Психология | Зейін
Мазмұны
Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Зейіннің негізгі түрлері
2.Зейіннің физиологиялық негізі
3.Зейіннің негізгі қасиеттері
4.Зейінді зерттеуге арналған әдістемелер
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Зейіннің негізгі түрлері.
Зейін деп-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.Дәлірек айтқанда,зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып,соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептерді шығарып отыр.Ол бұған соншама үңілген,мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді(бала көзін қадайды,шұқшия үңіледі,демін ішіне тартады т.б.).Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды,оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып,азғантай үзілістен кейін тарихты,одан соң географианы оқуға көшеді.сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады.Осы көріністердің бәрінде де бала әрекетінің әрбір түріне өз зейінін үйымдастырып,басқа обектілерден ойын бөліп отырады.Осындағы түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса,оның нәтижелі болуы қиын.Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді:«Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын,адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады,демек,бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды,егер де ол соқпай өтсе,онда баланың санасында ештеңеде қалмайды».
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені,адам өз өмірінің әрбір моментерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді,бірер нәрсені қиялдайды,бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса,өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге тірліше әсер етіп отырады.
Зейінің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов,егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатынддығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе,басқа нәрселер жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алыбында күшті қозу процесі болып жатады да,айналасындағы алаптарда тежлу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де,мидың бір албын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған.Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді.Мәселен, қызық кітапты беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейілінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйтекені,жоғарыда айтылғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып,солардың есебінен күшейіп отырады. А.А.Утомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың «Қозудың оптимальдық алабы»дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П.Павловтың оптималдық қозу алыбы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы тұсіндіріледі.Қоз процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды,өйткені онда әр. уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптималдық жағдай»жасалып отырады.Оптимальдық қозуы бар осы алап-ми қабығының творчестволық бөлімі,ырықты зейінің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді:«Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптималдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе,біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік,бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді».Ұлы физиологоптималдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелудің бірінен екінші сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзәра индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да,ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т.б.) жақсы көрінеді. Бірақ, бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені, осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да кейбір мұғалімдер кластағы оқушылардың кескініне қарап бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжрибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей отыру – мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Сыртқы дүниенің кез келген обектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейінің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу-ырықсыз зейінің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейінді жеткілікті. Ал қызықсыз кітап оқу-ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс.Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді.Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады,оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (орионтировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейінің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а)күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс,мұрын жаратын иіс т.б.),заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.).
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну,көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етді.
Адамның ырықты зейіні әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыруы көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынадай еркшеліктермен сипатталады;
1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
5) Зейінді бөлуді үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсені тікелей зеінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінің пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін-адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақ әдісіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үреншікті зейінің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені, үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейінің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беруіде мүмкін емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыру қажет.
2.Зейінің физиологиялық негізі.
Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажеттіде мәнді әсерлерді тыңдау белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сегектігі арасындағы байланысынан болады.
Адам сергектік деңгейін оның сырт кейпін бақылай танумен бірге мидағы әлсіз ток (электр) қуатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылыда білуге болады. Әдетте сергектік 5 күйде көрініс беретіні дәлелденген: терең ұйқы, қалғып-мүлгу жағдайы, сабырлы сергектік, белсенді (қатерлену) сергектік шектен тыс сергектік. Тиімді зейін тек сабырлы және белсенді сергектік жағдайында болуы мүмкін, ал басқа кейіп кездерінде зейін сапасы кеміп, кейбір қызметтерін ғана орындай алуы ықтимал. Мысалы, мүлгіген жағдайда адам бір он екі нәрсеге ғана жауап беріп қалған тітіркендіргіштерді тіпті сезбейді. Сондықтан да шаршаған ана ешбір әсерді елеместен, терең ұйқыға берілуі мүмкін, ал нәрестенің сәл ғана даусынан оянып кетері сөзсіз.
Зейін механизмдерінің іске қосылуында бағдарлаушы рефлексінің рөлі өте күшті.Бұл құбылыстың негізі адамдармен жануарлар ағзасының сыртқы орта өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті. Мысалы, сәл ғана сыбырдың өзінен мысық елең етіп, дыбыс шыққан тарапқа құлағын түреді. Қызықты да жауапкерлі жұмысқа шомған оқушылар кенет есік ашылудан,жұмыстарын қоя салып, назарын есік жаққа еріксіз аударады. Бұл рефлексті И.И.Павлов «Бұл не?» рефлексі деп атаған.
Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып тұратын күрделі процестермен байланысты. Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза тетіктері іске қосылады: перифериялық (шеткі) және орталық. Перифериялық механизмдерге сезім (түйсік) мүшелерінің икемдесу әрекеті жатады. Әлсіз дыбысты ұғуға орай адам дыбыс шыққан тарапқа мойын бұрады,сонымен бір уақытта сезімталдығын күшейту үшін тиісті бұлшық еттер құлақ жарғағын көреді. Ал күшті дыбысқа жарғақ кернеуі босаңсып, миға өтетін жағымсыз әсерді басады.
Зейіннің орталық тетіктері бір жүйке ошақтарының қозуына байланысты басқа жүйке көздерінің тежелуі негізінде іске қосылып барады.Туындау әсері күшті болған қозу өзімен бір уақытта жүріп жатқан әлсіздеу процесті басып, психикалық іс-әрекеттің бағыт -бағдарын айқындап отырады. Сонымен бірге, бір-біріне қуат қосатын бір уақыттағы әлденеше тітіркендіргіштердің бірігіп әрекетке түсуі де мүмкін. Қозулардың мұндай өзара байланысты ықпалы қажет болған әсерді таңдап, психикалық әрекеттің белгілі бағытта жүруіне негіз қалайды.
Зейін әрекетінің физиологиялық көрінісін түсінуде Ч.Шеррингтон ғылыми дәлелдеп, кейін И.П Павлов кең қолданған жүйке процестерінің индукция заңы үлкен маңызға ие. Бұл заңға орай бас ми қабыының бір аймағында туындаған қозу оның басқа бөліктерінде тежелу пайда етеді (бір мезгіл индукция) немесе мидың сол бөлігіндегі тежелумен орын ауысады (бірізді индукция), себебі нақ қозу пайда болған аймақ өзінің сол қозу үшін тиімді жағдай мен ерекшелінеді, сондықтан да бұл арада әсерлер жіктеліп, сарапталып, жаңа шартты байланыстар түзіледі, яғни бұл аймақ нақ сол мезетте-үлкен ми сыңарларының жасампаз, шығармашыл бөлігі сипатына ие. Ал мидің басқа бөліктерінің қызметі бұл уақытта адамның астар саналы немесе автоматтандырылған әрекетімен байланысып жатады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі (А.А.Ухтомский) де жетекші мәнге ие. «Доминантаның түсінігі нақты бір мезетте жүйке орталықтарының қызметіне ықпал жасап, уақытша үстемдік етумен психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді. Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп тұрған импульстер бірігеді жинақталады, сонымен бірге басқа орталықтардың белсенділігі шектеліп, қозу ошағының әрекеті күшейе түседі. Үстем қозу көзінің пайда болуына тек тітіркендіргіштің күші ғана емес, бұрын болған әсерлердің және жүйке байланыстарының өткен тәжрибеден қалыптасқан іздерді де негіз бола алады.
Бірақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта жөніндегі тағылимат та динамикадағы зейін құбылысын, әсіресе оның ырықты сипатын толық ашып бере алмайды. Оның себебі оның ырықты сипатын толық ашып бере алмайды. Оның себебі адамдарда жануарларға тән болмаған өз зейінін мақсат бағдарлы басқара алу қабілетінің болуында. Мақсат қою мен оны нақылап отырудан зейін туындайды, тұрақталады және ауысып тұрады. Қозудың басымдау ошағының пайда болуын бірінші және екінші сигналдық жүйкелердің өзара ықпалды байланысымен түсіндірген жөн, себебі қозу тілдік(екінші) сигналдың таңдамалы иррадиациясымен бірінші сигнал жүйесіне өтеді. Өз кезегінде, алғашқы тітіркендіргіштер сөздік баламаға келіп, мақсатты нақтылауға себін тигізеді де қажетті қозу көзінің одан әрі күш алуына көмектеседі.
Сонымен зейін табиғатта өзәра бір-біріне тәуелді байланыста болған ми құрылымының біртұтас жүйесінің іс-әрекетімен байланысты, бірақ олардың зейін түрлерін реттудегі рөлі бір қалыпты емес.
3. Зейіннің негізгі қасиеттері
Зейінің мынадай қасиеттері бар:
А)Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы. Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай қалса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы, өндіріс озатының, не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу арасында адам істеп отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды. Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеңе алудың басты бір белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге тұрақтата алады. Осындай 10-20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу, жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады.Осылайша зейінің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу-зейіннің табиғи қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда-санда бөтен ойға түседі,басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейінің мұндай толқуы, әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне оының бөлінуіне, зейінін тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді. Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адамның өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін, әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге қарсы күресу-қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс, қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т.б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осынан осындай жағдайда да жұмысты тез және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болған мен, машинаның дүрілі, музиканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай-шуы, реніш т.б. адамды күштірек алңдатып, жұмыс істетпейді.Әрине, бұларды жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай,сабырлық пен жұмыс істей беруге болады.Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде жұмыс істей алушылық-адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың атақты жазушысы А.П.Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығамаларын отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде де отырып жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзің ыңғайсыз жағдайларға төселтіріп, кез-келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
Ә)Зейіннің аударылуы. Зейінің аударылуы деп бір объектіден екінші объектігі назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптимальдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қоып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындық пен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген ..........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?