Тарих | Кенесары ханның халық ауыз әдебиетіндегі бейнесі
Мазмұны
Кіріспе
1. «Алашта талай¬---талай ерлер өткен,
Ерлерден Кенекеме кім бар жеткен?!»
2. Кенесары – ақын – жыраулар шығармашылығында.
3. Кенесары ---Нысанбай жырларында.
4. Кенесары көтерілісі жайлы қазақ фальклорындағы деректер.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі....
«Алашта талай¬---талай ерлер өткен,
Ерлерден Кенекеме кім бар жеткен?!»
Ерсіз ел --- тарихсыз ел. Міне, біз осындай елге, тексіз тобырға айналудың аз –ақ алдында тұрғанда, Алланың мейрімімен ғасырлар бойы көксеп, тынбай күресіп қолымызды жеткізе алмай келе жатқан тәуелсіздік нұрына қалай малынғанымызды сезбей де қалдық.
Арыстарымыз ақталды. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды. Бабаларымызды қалай дәріптесек те ешкім қой демейтін заман туды.
Бұл еңбекте әдеби және архив деректерінен басқа фольклорлық деректер де – оқиғаға қатысқандардың тарихи өлеңдері, әңгімелері және олардың естеліктері сондай –ақ қзақ фольклорның жинаушылар әрі соның білгірлері, атап айтқанда , Ж.Көпеев, Ә.Диваев, О.Шипен,
Ф.Муқанов және басқалар әр кезде жазып алған халық мәтелдері, мақалдары және өлеңдері пайдалалынды./1/
Осы еңбектер пайдаланылған негізгі фольклорлық деректерді сипаттауға көшпес бұрын принциты маңызы ба бір үлкен мәселеге, атап аитқанда — тарихи дерек ретінде тұтас алғанда фольклор туралы мәселеге және оны ғылыми пайдалану әдістеріне қысқаша тоқтала кетеиік. Қазақыстан тарихын зерітеу кезінде аса маңызды дерек ретінде маңызы айрықша зор. Мұның бұлай болатын себебі, хіх ғасырдың екінші жартысына деиін қазақ халқының жазба әдебиеті болмады. Сондықтан тарихи ірі оқиғалар ұрпақтан — ұрпаққа жеткізліп отырған халықтың ауызша шығармашлығы дастан, өлең, қисса, батырлар жыры, ертегі, аңыз және т. б. арқылы қазақ халқының есінде сақталғн./2/ Осы фолькрлық материалдарда қазақтардың қоғамдық және әлеуметтік құрылысы, тұрмысы мен әдет-ғұрпы және, ақырында, халықтың өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғалар айқын бейнесін
-------------------------------
1. Д. Жамбылов. «Тәуелсіздік және сана» А., 1999. 152 бет.
2. Ж. Қасымбаев. «Кенесары хан.» А., 1993. 48-49 беттер.
тапқан. Фольклорлық материалдың маңызы сонда, ол тарихи оқиғалар мен жеке адамдарға дәл және көбнесе дұрыс бағасын береді, себебі тарихты жазушы және суреттеліп отырған оқиғалардың тікелей қатысушысы халықтың өзі болып табылады. /1/
Қазақ фольклорын егжей-тегжейлі сипаттап жатпай-ақ айта кететін бір нәрсе: сан алуан оқиғалардың бірін қалдырмай байяндайтындықтан, талайлардың атын атап, түсін түстеп беретіндіктен, ішіне қилы деректерге толы болатындықтан бұл фольклор дегеніміз тарихшы үшін, әсіресе қоғамдық қатынастар саласын зерттеейтіндер үшін шын мәнінде баға жетпес қазына. Фольклордың өзіне тән негізгі ерекшелігі --- оның сапа және таптық жағынан біркелкі болып келмейтіндігін, онда тарихи шындық пен поэтикалық қиал және аудармашының жорамалы болатынын, әсіресе бірнеше ғасыр бұрын айтылып, талай рет ауыздан –ауызға көшкен болса әр түрлі жыраулар мен жыршылар өз жандарынан қосатын қосымшалардың мұндай фольклордан орын алатынын бір сәтке де естен шығармау керек. Соның өзінде жырдың авторыда және оны айтушы да оқиғаларды өздерінің таптық және саяси көзқарастарына орай құбылтып отырады. Нақ осы себептен, фольклорлық материалды зерттеу кезінде оның таптық сипатын, мүмкін болса оның авторының немесе орындаушысының кімдер болғанын анықтап алу аса маңызды шарт болып табылады./2/ Мысалы, Кенесарыны «кедейлердің» көсемі болды деген көптеген өлеңдер бар. Бір өлеңде тіпті: «Кенесары үйсіздер үшін баспана, күйсіздер үшін шын пана» еді деп те жырланады. т. б. с. Мұндай мінездемені сын көзбен қарамай қабылдай салу кедей шаруалардың жарлы – жақыбай көсемі емес, ірі феодал болған Кенесары жөніндегі түсінікті мүлдем бұрмалап жіберер еді. Бірқатар өлеңдер Кенесары
---------------------------------------
1. Е. Бекмаханов « Қазақстан 19 ғ 20-40 жылдарында» А,.1994 69 б.
2. Бұл да сонда . 70 бет.
мен оның серіктерін көрінеу асқақтата мадақтайды, көтерілісшілер қосынындағы таптық қайшылықтардың тігісін жатқызып жібереді.
Кенесары – ақын – жыраулар шығармашылығында.
Жырда ертегілерде айтылатын, өмірде болмайтын таңғажайып істерді қосу әсіресе кең тараған. Тарихта ешқашан болмаған іс айтылады: Кенесарының бүкіл әскері қырылып, өзі жалғыз қалады да тау басындағы қамалға бекінеді сонда:
«Қамалға қанша оқ атса зеңбірекпен
Ол оқтар соғылып кері кеткен---
Өздерін атқандардың мерт еткен».
Фольклорлық шығарманың бәрінде дерлік кездесетін осындай өсіріп айтуларға қалай қарау керек екені түсінікті. Алайда осылай екен деп бұл шығармаларды көңіл аударуға тұрмайтынға санап, бастан – аяқ елемеу одан да үлкен қатеге ұрындырады. Өйткені мұндай жырларда ертегі — аңыз бейнелер мен қатар көтерілісшілер қарсы күрескен сипаттама беріледі, қазақ халқын тұншықтырған бір ғана патша жаулап алушылары емес, сонымен бірге
« Байлар сатты қазақтың азаттығын,
Байлар генералмен жаласты ауыз,
Патшадан сыйлық алып болды жауыз».
Зерттеушінің аса маңызды міндеті шындықты қиялдан ажыратып қана қоймай, сонымен бірге фольклорлық материалдарды хабарланатын фактілерді мүмкіндігі болғанша тексеру, оларды архивтік және әдебиеттік деректермен салыстыру./1/ Жекелеген өлеңдердің әр түрлі нұсқауларын салыстырып, олардың о бастағы текісін табу да сондайлық қажет. Біз нақ осылаи еттік, мысалы, Кенесары көтерілісіне қатысқан ақындар Нысанбай мен Досқожаның өлеңдерін салыстырып
---------------------------------------------------------------------------
1. Е. Дүйсенбай « Хан Кене.» А ., 1993. 34-35 беттер.
шықтық. Ақырында, фольклор материалды бағалағанда оның өзіне тән сипатын ескеру керек. Айталық, өлең мен поэманың суреттейтін оқиғасының дұрыстығының дәрежесі көтерілісті көзімен көрген және оған қатысқан адамдардың аузынан жазылған әңгімелердің дұрыстығы дәрежесінен төмен болады; ал мұндай әңгімелерді түп қазық деректер болып табылатын мемуарлық материал ретінде күмәнданбай қарау ләзім.
Бертіндегі кезеңге қатысты фольклорлық материалдарға, әсіресе сын көзбен қарау керек болды. Бұл жырларда көбінесе Қазақстанның өткендегі өмірі асыра дәріптеледі, жеке бір адамдар жер көкке сыйғызбай мақталады, хан мен халықтың мүддесі бір етіп көрсетіледі. Мұндай жырлардың көпшілігі; бір жағынан, өз феодалдары тарапынан, екінші жағынан, патша отаршыларының --- екі жақты езгінің қысымында қалған қазақтар Қазақстанның өткен шағына көз тігіп, сол бір шақ қазақ халқы үшін қой үстіне бозторғай жүмыртқалаған заман еді–ау деп ойлағандарында өмірге келген жырлар болатын./1/Сондықтан қандай да бір ақын -- жырау Кенесары сиақты елге белгілі адамның қызметін өз жырына арқау етіп алды дегенше мадақтай, мақтай жөнелері хақ.
Кенесары мен Наурызбайға арналған тарихи жырлар мен дастандардың ішінде Нысанбайдың «Кенесары туралы жырының »
шоқтығы биік./2/ Бұл жырдың авторы жөнінде егжей – тегжейлі мәлімет жоқ. Нысанбайдың өзі туралы айтқандары ғана белгіл:
«Нәсіл затым сұрасаң,
Ашамайлы керейтпін...
Он бес жасқа келген соң
Кенесары --- Наурызбай
Төрені іздеп келгенмін
1. Қазақстан тарихы 3 том , А,.2002 .344-345 бетер.
2. Ж. Қасымбаев « Көтерілістің көзден таса беттері» А.,1993 38 бет.
Кенесары ---Нысанбай жырларында.
Көтеріліске қатысушы Нысанбай Кенесарының қырғыз манаптарымен күресін егжей – тегжейлі суреттейді және Кенесарының өзінің қалай қаза тапқанын баяндап береді.
Жырда қазақ қоғамының ішкі жай – күйі нанымды көрсетілен, ел ішінде бірліктің жоқтығы, ру араздығы, барымта бар екендігі айтылады. Кенесарының біріңғай қазақ мемлекеті болуын көксеген идеясы Нысанбай жырында мына сөздермен келтірілген;
«Ойда Қоқан, қырда орыс,
Хакім болды қаласы.
Кімнен таяқ жегендей
Біздің қазақ баласы,
Алдырып жүрген дұшпанға
Өзді -- өзінің аласы»/1/
Жырда жекелеген маңызды тарихи оқиғалар да дұрыс баяндалған. Мысалы, Кенесарының қырғыздармен келіссөз жүргізу үшін Жеке батырды бас етіп өзінің өкілдерін жіберуі, Кенесарының шабуылдан келе жатқан жауға қарсы бірлесіп күресу үшін бірігейік деп қырғыз манаптарына үндеу тастауы. Жеке батыр жөнінде және қырғыз манаптарының көтерілісшілерге көзқарасы жайында Нысанбай былай дейді;
«Он екі кісі жіберді
Жеке батыр ерімен,
Бізге қоныс берсін деп
Қоқидың шалғын көлінен.
Екі ай жатты тұтқын боп
Жанқараш, Жантай бегінен». /2/
1. Е Бекмаханов .« Қазақстан 19 ғ 20-40 жылдарында» А,.1994. 70 б.
2. Бұл да сонда. 71 бет.
Қазақстанның оңтүстігінде және Қырғызстанда, міне, осындай жағдай қалыптасқан еді. Кенесарының Орта жүзде өзіне жаңа қолдаушылар табатынын және оның іс – қимылы Орта жүз аймағын өзіне қосып алуға кедергі жасайтынын түсінген орыс үеіметі Кенесары қозғалысын тұншықтырып тастауға барынша тырысып бақты. Сол үшін өздері ұнататын әдісті – қырғыздарды қазақтарға айдап салуды, яғни патшалы – крепостниктік құрылыстың ұлттық саясатына тән әдісті пайдаланды. Бірақ күресті жалғастыру үшін тек қана Ұлы жүз қазақтарының көмагі аздық ететінін түсінген ол, енді Алатау қырғыздары мен қазақтардың күшін біріктіруді ойлады. Кенесарыға шынында қырғыз халқының көмегі қажет еді. Ұлы жүзге өту кезінде оның әскерінің құрамын толықтыратын және материалдық көмек беретін өз қарамағындағы ауылдардың бір бөлігінен айрылған болатын./1/ Бұл ауылдар бірқатар жағдайға байланысты бәрі бірдей Кенесарыға ере алмады. Сонымен бірге шегінген кезінде Кенесары өз әскерінің бір бөлігінен айрылған –ды. Оның күресінің ең соңғы күніне дейін Кенесарының қасында болған ақын Нысанбай өзінің дастанында туысқан қырғыз халқынан көмек сұраған Кенесары былайша толғанып еді дейді;
Солтүстікте орыс бар
Жеріңмен берсең малыңды,
Балаңды берсең солдатқа,
Отыратын қоныс бар,
Күншығыста шүршүт бар
Адам жейтін аюдай...
Оңтүстікте қоқан бар
Қатын қылып қызыңды,
Қарсы келсең дарға асып,
Күнде Қоқан қоқандар.
1. Ж . Қасымов. « Кенесары хан » А,. 1993. 146 бет.
Кенесарының қырғыздармен келіссөзі нәтижесіз аяқталды. Сарыбағыш руының Ормон мен Жантай бастаған манаптары Кенесары ұсынысын қабыл алмады./1/
Сөйтіп, Алатау қырғыздарының ішкі саяси жағдайына, сондай – ақ олардың Орта Азия хандықтарымен және патшалы Ресеймен өзара қарым – қатынасына талдау жасай келе, патша өкіметі мен қырғыз манаптарының Кенесарыға қарсы бірігіп күресуінің кездейсоқ емес екеніне көз жеткіземіз. Кенесарының Қырғыздармен шайқасының тағдыры қырғыздар жеңісімен аяқталатыны алдынала белгілі еді. Біріншіден, патша отрядтарының басшылары манаптармен әскери қимыл жоспарын кеңесіп отырды. Екіншіден, қазақ сұлтаны Рүстем және Сыпатай би Кенесары қозғалысына тоналудан қорқып қосылған адамдар еді. Шайқас болардың алдындағы түнде олар Кенесары жасақтарынан қашып кетті. Үшіншіден, Қоқан бектері өз әскерлерін Ормон манаптың қарамағына бергенді. Жағдайдың үмітзіз екендігін түсінген Кенесары әскери кеңес шақырып, қоршаудан шығу жолдарын қарастырды. Наурызбай Кенесарыға мынандай ұсыныс жасады; «Маған Тама руынан Құрман батыр және Ағыбай батыр бастаған, ұрысқа жарамды 200 жігіт беріңіз, мен сол жігіттермен қырғыздар шебіне шабуыл жасап, бұзып өтемін» деді./2/Бұл ұсынысты барлығы қолдағанымен, Кенесары келіспеді. «Егер біз бұзып өтсек, онда тоқтамай қашамыз. Кімнің аты жүйрік болса, сол құтылады. Ал халықтың басым көпшілігі қырылып қалады. Егер мен, әскер басшысы бола тұра қашып кетсем, онда мен бұдан былай халыққа хан бола алмаймын» - деген екен./3/
1 М. Мағауин. «Қазақ тарихының әліппесі. » А., 1995 23-24 беттер.
2. Бұл да сонда 26 бет.
3. Бұл да сонда 27 бет.
Кенесары мен Наурызбай әрқайсысы өз отрядтарын басқарып, қоршауды бұзып өтуге ұйғарды. Қоршаудан шығуға тырысу сәтсіз аяқталды. Наурызбай өзінің отрядымен күші басым шайқаста қаза тапты. Кенесарыны манаптар қолға түсірді.
Кенесары көтерілісі жайлы қазақ фальклорындағы деректер.
Кенесары өзін өлтірер алдында, иін тірескен халық жиналып тұрған сол бір шақта өлеңдетіп қоя берді. Өлеңінде өз елінің еркіндігі мен тәуелсіздігі жолында өзі жүргізген аса ауыр күрестің бүкіл өткен жолын баяндады, Сарарқаның кең даласын, шайқаста қаза тапқан серіктерін еске алды. Кенесары өлтірілер алдындағы соңғы сәт былайша суреттелген; Кенесары жиналған жұртқа, алыстағы тауларға, күн шуағы төгілген биік аспанға, онан соң жан – жағына қарап алып, ән бастады. Ән ұзақ аитылып, жиналғандар ұйып тыңдады. Ән сөздері тыңдаушының бойын билеп, жүрегін баурап,қатты толқытты. Ол өзінің өлеңінде туып -- өскен кең даласында, кіндік кескен ауылында өткен бар өмірін есіне алған еді»./1/
Кенесары өлімі оның серіктері үшін, әскери достары үшін ауыр соққы болды. Я. Палферов көтеріліске қатысқан Нысанбай ақынның сөздері арқылы көсемінен айрылған қазақтардың терең қайғысын білдіреді. «Кенет шатқал тыныштығын ғажапдомбыра үні бұзды, оған қосыла Нысанбайдың» Е... е... ее... Алла – ай !» деп басталып, сол жерде шығарылған жоқтауы айнала жұрттың жүрегін мұңға бөлеп, жанын тебірентті;
Кенекем менің кеткен соң,
Заманым қалды тарылып.
Халық иесі Хандардан
Жетім қалдық айрылып.
Екі бірдей қанатым
1. Қазақстан тарихы очерктері. А., 2003. 93-94 беттер.
Топшыдан сынды қайрылып,
Баладағы алтын ақ берен
Тасқа тиді майрылып.
Кемшілік түсті басыма
Көрінгеннен қаймығып...
Кенесары кеткен соң,
Иесіз қалды тағымыз,
Наурызбай төре кеткен соң,
Бастан тайды бағымыз.
Бұлбұлдай сайрап жүр едік,
Байланды тіл мен жағымыз».
«Жоқтау ұзақ айтылып, шатқал – шатқалды, сай – сайларды қуалап, кең далаға Кенесары батырдың өлімін естіртіп кете барды. Зар еңіреген домбыра үні барлық дүниені булықтырды. Тыңдаушылардың қара торы жүзін ағыл – ткгіл жас жуды, кейде олар өксіп -- өксіп алады. Бүкіл табиғат осы жоқтау әніне бой алдырып, жылап тұрған сияқты». Кенесары көтерілісі жеңіліс тапты. Алайда қазақ халқының ұлт – азаттық күресі тарихында бұл көтеріліс ең құрметті орын алмақшы./1/ Бұл көтеріліс барлық үш жүз жұртшылығының көпшілігін патша өкіметіне қарсы күреске көтеріп, қазақтардың ХІХ ғасырдағы ең ірі көтерілісі болып табылады. Көтеріліс Қазақстанды түгелдей дерлік қамтыды және қазақтардың неғұрлым ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды./2/
Бұқара халықтың отарлауға қарсы пиғылын айқын көрсеткен Кенесары көтерілісі қазақ халқының тарихында оңға басар роль атқарды.
----------------------------------------------
1. Е. Мырзахметов . « Сыр даланың сардары.» А,. 1993 11-12 беттер.
2. Бұл да сонда.15-16 беттер.
Көтеріліс бұқараны саяси тәрбиелеудің тамаша мектебі болып табылды. ХІХ ғасырдың 50 – 60 жылдары болған бұдан кейінгі көтерілістер нақ осы күрестің негізінде дамыған – ды.
Кенесары қозғалысы өз елінің азаттығы мен тәуелсіздігін қорғап қалу үшін жанын қиуға әзір қазақ халқының аса зор қарсыласу күшін көрсетіп берді.
Бұл көтеріліс Кенесары алға тартқан саяси талаптар бойынша прогресшіл көтеріліс еді. Мұны ең әуелі Кенесарының ру аралық жауласуды және феодалдық бытыраңқылықты жойып, орталықтандырылған біртұтас мемлекет құруға талаптануынан көреміз.
Бүгінгі таңда қазақ халқының тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен батырлар туралы жыр – дастандарды ел кәдесіне жарату – абыройлы іс болса керек. /1/
Доскей ақынның төмендегі «Кенесары» атты шығармасы М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Ғылыми қолжазбалар қорынан алынған мына бір поэмада
Сөз шығады ақылдан,
Ақыл айтар жақсы ғой
Айрылмаған жақыннан.
Бақытты бала туады
Мейірімді қатыннан.
Бір хикаят сөйлейін,
Арғы атасы Абылай,
Қасым ханның баласы
Кенесары батырдан.
деп басталып, Кенесарының ұлт – азаттық жолындағы күресінің
1. А. Ф. Рязанов. « Кенесары. » А,. 1993 . 69 бет.
қаншалықты қиынға соққанын баяндай келе, поемасын мына жолдармен жалғастырады.
Омыртқасы үзіліп,
Қабырғасы қақырап,
Жыртылар деді жағасы.
Опасыз туған болса ұл,
Өлімен тең бағасы
Елін сатса жауына,
Ол – жүректің қарасы.
Наград берем деген соң,
Қыпышақтан кетті Ыбырай.
Советник боп Тұрлыбек,
Ол да кетті сұмырай,
Параны жақын жағалай.
Кенесарының көтеріліс қарсаңында бастан кешіргендерін жалпы сол кездегі қазақ халқының көрген азабын егжей – тегжей сомдай келе поэмасын былай қорытыпты;
Қырғыз елі ол бастан
Қас болған жоқ қазаққа.
Патшадан тартып тақсірет,
Жүрген ол да азпта.
Тізгін бермей қолына,
Кедергі болып жолына,
Манаптар салған дұзаққа.
Қырғызды сатып патшаға,
Алтын, күміс ақшаға,
Қырғыз бенен қазақтың
Сол үшін қаны ағылған.
Жаңқарашпен өштесіп,
Кенекең бекер шабынған.
Кенекемді өлтіріп,
Жантайдың кегі алынған.
Әлемді жеңістермен тітіргендірген, еуропалық реакциянаның күре тамыры ролін атқарған, шаруа қозғалыстарын таптаған Ресей империасының өктемдігіне тайталаса қарсылық көрсеткен. /1/
Кенесарының ісі ізсіз кеткен жоқ. Отаршылдық езгінің тереңдеуіне қарсы болған ХІХ – ғасырдың екінші жартысындағы, ХХ – ғасырдың
басындағы қазақ халқының азаттық үшін күресі – Қасымовтар әулетінің, соның ішінде шоқтығы ерекше бөлініп тұратын бабамыз Кенесары ханның жаны мен тәнін берген күресінің жалғасы. Кенесарының 10 жылдық арпалысы қазақ даласының шалқыған жерін, таулы тасын, құм – шөлейтті .......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?