Экономика | Бюджетаралық қатынастар
Мазмұны
Кіріспе________________________________________________3-бет
I. Бюджетаралық қатынастар – бюджеттік реттеудің негізгі
құраушысы ретінде____________________________________________5-бет
II. Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіліктерді бөлу_____10-бет
III. Салық – бюджетаралық қатынастарды реттеуші механизм ретінде __15-бет
IV. Бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жолдары_________________22-бет
Қорытынды__________________________________________24-бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі_______________________25-бет
Кіріспе
Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры [1].
Ел бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құралы болып табылады. Кез келген реформаны жүргізу және экономиканы дамыту орасан зор қаржыны талап етеді. Қазіргі кезде бюджет қоғам өмірінің барлық саласын: халық шаруашылығын, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру, білім беру, ғылым, мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс пен басқаруды қамтитын экономикалық реформаны жүргізуге мемлекеттің сыртқы және ішкі ресурстарын жасақтап әрі шоғырландыруға қабілетті.
Бюджет процесіндегі республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы және республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасындағы қатынастар бюджетаралық қатынастар болып табылады [1].
Бюджетаралық қатынастар – бұл тұрақты немесе ұзақ мерзімді негізде елдің бюджеттік жүйесіне түсетін кірістер, шығыс өкілеттіліктерді шектеу, тұрақты және ұзақ мерзімді негізде реттеуші салықтардың бекіту нормативтерін анықтау, бюджеттік реттеу ретімен жоғарғы деңгей бюджеттерінен төменгі бюджеттерге қаржыларды қайта тарату, қосымша шығындар туғызған шешімдер қабылдаумен немесе шығыс өкілеттіліктерді берумен байланысты шығындардың орнын толтыру, қайтымды ақылы және ақысыз негізде уақытша көмек көрсету, сонымен қатар биліктің әртүрлі деңгейлері және бір билік деңгейінің әртүрлі мүддесінде, шығындарды қаржылындыру үшін аумақтарды біріктіру бойынша бюджеттік үдеріс барысында мемлекеттік және муниципалдық билік органдары арасында пайда болатын, экономика-құқықтық қатынастар. Берілген анықтаманың принциптік ерекшеліктері келесілерден тұрады:
- біріншіден, мұнда бюджетаралық ретінде қарастыруға болатын, бюджеттік үдеріс барысында пайда болатын қатынастардың толық тізімі келтірілген;
- екіншіден, берілген анықтамада бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастар да бюджетаралық қатынастарға жатқызылған.
Мемлекеттік бюджеттің қызмет етуінің ұйымдастырушылық формасы болып, оның бюджеттік жүйесі табылады. Бұл елдің бүкіл аумағындағы әлеуметтік әділеттілік принципін сақтау қажеттілігімен, мүмкін болатын икемділікті қамтамасыз ету маңыздылығымен, бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігімен шартталған.
1 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі (2008жылғы 24сәуір №548-ІІ, өзгертулермен 7.07.06ж. №176-ІІІ)
Бюджетаралық қатынас – мемлекетті басқарудың негізгі мәселелерінің бірі. Саяси тұрақты қоғамды және үнемі өспелі ұлттық экономиканы құру аймақаралық айырмашылықтарды теңестіру мәселелерін шешпейінше мүмкін емес. Бюджетаралық қатынастарға жалпы алғанда мыналар жатады:
- жеке әлеуметтік және экономикалық функцияларды орындау үшін жауапкершілікті республикалық және жергілікті деңгейлер арасында бөлу және заңдық тағайындауға негізделген шығыстарды тарату;
- бюджеттік жүйенің әрбір деңгейіне бекітілген өкілеттіліктерге бара-бар шығындар шамасын негіздеу;
- барлық деңгейдегі бюджеттер кірістерінің көздерін заңдық бекіту және анықтауды көздейтін кірістерді тарату.
Қалыптасатын бюджетаралық қатынастардың мәнін, олардың ұйымдастырылу ретін және ерекшеліктерін зерттеу келесідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бюджетаралық қатынастар қалыптасатын, бюджеттік жүйелер деңгейлеріне тәуелді, оларды деңгейаралық қатынастарға және бір деңгей бюджеттері арасындағы қатынастарға бөлуге болады, ал бюджетаралық қатынастардың пайда болу бағыттарына тәуелді оларды үш негізгі блоктарға бөлуге болады. Олар: бюджеттік жүйе деңгейлері арасында тұрақты негізде шығыстар және кірістерді толық немесе бөлшектеп шектеу, бюджетаралық реттеу, бірігіп қаржыландыру шаралары бойынша және өзара қатынастарды жедел реттеу, мақсатты қолдау бойынша бюджетаралық қатынастар.
I. Бюджетаралық қатынастар – бюджеттік реттеудің негізгі құраушысы ретінде
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне сәйкес бюджетаралық қатынастар бұл – «бюджет үрдісіндегі жоғары тұрған бюджеттердің төменгі бюджеттермен қарым-қатынасы».
Бюджетаралық қатынастар мыналарға негізделеді:
- мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы қызметтер мен өкілеттіліктерді нақты бөлу;
- бюджет деңгейлері арасындағы кірістер мен шығындарды бірыңғай бөлу;
- бюджетаралық қатынастарды бірыңғай және ашық (прозрачность) әдісі негізінде анықтау.
Қазақстандағы бюджетаралық қатынастардың формалары мен әдістерін қарастырудан бұрын, бюджетаралық қатынастар үлгілерінің түрлері толық зерттелмегенін айта кеткен жөн. Ағылшынның мамандары Г. Хьюз бен С. Смиттің экономикалық ынтамақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің (аз халқы бар елдерді қоспағанда – Жаңа Зеландия, Ирландия, Люксембург)бюджеттік жүйелеріне берген бағалары қызықты да қажетті. Олар мына белгілер бойынша бағалайды:
- бюджетаралық қатынастарды реттеудегі ұқсастықтар;
- бюджетаралық қатынастардың ерекшеліктері;
- орталық және субұлттық биліктер рөлдерінің қатынасы.
Нәтижесінде жоғарыда аталған 19 елі төрт топқа бөлінді.
Бірінші топқа 3 федеративті (Австралия, Канада, АҚШ) және екі унитарлы (Ұлыбритания, Жапония) мемлекеттері кірді.
Екінші топқа Солтүстік Еуропа елдері кірді: Дания, Норвегия, Швеция, Финляндия.
Үшінші топқа Батыс Еуропаның федеративті елдері кіреді: Австрия, Германия, Швейцария.
Төртінші топқа: Бельгия, Франция, Греция, Италия, Нидерланды, Португалия, Испания.
Бірінші топтағы елдер кең салықтық өкілеттікке негізделетін аймақтық және жергілікті биліктің тәуелсіздігімен (самостоятельность) ерекшеленеді, екіншісі – аймақтық және жергілікті биліктердің әлеуметтік шығындарды қаржыландырудағы жоғары үлесі, үшіншісі - әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің автономдығы, төртіншісі – аймақтардың орталық бюджетке қаржылық тәуелділігі.
Статистикалық анализ көрсетіп отырғандай (1,2кесте), экономикалық дамыған елдерде жергілікті бюджеттің өте жоғары қаржылық автономдығы бар және жергілікті бюджетке тәуелсіз немесе аз тәуелділігі бар бірқатар мемлекеттер бар.
Швеция, Люксембург, Исландия және Испания сияқты елдерде жергілікті бюджеттердің табыстары барлық соманың 99,2% - 72,8% құрайды. Жапония, Франция, Финляндия, Бельгия және Дания елдерінде жергілікті бюджеттің қаржылық автономдығы 68 – 56% құрайды. Орташа алғанда, жергілікті бюджеттің жеке табыстарының үлесіне 59,5% келеді, ал орталық әкімшілік бюджетінен трансферттерге 40,5% келеді.
Алайда, көптеген мемлекеттердегі жергілікті органдар өзінен жоғары тұрған органдарға тәуелді болып келеді. Олар – Нидерланды, Италия, Ирландия, Португалия. Олардың трансферттері ағымдағы табыстың 62 -80% құрайды. Мұндай орталық әкімшілік жағынан жергілікті бюджеттерді қаржыландыру, аймақтардың дамуындағы диспропорцияны жою мақсатында бюджеттік каналдар арқылы ұлттық табысты қайта бөлу (перераспределение) үшін жасап отыр. Бұл елдерде негізгі салықтардың барлығы орталық органның бюджетіне түседі, ал жергілікті органдарда салық салу ағымдағы табыстың 10% - на жетер-жетпес.
Кесте 1 – 1994 жылғы бюджеттік жүйе звеноларының табыстары *
(пайыз бойынша)
Елдер Орталық бюджет Федерация субъектілері мүшелерінің бюджеттері Жергілікті бюджеттер Әлеуметтік сақтандыру қорларының бюджеттері
Федералды мемлекеттер
Австралия
Австрия
Канада
АҚШ
Германия
Швейцария **
Орташа 75,8
46,5
33,2
31,9
29,2
29,2
41,8 44,8***
21,8
53,6
47,6***
27,0
30,4
37,5 -
15,3
27,9
-
16,2
21,5
20,2 -
31,9
6,2
30,7
42,0
37,5
29,7
Унитарлы мемлекеттер
Бельгия
Ұлыбритания
Дания
Ирландия
Исландия
Испания
Италия
Люксембург
Нидерланды
Норвегия
Португалия
Франция
Швеция
Жапония
Орташа 54,7
72,8
68,3
79,6
76,7
44,4
66,4
62,4
50,6
58,5
70,5
41,9
53,0
35,0
59,8 -
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- 12,5
27,6
49,7
36,7
24,9
25,9
39,8
14,0
34,3
31,6
8,0
16,6
35,7
44,8
29,7 50,9
18,9
12,8
18,8
16,9
45,6
51,9
36,8
42,8
32,6
27,3
44,5
25,1
43,2
32,3
* Fiscal Federalism in theory and practice. IMF, 1997 – P.669.
** Тек ағымдағы табыстар
*** Штаттар мен муниципалитеттер бюджеттерінің сомасы.
Жергілікті бюджеттік-салықтық жүйелердің құрылымы әр елдерде әр түрлі. Бұл тарихи дәстүрлермен, жергілікті қаржыларды бақылайтын мемлекеттік бақылаулардың көлемі мен формаларын анықтайтын заңнамалармен, жергілікті бюджеттер мен банк секторы арасында қалыптасқан қарым-қатынас және басқа да ерекшеліктермен түсіндіріледі.
Кесте 2 - 1994 жылғы нарықтық экономикалы елдердегі жергілікті билік органдары бюджеттерінің ағымдағы табыстарының құрылымы *
(ағымдағы табыстар бойынша,%-бен)
Елдер Жеке табыстар Реттеуші табыстар (орталық әкімшіліктен трансферттер)
Мемлекеттік меншіктен және кәсіпкерліктен табыс салықтар Басқа да табыстар Жеке табыстар
барлығы
тура жанама Барлығы
«Салықтық автономиялы» елдер орташадан жоғары (50,2% көп)
Исландия
АҚШ**
Люксембург
Испания
Австрия
Швейцария
Швеция
Жапония
Норвегия
Германия
Франция
Финляндия
Дания 8,6
3,4
1,9
1,9
2,2
4,6
2,4
2,3
1,5
5,0
2,3
3,3
1,6 50,7
79,8
30,4
32,8
30,1
65,6
64,3
26,8
55,2
24,8
24,9
55,3
47,5 39,8
8,8
53,9
43,2
42,5
3,5
0,3
34,6
1,6
31,4
31,0
0,0
4,1 90,5
88,6
84,3
76,0
72,6
69,1
64,6
61,4
57,1
56,2
55,9
55,3
51,6 0,1
0,3
6,9
5,3
11,2
7,9
5,8
0,4
-
6,4
4,1
1,6
2,9 99,2
92,3
93,1
83,2
86,0
81,6
72,8
64,1
58,6
67,6
62,3
60,2
56,1 0,8
7,7
6,9
16,8
14,0
18,4
27,2
35,9
41,4
32,4
37,7
39,8
43,9
«Салықтық автономиялы» елдер орташадан төмен (50,2% аз)
Бельгия
Австралия**
Ұлыбритания
Канада
Португалия
Греция
Италия
Ирландия
Нидерланды
-орташа 16,3
14,5
8,3
2,4
3,0
12,6
1,7
3,4
8,5
4,8 35,4
-
-
-
23,3
9,3
6,3
-
1,9
36,9 7,4
39,9
37,2
32,6
5,9
5,3
4,4
7,5
4,5
20,0 42,8
39,9
37,2
32,6
29,2
14,6
10,7
7,5
6,4
50,2 -
4,1
8,5
0,7
6,2
1,5
8,3
11,8
5,1
5,0 59,0
58,5
48,0
35,7
38,4
28,7
20,7
22,7
20,0
59,5 41,0
41,5
52,0
64,3
61,6
71,3
79,3
77,3
80,0
40,5
*Fiscal Federalism in theory and practice. IMF, 1997.-P.669.
**Штаттарды қоса алғанда.
Қазіргі уақытта бюджетаралық қатынастардың екі үлгісін бөліп көрсетуге болады:
• орталықсыздандырылған;
• кооперативті.
Орталықсыздандырылған үлгінің келесідей ерекшеліктері бар:
1. Мемлекеттік билік және басқару органдарының ең негізгі үш функцияның ішіндегі – макроэкономикалық тұрақтандыру, ұлттық табысты қайта бөлу және мемлекеттік қызмет көрсету мен тауарлар өндіру – бірінші екеуі көбіне орталық үкіметтің қызмет саласына жатады, ал үшіншісі үш билік деңгейлерінің арасында бөлінеді.
2. Орталық бюджеттің салықтық кіріс көздері жеке және заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, акциздік және кеден баж салығы болып табылады. Ал субұлттық бюджеттер тауар және қызмет көрсету, мүлік және жер учаскелеріне салынатын салықтармен қанағаттанады.
3. Аймақтық биліктердің жоғары қаржылық тәуелсіздігі. Бұл орталық үкіметтің аймақтық органдардың бюджетіне бақылау жасамауына алып келуі мүмкін, горизонтальді дисбаланс проблемасына және аймақтық бюджеттік дифицитіне, олардың қарыздарына жауапкершілігінің болмауына алып келеді. Аймақтардың қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз ету салықтық базаларды бірігіп (федеральді-аумақтық) қолдану болып табылады.
Кейде аймақтар аймақаралық және мемлекеттің сыртқы саудасын бұзбайтын кез келген салықтарды енгізе алады. Горизонтальді диспропорция проблемасын тура трансферттерді белгілі бір халық категорияларына бөлу арқылы шешуге болады.
Алайда дүние жүзінде кеңінен таралған орталықсыздандырылған үлгі емес кооперативті үлгі болып табылады. Бұл үлгіге тән:
• аймақтық және орталық мемлекеттік құрылымдардың тығыз бюджеттік қарым-қатынасына әкелетін, салыстырмалы түрде аймақтық биліктердің ұлттық табысты қайта бөлуде және макроэкономикалық тұрақтандыруда кеңінен қатысуы.
Аймақтық және жергілікті билік органдарының макроэкономикалық тұрақтандыру саясатына қатысуы даму қорларын немесе орталықтандырылған бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асырумен анықталады. Мұндай бағдарламаларды ұйымдастыруды тек АҚШ-тан ғана емес(мысалы, шахтерлік аудандардағы шаруашылық өмірді қайта жаңғырту бағдарламалары өте қызықты), Канададан (ұлттық солтүстік аймақтарға арналған бағдарламалар), сонымен қатар Еуропадан (Италияның оңтүстік аудандарын дамыту бағдарламасы) үйренуге болады:
• салықтық табыстарды бөлу жүйесінде (соның ішінде ұлттық) аймақтық биліктердің жоғары рөлі.
Қазіргі уақыттағы дамыған шет елдерінің салықтық жүйесі салықтардың көптігімен ерекшеленеді. Негізгі салықтар мемлекеттік бюджетке түседі. Ондай салықтарға халықтың табыс салығы, корпорациялық табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, кеден баж салықтары жатады.
Қазіргі уақыттағы дамыған мемлекеттердің салықтық жүйесі тура (табыс және мүлік) және жанама (тауарлар мен қызмет көрсету) салықтардан тұрады. Тура салықтар Канадада, АҚШ-та, Жапонияда, Данияда кеңінен қолданылады, ал жанама – Францияда, Италияда, Норвегияда қолданылады:
• горизонтальді бюджетті тегістеу саясаты, аймақтық мемлекеттік қаржылар жағдайына орталықтың жауапкершілігі, территорияның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі орталықтың бақылауды күшейтуіне алып келеді және аймақтық биліктердің тәуелсіздігін шектеуіне себеп болады.
Бюджетаралық қатынастардың кооперативтік үлгісін Еуропаның көптеген мемлекеттері, әсіресе скандинавия елдері қолданады.
Кооперативті үлгі бюджеттік тегістеудің барлық негізгі құралдарын қолдануға мүмкіндік береді: билік деңгейлері бойынша салықтық табыстарды бөлу, жалпы трансферттер, арнайы трансферттер. Мұндай тегістеудің ықтимал механизмін құру көбіне жергілікті билік органдарының компромисті шешім табуларымен байланысты. Мысал үшін, трансферттерді бөлу қойылып отырған мәселелерге байланысты: бастапқы шарттарды тегістеу (салық потенциалын, табыс деңгейін көтеру) немесе мемлекеттік қызметтерді қолдану деңгейі (қаржылық қажеттіліктерге байланысты шығындарды дотациялау). Бұларды бірдей орындаған жағдайда, басымдылық мәселесін шешіп алу қажет....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?