География | Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы

 География | Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы

Мазмұны

Кіріспе 3
I. Негізгі бөлім
1. Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы 4-7
1.1. Табиғат араша сұрайды 8-9
1.2. Мұнай мен бекіре 10-13
2. Каспий теңізі - әлемдегі ең ірі тұйық су алабы 14-17
3. Каспий теңізін сейсмикалық барлаудың зияны 18-19
4. Каспий және қазақ тағдыры 20-22
Қорытынды. 23
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 24....


1. Каспий экологиясының жалпы сипаттамасы

Каспий экологиясы – Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты. Қазаөстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий теңізі - әемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума-желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 – 1 метрге дейін ауытқып отырады. 1837 – 1990 жылы жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 жылы және 1980-1990 жыл аралығынасәйкес келетіні анықталған. 1929 – 1941 жылы су деңгейі 2 мертге төмендесе, 1977 жылы бұл көрсеткіш ең төмен абсолютті мөлшеріне (-29,01 м) жетті. 1978 – 1995 жылы су деңгейі 2,35 метрге қайта көтеріліп, 1995 жылы бұл көрсеткіш – 26,66 метр болды. Су деңгейінің тұрақсыздығы климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0 – 12%. Каспий теңізі морфология жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің Қазақстандық бөлігі-солтүстік шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солтүстік Каспий теңіздің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан географиялық орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі және тағы басқа бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және Орталық Каспийге қарағанда таяз. Солтүтік Каспий бөлігінің аумағы 80 мың км. Оған келіп құятын өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының 88%-ін құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2 мыңға жуық түрі (оның ішінде омыртқасыздар-1069, омыртқалылар-415, паразит жануарлар-325), тіршілік етеді. Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар (шаян тәрізділердің 60%-і, молюскілердің 80%-і, балықтардың 50%-і) құрайды. Каспий теңізінің балық қоры 2,9 миллион теңге болса, оның 40%-і Солтүстік Каспий бөлігінің үлесіне тиеді. Каспий теңізі-ежелден балық ауланатын маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің дүние жүзілік өнімінің 90%-і осында ауланады. Соңғы кезде балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін өзендерге салынған бөгеттер, судың радияциялық және химиялық жолмен ластануы және қаскөйліктің етек алуы бекіренің қорын азайтуда. Сондай-ақ, мұндағы қортпа пілмайдың жылдан-жылға саны кеміп бара жатыр. Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық, күтім – Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазіргі заманның балық шаруашылығы –балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты (Ресейдің, Әзірбайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 миллион балық шабақтарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 миллион бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балығы, алабұға теңіздің атырауына дейінөрістесе, қаракөз, табан, көксерке тұзды суда, ал бекіре тәрізділер судың өте тұзды жерінде тіршілік етуге бейімделген.
Каспий теңізінде екі тропиктік жүйе қалыптасқан. Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Қазақстанның және Ресейдің “Қызыл кітабына” енгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан тағы басқасы бар. Ал Каспий итбалығы – тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 жылы 1миллионнан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360-450 мыңға дейін азайған итбалықтың – 27 мыңы, 1990 жылы – 13,8 мыңы, 1996 жылы – 8 мыңы ауланған. 2000 жылы сәуір-тамыз айларында індеттен олардың қырылуы Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометереология және экологиялық жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендегенін көрсетті. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа бірігетін 945 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдіктерінің 728 түрі өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктерінен көп айырмашылығы бар. Құрлықта негізінен гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар кездеседі. Солтүстік Каспийде негізінен қамыс, мүйіз жапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбіне бекуі үшін қажет, сондай-ақ су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады.
Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оның қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы, 1998 жылы Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың тонна зиянды заттар шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен, ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы – ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 миллион газ ауада жанады (2004 ж.). мұнай кен орындарында мұнай өнімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумағы 194 мың гектар жерді алып жатса, төгілген мұнай мөлшері 1миллион тоннадан асады. Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорды органикалық пестицидтер, аммонилі азот, ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғары концентрациясы мамыр-шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде.
Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұғындардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Ресей, Иран, Түркменстан, Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҰ-ның Адамы қоршаған орта жөніндегі бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
КЭП-нің негізгі бағыттары:
1. Теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жергілікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
2. Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту;
3. Теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау;
4. Аймақта экологиялық қауіпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету.
1.1. Табиғат араша сұрайды.

Каспий өңірі экология прокупатурасының қоршаған ортаны қорғау заңдылықтарын қолдану барысына жүргізген тексерулерінің қорытындысына сүйенетін болсақ, еліміздің батыс өңіріндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық күйде қалып отыр. Орын алып отырған заң бұзушылықпен олқылықтарды сипатына қарай жіктесек, олар табиғатты пайдаланушылардың өз жұмыстарын жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының талаптарын орындамайтындығы, соның салдарынан табиғи ортаның сапасын нормалауға қойылатын негізгі принциптердің бұзылатындығы, нормадан артық ластайтын заттар шығару мен тастау жағдайларының қалыпты дағдыға айналуы, қоршаған ортаға төленетін төлемақылардың мезгілінде төленбеуі, табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбау тәрізді кемшіліктермен сабақтасып жатады.
Қоршаған ортаның ластануына мұнай өндіру мен өңдеу саласындағы мекемелер соның ішінде атақты Теңіз кешенінің тигізіп отырған залалы шаш етектен. Бұл мекемелердің облыстағы қоршаған ортаның ластануына бірден бір әсерін тигізетін зиянды заттар бөлуі 56,8% құрайды. Бір ғана Теңізшевройл ЖШС 1996 жылы 5 миллион тонна мұнай өндіргенде ауаға 28222,56 тонна зиянды заттар тараған.
Солтүстік Каспий теңізінде бұрғылау жұмыстарын жүргізген ОКИОК компаниясы да қоршаған ортаны қорғау заңдарына қайшы әрекеттерге жол беріп келген. Яғни компанияда Қазақстан Республикасы «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 38- бабының талаптарына сәйкес зиянды заттар тастайтын белгіленген лимиттер шегінің жобасы жасақталмаған. Заң бұзушылық экология прокуратурасының ұйғарынан кейін түзелді. Осы жерде тиісті орындардың қаперіне сала кететін бір жайт бар. Келешекте Каспий теңізінің Солтүстік бөлігіндегі бұрғылау жұмыстарына талаптарына сай тексеру жүргізіп отыру үшін бақылаушы органдарды осы заманғы соңғы үлгілермен жабдықталған зерттеуханамен қамтамасыз ету қажет. Мұның өзі теңіз суының тазалығы мен ластанбау жағын әрдайым қадағалап отыруға мүмкіндік берер еді.
Батыс өңірінің бірден бір баға жетпес байлығы балық болып табылады. Сол себептен де күні бүгіндері балық уылдырық бизнесінің кең көлемде өріс алып, үлкен табыс көзіне айналып отырғаны жасырын емес. Өкәнәшке орай балық қорғау органдарының бұл бағыттағы жұмыстары жеке дара балық аулап жүрген немесе базарда балық сатып жүрген адамдарды ұстаумен ғана шектелуде. Ал балық аулау төңірегінде ұйымдасқан қылмыстар ашылмай, тасада қалумен келеді. Құқық қорғау органдарының алдында тұрған өзекті міндеттің бірі жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес жүргізу екені екінің біріне мәлім. Бірақ ол құқық қорғау органдарындағы жауапкершіліктің төмендігінен өз деңгейінде қолға алынбай отыр. Экология прокуратурасы бұл салады да тексеру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті атқару органдардың шешімдеріне байланысты 5 ұйғарым, 2 наразылық келтірді, прокуратураның қаулысымен 3 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

1.2. Мұнай мен бекіре.

Бағдарлама бойынша экспедицияның алғашқы күнінде “Каспий: болашақ үшін әріптестік” және “Каспий: 3-ші мыңжылдықта” атты тақырыпта өтетін конференцияға Каспий теңізінің проблемаларының жетік білетін бірқатар ресейлік саясаткерлер мен ғалымдар қатысуы жоспарланған еді. Өкінішке орай, белгілі себептерге байланысты олардың көпшілігі қатыса алмады. Сондықтан болар, сөз алған ғалымдар мен эколог-сарапшылар саясаттан гөрі, Каспий теңізінің қазіргі және болашақтағы экологиялық жағдайына көбірек тоқталады.
Қарт теңіздің геосаяси және экономикалық мүмкіндігі бүгінде әлем назарын аударып отыр. Мұнай мен газ конденсаты қоры жағынан оған тең келетін аймақ жоқ. Келешекте Каспий атырабы мұнай мен газдың орталығы ғана емес, алып өндіріс орындары молынан шоғырланатын аса ірі өндірістік орталыққа айналды. Соның арқасында теңізт жағалауындағы 5 мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өсіп өркендеуі едәуір жақсарды. Бұл несібеден сол жағалауда тұрып жатқан тұрғындар да құр қалмайды. Өйткені, 1,7 миллионға жуық қазақстандықтың, 3 миллионнан астам ресейліктің өмірі мен күнкөріс тіршілігі Каспий теңізімен тығыз байланысты.
Эколог – ғалымдар мен сарапшылардың Каспий теңізінің экологиялық жағдайына алаңдатушылық білдірулері жайдан-жай емес. Енді бірер жылдан соң теңіз қайраңынан жаппай мұнай өндіру басталады. Мұнай тиеген танкерлер ары-бері жүзеді, биік мұнаралар қатары еселеп артады. Жағалауында құбырлар тартылып, алып өндіріс орындары бой көтереді. Оған мұнай өндіру, оны өңдеу процестері кезінде шығатын қалдықтарды, .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?