Информатика | Интернет

 Информатика | Интернет

Мазмұны

Интернет туралы ұғым ………………………………….............

Интернеттiң негiзгi қосымшалары ………….............................

Көру жабдықтары. Internet Explorer браузерімен
жұмыс істеу. Ақпараттарды сақтау және белгі жасау. …….....

Адрестiк жүйе................................................................................

Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері..............................

Виртуалды энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар ...................................................................…………
Құжаттарды электронды турде жеткізу (ЭДД), Мәліметтер базаларымен жұмыс істеу, қажетті ақпараттарды тауып, тапсырыс беру.
Мәліметтер базасы (МБ)...............................................................
Глоссарий ………………………………………………………………….

Әдебиеттер тізімі …………………………………………………………...


Интернет туралы ұғым.

Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан. Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды. Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз. Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын әлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге әзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып, бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
TCP/IP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
IP (Internet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама
TCP (Transmission Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол жілідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.

Интернеттiң негiзгi қосымшалары

E-mail (Electronic Mail) -электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.

E-mail адрестік құрылымы:
есім@ мекеме.домен
Мысалы:
common@pushkinlibrary.kz
dina_m@mail.kz
Usenet - бір-бірімен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, дәлірек айтқанда анархиялық жүйелер тобы. Белгілі бір серверде кездеседі.
Usenet – тегі жаңалықтар тобы – дүние жүзіндегі адамдардың пікірлесетін, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пікірталас топтары. Мұндай жаңалық топтарында белгілі бір тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлі тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегі жаңалықтар ретінде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретінде жариялауға болады (тақырыптар түрлі).

FTP (File Transfer Protocol) - Файлдарды жіберу протоколы– бұл көбінде үлкен көлемдегі файлдарды жіберу кезінде қолданылатын Интернттің қосымшасы. FTP көмегімен кез келген файлдарды жіберуге және қабылдауға болады.

Чат (IRC –Internet Real Chat) –Интернеттің тағы да бір қосымшасы, желіде нақтылы уақытта интерактивті сұхбаттасу. Әңгімелесушілер бір-бірімен өз компьютерлеріндегі клавиатурада сөздерді теріп жібереді және ол сөздер бірнеше секундтардан кейін сұхбаттасушыларға монитордан көрінеді, осындай тәсілмен әңгімелесулеріне болады.

World Wide Web (WWW немесе Web) - гипермәтіндік құжат
Интернет мәліметтерін жеңіл көруге болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді.
Web- тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестетеді. Бұл беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген нүктесінде орналаса береді. Солар арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы-қымбат, жақындағы-арзан деген ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.
Түйінді компьютерлердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Universal Resorse Locator) форматында берілген өзіндік адресі болады. Ол беттердегі мәліметті оқу «көру жабдықтары» деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.

Көру жабдықтары

Веб парақтардағы мәліметтерді оқу “көру жабдықтары” деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады, ол “to browse” парақтау, қарау деген ағылшын сөзінен шыққан атау. Интернеттегі Web- парақтарын оқып, экранда көрсетуге арналған программалардың кең тараған түрлері Microsoft Internet Explorer, Netscape Navigator.

Internet Explorer браузерімен жұмыс істеу.
Ақпараттарды сақтау және белгі жасау.

Белгі жасау

Егер сізге белгілі бір веб-парақ ұнаса, және де ол парақ сізге үнемі қажет болып тұрса ол адреске белгі салып қоюға болады. Белгі жасау үшін «Избранное-Добавить в избранное» деген менюді таңдап алу қажет. Келесі кезектегі терезеден белгінің атын және белгі сақталатын папканы таңдау қажет. Мысалы сіз мынандай http://www.rubricon.ru адрестегі веб-парақты қарап отырсыз және оны белгі жасап сақтағыңыз келді, ол үшін «Избранное – Добавить в избранное» деген менюді аламыз. Онда «Добавление в избранное» деген терезе пайда болады, «имя» деген жолда веб-парақ алғашқы атауымен тұрады, оны сіз өз қалауыңыз бен өзгертуіңізге де болады. «Добавить в избранное» деген терезеде папкалар тізімі берілген, оның сәйкес келетін біреуін таңдауыңызға болады. Егер папканы таңдап алмасақ сақталатын адресіміз «Избранное» деген бастапқы папкаға жазылады. Көрсетілген папканың ешқайсысы сәйкес келмеген жағдайда жаңадан папка ашуға болады, ол үшін «Создать папку» деген команданы таңдаймыз.
Веб-парақтарды сақтап белгі жасау арқылы біз кез келген уақытта қажетті адрестерді жылдам мониторға шығара аламыз. Ол үшін аспаптар тақтасынан «Избранное» деген папканы таңдаймыз, пайда болған терезеден қажетті адресті аламыз.
Егер веб-парақ сізге ағымдағы мазмұнымен ғана қажет болса ақпараттарды сақтаудың мынандай жолдары бар:
1) Веб-парақты толығымен сақтау.
Веб-парқ толығымен жүктелген соң аспаптар тақтасынан «Файл-Файл сохранить как» (1-сурет) деген команданы таңдаймыз, пайда болған терезеден «Сохранить веб-страницу» командасында «Тип файла» деген жолда «Веб-страницу полностью» (2-сурет) деп көрсетілуін қадағалау керек.

2) Суретті сақтау.
Веб-парақтағы суретті жеке сақтау үшін тышқанды суреттің үстінде ұстап тұрып оң жақ түймесін шертеміз. Пайда болған контекстік менюден «Сохранить рисунок как» (3-сурет) деген команданы таңдап аламыз да қажетті папканың ішінде сақтаймыз.
Егер сіз суретті жұмыс істеп отырған файылыңызға қойғыңыз келсе контекстік менюден «Копировать» (4-сурет) деген команданы таңдап аласыз да қайтадан өз файылыңызға ауысып «Вставить» деген команданы орындайсыз.

3) Мәтіндік ақпартты сақтау.
Көптеген Веб-парақтарда бізге қажеттірегі – мәтіндер. Оны айырбастау буфері арқылы сақтау сенімді және ыңғайлы. Алдымен қажетті мәтінді белгілеп аламыз да «Копировать» деген тапсырманы таңдаймыз(мысалы аспаптар тақтасынан «Правка-Копировать» немесе CTRL-C өзара байланысқан клавиштер арқылы жүзеге асыруға болады.

Адрестiк жүйее
Интернет-қосымшаларының адрестiк құрылымы (негiзгi парақ)

қосымша://қосымша.мекеме.домен
Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары

gov - үкіметтік
org - үкіметтен ,коммерциядан тыс
edu - білім
com -коммерциялық
mil - әскери
net - желілік

Мысалдар:
http://www.loc.gov (АҚШ Конгресінің кітапханасы)
http://www.cnn.com (CNN Компаниясы)

Ұйымдық тиiстiлiгi бойынша домендер атаулары
Қосымша ( 2000 ж. қараша айынан, International Corporation for Assigned Names and Numbers)

museum - музейлер
name - жеке есімдер
aero - авиакомпании
coop - бірлескен, коммерциялық
biz - бизнес
info - ақпараттық
pro - кәсіпқой

Аймактық белгiсi бойынша домендер атауы

uk - Великобритания
us - США
ru - Россия
se - Швейцария
kz - Казахстан
de - Германия
ua - Украина
fr - Франция

Мысалдар:
http://www.lme.uk (Лондонның металдар биржасы)
http://www.ukg.kz (Рейтинг, Усть- Каменогорск)

Интернетттегі ауқымды іздестіру жүйелері

Интернет желісіндегі мәліметтерді миллиондаған мекемелер даярлайды. Әлемдік желідегі ақпараттарды тез тауып алуда іздеу серверлерінің көмегі зор. Оларда мыңдаған іріктелген құжаттардың, сайттардың адрестері сақталады. Көптеген іздеу серверлерінің ішінде кең тараған іздеу каталогтары(directories) мен машиналары (search engines) бар.

http:\\www.altavista.com - AltaVista ақпараттық іздестіру жүйесі 1995 жылы желтоқсан айында ашылған. Ол қазіргі таңда индекстелген html- құжаттар (350 миллионға жуық) көлемімен алдыңғы қатарда. AltaVista қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндігін және WWW арасында жұмыс істеуде ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?