Әдебиет | Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы: тарихи шындық және көркемдік шешім

 Әдебиет | Ілияс Есенберлиннің Көшпенділер трилогиясы: тарихи шындық және көркемдік шешім

Мазмұны
Кіріспе

2. Қазақ тарихына арналған романдар

2.1. Әдеби үдерістегі тарихи роман жанры үрдісі

2.2. Тарихи және көркемдік шындық тағылымы

2.3. Романдар құрылысындағы психологиялық ерекшеліктер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізім


ІІ.1. Әдеби үдерістегі тарихи роман жанры үрдісі.
Соңғы кезеңде тарихи тақырыпқа деген ұмтылыс та, оқырмандық сұраныс та орасан өсті.
Бұл кезең қазақ әдебиетінде де тарихи тақырыптың терең тамыр жайып, өркендей дамыған кезеңі болды. Тереңдей барлап қарасақ, тархихи тақырыпқа қалам сілтеп жүрген белгілі қазақ қаламгерлерінің қай-қайсысы болмасын кезінде бүгінгі күн тақырыбына жедел үн қосып жүрген және белгілі дәрежеде жемістерге қол жеткізген жазушылар. Олардың тарихи тақырыпқа бұлайынша күрт бұрылыс жасауында түрлі себептер жатыр. Оның басты қозғаушы күші, ең алдымен, сол кезеңдегі жағдайдың болғандығы сөзсіз.
Бүгінде «тоқырау кезеңі» деп жүрген уақыттың шарықтау шегіне жетіп, қызып тұрған кезінде қаламгерлер тіліне тиек қойылып, аяқтарына тұсау салынғаны белгілі. Қай кезеңде болмасын, шындықты шырылдата тереңнен қозғап, айтатын көркем әдебиеттің астарлы құдіретіне де шідер салынды. Жоғарыда жасалған идеологиялық шек-шеңбер шебінен аса алмай дәрмені құрыған қаламгерлер тығырыққа тірелді. Сондықтан да, олар тарихи тақырыпты ала отырып, ең алдымен өз заманының адамгершілік мұратын сөз етуді діттеді. Өткеннің тәжірибесін, тарих сабағын үлгі ете отырып, жалпы қоғамның даму заңдылықтарын, адамзаттық проблемаларды көтеруге ұмтылды.
Бұл уақытта аса зардап шеккен саланың бірі – қаоғамдық ғалымдар болды. Ұлттық республикалардың тарихы орынсыз бұрмаланып, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары ұмытылып, тілі мен дініне нұқсан келді. Ел қорғаны болған тарихи тұлғалар, халық тағдырында үлкен роль атқарған ұлы оқиғалар естен шығарылды.
Міне, осы жөнсіз олқылықтың орнын толтыруға ең алдымен көркем әдебиет үн қосты.
Ауыр да, күрделі, қиында болса мәртебелі осы жолдың басында Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы тұрады.
Әрине, І.Есенберлин тыңнан жол салды, қазақ әдебиетінде тарихи тақырып мәселесін алғаш қолға алды десек, шындыққа жанаспас еді. Ол қазақ әдебиетінде бұрыннан бар, тіпті М.Әуезов есімі арқылы үлкен биікке көтерілген дәстүрлі сәтті жалғастыра және уақыт елегі жағынан тереңдете білді.
Жалпы қазақ әдебиетінің тарихына үңілсек, сүбелі деген шығармалардың қай-қайсысы болмасын негізгі өзегіне өмірде болған оқиғаларды негіз етеді. Ол сипат қазақ прозасының алғашқы үлгілеріне де тән. Мәселен, Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінің Ш.Құдайбердиевиің «Әділ-Мария», М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу», С.Көбеевтің «Қалың мал» тәрізді шығармаларының барлығы да шынайы өмірде болған адамдар тағдырына негізделген. Егер шартты түрде болса да салыстыра қарасақ, революцияға дейінгі қазақ әдебиетіндегі шығармалардың ішіндегі прозадан гөрі поэмаларда тарихи нақтылықтың басым екендігін көруге болады.
Проза жаңа туып, енді қалыптасып келе жатса да, тарихи нақтылықтан гөрі көркем қорытуға, өмірдегі типтік жағдайларды жинақтай көрсетуге бейімдеу. Олар белгілі тарихи кезеңдегі ұлы оқиғаны немесе тарихи тұлғаны сөз етуді емес, жалпы қазақ қоғамына тән үлкен дерт – әйелдер бас бостандығын көтеруді басты мұрат тұтады да, соған орай жалпы жағдайларды арқау етеді.
Ал, нақты тарихи адамдар өмірінен алынып жазылған прозалық шығармалар әдебиетте кештеу туды. Оның басында М.Әуезовтың «Қараш-қараш оқиғасы» повесі тұрады. Повест 1927 жылы жазылған. Ленинград университетінің студенті, жас жазушы қаламынан шыққанына қарамастан бұл шығарма қазақ әдебиетіндегі тарихи тақырыпты игерудегі басты белес болып қалды. Повестің бас қаһарманы – Рысқұл Жылқайдаров (Бақтығұл) белгілі революционер, үлкен мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі. Әкесі жөніндегі архив деректерін М.Әуезовке беріп, шығарма жазуға түрткі болған Тұрардың өзі. Бірақ жазушы бұл деректермен шектеліп қалмаған. Ол 1924 жылы Жетісу өлкесіне келіп, оқиға болған жермен арнайы танысып, кәрі құлақ қарилар әңгімесін тыңдап, тарихқа әбден қаныққан.
Шығарманың ең басты артықшылығы да осы тарихи шындықтың барынша нанымды көрініс табуында. Бұл орайда жазушы қазақ әдебиетіндегі тарихи жырлар Абай, Шәкәрім дәстүрін берік сақтай отырып, Еуропа әдебиетіндегі үлгіні де жете меңгергендігін байқатады. Автордың тарихи адамдар аттарын да сәл өзгертіп беруінің (Рысқұл-Бақтығұл, Саймасай-Жараспай) өзінен әдебиетке келген жаңа бір лепті, Еуропалық үлгідегі көркем әдебиетке қарай аяқ басқан жаңа қадамды көреміз. Бұл тарихи дерек пен көркемдік шеберліктің астасып келуі жағынан қазақ әдебиетіндегі жаңа үлгі болды.
Енді М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын алсақ, негізінен ол 40-50 жылдардың еншісіне жатады. Бірінші кітабы 1942 ж., соңғы төртінші кітабы 1956 ж. аяқталған бұл эпопея М.Әуезовтың өз сөзімен айтқанда оның «бүкіл творчестволық өміріндегі сүйікті ісі» болды. Романға кірісуден бұрынғы жиырма жылдық әзірлік, жазу үрдісіне сіңген он бес жылдық жан қияр еңбек жазушының осы биік дәрежеге шарқ ұрып жету жолындағы қаһармандық іс-әрекетінің айқын айғағы болып табылады.
Сөз болып отырған кез қырық жылға тарта советтік дәуірді тұтас қамтиды. Сол себепті бұл тұстағы революциялық өскелең өмір өзгерістері мен бірге М.Әуезовтың да саяси-творчестволық өмірбаяны қалыптасып, өсіп жетілу күйін танытты. Шынын да М.Әуезов бұл үлкен іске мол дайындықпен келді. Сол дайындықтың дәл тарихи тақырыпқа бой ұрудың алғашқы тамаша да, сәтті үлгісі сонау «Қараш-қараш оқиғасы», «қилы заманнан» басталған болатын. Көреген жазушы халық тарихының шалқар шежіресін жасауды ол сол кезде-ақ арман тұтып, өзінің асқаралы міндеті деп ұғынған. Абай тақырыбына жазушы аса байсалдылық, үлкен сабыр, мол дайындықпен, киелі мұра тұтып, бар ынтасымен беріле, бар ғұмырын сарп ете келді. Мұның өзі де тек М.Әуезов табиғатына тән ұлылық, ұлағаттың белгісі еді.
Әрине, «Қазақ тарихының жарты ғасырлық энциклопедиясын» (Қ.Сатпаев) жазу, Абай сияқты халықпен қабысып жатқан қияметтей тағдырының көркем шежіресін жазу үшін тек Абайға ғана тән ұлылық керек еді. Міне, сол қасиет М.Әуезовтен табылады.
М.Әуезов тарихи роман жазуда материалдарды жинау мен іріктеудің, оларды тарихи романдарда пайдаланудың, тарихи деректерді ойнатудың, кейіпкерлерді типтендірудің бұрын-соңды болмаған үлгі-тәсілдерін көрсетті. Тарихи адамдар мен ойдан шығарылған кейіпкерлердің заман шындығын ашудағы образ ретіндегі қасиеттерін сомдаудың көп қырлы әдістерін жасады. Сонымен қатар, М.Әуезов халық тілінің нәрін меңгерудің жолын танытып, романда суреттеліп отырған кезеңге орай, сол заманның тіл кестесін келістірудің, әр кейіпкер тілін даралаудың үлгісін танытты.
М.Әуезов дәстүрі қазақ әдебиетіне эпикалық кең тыныс, әсіресе қарымы кең, талғамды романдар жазуда жаңа бір сепіліс әкелді. Бұл орайда С.Мұқанаов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин қаламынан туған шығармалар өз алдына. Сонымен бірге, қазақ әдебиетіне келген жаңа буын тарихи революциялық тақырыпты жырлауда өзінше белсенділік танытты. Бқл орайда С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», І.Жансүгіровтың «Жолдастар», Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч», С.Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлке» романдарында көтерілген мәселені жаңа қырынан, соны көзқараспен өзінше тани отырып, кең шалқарлы жаңа сапалы шығармалар қатарына қосылған Х.Есенжановтың «Ақ жайық», Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогияларын атаған жөн.
Бұл кезеңде қазақ әдебиеті, соның ішінде проза жанры ерекше қарқынмен өсті. Әсіресе, қазақ халқының октябрь революциясынан кейінгі даму жолының көркем шежіресін жасауға қаламгерлер құлшына кірісті. Ал, тарихи тақырыпқа деген ондай ерекше ұмтылыс 50-60 жылдар ішінде байқала қойған жоқ. Оның өзіндік себебі бар еді.
Ұлы Отан соғысы есеңгіретіп тастаған ел әлі де есін жиып үлгере қоймаған. Қатарлары селдіреп қалған қаламгерлер көне тарихты қазбалағаннан гөрі өздері көрген, куә болған революцияны, Ұлы Отан соғысы кезіндегі майдан, тыл ерліктерін, өндіріс табыстарын жазуға икем болды. Оның үстіне арғы жылдарды айтпағанда 50- жылдардың ішінде болған түрлі қаулылар, жазықсыз жазалау, саяси айыптар тағу – елді тарихқа барудан әбден үркітіп тастаған еді.
Сонымен бірге, бұл кездегі тарихи деректер жинақталған архив деректерінің барлығына есік жабық болды. Өткеннің жанды көрініс жасауға деген мүмкіншілігі жоқ еді. Сондықтан да бұл жылдары тарихи тақырыптың тың қатпарларын ақтарған жаңа туындылар жарық көре қойған жоқ. Міне, осындай бір тарих тақырыптың тығырыққа тірелген кезеңінде дүниеге келген алғашқы күрделі туынды Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» (1969) романы болды. Бұл шығарма қазақ тарихының көркем тарихын М.Әуезов әкелген мәреден жарты ғасыр әрі жылжумен ғана бағалы емес, қазақ халқының тарихындағы аса бір даулы, түрлі ғылыми пікірлердің шиеленіскен саяси астары мол Кенесары-Наурызбай бастаған көтерілісті батыл қозғаумен де мәнді еді.
Оқырман қауымға талантты прозашы ретінде әбден танылып, ел ілтифатына бөленген «Айқас», «Ғашықтар», «Қатерлі өткел», «Алтын құс» сияқты сүбелі шығармалардың авторының тарихи тақырыпқа бет бұруының себебі неде? Бұл уақытта автор атақ-дәрежеден де, үкімет пен партия ілтифатынан да кенде емес еді.
Бұл жолға І.Есенберлин күрт шешім жасап, кездейсоқ бұрылған жоқ. Ең алдымен осы тарихи тақырыпқа, соның ішінде аса бір қиын да, қатерлі тақырыпқа итермелеген сол кезеңдегі қоғамдық жағдай еді.
Бұл уақыттарда өткен тарихтың темір сандықтарға түскен рухани мұраларды ашып, оқымағанмен де, дәл елуінші жалдарға дейінгі кездегідей «қылышынан қан тамып» тұрған жоқ еді. Кенесары-Наурызбай туралы жыр-дастандарды жасынан жаттап, аңыз әңгімелерді құлағына құйып өскен жазушы шым-шымдап болса да, материал жинауға мүмкіндік туды. Романды жазуға итермелеген тағы бір себеп халықтың сұранысы еді. Бұл кезеңде жазалау болмағанмен де ұлттардың сіңісуі жөніндегі Сталиндік теория жасырын, астыртын сипат алған. Сондықтан, тарих, мәдениет, өнердегі ұлттық ерекшеліктерді айтудан гөрі, совет халықтарына ортақ қасиеттерді көрсету әлдеқайда басым болды. Ол кезде мектептен бастап, жоғары оқу орындарына дейін орыс халқының, СССР тарихын оқытты. Бұл тарихтың негізі сол елде тұратын сан түрлі ұлттардың, ұлыстардың тарихы емес – таза орыс халқының тарихы болды. Ғылыми зерттеулердің көбісі орыс тілінде жазылды. Ал, Кенесары-Наурызбай сияқты бір кезде бір жақты баға алған тарихи оқиғалар жабық тақырыпқа айналып, ондай есімдер барлық еңбектерден аластатылды. Жалпы 70-80 жылдар ішінде қазақ халқының тарихи санасын қалпына келтіруде жазушы қауымның еңбегі орасан зор проблеманы алғаш түсініп, көш басшы болған қаламгер – І.Есенберлин. «Бұл шығармасы (Қаһар) арқылы жазушы тарихи тақырыпты игеру жөніндегі батыл жаңашылдық көрсетті». «Қаһар» атлмыш трилогияның үшінші кітабы. Автордың алғашқы кітаптан бастамай, соңғы кітаптан бастауында үлкен мән бар. Ең алдымен суреттеліп отырған кезең басқаларына қарағанда бір табан жақын еді, ол дәуір тарих тасасына толық тығылып, жасырынып үлгермеген еді. Біріншіден автор ел арасында аңызға айналып, халық жадында өшпестей болып жазылған тарихи оқиғамен нақты адамдар тағдырын жазуды мақсат етті. Екіншіден, Кенесары-Наурызбай қозғалысына кейінгі кезде тиым салынғанымен, ілгері уақытта ол біршама зерттеліп, ғылымда бағасын алған еді.
Автор іле-шала уақыт оздырмай «Алмас қылыш» (1971) романын жарыққа шығарды. Бұл трилогияның бірінші кітабы. Жазушының екінші кітапқа қарай, біртіндеп жылжымай ортадағы дәуірді орғытып, XV ғасырға аттап кетуі де тегін емес. Бұл дәуірде қазақ хандығының жеке отау тігіп, қалыптасу кезеңін бейнелейтін. Автордың негізгі мақсаты – оқырманды эстетикалық ләззатпен еліте отырып, оқырманға танымдық ғибрат беру болды. Осы орайда зерттеуші Р.Бердібаевтың «біздіңше, І.Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының жұршылық үшін ең маңызды жері -- өзге мамандар түгіл тарихшылардың өзі де әлі күнге дейін жете зерттеп болмаған кезең ХV ғасыр оқиғаларын роман-хроника түрінде тұңғыш рет жүйелі өріп, аса көп керекті мағлұмат бере алатындығында». Қалың оқушы бұл кезге дейін XV ғасырда Жәнібек пен Керей бастаған қазақ рулары Сарысу, Шу, Талас өзендерінің алқабында, Мойынқұм бойында алғаш рет қазақ хандығын құрды деген қысқа деректен өзгені біле бермейтін «Алмас қылыш» тарих кітаптарында жазылған сараң тұжырымның тасасында қаншама хикмет жатқанын нақты оқиғалардың хронологиялық ізіне түсе отырып кеңінен баян етеді.
Автор екі кітап арқылы ұшын шығарып, оқырманға айтпақ ойын «Жанталас» романы арқылы жалғап, тұтастырып, қазақ халқының бес ғасырға жуық тарихының көркем хроникасын жасайды. Сол арқылы өзінің қаламгерлік үлкен арман міндетін қазақ халқына өзін-өзі таныту жас ұрпаққа өткен ата-бабалары жөнінде мағлұмат беру мақсатын орындап шыққандай еді. Трилогияның алғашқы кітабынан бастап-ақ оқырман қауымы жылы қабылдады. Бұған тарихи шығарманың танымдық-тәрбиелік қуатының күштілігі ғана себеп болған жоқ, көркем шығарма ретіндегі эстетикалық пәрменнің қуаттылығында еді. Бұл қуат әсіресе «Қаһар» романында мол еді. Романға ел тарихындағы елеулі оқиғаның негіз болып оның бір қаһарман тағдырына байланысты (Кенесары). Ұлан-ғайыр дүбірлі оқиғалардың он шақты жыл ішіне жинақтала суреттелуі – шығарма композициясын ерекше ширатқан. Автордың идеялық нысанасы айқын. Ол сол кезеңдік ұлы оқиғаның шындығын ашу. Он жылға жуық Империямен тартысқан әйгілі көтеріліс себебін жазушы былай айқындайды: «үш жақтан бірдей қадалған найза қазақты да оятқандай. Кеше сонау Ұлытаудан Құдайменде батыр келген. Ол Жоламан мен Иман батырдың сәлемдемесін әкеліп, қазір Сары-арқаның қай қиырында болса да, ақ патшаға қарсы шығатын жұрттың көп екендігін айтқан.Қазір бас көтеруге еңбір қолайлы кез. Қиянат жанын жеген бұқара қураған шөп тәрізді, от тисе болды лап етіп бүкіл Сары-арқаны, Сыр бойын, Жайық, Маңғыстау үстірт даласын алып кетуі ғажап емес». [7; 82-83 бб] Міне, осы ұрымтал сәтті дәл аңғарып, «Абылайлап» атқа қонған Кенесарының артынан елдің үдере еруінің себебі. Автор Кенесарының ішкі есебінде толық атқарады: «қалың бұқараның тәуелсіздігін қорғау арманымен сенің жұрт билігін қолға аламын деген көкейтесті тілегің ұшстасып жатқанда, соңыңнан ерген қолдың артында емес, алдына шығу қажет» [7; 86-87 бб.] Бұл Кенесарының ішкі ойы. Жазушы бас қаһарманның қайшылыққа толы жанды образын жасаған. Ол халық мүддесін өз мүддесіне бағындырған билікшіл, үлкен ақыл иесі, ер жүрек, қайсар, жігерлі, қаһарман батыр, майталман шешен. Романнан мұндай аса күрделі мінездердің сипатын жиі кездестіреміз. Қулығы мен сұмдығына найза бола алмайтын, өз әйел-баласына да меірімі түспейтін, қатыгез ақ патша алдында айлакерлігімен шен алып, халықты сүліктей сорған Қоңырқұлжа ше? Күнімжан, Ақбөкен, Бопай, Зейнеп, Алтыншаш, Күміс сияқты әйелдер образы өзінше бір сала. Шығармада халық көтерілісі, атыс-шабыс, итжығыс, арпалыс, зарлау, жылау ғана емес, бүкіл халық тұрмысының сан алуан картинасы көрінеді. Онда қандай ауыр кезең болмасын қайғы мен қуаныш, реніш пен күлкі аралас жүретін халық тірлігінің жанды суреті бар.
«Алмас қылыш» пен «Жанталаста» негізінен «Қаһарда» суреттелетін кезеңге дейінгі тарихи оқиғалар баяндалған. «Алмас қылышта» негізінен XIV - XV ғасырларда Дешті Қыпшақтан ірге ажыратып, өзінше отау тіккен қазақ хандығының қалыптасу дәуірі суреттелсе, «Жанталаста» арпалыспен жүріп ұзақ жылдардағы күрес нәтижесінде қол жеткізген ұлы жеңістің, қазақ елі деп аталатын хандықтың екі тізгін бір шылбырынан айырыла бастаған «жанталас» жағдайлар баяндалады.
Әсіресе, «Алмас қылышта» әлемді тітіреткен ірі мемлекеттің бірі болған Дешті Қыпшақтың Әбілқайыр ханның кезінде ішкі-сыртқы күштердің әсерінен әлсіреп, ыдырай бастаған кезін, оның іштей ыдырап, жеке хандықтарға бөліне бастаған алмағайып шағы қым-қуат оқиғалар тізбегі арқылы суреттелген. Керей, Жәнібек хандардың бастамасымен шаңырақ көтерген қазақ хандығы да оңай бой түзеп кете алған жоқ. «Алмас қылыштағы» оқиғалар желісі тым қою сюжеттік желісі шытырман, бұралаңы көп.
«Жанталас» -- Абылай кезіндегі қазақ хандығының үш тараптан қыспаққа алынып, (Жоңғар, Орыс, Қытай) ел басына қысылтаяң күн туған шағындағы аса бір сындарлы кезеңді сөз етеді. Кітаптың алғашқы беті қазақ елінің есінде «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атаумен қалған ұлы қырғын Жоңғар шапқыншылығын сипаттаудан басталады. Осы халықтың азаттық үшін күресінде қазақ батырларымен бірге «Абылайлап» атқа қонған Әбілмансұрдың аты шығып, ел көсемі болған Абылай ғұмыры халық ел тағдырымен бірлікте баяндалады. Романда Бұқар жырау бастаған қазақ ақын-жырауларының, Үш жүздің берекесі, бас қосар ұйытқысы болған Қазыбек, Төле, Әйтеке сияқты ұлы билердің, алты алаштың ардағы «Абылайлап» жауға шапқан асыл ерлердің жарқын бейнелері бар. Күші басымның көксегені болып, құдіреті жүріп тұрған заманда қазақ сияқты феодалдық-патриархалды қоғамның уысынан шыға қоймаған жері кең, саны шағын халықтың отаршылдық құрығынан қара үзіп құтылып кетуі тек бос қиял ғана екендігі мәлім. Өзі сияқты көшпенді халықтың озбырлығынан елін алып шыққан Абылай енді екі алыптың арбауынан құтылудың жолын таба алмай «жанталасады».
Қазақ халқының Жоңғардың жойқын шабуылына төтеп беріп, елдігі мен жерін сақтап қалуы – Ұлы Отан соғысына бара-бар ерлік еді. Бұл халықтың жеке ел болуындағы ең үлкен және соңғы қуатты тегеуріні болды. Романда бұл шайқасты кезең де жақсы көрініс тапқан. «Жанталаста» осы уақытқа дейін өз еркімен қосылды деп түсіндіріліп келе жатқан қазақ даласының Ресей Империясына бағындырылу үрдісінің қиын да, күрделі сипаты біршама жақсы көрініс тапқан. Бұл романда Әбілқайыр, Барақ, Абылай сияқты әртүрлі көзқарастағы ел билеушілердің іс-әрекет айла-шарғылары арқылы көрініс табады. Қай кезеңде болсын қатыгез заман, қате саясаттан зардап шегетін – халық. Қандай тығырықтан болмасын халық өзін-өзі ғана шығарады.
Түйіндей айтар болсақ, трилогияның үш кітабының да негізгі өзегі біреу ғана. Ол – қазақ деп аталатын халықтың осы уақытқа дейін өзіне де беймәлім болып келген тарихын өзіне таныту.
І,Есенберлин тарихи деректерді терең меңгерген сөз зергері ғана емес, сол заманға сай тарихи сипатты көре білген үлкен зерденің адамы. Суреттеліп отырған заманның ерекшеліктері мен өзіндік келбетін танытатын поэтикалық тарихи нанымдылығы осының дәлелі. Сондықтан да, І.Есенберлиннің қаһармандарының мінез ерекшеліктерінен қоршаған ортаның жағдайынан туындап отыратын поэтикалық қиял, тіпті ойдан шығарылған оқиғалар шынайы сипатқа ие. Уақыт елбетін, заман шындығын дәл бейнелеуде жазушы қазақ халқының мол фольклорын кең пайдаланған. Ол – халықтың даналығы мен рухани әлемін түгел бойына сіңірген жанды тарих. Фольклорлық мұрадағы әңгімешілдік дәстүр, халықтың қуанышы мен мұңын бойына жинақтаған шежірешілік жазушыға сол заманның тарихи деректерге түсе бермейтін қалтарыстарын ашуға жәрдемдеседі.
Трилогияның үш кітабының бойынан да үлкен бір күрескерлік идея бой оздырып, биік көрініп отырады. Ол халықтың қай кезеңде болмасын соқыр күшке, бұғауға, қорлыққа шыдамайтындығы. Қазақ халқы тарихының аса бір күрделі кезеңдерін арқау еткен үш кітапта осы оптимистік күрес жолы көркем тілмен баяндалады.
ІІ.2. Тарихи және көркемдік шындық тағылымы.
Әдеби-теориялық және эстетикалық сананың даму барысында өнердің әр дәуірдегі даму процесінде күшті өзгерістерге түсетін «көркем қиял және көркемдік болжам» атты екі теориялық категория қалыптасты. Өнертанушы мамандар қиялды суреттердің нақты шындықты қаз-қалпында, өмірді дәл өмірдегідей суреттеуден ауытқу құралы деп ұғынады. Тарихи шындықты көп әсірелемей, негізін сақтай отырып суреттеу тәсілін болжау деп таниды. Тарихи романдар жөніндегі зерттеулердің қомақты тізіміне көз салсақ, шығармадағы көркем қиял мен тарихи шындықтың арақатынасы мәселесіне соқпай өтетіні жоқ. Бұл жұмыстарды «қиял мен болжалдың» жалпы теориясы оның әдебиеттегі ролі, жанрдың типологиялық белгілерін анықтаудағы ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?