Экономика | Кеден қызметінің ақпараттық жүйесін құру

 Экономика | Кеден қызметінің ақпараттық жүйесін құру

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1. Кеден қызметі туралы сипаттама 6

2. ТАЛДАУ БӨЛІМІ
2.1. Пәндік аймақты сипаттау 14
2.2. Ақпараттық қамтамасыздандыру сипаттамасы
2.3. Жүйе компоненттеріне қойылатынталаптар

3. ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ
3.1. Есептің қойылымы
3.2. Жобаланатын ДБ сипаттау
3.3. Бағдарлама терезелері
3.4. Бағдарламалық қамтамасыздандыру
3.5. Техникалық қамтамасыздандыру
3.6. Эргономикалық қамтамасыздандыру
3.7. Лингвистикалық қамтамасыздандыру

4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4.1 Экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР......


1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Кеден қызметі туралы сипаттама

Қарағанды облысы, Шет ауданының кеден істерін жүргізу органы аудан бойынша қызмет етеді. Бұл бөлімше Карағанды облысы, Шет ауданы әкімиат аппаратының еншісіндегі ұйым болып табылады. Ұйымның қызметі көбінесе құжаттаманың әр қилы жүйелерінде көрініс табады, бірақта әлде қайда кең тараған ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттар болып табылады, олар басқарма органдарының атқарушы және өкімдік қызметінде қолданылады. Бұл бөлімшенің негізгі қызметтері болып кедендің өңдеулер және кедендік бақылау табылады.
Кедендік өңдеу – белгілі бір кедендік редим арқылы тауарлар мен транспорттық құралдарды орналастыру мақсатында әрекеттерді жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Өкімі «Кеден істері туралы» талаптарымен сәйкес осы режимнің аяқталуы.
Қарағанды облысы, Шет ауданының кеден істерін жүргізудің негізгі әдістері болып:
 мамандарды, сарапшыларды қатыстыру;
 тауарлар мен транспорттық құралдардың бірегейлендіруін жүзеге асыру;
 заңды тұлғалардың қаржылы–шаруашылық қызметтерін тексеру.
Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесіне төмендегілер кіреді (Сурет 1):
 орталықтандырылған кеден органы;
 аймақтар бойынша кедендік басқармалар;
 кедендер;
 кедендік тұрақтар;
 Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы бақылаушы–жіберуші бөлімшелері.
Қарағанды облысы, Шет ауданының кеден істері бойынша органы заңды тұлға болып табылады және өзінің құқықтары бойынша қызмет етеді. Бұл орган орталықтандырылған кеден органына бағынышты болып табылады. Кеден органының құрылымы көпдеңгейлі болып табылады.
Тауар ретінде ҚР кедендік шекарасы арқылы өтетін, сонымен қатар жеке тұлғалардың тауарлары багаждарға сүйемелдемей, халықаралық пошталық жіберу және жүк арқылы өтетін тауарларды және көлік құралдарды кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдарды тәртіп және мөлшерін ҚР Үкіметі белгіленген түрде төленеді.
Кедендік ресімдеуді дайындау орны мен уақыты кедендік іс бойынша нормативтік құқықтық акт арқылы анықталады.
Тауарларды кедендік қоймаларда және уақытша сақтау қоймаларда сақтау (олардың иелері ҚР органдары болып табылатын) үшін ҚР Үкіметінің белгіленген кедендік алымдары ставка бойынша төленеді.
Ал жеке тұлғалардың тауарларын кедендік қоймаларда және уақытша сақтау қоймаларда сақтау үшін кедендік ісінің сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардың өкіліне келісілген мөлшерінде алымдар төленеді.
Кедендік тариф – ҚР кедендік территориясы бойынша әкелетін және бұл территориядан шығаратын (ҚР сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлық номенклатурасына сәйкес жүйелендіру және топтастыру) тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкасының жинағы [4, б.13].
Кедендік баж ставкалары ҚР Үкіметі белгілейді, олар бірыңғай және өзгертулер енгізуге жатпайды, сонымен қатар, олардың ресми жарияланғаннан кейін отыз күн өткен жағдайда күшіне енеді.
Қай мемлекеттен шыққаны туралы белгіленбеген тауарлар жөнінде кедендік баждың келу ставкасы екі есе өседі.
Тауар ретінде ҚР кедендік шекарасы арқылы өтетін, сонымен қатар жеке тұлғалардың тауарлары багаждарға сүйемелдемей, халықаралық пошталық жіберу және жүк арқылы өтетін тауарларды және көлік құралдарды кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдарды тәртіп және мөлшерін ҚР Үкіметі белгіленген түрде төленеді.
Кедендік ресімдеуді дайындау орны мен уақыты кедендік іс бойынша нормативтік құқықтық акт арқылы анықталады.
Тауарларды кедендік қоймаларда және уақытша сақтау қоймаларда сақтау (олардың иелері ҚР органдары болып табылатын) үшін ҚР Үкіметінің белгіленген кедендік алымдары ставка бойынша төленеді.
Ал жеке тұлғалардың тауарларын кедендік қоймаларда және уақытша сақтау қоймаларда сақтау үшін кедендік ісінің сұрақтары бойынша мемлекеттік органдардың өкіліне келісілген мөлшерінде алымдар төленеді.
Кедендік органдардың кедендік қоймалар мекемелеріне, бос қоймаларына, уақытша сақтау қоймаларына, алымсыз сауда дүкендеріне, кедендік тасымалдаушы ретінде қызметін іске асыруға лицензия берілуі ҚР Үкіметінің белгіленген ставкасы бойынша алымдар төленеді.
Кедендік брокер, кедендік ресімдеу бойынша квалификациялық аттестат маманы ретінде қызметін іске асыруға құқығына лицензия берілуі ҚР Үкіметінің белгіленген мөлшерде алымдар төленеді.
Кедендік органдардың кедендік қоймалар мекемелеріне, бос қоймаларына, уақытша сақтау қоймаларына, алымсыз сауда дүкендеріне, кедендік тасымалдаушы ретінде қызметін іске асыруға лицензия берілуі ҚР Үкіметінің белгіленген ставкасы бойынша алымдар төленеді.
Кедендік брокер, кедендік ресімдеу бойынша квалификациялық аттестат маманы ретінде қызметін іске асыруға құқығына лицензия берілуі ҚР Үкіметінің белгіленген мөлшерде алымдар төленеді.
«Кеден ісі туралы» Заңның 149 бабына сәйкес кедендік баждарды салудан босатылады:
1) Көлік құралдар, жүктерді, багаждарды және жолаушыларды халықаралық тұрақты жеткізу іске асырылады, сонымен қатар материалдық – техникалық жабдықдау заттары және жабдықтары, отын, азық-түлік және басқа да мүліктерді жол жүру уақытысында пайдалану үшін қажеттілігі, аралық аялдама пунктерінде немесе жол апатында (сынған жағдайда) жою мақсатында шекарада сатып алынған қажетті көлік құралдары.
2) Материалдық – техникалық жабдықтау заттары және жабдықтары, отын, азық-түлік және басқа да мүліктерді қазақстандық өндірістік қызметтерін немесе қазақстандық кәсіпорындарымен жалдаған (арендаға алған) және теңіз кәсібімен басқаратын кеме ұйымдарын қамтамасыздандыру үшін ережеден тыс ҚР кедендік территориясының шегінен тысқары шығару, сонымен қатар ҚР территориясына әкелетін өнімдердің кәсібі.
3) Ұлттық валюта, сонымен қатар ҚР заңнамасына сәйкес құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, коносаменттер, варранттар, ипотекалық куәліктер, қоймалық коносаменттер «Бірыңғайлау астық варант» және т.б. құжаттар).
4) Тауарлар, акциз астыдан басқа, ҚР кедендік территориясына әкелу немесе гуманитарлық көмек ретінде сол территориядан шығару. Сонымен бірге акциз астындағы тауарлар тізімдері салық заңнамасы арқылы анықталады. Гуманитарлық көмек ретінде ресімдейтін тауарларды кедендік органдарға кедендік баждардан босату үшін келесі құжаттар беріледі:
 көлік және (немесе) тауар жолдамаушы құжаттары және (немесе) елшілік үйінің (посольства), консулдың немесе тауар әкелу статусын көрсететін халықаралық ұйымның өкілінің растауы;
 тауарларды өтеусіз тасымалдауды растайтын құжаттар (соның ішінде шет тілінде жасалған болса);
 тек қана өмір жағдайын және халықтың тұрмысын жақсарту үшін тауарларды пайдалану мақсаты туралы алушының міндеттерін ҚР территориясына келетін «Тауарларға салық қолдану арқылы үстеме құны мен акциз тәртібі туралы» нұсқаудың 4 қосымшасындағы форма бойынша толтыру. Бұл нұсқау 1999 жылы 14 сәуір айында № 243 ҚР Мемлекеттік Қаржы Министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген.
5) ҚР кедендік территориясына келетін тауарлар (акциз астыдан басқа). Немесе сол территориядан мемелекеттік, үкіметтік, қайырымдылық көрсету мақсатымен өтеусіз көмек ретінде (техникалық көмек көрсетуді қосқанда) халықаралық ұйымның жол бойы арқылы шығатын тауарларды айтады. Мұндай жағдайда кедендік органдарға төмендегілерді таныстыру қажет:
 көлік және (немесе) тауар жолдамаушы құжаттары және (немесе) елшілік үйінің (посольства), консулдың немесе тауар әкелу статусын көрсететін халықаралық ұйымның өкілінің растауы;
 қайырымдылық көрсету мақсатында тауарлардың келуін белгілейтін келісім;
 бағдарламаға сай техникалық көмек ретінде келетін тауарлар;
 жоба (техникалық көмек бойынша келісім шарт), олрадың орындалуы үшін тауарларды тапсырады. Сонымен бірге техникалық көмек арқылы бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылайтын кедендік органдары ҚР Мемлекеттік Қаржы Министрлігінің Кедендік комитетіне қажетті ақпарат береді. ҚР Мемлекеттік Қаржы Министрлігінің Кедендік Комитеті ҚР заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеуді қамтамасыздандыру үшін жобаларға қол қою туралы ҚР кедендік органдарына дер кезінде хабарлама жіберу.
ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген кедендік сүйемелдеу үшін кедендік алымдардың сомасын есептеу айлық аралығындағы есептеу көрсеткіштеріне тәуелді шығарады.
Сурет 1. Қазақстан Республикасы кедендік органдар жүйесі

Берілген кеден органында «Кеден ісі туралы» Заңның 109 бабына сәйкес ұйымда келесі түрде кедендік төлемдер орындалады: кедендік баж, ҚР кедендік органдарының лицензия берудегі алымдары, кедендік ресімдеу бойынша маманға квалификациялық аттестат беру, кедендік ресімдеудегі кеден алымдары, тауарларды сақтаудағы кеден алымдары, тауарларды кедендік сүйемелдеудегі кеден алымдары, бастапқы шешімді қабылдау кезінде төлем ақы.
Кедендік басқармалар мен кедендер заңды тұлға болып табылады және Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілетін қатынастар негізінде қызмет етеді. Кедендік бекеттер және бақылау–жіберуші бекеттер заңды тұлға болып табылмайды және орталықтандаралғын кедендік органдарының бекітілуі бойынша кедендік мәселелер сұрақтары бойынша мемлекеттік міндетті органдарымен бекітілген нұсқаулар негізінде әрекет етеді. Кедендік басқармалар мен кедендердің құрылуы, қайта ұйымдастырылуы және жойылуы Қазақстан Респбуликасының Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Кедендік бөлімдер міндетті түрде жоғары тұрған кедендік органдарға бағынады. Кедендік бақылау бойынша департаментіне келесі қызметтік ішкі жүйелер сипатты:
1) заңды және жеке тұлға құжаттарын өңдеу;
2) түсімдер мен төлемдерді тіркеу;
3) құжаттық тексерістер;
4) нормативті–құқықтық құжаттарды жүргізу.
Қарағанды облысы, Шет ауданының кеден істерін жүргізу органы құрылымына жатады: директор, директор орынбасары, тексеру бөлімі, кедендік бақылаумен басқару, кедендік басқармағы ұйымдастыру бөлімі, жеткізуді бақылау бөлімі, кедендік өңдеулерді бақылау бөлімі, кедендік қорғауды бақылау, кедендік төлемдер бөлімі (Сурет 2).
Кедендік орган қызметі мынандай қағидаларда құрылады:
 заңдылық;
 кедендік іс ортасында сртқы экономикалық және басқа қызметтер қатысушыларының құқықтарын құрметтеу және қадағалау, заң алдында қорғау мен теңдік бойынша құқықты қамтамасыздандыру;
 басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесулер.
Аудандық кеден қызметін зерттеу барысында жұмысының тиімділігінің жоғарылауы үшін ақпараттық жүйенің концепциясының негізін құраушы келесі негізгі мақсаттары анықталды:
 тиімді кедендік саясаттың жүзеге асырылуы;
 мемлекеттің басқа да органдарымен бірге ҚР кедендік қызметінің бекітілуі.
Тиімді кедендік саясаттың жүзеге асырылуы келесі есептердің шешілуін анықтайды:
 кедендік төлемдерді жинақтауды кеңейтуді жүзеге асыру;
 кедендік органдардың барлық ұйымдастырушылық деңгейлеріне тиімді және тізбекті басқарманы қамтамасыздандыру;
 аудан кедендік заңнамалықтарының орындалуы бойынша кедендік бақылау тиімділігінің жоғарылауы;
 кедендік үрдістерді жүзеге асыруда бақылауды жақсарту;
 сртқы сауда статистикасы мен арнайы кедендік статистиканың құрылуы;
 заңсыздықтармен күресті ұстану және кедендік ережелерді бұзушылықпен күрес;
 өз компетенциясының шегінде кедендік–банктік валюталық бақылауды жүзеге асыру.
Кеден қызметін модернизациялау бағдарламасына сәйкес кеден қызметінің аймағындағы қызметтерде авто арқылы тасымалданатын жүктердің кедендік өңдеуден өткізу үшін арнайы бөлімше құрылады, сонымен қатар олар жеке тұлғалардың өзіндік жүк машиналарымн және жеке жүктерді де өңдеуден өткізу қажет.
ҚР кедендік территорясынан өтетін тауарларды (дамушы немесе дамыған елдерден шыққан) ҚР преференция ұлттық жүйесін қолдану арқылы төмендетілген ставка бойынша кедендік баж салынады. Ал ҚР кедендік территорясынан өтетін кейбір тауарларды ҚР преференция ұлттық жүйесін қолдану бойынша кедендік баж салудан босатылады.
ҚР кедендік тариф бойынша преференция дамушы немесе дамыған елдерден шыққан тауарларға келесі міндеттерді бір уақытта орындаған жағдайда беріледі:
 қажетті формадағы тауарлардың шығу сертификаттың түпнұсқасын кедендік органдарға тапсыру;
 тікелей сатып алу шартын орындау, сонымен бірге тауар тікелей сатып алынған ретінде қарастырылады;
 тікелей жеткізу шартын орындау, мұнда Қазақстан Республикасына елден (тарифтік преференциалды режимін қолдану бойынша) тікелей тасымалдау арқылы тауар жеткізілімі болып табылады.
ҚР кедендік территориясына келетін және Тәуелсіз Мемлекет Достығы (ТМД) елдерінен шыққан тауарлар үшін ҚР кедендік одағымен немесе еркін сауда жасау зонасымен құрылған ҚР кедендік тариф ставкасы бойынша преференциясы «СТ-1» формасындағы тауарлардың шығу сертификаттың түпнұсқасын, сонымен қатар басқа құжаттарды (қауіпсіздік және сапа сертификаты, есеп фактурасы, өнімнің паспорты, тауар тасымалдауыштың жүк құжаты) кедендік органдарға тапсырған жағдайда ғана беріледі.
Тауарларды кедендік ресімдеу кезінде кеден алымдары ҚР кедендік органдары кедендік декларацияны қабылдаған күні немесе дейін төленеді. Кедендік ресімдеу үшін кеден алымдарын төлемдеріне мерзімін ұзартуға немесе несие беру мүмкіншілігі берілмейді.
Кедендік төлем әрі ҚР валютасы арқылы төленеді, әрі ҚР Ұлттық банктің курсы бойынша бағаланатын шетел валютасымен де. ҚР Ұлттық банктің курсы бойынша шетел валютасын теңгеге айналдыру мына жағдайда болады:
 кедендік декларацияны қабылдаған күні;
 кедендік төлем үшін төлеу күні, кедендік ресімдеу және кедендік органдарға декларацияны көрсетумен байланыспаған төлем.
Кедендік төлемді төлеуші тауарларды тасымалдайтын тұлға болып табылады. Төлеуші кедендік органдар алдында дұрыс есептеу және кедендік төлемді дер кезінде төлеу міндетті.
Тауарларды қоймада сақтау үшін кедендік алымдарын төлеу қойма территориясынан тауарлардың шыққан күннен бастап есептеледі.
Кедендік әкімшілдендірудің нысандары мен әдістері жақсару үстінде. Тәуекелдерді талдау және басқару жүйесі енгізілуде. Кедендік құнды кедендік бағалаудың халықаралық стандарттарына сәйкес айқындауға, жеңілдіктер мен преференцияларды ұсыну заңдылығына бақылау жүргізілуде, тарифтік және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылуда. Үкіметтің қаулыларымен ақпараттың ресми көздері ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін негізгі тауарларға бағалық каталогтар бекітілді, бұл кедендік құнды төмендету фактілерін болдырмауға ықпал етеді, құны өндірушіден, брендтен және басқа да құрамдастардан өзге спецификалық түрдегі тауарларға бақылауды жеңілдетеді.
Қарағанды облысы, Шет ауданы бойынша кедендік бақылау органы қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі кадр саясатын жетілдіру болып табылады. Кеден органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Кадрлармен жұмыстың басымды бағыттары айқындалған, оларға біліктілік талаптар белгіленген, ар-ождан кодексі, Кеден органдарының декларациясы және басқалар бекітілді.
ҚР кеден туралы жалпы қойылымында алпыстан астан астам қызметтер тіркелген. Алайда Қарағанды облысы, Шет ауданының кеден істері органы кішігірім аймақтық болғандықтан осы аймақ бойынша рұқсат етілген қызметтер қатары келесідей:
 аймақтық кедендік шекара арқылы тауарлардың және транспорттық құралдардың өтулері барысында кедендік режим аймақтарында ішкі ведомствалық заңдарды дұрыс қолданудың қамтамасызданыру;
 кедендік өңдеулер мен бақылауларды жүзеге асыру, соынмен қатар кедендік бақылаудағы тауарлар мен транспорттық құралдардың жеткізілуін бақылау және кедендік органмен анықталатын құжаттарды жүргізу.
Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін кеден органы кең басқармашылықпен қамтамасыздандырылған:
 өз компетенциясында нормативті емес құқықтық актілер жіберу;
 басқа формаларда кедендік бақылауларды жүргізу, сонымен қатар бақылау барысында барлық немесе тек жеткілікті формаларды қолдану;
 тауарлардың шығарылуынан кейін және транспорттық құралдарға кедендік бақылауды жүзеге асыру және сртқы экономикалық байланыстар қатысушыларының экономикалық қызметтерін тексеру;
 кедендік ережелерді бұзушыларды жауапқа тарту.
Кедендік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі кедендік органдардың бақылаушы, есептік және статистикалық ққызметтерін автоматтандыру үшін арналған және келесідей мәселелерді жүзеге асыруы қажет:
1) Шет ауданы бойынша сыртқы сауда кедендік статистикасын жүргізу;
2) Аудандық сыртқы сауда бойынша деректерді жүргізу;
3) Ішкі транзитті бақылау;
4) ҚР әрекет етуші нормативті актілері бойынша электронды анықтамалардың кедендік органдарын қамтамасыздандыру;
5) Мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдердің дұрыс есептелуін қамтамасыздандыру;
6) Тауарлардың уақытша шығарылуы мен ендірілуін кедендік бақылау;
Сурет 2. Қарағанды облысы, Шет ауданының кеден істерін жүргізу органы құрылымы

Аудандық кеден органының бастығы аймақтық кеден істерінің органдарының төрағасымен қызметке алынады және қызметтен босатылады.
Орган бастығының орынбасары, бас бухгалтер және кедендік төлем бөлімінің бастығы аймақтық кеден істерінің органдарының төрағасымен .....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?