География | Алатауы және Жетісу Алатауының мұздықтануы мен жіктелуі

 География | Алатауы және Жетісу Алатауының мұздықтануы мен жіктелуі

Мазмұны
Кіріспе.................................................................................................................

І-тарау
Іле Алатауы және Жетісу Алатауының мұздықтануы мен жіктелуі....................................................................................................................

1.1Орографиясы..............................................................................................
1.2 Климаты.....................................................................................................
1.3 Гидрографиясы.........................................................................................
1.4Топырақ және Өсімдік жамылғысы........................................................
1.5 Геоморфологиясы және геологиясы.......................................................

ІІ-тарау
Іле Алатауы және Жетісу Алатауының
Мұздықтануы мен жіктелуі........................................................................

2.1 Мұздықтардың пайда болуы және олардың түрлері..................................................................................................................
2.2 Мұздықтардың морфологиялық типтері.............................................

2.3 Мұзданған аймақтардың метеорологиялық жағдайы және Кіші Алматы өзендерінің алабындағы өзендер.........................................................
Қорытынды..................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................


І. Іле Алатауы және Жетісу Алатауы жоталарына физикалық – географиялық сипаттама


1.1 Орографиясы
Іле Алатауы жотасы – Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі биік таулар тізбегі. Батыстан шығысқа қарай 350 км-ге созылып жатыр, ені 35-40 км-ге жетеді. Жотаның көтеріңкі жері орта бөлігіндегі Қаскелең мен Түрген өзендері аралығы. Орташа биіктігі 400м. Ең биік жері - Талғар шыңы (4973м). Орталық бөлігінен Іле Алатауы аласарып шығыста – Сөгеті, Бұғыты, батыста Қастек, Кіндіктас, аласа тауларына ұласады. Таулы жота күшті дислокацияланған протерозойдың, төменгі палеозойдың шөгінді жыныстарының (құмтас, тақтатас, әктас) және гранит, гранодиориттерден, конгломераттардан түзілген. Ол таулардың көптеген жүйелерінен және тау аралық ойпаттардан, сонымен қатар өзінің пайда болуында таулы жер бедерінің дамуымен байланысты тау алды жазығы белдеуінен тұрады. Ең алғашқы зерттеушілер бұл кең аймақты Іле өлкесі деп атаған. Оның шекараларын әр автор әр түрлі келтіреді. П.П.Семенов Тянь-Шаньский жотаны шығысында Шарын өзені мен, ал батысында Шу өзені мен шектелген. Н.Г.Кассин (1930ж.) оның батыс шекарасын Қастек асуы меридианы бойынша, ал шығыс шекарасын Шарын өзені арқылы жүргізген.
Солтүстігінде жота тау алды жазығымен, ал оңтүстігіндегі нақты бейнеленген шекаралары – Шілік және Шоңкемен өзендерінің аңғарлары болып табылады. Батысында жотаны Қастек өзенімен және сол атаудағы асу мен шектеуге болады, одан кейін ол орографиялық жағынан да, геологиялық құрылымдық қатынаста да жеке массив болып есептегенде 90 км-ге жетеді. Шығысында жота Шарын өзенімен шектеледі. Аталған шекаралардағы жотаның ара қашықтығы 260км., Алматы қаласы меридианы бойынша ені-45км., ал тау етегі жазығымен қоса есептеген де 90 км-ге жетеді. Қарастырылып отырған аумақтың жалпы ауданы 18000км шаршы шамасында.
Іле Алатауының жер бедері өте күрделі болып келеді. Жотаның ең биік шыңдары оның орталық бөлігінде орналасқан, 130км ара қашықтықтағы теңіз деңгейінен 4000 м-ден асатын белгілерге ие. Орта сілеміне жалпы ұзындығы 90км-ге жететін Сарытау және Торайғыр таулары, ал оңтүстігіне ара қашықтығы 50км-ге жететін Далашық таулы үстірті жатады. Бұл сілемдер Сөгеті, Жалаңаш, Асы және Жіңішке тауаралық ойыстарын шектейді.
Көріп отырғанымыздай, Іле Алатауы алты жотадан және кең тау аралық ойпаттардан тұратын, таулардың толық жүйесін құрайды. Сонымен қатар, оның солтүстік беткейінде тау алды, яғни екі аласа таулы – қырқалы саты бөлінеді, ал төменде еңкіш тау етегі жазығы орналасқан.
Іле Алатауының таулары және тау бөктерлері адамзат кеңінен қолданатын, сарқылмайтын табиғи ресурстарға бай. Ол құнарлы жерлер, тұщы су, таза ауа, әр түрлі топырақ - өсімдік жамылғысы, ал кей жерлерде пайдалы қазбалар кездеседі. Жотаның барлық тау алды зонасын адамзат жақсы игерген. Іле Алатауы 8-9 балдық жер сілкіну аймағына жатады. Сондай-ақ эрозиялық процестердің қарқындылығын күшейтетін қауіпті сел құбылыстары болып тұрады. Жотаның оңтүстік беткейі тік және аз тілімделген, солтүстік беткейі көлбеулеу, өзен аңғарлары терең шатқалдармен тілімделген.
Жетісу Алатауы Қазақстандағы ірі әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйелерінің бірі. Оның солтүстігінде Балқаш Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге созылып жатыр. Ені батысында 100 км-дей, шығысында 250 км-ге жетеді. Жетісу Алатауы Сарқан мен Бежін тауларының басталар жерінен шығысқа қарай Солтүстік және Оңтүстік Жетісу Алатауы болып екі жотаға бөлінеді. Олар өзара Көксу және Бортола өзенінің аңғарларымен шектелген. Оңтүстік Жетісу Алатауының Сарышоқы мен Борохоро жоталары түгелдей дерлік Қытай жерінде жатыр. Таулар күшті тілімденген, өзара үлкенді-кішілі өзен аңғарларымен жіктелген. Солтүстік Жетісу Алатауының өзімен бағыттас орналасқан аласа келген Қоңыртау, Марқатау, Күнгейжота, Тастау, Бұлантау сияқты жоталары бар. Басқантаудың негізгі жотамен қиылысқан жерінде Жетісу Алатауының ең биік шыңы – Бесбақан орналасқан. Солтүстік Жетісу Алатауы жер бедерінің ерекшелігі – тау жоталарының кертпештеліп баспалдақ түзілуі. Жетісу Алатауының баспалдақты құрылымы тау төбөсінің ұзақ уақыт бойы мүжіліп, тегістеліп тауүсті жазықтарына айналуы нәтижесінде пайда болған. Оның оңтүстігінде Алтынемел және Қоянтау жоталары жатыр. Қатынтау және Долантау жоталары Іле өзеніне тіреледі. Жетісу Алатауының жер бедері күрделі болып келеді. Оның көлбеу жазыққа айналған тау етегі аридтік климаттық жағдайда қалыптасқан. Адырлы – төбешікті пішіндермен сипатталса, жоғары қарай нағыз таулы кешен айқындала түседі. Беткейлік шайылумен бірге бойлық эрозия әрекеттері күшті дамыған. Мұнда тауаралық кең жазықтар көп. Таудың биік жоталарын мұздықтар басып жатыр. Олардың жалпы саны 724, көлемі 1120.3 км. Олардың ішіндегі ең ірілері Берг мұздығы (ұзындығы 8км), Жамбыл мұздығы (ұзындығы 5.5км). Мұздықтардың көпшілігі дерлік жоталардың солтүстік беткейлерінде орналасқан.

1.2 Климаты
Бұл аймақтың климаты айқын көрсетілген континентальдылығымен ерекшеленеді. Тау етегі зонасында жаз өте ыстық, ал қысы жиі жылымықты қоңыржай жылы болып келеді. Тауға жоғарылаған сайын ауаның температурасы да төмендейді, қар мөлшері де көбейеді, ал биік таулы зонада қарлар қатты түрде түзеді және тұрақты қарлар мен мұздықтарды құрайды. Ауа температурасының күрт тербелуі, нивальді белдеуде қарқынды үгілудің пайда болуына себеп болады. Сонымен қатар, солифлюкциялық құбылыстар және тау беткейлерімен қиыршық тастардың жаппай жылжуы тән. Тау етегі жазығында да, үгілу процестері белсенді байқалады: шаңды дауылдар, топырақ құрғақшылығы, құмдардың үрлену мезгілімен болып тұрады, қойтасты малтатасты материал біртіндеп бұзылуға ұшырайды. Геоморфологиялық жағынан алсақта, қысқы теріс мағыналы температура су ағындары эрозиясының, беткейлік процестердің, материалдың өзендер арқылы тасымалдануын бәсеңдете отырып, грунттың және өзеннің қатуына, қар жамылғысының пайда болуына алып келеді.
Тау жыныстарының үгілу процесіне өте үлкен әсерін тигізетін, климаттың негізгі элементтерінің бірі – ауа температурасы. Ауа температурасына аймақтың ендігі мен биіктігі, күн радиациясының қарқындылығы, атмосфера циркуляциясы және т.б. көптеген факторлар әсер етеді. Іле Алатауының материктік режимі, тәуліктік және жылдық температурасының үлкен амплитудасы, жылдың жылы мезгілінің суық мезгілден басым болуы тән. Ең төменгі орта айлық температура барлық станцияларда қаңтар айында белгіленген – 3.7 градустан бастап (Каменка үстірті) – 12.7 градусқа дейін (Алматы әуежайы). Таулардағы ауаның температурасы жазыққа қарағанда төмен болып келеді. Бұл жерде қыс біршама жұмсақ, жылымықтар жиі болып тұрады. Мұндай күндері ауаның орта тәуліктік температурасы 2500 м биіктіктің өзінде 2-ден 10 градусқа дейін құбылады. Бірақ, бұл жерде де 20-30 градусқа жететін өте қатал аяздар болып тұрады. Сонымен қатар, тауларда қыста температураның өсуін белгілі биіктікке дейін қамтамасыз ететін орографиялық өзгерістер дамыған. Сондықтан, жартастар мен тау беткейлерінде ойпатты жерлерге қарағанда жылырақ болады. Мұндай өзгерістер жиі байқалады, кейде таулардағы көпжылдық орташа температура тау етегіне қарағанда жоғары болады (Алматы әуежайы – 6.6 градус, Каменка үстірті – 8,1 градус). Биік таулы белдеуде төмен температураға байланысты жауын-шашын тек қатты түрде болады, соған байланысты тұрақты қарлар және мұздықтар жиналады. Мәңгі тоң басым болып келеді. Тауларда күн радиациясы өте күшті, ультракүлгін сәулелер 2-4 есе көп.
Жер беті жер бедерін қалыптастыруда жауын-шашынның ролі өте жоғары. Іле Алатауында олардың екі түрлі шығу тегі бар. Ең алдымен, атмосфераның жалпы циркуляциясы кезінде ауа массаларымен әкелінетін жауын-шашын, яғни адвективті жауын шашын. Олар әдетте батыстан, солтүстік батыстан горизонтты ауа массаларымен алып келінеді және жылдың баллансындағы негізгі массаны құрайды. Оларға таулар механикалық тосқауыл болатындықтан, жотаның солтүстік-батыс беткейі қарсы беткейге қарағанда өте көп жауын-шашын алады, қарсы беткейге ылғалды аз ауа жетеді. Сонымен қатар жауын –шашын жылы жыл мезгілінде жер бетінің қызуы нәтижесінде пайда болып, жергілікті циркуляциясы нәтижесінде біртекті ауа массаларының ішінде қалыптасады. Қызған ауа тауға көтеріле отырып, жауын-шашын бөлетін қалың түйдек бұлттарды құрайды. Бұл жердегі ылғал қоры өзен және су қоймаларынан алынады. Қарастырылып отырған аумақтың әр аймағындағы жауын-шашын мөлшері көрсетілген. Көріп отырғандай, минимальды орта жылдық жауын-шашын мөлшері жотаның тау етегі зонасының шығыс бөлігінде орналасқан, Шілік (198 мм) және Малыбай станциясында белгіленген. Батысқа қарай жауын-шашын мөлшері көбейеді: Түргенде – 506мм., Алматыда – 557мм. Сонымен қатар, жауын-шашын мөлшері солтүстіктен оңтүстікке, тауларға қарай өсу ылғалды, ал қысы – қатал және суық. Бұл тұрақты аяз, қар және мұз зонасы болып табылады. Іле Алатауының солтүстік беткейінде биік таулы беткейлер жақсы байқалады. Бөктеріндегі қуаңдала жоғарырақта бұталы-далалық өсімдік жамылғысына, одан әрі шалғынға, орманға ұласады.
Жотаның климаттық жағдайлары тау жыныстарының қарқынды үгілуіне себеп болады. Таулардағы жауын-шашын мөлшерінің көптігі,жиі болатын жауын-шашын, мұз бен қардың тез еуі өзендердің тасуына алып келеді. Олар мен апатты селдер де байланысты. Сонымен қатар жауын шашынның біркелкі түспеуі эрозиялық процестерді тудырады.
Тауаралық қазаншұңқырда сонымен қатар таулардың беткейлерінде қыс қоңыржай суық, бұл жерлерде қар көп жауады және боран жиі болып тұрады. Ең суық айы қаңтар айы, бұл айда күндізгі ауаның температурасы 5-10 градус аралығында, ал түнде 15-25 градус аралығында ауытқиды, аязды күндері ауаның температурасы 30 градусқа төмендейді. Қаңтар айында жылы күндер болмайды. Желтоқсан және ақпан айларында күн жылы болады. Жауын-шашын айына 5-10 рет түседі, көбнесе қар түрінде. Тұрақты қар жамылғысы қараша айының аяғында, желтоқсан айының басында түседі және бүкіл қыс бойы жатады, оның қалыңдығы 30см-ден аспайды. Қатты аязды күндері және қар жамылғысы аз болған кездері грунттар қатып қалады. Тауларда 1500-2000м биіктікте және одан жоғарырақ қыс өте суық болады. Қараша айынан науырыз айының аяғына дейін созылады. Бұл жердің ауа райында қарлар және желдер басым болады. Ауаның температурасы күндіз 10-20 градус аралығында, ал түнде 25-35 градус аралығында ауытқиды. Жауын-шашын көбнесе құрғақ қар ретінде түседі, қалыңдығы 50 см-ге дейін жетеді. Тау аралық аңғарда, сонымен қатар таулардың 1500-2000 м биіктеген беткейлерінде көктем наурыз айлардың басынан мамыр айының ортасына дейін созылады. Көктем айы жылы, ашық жауын-шашын аз түседі. Күндізгі ауаның температурасы 10-18 градус аралығында, ал түнде әлсіз аяздар болып тұрады. Ауаның температурасы -10 градусқа төмендейді. Қар наурыз айының соңында ериді. Мамыр айында жауын-шашын өте көп жауады. Тауларда көктем сәуір, мамыр айынан маусымға дейін созылады. Бұл жердегі ауарайы тұрақсыз, күшті желдер жиі соғады. Жаз айына өту ақырындап және білінбей өтеді. Тауаралық қазаншұңқырларда сонымен қатар 1500-2000м абсолюттік биіктік жерлерде, мамыр айының ортасынан қыркүйек айының ортасына дейін созылады. Ауарайы жылы және жауын-шашынсыз болады. Күндізгі температура 20-25 градус аралығында максимум 40 градусқа дейін жетеді, ал түнде 3-8 градусқа төмендейді. Жауын-шашын әсіресе жаздың екінші айында аз түседі. Таулы аймақтарда жаз өте қысқа болады. Бұл жердің жазы салқын көбінесе тұманды жауын-шашынды болады. Күндіз қоңыржай жылы, түнде салқын және ылғал жауын-шашын нөсер болып түседі. Тауаралық аңғарларда сонымен қатар биік тауларда күз айы қыркүйектен қараша айына дейін созылады. Күз айы жылы құрғақ және жауын-шашын аз түседі. Әдетте ауаның температурасы 5-15 градус аралығында болады. Жауын-шашын күзде аз түседі. Әдетте сіркіреп жауады, ал күз айларының екінші жартысында қар түседі. Тауларда күз қыркүйектен қазанға дейін созылады. Бұл жердің ауарайы суық, құрғақ, желді болып келеді. Ауаның температұрасы тез төмен түседі, ал айдың аяғында суық болып қар жауады. Жыл бойы көбнесе солтүстік және солтүстік-шығыс, сонымен қатар батыс және солтүстік-батыс бағыттағы желдер соғып тұрады. Желдің жылдамдығы 2-3 м секунд. Қатты желдер көбнесе қыс және көктем айларында соғады. Тауаралық қазаншұңқырлар жылы жерлерді ал басқа аумақтарда тауаралық аңғарлық желдер соғады. Таулық аңғарлақ желдер жаз айында қатты соғады, қыста азаяды.

1.3. Гидрографиясы
Іле Алатауының гидрографиялық торы көбнесе Балқаш көліне құятын Іле өзені алабына және жартылай ағынсыз Шу өзені алабына жатады.
Іле Алатауының өзендері – көлденең қимамен және белсенді түрдегі тереңдік эрозиямен өңделмеген, екпіні жылдам, әдеттегі жас таулы су тасқынына жатады. Жазық бөлігінде олар аз сулылығымен және бір қалыпты ағысымен ерекшеленеді. Іле Алатауында тұрақты ағысы бар өзендер жүз шамасында есептелінеді, егер мерзімдік су ағындарын қоса алатын болсақ, онда бұл өлшем біршама жоғарылайды.
Бастауларының орналасуына, қоректену сипатына және су режиміне байланысты, қарастырылып отырған аймақтың барлық өзендері үш типке бөлінеді: таулы, тауалды және жазықтық.
Жазықтық типке тауалды жазығында 700-800м биіктікте ысырынды перифериясында, грунд суларының ену нәтижесінде қалыптасатын ұсақ өзендер жатады. Олардың жалпы жиынтық аты – қарасу. Оған Соқырбұлақ, Балтабай, Қарасу, Жиренайғыр және тағы басқа жатады.
Тауалды типіне атмосфералық жауын-шашын және жерасты суларымен қоректенетін Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі өзендер жатады. Көп жағдайда олар бастауын мұздықтық белдеуден, яғни 3000м-ден төмен орналасқан бастаулардан алады. Оларға: Қараш және Бақай тауларынан ағатын өзендер, яғни Талдыбұлақ, Белшабдар, Қаратұрық, Теректі, Сүгір; жотаның орталық бөлігінде - Рахат, Қайназар, Қотырбұлақ, Қырғауылды; батыс бөлігінде – Майбұлақ, Шатайбұлақ, Қастек, Қыртобылғы және т.б. Негізінде бұл тік құламалы және ағысы жылдам, аса үлкен емес таулы өзендер. Олардың ұзындығы 15-20км тасқындары қысқы қарлардың еруімен көктемде болады, өте екпінді, бірақ қысқы мерзімді. Жазда мұндай суы аз өзендер тау етегі жазығында тұйықталған сағамен бітеді. Сонымен қатар, жотаның барлық беткейлерінде көктемде ғана суы толатын, ал жазда құрғап кететін мерзімдік және уақытша өзендер бар.
Таулы өзендердің суы мол, ірі және біршама су жинау алаптары бар. Олардың бастаулары 3000м-ден астам биіктікте жатыр. Қоректенуі негізінен мұздықтық, бірақ олардың режимінде атмосфералық жауын-шашын және жер асты сулары өте үлкен маңызға ие. Бұл типке жотаның ең ірі өзендері жатады: Шілік, Түрген, Есік, Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Қаскелең және т.б.
Ең ірі өзен – Шілік өзені. Ол өзінің бастауын жотаның оңтүстік беткейінде, 3750м биіктікте орналасқан Жаңғырық мұздығынан алады. 20км-ден төмен ол оңтүстік Талғар өзенімен қосыла отырып, Тоғызтарау деп аталатын өте кең жайылманы құрайды. Төменде өзен Таушілік кең мұздықтық аңғар бойымен, шығысқа қарай жылдам ағып, 40км-де терең, өткелсіз шатқалға енеді. Жалаңаш ойысына шыға отырып, ол Шілік атауына ие болады және солтүстікке қарай күрт бұрылып, Суықтоғай мекеніне енеді. Екі таулы массивті (Торайғыр және Сөгеті) кесе отырып, тау етегі жазығына шығады. Бұл жерде Шілік өзені бірқалыпты кең аңғар бойымен ағады,суы аз болады және шамамен таудан 45 км-де екі саламен Іле өзеніне құяды. Тауда оған 45 сала құяды, оның біршама бөлігі мұздықтық болып келеді, ал жазық жерде мүлдем саласыз болады. Барлық оң жақ салалары ағыстың ендіктік бөлігінде шоғырланған және Күнгей Алатауы жотасының солтүстік беткейінен ағады. Оған Сүтбұлақ, Күрметі, Саты және тағы басқа жатады. Осы бөлікшеде солтүстік жағында Шілік өзеніне Түлкісай, Аманжол, Майбұлақ өзендері құяды. Меридиандық бөлікшеде Шілік өзенінің оң жағында салалары жоқ, ал сол жағында үш саласы бар, яғни Жіңішке, Сарыбұлақ, Асы. Шілік өзенінің су жинау алабының ауданы – 5300км шаршы шақырым, жалпы ұзындығы – 281 км.
Шілік өзені екпінді ағысты, тік құламалы, таулы өзен; арнасының ені жоғарғы ағысында 3-4 м., орта ағысында 10-15 м., кеңейген жерлерінде 100 м-ге дейін жетеді, максимальды тереңдігі 1.5-2м. Бұл өзен мұздықтық типпен қоректенеді, орта жылдық ағымы 32.7 м/сек. Шілік – Іле Алатауының ең лайлы өзені болып табылады: таудан шығар жеріндегі орта жылдық лайлылығы 571 г/м.
Іле Алатауының солтүстік беткейінің барлық ірі өзендері (Түрген, Есік, Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Шамалған, Қаскелең және т.б.) бір типті және 3300-3500м биіктікте мұздықтардан бірнеше саламен басталады. Төменде олар жеке өзендер арналарына құяды, ал олар түпкі моренамен бітетін кең трогты арналармен ағады. Орта таулы белдеущде барлық өзендердің ағысы екпінді, аңғарларының тереңдігі 800-1000м-ге жететін шатқалдарға айналады. Тау етегі жазығында судың көп мөлшері инфильтрацияға, булануға және суғаруға жіберіледі. Сондықтан кейбір өзендер (Түрген, Талғар) Іле өзеніне тек ерекше ылғалды жылдары ғана жетеді. Созылған су тасқындарына қарамастан нөсерлі жаңбырлар немесе мұздықтардың тез еруі нәтижөсіпде өзендердің деңгейі күрт көтеріледі және тасқындар су бұзылуына айналады. Мысалы, Н.Н.Польговтың (1947ж) бақылаулары бойынша 1921 жылы 8 шілдеде Кіші Алматы аңғарында болған нөсерлі жаңбыр орасан зор бұзылуларды туғызған.Су тасқыны бұзған Пугасов көпірінде өзен 4м-ге көтерілген. Талғар өзені сол кезде, сол атаудағы селода 8м-ге көтерілген, ал оның шығыны максимальді орта айлығынан жүз есе көп болды. Аталған өзендердің минимальді шығындары наурыз айында болады.
Шоңкемен – жотаның оңтүстік беткейінің батыс бөлігінің ең негізгі өзені. Оның бастауы 3800м биіктікте Іле Алатауын Күнгей Алатауымен қосатын таулы мойынның оңтүстік-батыс беткейінде орналасқан. Өзен біршама деңгейде суы мол, салалары шоғырланған Күнгей Алатауы ағыны есебінен құралады. Іле Алатауының оңтүстік беткейінен бастау алатын өзендер қысқа және суы аз болып келеді. Төменгі ағысында Шоңкемен өзені оңтүстікке қарай ауытқиды және зерттелген аймақтың шегінен асып Шу өзеніне құяды. Оның ұзындығы 110 км, су жинау ауданы 2100 км шаршы шақырым, орта жылдық шығыны 22.1 м/сек, максимальді шығыны шілде-тамызда, ал минимальдісі науырызда болады.
Шарын өзені орта ағысында Жалаңаш ойпатының шығыс бөлігін кесіп өтеді, ал төменде Торайғыр тауларында орасан зор каньонды құрайды. Одан кейін, солтүстік-шығысқа біршама ауытқи отырып, Іле өзеніне құяды. Жалпы ұзындығы 255км, су жинау ауданы 8000км шаршы шақырым, орта жылдық шығыны 36.6 м/сек. Бұл суы мол өзен атмосфералы жауын-шашынмен қоректенеді. Сондықтан оның режимі мұздықтық өзендер режимінен біршама айрықша болады. Негізгі шығыны атмосфералық жауын-шашынның максимальді түсу кезеңі мамыр-шілде айына келеді. Қантбастау (4647м), Мұзтау (4555м), Богатырь (4626м), Көпір (4670м), Ақтау (4760м), Металлург (4800м) және т.б. кіреді. Осы жердегі барлық жотаның ең биік нүктесі Талғар шыңы көтеріледі. Оның биіктігі 5017м-ге жетеді. Бұл орталық бөлікше Талғар таулы тізбегі деген атқа ие. Кіші Алматы өзенінің жоғарғы ағысынан оңтүстік – шығысқа қарай, Іле Алатауын оған параллель Күнгей Алатауымен қосатын, ұзындығы 12км-ге жететін тар меридиандық айдар созылып жатыр. Бұл айдардың биіктіктері 4700-4800м-ге жетеді, беткейлері тік, шыңдары тұтастай мұзбен жамылған. Ол Шілік Кемен су айрығы болып табылады.
Батысында Іле Алатауы орталық бөлігінен Қаракестек өзенінің жоғарғы ағысына дейін 3000м биіктікті сақтайды. Ал одан ары ол шетіне қарай 2000-1500м-ге төмендейтін Жетіжол тауларына жалғасады. Шілік өзеніне дейінгі шығыс бөлігінде жота 3000м-ден асатын биіктікке ие болады. Торайғыр тауының ең жоғарғы биіктігі 2468м, ал Сөгеті тауынікі 1858м.
Іле Алатауының солтүстік тау етегі жазықтығынан салыстырмалы биіктігі орталық бөлігінде байқалады, орташа 3500м., ал шығысында -2100м. Және батыс бөлігінде 1800м-ге жетеді. Жотаны оңтүстігінен шектейтін Шілік және Шоңкемен өзендерінің аңғарлары 2000-3000м. биіктікке дейін көтерілген. Сондықтан, оның оңтүстік етектен етектен көтерілуі аса үлкен емес, 1500-2000м шамасында. Жотаға тән негізгі морфологиялық ерекшеліктердің біріне, солтүстік беткейінде сөрер деп аталатын айқын бейнеленген екі сатыны көруге болады. Дұрысын айтқанда, Іле Алатауы жотасы Түрген өзеніне дейін жетеді. Одан кейін ол кулиса тәрізді үш сілемге тармақталады. Олардың солтүстігі шығысқа қарай екі аса үлкен емес массивке Сөгеті және Бұғыты тауларына ауысатын, Қарашаш және Бақай тауларынан басталады.
Іле Алатауының таулы өзендері ылғалды үлкен аумақты қамтиды. Суының молдығымен ерекшеленеді, барлық биіктік.......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?