География | Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Каспий теңізінің табиғи су қоймасына жалпы сипаттама.
3. Каспийдің экологиялық мәселелері және оларды
шешудің қазіргі жағдайы.
4. Геоақпараттық жүйелерді аумақтық мәселелерді
шешу арқылы оны жақсату жолдары.
5. Каспий ГАЖ-ның алғашқы моделі және болашағы.
6. Жүйелі функционалдаудың технологиялық сұлбасы.
7. Қорытынды мен ұсыныстар.
8. Пайдаланылған әдебиеттер......

Жер шарының ғажайып табиғи су қоймасы- Каспий теңізі. Оның ескі атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар және т.б. Ол- Евразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Жалпы ауданы 376000 шаршы км. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км, қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, т.б. 50-ге тарта арал бар. Ірі түбектері: Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрыңғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп.
Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді. Құрлықтың қайраңда орналасқан солтүстік бөлігі тайыз (10-20 м). Орта тұсындағы ойпаңда тереңдігі 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң (1025 м). Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24-26ْ С, оңтүстігінде 27-28ْ С-қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, өңтүстігінде судың температурасы 10ْ С-қа жуық болады.
Каспий теңізіне 130-дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80% Еділ, 5% Жайық берсе, 5% Терек, Сулақ, Самур өзендері , 6% Кура өзені береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4% береді.
Теңізге келіп түсетін жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді.
Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, торта, көксерке, сазан, килька көп ауланады. Каспий теңізі қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Итбалық аулау ертеден жолға қойылған.Теңізде бекіре тұқымдастарының 5 түрі тіршілік етеді. Дүние жүзілік қордың 70%-ы осы Каспийде. Кәсіптік балықтардың 76 түрі кездеседі.
Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім- Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген.
Қазіргі заманның балық шаруашылығы- балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін ( бекіре, қортпа, шоқыр, пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты ( Ресейдің, Әзірбайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды.
Теңіз жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауында 3-3,5 млн. Құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді.
Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы мен флорасымен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100 астам түрі кездеседі.
Каспий теңізі морфологиялық жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің қазақстандық бөлігі- солтүстік шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солтүстік Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан географиялық орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі ( балансы) және т.б бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және Орталық Каспийге қарағанда таяз. Солтүстік Каспий бөлігінің аумағы 80 мың шаршы км. Оған келіп құятынөзендердің жылдық су ағымының жиынтығы- жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының 88 %-ін құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі ( оның ішінде омыртқасыздар- 1069, омыртқалылар- 415, паразит жануарлар- 325) тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар ( шаянтәрізділердің 60%-і, моллюскілердің 80%-і, балықтардың 50%-і ) құрайды. Каспий теңізінің балық қоры 2,9 млн. тонна болса, оның 40%-і Солтүстік Каспий бөлігінің үлесіне тиеді.
Солтүстік Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі кездеседі. Соның ішінде Қазақстанның және Ресейдің “Қызыл кітабына ” енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б бар.
Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады, 6 түрі- Қазақстанның “Қызыл кітабына ” енгізілген.
3. Каспийдің экологиялық мәселелері және оларды шешудің қазіргі жағдайы.
Каспийдің бір ерекшелігі- адам әрекетіне жиі өзгеретін климаттық жағдаймен түсіндірілетін, оның деңгейінің тұрақсыздығы. Сондықтан да теңіз деңгейін болжау, өзгерістері біркелкі емес және әртүрлі теңіз суының балансын құрайтын экстраполяция тәсілімен алынатын және үрдістердің тұрақтылығынан туындайтын ықтималды- статистикалық және климаттық (гелиофизикалық) әдістерге негізделген.
Көмірсутекпен ластану көздері- су тұрақтар, кеме шаруашылығы және мұнай шығару кешені. Бірақ, теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты жағалау шаруашылығынан жел көтерме әсерінен туындаған төгілу, бұрғылау және мұнайды тасымалдау кезіндегі авариялық жайылымдарға байланысты ластану өсіп келеді.
Жоғарыда айтылғандай, бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады.
Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жылдар аралығында Каспий теңізінің су деңгейі көтерілген. Оның себептерін ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен байланыстыруға болады. Еділ өзені теңізге құятын барлық судың 80%-ін құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл араласуы еді. Осы әрекеттердің бәрі Каспий теңізінің баырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950 жылдардағы теңіз деңгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жатқызады. Оның да себебі бар еді. Өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден 12%-ға, Жайықтан 24%-ға, ал Теректен 60%-ға төмендеген. Осы факторларды ескеріп, теңіз суы деңгейінің тежеу мақсатымен 1980 жылдары Қарабұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100 метр табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе, теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабұғазкөл елімізде тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабұғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978 жылдан бастап теңіз деңгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 метрге жуық көтерілді.
Ғалымдардың болжамы бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км. Ұзарып, су астында қалған жерлерге тағы да 1,2-2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.
Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солтүстік және Солтүстік-Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр. Су астында қалу қаупі төніп отырған кен орындарының 32-сі Атырау, ал 11-і Маңғыстау облысында орналасқан.
Судың көтерілуінен жүзден астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай-газ кешені, жүздеген елді мекендер коммуникациялық желілер, өнеркәсіп орындары су астында қалды. Барлық ластағыш заттар мен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың гектарға жетті. Кейінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процесс екені дщәлелденді.
Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы- экологиялық жағдайлар.
Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардың көлемін тарылтып, құстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тосқауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунвсы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен құстардың ұя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайып кету проблемасын туғызып отыр.
Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатқа апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып қалу фактілерін жиелетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40%-ға азайды.
Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы мұнай ұңғыларын, мұнай қоймаларын, мұнай һөңдейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады.
Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр.
Каспий экологиясы- Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий- әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі қума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5-1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1987-1990 ж. жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980-90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929-41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 жылы бұл көрсеткіш ең төмен абсолютті мөлшеріне (-29,01 м) жетті. 1978-95 ж. су деңгейі 2,35 м-ге қайта көтеріліп, 1995жылы бұл көрсеткіш -26,66 м болды.
Су деңгейінің тұрақсыздығы- климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0-12%.
Су алу зонасындағы жартылай суда тұрған качалкалар тозған құбырлармен мұнай айдауда. Мартышенский, Приморский, Прорвинский және Бузачинский тобындағы кен орындарын теңіз және тежеме көтермелі грунт сулары жартылай алып жатыр. Оларды толық су алудан үнемі жаңартылып отыратын, жергілікті материалдардан ( құм, саз, т.б ) жасалған, техника жағынан тиімсіз, жел көтерме толқындармен жиі бұзылатын бөгеттермен қорғауда.
Шығыс Көкарна, Тажығалы, Прибрежный, Пустынная, Морское кен орындары толық су астында.
Көмірсутекпен ластану көздері- су тұрақтар, кеме шаруашылығы және мұнай шығару кешені. Қазірдің өзінде, көмірсутекпен ластану деңгейінің жоғары көрсеткіші Солтүстік Каспийдің шығыс бөлігінде байқалды, онда оның концентрациясы шекті ауалы концентрациядан артық ( 0,05 мг/л) .
Каспий теңізі- ежелден балық ауланатын маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің 90%-і осында ауланады. Соңғы кездері балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін өзендерге салынған бөгеттер, судың радиациялықжәне химиялық жолмен ластануы және қаскөйліктің ( браконьерлік) етек алуы бекіренің қорын азайтуда. Сондай-ақ мұндағы қортпа, пілмайдың жылдан- жылға саны кеміп бара жатыр.
Каспий итбалығы- тек қана Каспий теңізінде ғана тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 жылы 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360-450 мыңға дейін азайған итбалықтың – 27 мыңы, 1990 жылы- 13,8 мыңы, 1996 жылы- 8 мыңы ауланған. 2000 жылдың сәуір- тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий итбалығының жаппай қырылуы- Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорологиялық және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді.
Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай- газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы, 1998 жылы Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың тонна зиянды заттар (оның ішінде 132,8 мың тонна газ тәрізді заттар, 2,3 мың тонна қатты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады.
Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы- ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады ( 2001 ). Мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумағы 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн. тоннадан асады (2001) . Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органикалық пестицидтер, аммонийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталды. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғары концентрациясы мамыр-шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануыбентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Мысалы, 1900 жылмен салыстырғанда Каспий теңізінде балық аулау 3 есеге, яғни 500-600 мың тоннадан 180 мың тоннаға дейін азайды.
Теңіз суын ең қауіпті ластаушы заттың бірі- ыдырамайтын ауыр металдар ( мысалы, мырыш, барий ). Судағы мыс пен мырыштың мөлшері 20 мкг/л ( рұқсат етілген шектен 2 есе артық ).
Атырау облысы жерінің ластануын ерекше атап өту керек. Ол, негізінен, мұнай мен газ өндіру тасымалдау, өңдеумен және қазіргі кезде 57600,0 мың тоннаға жеткен, оның ішінде 2,2 мың тоннасы- улы, ал 83,1 мың тоннасы- радиоактивті өндірістік және тұрмыстық қалдықтарға байланысты түсіндіріледі.
Шығарылатын қалдықтардың жылдық көлемі- 320057,1 тонна. Мұнай өндіруші аймақтарда мазутталған жерлер ауданы шамамен 185,2 мың шаршы метр.
Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да улкен қауіп төндіруде. Сондықтан Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет ( Әзербайжан, Ресей, Иран, Түрікменстан және Қазақстан ) Дүниежүзілік банкпен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экологиялық ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?