар:
- қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтастай қаржы жүйесіне деген сенімді қолдау;
- қаржы қызметі саласында тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың лайықты деңгейін қамтамасыз ету. Қаржы қызметінің тұтынушысы қаржы ұйымының қызметін пайдаланатын және өз қаражаттарын қаржы тетіктеріне....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?