Әдебиет | Драма арқауы

 Әдебиет | Драма арқауы

Мазмұны

КIРIСПЕ ----------------------------------------------------------------3-9
І тарау

Драма арқауы, заман сыры, адам тағдыры ----------------- 10-37

ІІ тарау

Күлкісіз күн бар ма …. ------------------------------------------- 38-44

ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------------------------- 45-46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ------------------------------ 47


ДРАМА АРҚАУЫ – ЗАМАН СЫРЫ, АДАМ ТАҒДЫРЫ

«Б.Мұқаев өз халқының бойындағы
адамгершілік қасиеттерді Совет
адамының рухани кемелдігімен
ұштастыра білген.»
В.Столяров

Бүгінгі әдебиетімізде тарихи кезеңдер туралы түрлі тұрғыдан ой толғайтын туындылар саны жылдан-жылға көбейіп келеді. Халық өмірінің қоғамдық саяси әлеуметтік рухани өзгеше бетбұрыс жасаған кезеңдердің көркем шығармалар өзегіне айналуы – жекелеген қаламгерлеріміздің көркемдік идеяның ізденісі ғана емес, сонымен бірге уақыттың қажеттілігімен бірге талабынан туындап отырған ұлттық мәдени – рухани өрлеудің де бір куәсі.
Б.Мұқай – талантты бейнетқор жазушы-драматург. Бұл кісі өзінің тұңғыш пьесасын мектепте оқып жүрген кезде жазған екен. Осы шығарма «Қалың мал адыра қалсын» деп аталған. Бұл пьесаны драматург жаза отырып, мектеп сахнасына шығару барысында өзі режиссер болып, басты рольдердің бірінде ойнаған екен.
Баққожа Мұқай – жұртшылыққа танылған драматург. Бұл кісінің шығармалары өзінің жаңашылдығымен, өткірлігімен ерекшеленедi. Драматургтің көптеген пьесаларының ішіндегі соқталысы «Тоят түні», «Заманақыр», «Өмірзая», «Қош бол менің ертегім», «Дүние кезек», «Сергелдең болған серілер» пьесалары.1 Автор бұл пьесаларында оқиғаны барын-бардай бояуын бұзбай кескіндеуді місе тұтпайды. Біздің тұрмыс – түйсігіміздегі дендеп бара жатқан небір адами кесапаттарды жегі құрттай жеген жұмыр індет-имансызды ашып көрсетіп, тоғышар, тоңмойын, өтірікші, жылпос, екіжүзді, мансап пен байлықтан басқаны ойламайтын, соның жолында бәріне де беті былш етпей мәңгүрттікке тосқауыл болар түйсіктерді оятқысы келеді. Драматург шығармаларындағы адам жанын дір еткізер ардан аттаушылық ұят деген қазақи қасиеттерді таптаушылық, сол арқылы жақсылыққа жетсем болды деп – тым қарапайым өмірлік қатынас та, өмірлік күйбең де қалай болатынын кім-кімді де шошынтып селт еткізеді. Жайдақ жаяуымыздан бастап, зиялымызға дейін ұшырып отырған осы ардан аттау адамгершілік қасиет дегеннің жабайыланып бара жатуы драматург зердесіне ащы шындықтың тамшыларын сіңіріп, көңіл көрігінде қорытылып келіп, қалам ұшынан сорғалағанын көреміз. Ең жаманы адамды тірідей жүйкелетіп құртатын жайт. Білімді, зиялы адамдардың арасындағы әділетсіздік. Мұндай әділетсіздік сауаттылықпен, ақылдылықпен жасалады.
Драматург өмірдің осы жағын тереңірек үңілуді парыз көреді. Тіксінген жүрек қаламға жүгiнбеске амалы қалмайды. Міне, Б.Мұқайдың драмадағы арқау тартыс біздің бір-біріміздің арамызда болып жатқан ситуациялардан шым-шып алынған өмірдің шындықтары. Тоят түніндегі бар үлестерінен айырылған, қолдары қарапайым игіліктерге өз адал еңбектерінің жемістеріне жете алмай Асан мен Баян бүгінгі тіршілік теңізінің әрең малтып келе жатқан пенделері. Олар қазіргі өмір теңізінде қалай жүзудің қырларын білмейді. Сөйтсе өмір олар ойлағандай кең айдын емес екен. «Мен адам сияқты өмір сүргім келеді, адам сияқты»,1 деп Асанның ашына айқай салатыны содан. Бірақ үлкен қызметтегі Жолдас пен Қалилардың өмір сүру кредосы мүлдем басқаша. Жеке бастың қамы үшін бәріне барудың айыбы жоқ, адамгершілік деген ол сөз, істе бәрі керісінше, одан қоғам еш ойсырамайды деп біледі. «Мансап, екеуіміз үшін, біздің бақытты өміріміз үшін қызмет етер еді»2 – деп Асанның тағы да түңіле мойындауы қоғамның ішкі індетінің қалай қабынып кеткенін байқататын сәт. Мұның ар жағында: «Өмірдің бәрі мансапқа кеп тіреліп жатқанын көрген ұрпақ өз ұрпағымыз алдында не тұрса да өнер мен дене, арды аяққа баса, ұятты белге түйе ұмтылады-ау?» деген күдік те бас көтереді. Соны ойлағанда шошына қарауға мәжбүр боласың. Оны оқырманға немесе көрерменге қатты әсер етіп, қабырғасына бата тигенде ғана түсінеді, қобалжиды, тебіренеді.
Баққожа Мұқай ақын Олжас Сүлейменовпен бірігіп жазған «Заманақыры» бұған қарама-қарсы саяси ыңғайдағы тақырыпты қаузыған туынды. Бұл трагедия талай жыл, талай ұрпақ айта алмай келген зардың запыран күйі іспетті. Драматургтің оның құрғақ публицистика емес, қилы тағдырлар арқылы көрсетуге ұмтылуы үлкен ізденіс көп дайындықтың дәлелі.
Б.Мұқайдың «Заманақыр», «Тоят түні», «Өмірзая», «Қош бол менің, ертегім» пьесалары жазушы-драматург қаламының бар қырынан танытатын сүбелі шығармалары. Бұл пьесалар қазақ сахнасын байытқан оның репертуарына тұрақтап енген қойылымдар.
Баққожа Мұқайдың «Қош бол, менің ертегім» пьесасы 1977 жылы Ұлы Қазан социалистiк революциясының алпыс жылдық торқалы тойы құрметіне өткізілген республикалық жабық конкурсте екінші жүлдеге ие болған шығарма.1
Пьесаның авторы бұл дүниесінде қоғамдық, әлеуметтік үлкен мәселе көтерген. Ол мәселе – адамның, яғни біздің бүгінгі замандастарымыздың өзін қоршаған ортаға, жер мен суға, тау мен тасқа, орман мен тоғайға, бәр-бәріне, күллі табиғат байлығына иелігі және оны көздің қарашығындай сақтауға міндеттілігі, жауапкершілігі. Жер-ананы құрметтеу, оны ұзатылар қыздай жасандырып, сұлу көркін салтанатқа бөлеп ұстау, әсіресе, бүгінгі біздің ұрпақтың алдағы келер болашақ ұрпақ алдындағы ең қастерлі, ең абыройлы борышы. Табиғат пен адам егіз, оның тұнып тұрған байлығы адам өмірінің өзегі. Адамның ішкі жан дүниесінің, рухани тірлігінің бай, сұлу, көрікті болуы да табиғаттың тамылжыған қалпын бұзбай, көркем келісімін мәңгі сақтап тұра алуына тікелей байланысты. Ал оны сақтап, қастерлеп ұстау – қазіргі ұрпақтың міндеті, парызы. Драматург пьесада осы мәселені әдемі айтып бере алған. Сонымен қатар автор бұл туындысында бүгінгі күн тынысын көрсетуге, замандастардың жарқын бейнесін сипаттауға, өмір құбылыстарын өзінше пайымдап, өрнектеп айтуға ұмтылған, көрерменін бейтарап күйде қалдырмайтын шын мәніндегі психологиялық драма. Бір қарағанда алыс түкпірде, тау қойнауында жатқан бір малшының кәдуілгі таңы атып, күні батып жүрген күйбеңіндей көрінетін құбатөбел тіршілік. Автор осынау оқшау ортаның сырттай салқын сипатына драмалық қан жүгіртер, жан бітірер негізгі тартыстың көркемдік кілтін сәтті тапқан.
Неліктен пьеса өмірден жоғары баға алды? Мұндағы ата, бала, немере сабақтастығын өзек еткен арқауда жалын әр ұрпақтың өмірге, ортаға, тұрмысқа тән өзіндік көзқараспен, өзіндік рухани құштарлықпен қарайтыны, қадам жасайтыны талғам таразысына тартылады. Әркімнің ішкі мінезімен сырласуға, шындықты өз бетінше іздеуге үндейтін мұнда да романитикалық хикая оқушыны бей-жай қалдырмайды.
Пьесада символдық бейнеге айналдырған кәрі бәйтерек маңындағы бас кейіпкер Әли қарттың әңгімесі.
Барлық оқиға аға ұрпақтың өкілі орманшы қарт Әли, оның немересі Мұраттың қатысуы арқылы өрбиді.
Пьесада басынан бастап біз мақсат–мұраты тоғысқан ,арман-мүддесі түйіскен екі ұрпақ өкілінің өнегелі өміріне сүйеніп, сан қилы тағдырына толғанамыз.
«Адам өмірге келеді, жәй келмей – өзінен кейінгілерге бір тамаша ертегідей көрiп, үлгі тұтар еңбек пен ерліктің сөзін, жырын қалдыру үшін келеді. Мына бәйтерек соның дәлелі». Бұл пьесадағы Әлидің өз немересі Мұратқа айтары, ұрпағына қалдырар аманаты, ғибраты. Туған жер төсін ну орманға айналдырсам деген қарияның көңіл төрінде жүрген арман-мұраты. Бірақ шуағы мен көлеңкесі, ерлігі мен ездігі, адалдығы мен алалығы, ақылдылығы мен дарақылығы, мансабы мен мұраты ұдайы жағаласып, шарпысып жүретін адамдар қарым-қатынасындағы әлі де кездесіп қалар «әттегенайлар» Нұрбек пен әкесi Әлидің өмір, уақыт, адамдар туралы толғам түсініктерін тұсайды. Орманшы қарт Әли бүгініне риза емес, ертеңгі күннің қамын жейтін, ұрпақтарының тағдырына басы ауырып, балтыры сыздайтын, табиғаттың келешегі үшін күресіп жүрген байсалды да байыпты жан. Пьесаны оқи отырып, Әли – бойында қулық-сұмдығы жоқ ақкөңіл жан екеніне риясыз сенеміз. Бірақ ол қажетті жерінде турашылдығы бар, алған бетінен қайтпайтын қайсар жан. Мәселен, Алматыда үлкен қызмет атқаратын баласы Нұрбектің өзі туып өскен ауылына алдын-ала хабар беріп, қоңыраулата келгенін көпті көрген қария жаратпай: “Осы жолғы келiсiңе көңiлiм толмады. Ақылы бар азамат туған жерiне ұрандамай келушi едi”,1 – дейдi.
Тіпті әке мен бала арасындағы орман жайлы пікір-таласы үлкен дауға айналып, орманшы қарттың өз ойын дәлелдемек болып жоғары орындарға көмек сұрап барған сәттері, әумәсір Жаппардың араққа тойып алып тоғайға өрт қойған тұсында: “Одан да менi… Менi өртеп қарап тұрғандарың жақсы едi…Менi… Менi өртеңдер”2, – деп еңiреп жылап жiберген Әли бейнесі оқушы көңіліне жылы әсер қалдырады.
Әли қарт пен баласы Нұрбектің арасын жалғайтын үшінші ұрпақ – Мұрат бейнесі пьесада әлеуметтік-психологиялық арқауына айналуында да мол мән бар. Атасы Әлидің мейірім мен ізгілікке толы ойларының ғұмырын ұзарта түсетін, ал әкесі Нұрбектің кейбір тоғышарлардың біріне айналғанын меңзейтін тұлға – Мұрат. Мұрат – арманшыл да адал, өзінің ұстаған бағыты бар, айналасына сеніммен қарайтын, зерек те алғыр жасөспiрiм. Мұрат көкірегі ашық, көзінің оты бар сәтті бейне. Ол қаншама елгезек те ақкөңіл болғанымен Асан сиқтылардың пікіріне батыл қарсы шығады.
Мұрат бейнесін өзіндей арманшыл , пәк сезім иесі Маржанмен арадағы махаббат арқылы бедерлене түседі. Маржан жаны нәзiк, сезiмтал, әдемiлiктi, сұлулықты жанымен түсiнуге, аялауға құштар жан. Екеуі алғаш кездескенде айтатын ойнақы, күлкілі әзіл сөздері кейінірек түсініскен сәттегі үп еткен ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?