Психология | Зейіннің қасиеттерін баланың жас шақтарына байланысты зерттеу
Мазмұны
Кіріспе….…………..…...…………………………………………………..2-3 бет
Ι тарау. Зейіннің теориялық мәні…………...………………………...…..4-бет
1.1.Зейіннің негізгі түрлері………………………………………………...4-9 бет
1.2.Зейіннің физиологиялық негізі………………………...…...……….10-12 бет
1.3.Зейіннің негізгі қасиеттері…………………………………….....….13-17 бет
ΙΙ тарау. Зейіннің қасиеттерін баланың жас шақтарына
байланысты зерттеу……………………………………….………………18-бет
2.1.Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейінің дамуын зерттеу………………………………...…………………………......…….18-21бет
2.2.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамытудағы ерекшеліктерін зерттеу………………………..……………………........22-23бет
2.3. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамытуға арналған әдістемелер………….…………………………...….24-26бет
Қорытынды………………...……………………………….………….27-28 бет
Пайдаланылған әдебиеттер………….……………………….…………..29-бет
Қосымша……….……………...…………………………..………….....30-33
Ι тарау Зейіннің теориялық мәні.
1.1.Зейіннің негізгі түрлері.
Зейін деп-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады.Дәлірек айтқанда,зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып,соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептерді шығарып отыр.Ол бұған соншама үңілген,мұнысы психикалық кейпінен жақсы көрінеді(бала көзін қадайды,шұқшия үңіледі,демін ішіне тартады т.б.).Оқушы есептің шығару жоспарын ойлайды,оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп шығарып болып,азғантай үзілістен кейін тарихты,одан соң географианы оқуға көшеді.сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады.Осы көріністердің бәрінде де бала әрекетінің әрбір түріне өз зейінін үйымдастырып,басқа обектілерден ойын бөліп отырады.Осындағы түрлі кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда азды көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса,оның нәтижелі болуы қиын.Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді:«Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын,адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады,демек,бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды,егер де ол соқпай өтсе,онда баланың санасында ештеңеде қалмайды».
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді. Өйткені,адам өз өмірінің әрбір моментерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне түсіреді,бірер нәрсені қиялдайды,бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін болса,өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял процестері де зейінге тірліше әсер етіп отырады.
Зейінің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов,егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,осымен байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатынддығын айтқан. Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе,басқа нәрселер жөнді ойлай алмайды. Осы кезде мидың бір алыбында күшті қозу процесі болып жатады да,айналасындағы алаптарда тежлу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға көбірек әсер етеді де,мидың бір албын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай алапты доминанта деп атаған.Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы онан бетер күшейеді.Мәселен, қызық кітапты беріле оқығанда адамға кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы, сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейілінше беріле түсуге жәрдемдеседі. Өйтекені,жоғарыда айтылғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып,солардың есебінен күшейіп отырады. А.А.Утомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың «Қозудың оптимальдық алабы»дейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П.Павловтың оптималдық қозу алыбы теориясы ырықты зейіннің табиғатын физиологиялық тұрғыдан өте жақсы тұсіндіріледі.Қоз процесі ешқашан да ми қабығына біркелкі тегіс тарамайды,өйткені онда әр. уақытта қозу пайда болатындай жағымды «оптималдық жағдай»жасалып отырады.Оптимальдық қозуы бар осы алап-ми қабығының творчестволық бөлімі,ырықты зейінің физиологиялық негізі. Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді:«Бас сүйегінің сыртынан біз іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптималдық қозу пайда болатын жері жарқылдап көрінсе,біз ойлап отырған саналы адамның ми сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз жарқылдаған сәуле дағын көрер едік,бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген болар еді».Ұлы физиологоптималдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп түсіндірді. Мидағы тежелудің бірінен екінші сапқа шығуы осы оптимальдық қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзәра индукция заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам зейіні бір жерге күшті шоғырланады да,ол қалған объектілерді байқамайтын болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың, көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т.б.) жақсы көрінеді. Бірақ, бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені, осы айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге болады. Сондықтан да кейбір мұғалімдер кластағы оқушылардың кескініне қарап бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжрибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі. Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей отыру – мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Сыртқы дүниенің кез келген обектілері кейде ырықсыз-ақ біздің назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейінің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу-ырықсыз зейінің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты кітап оқуға ырықсыз зейінді жеткілікті. Ал қызықсыз кітап оқу-ырықты зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс.Бірақ ырықты зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді.Мұнда адам істен шығатын нәтижеге қызығады,оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (орионтировочный) рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейінің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а)күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс,мұрын жаратын иіс т.б.),заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.).
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну,көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етді.
Адамның ырықты зейіні әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыруы көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынадай еркшеліктермен сипатталады;
1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
5) Зейінді бөлуді үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда жай қызыққан нәрсені тікелей зеінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінің пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін-адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақ әдісіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үреншікті зейінің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені, үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады. Зейінің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей беруіде мүмкін емес. Мұндай жағдайда ырықты зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыру қажет
1.2. Зейінің физиологиялық негізі.
Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажеттіде мәнді әсерлерді тыңдау белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сегектігі арасындағы байланысынан болады.
Адам сергектік деңгейін оның сырт кейпін бақылай танумен бірге мидағы әлсіз ток (электр) қуатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылыда білуге болады. Әдетте сергектік 5 күйде көрініс беретіні дәлелденген: терең ұйқы, қалғып-мүлгу жағдайы, сабырлы сергектік, белсенді (қатерлену) сергектік шектен тыс сергектік. Тиімді зейін тек сабырлы және белсенді сергектік жағдайында болуы мүмкін, ал басқа кейіп кездерінде зейін сапасы кеміп, кейбір қызметтерін ғана орындай алуы ықтимал. Мысалы, мүлгіген жағдайда адам бір он екі нәрсеге ғана жауап беріп қалған тітіркендіргіштерді тіпті сезбейді. Сондықтан да шаршаған ана ешбір әсерді елеместен, терең ұйқыға берілуі мүмкін, ал нәрестенің сәл ғана даусынан оянып кетері сөзсіз.
Зейін механизмдерінің іске қосылуында бағдарлаушы рефлексінің рөлі өте күшті.Бұл құбылыстың негізі адамдармен жануарлар ағзасының сыртқы орта өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті. Мысалы, сәл ғана сыбырдың өзінен мысық елең етіп, дыбыс шыққан тарапқа құлағын түреді. Қызықты да жауапкерлі жұмысқа шомған оқушылар кенет есік ашылудан,жұмыстарын қоя салып, назарын есік жаққа еріксіз аударады. Бұл рефлексті И.И.Павлов «Бұл не?» рефлексі деп атаған.
Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып тұратын күрделі процестермен байланысты. Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза тетіктері іске қосылады: перифериялық (шеткі) және орталық. Перифериялық механизмдерге сезім (түйсік) мүшелерінің икемдесу әрекеті жатады. Әлсіз дыбысты ұғуға орай адам дыбыс шыққан тарапқа мойын бұрады,сонымен бір уақытта сезімталдығын күшейту үшін тиісті бұлшық еттер құлақ жарғағын ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?